Қалқай ишанұлы Мамырбай — (шамамен 1822–1824, Қарабдал-Абыла, – өлген жылы белгісіз, сол жерде). Бұл қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданының Қармақшы ауылында. Осы маңда Марал ишан қорымы бар.
Мамырбай Марал ишанның немересі, Қалқай ишанның екінші ұлы. 1850–1851 жылдары ел билігіне араласа бастады. Елдің бірлігіне мен тірлігіне басшылық жасаған. Уезд бастығы да Мамырбайдың жұртшылық алдындағы беделін ескеріп, оны өз ауыл-аймағынан түтінпұл жинайтын жергілікті бастық етіп тағайындайды. Мұрағат құжаттарында оның 1863–1866 жылдары 180 түтінді басқарып, түтінпұл жинағаны және оны өткізгені туралы Мамырбай Қалқаевтың қолын қойып, мөрін басқан құжаты сақтаулы.
Марал баба аталатын қорымды сәнді салынған Қалқай ишан үй-тамы бар. Оны салғызған Мамырбай екен. Мамырбай әкесі Қалқайдың арықтарын тазалатып, су жүруін үнемі қадағалап, егін егуге де елді бейімдеген екен.
Марал, Қалқай ишан балаларының ішінде орыс қызметіне араласқан Мамырбай болса да, Мамырбайға баба қасиеті қонған деседі. Бірде қырдан күзге Сырға оралған Мамырбай Қараөзектен өтуге келсе, қайық арғы бетте болыпты. Арғы жағадағыларға Мамырбай ишан: «Қайықты бері әкеліңдер»,-дейді. Олар: «Қатты жел болып тұр, қайықты аударып аламыз»,- дегесін, атын тебініп жіберіп, толқындап жатқан Қараөзек суына салып жібереді. Не болғаны белгісіз, Мамырбай аман-есен дариядан өте шығыпты.
Мамырбайдың үлкен ағасы Алдажар ишан өзінен кейінгі ұрпақтарының мінезі мен басқа жағдайларын өлеңмен айта отырып: ...«Біз Мамырбай екеуміз кәріппіз», - деп өздерінің қарттығын білдірсе керек.
Ишанның басқа ұлдары сияқты Мамырбай балалары да қудалауға түскен. Ол мұрағат құжаттарында 1902–1905 жылдары сайлаушылар бетінен жиналысқа қатысып қол қойған. Сонда Мамырбай ишан 1902 жылы өмірде бар болған.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қalkaj ishanuly Mamyrbaj shamamen 1822 1824 Қarabdal Abyla olgen zhyly belgisiz sol zherde Bul kazirgi Қyzylorda oblysy Қarmaksha audanynyn Қarmakshy auylynda Osy manda Maral ishan korymy bar Mamyrbaj Maral ishannyn nemeresi Қalkaj ishannyn ekinshi uly 1850 1851 zhyldary el biligine aralasa bastady Eldin birligine men tirligine basshylyk zhasagan Uezd bastygy da Mamyrbajdyn zhurtshylyk aldyndagy bedelin eskerip ony oz auyl ajmagynan tүtinpul zhinajtyn zhergilikti bastyk etip tagajyndajdy Muragat kuzhattarynda onyn 1863 1866 zhyldary 180 tүtindi baskaryp tүtinpul zhinagany zhәne ony otkizgeni turaly Mamyrbaj Қalkaevtyn kolyn kojyp morin baskan kuzhaty saktauly Maral baba atalatyn korymdy sәndi salyngan Қalkaj ishan үj tamy bar Ony salgyzgan Mamyrbaj eken Mamyrbaj әkesi Қalkajdyn aryktaryn tazalatyp su zhүruin үnemi kadagalap egin eguge de eldi bejimdegen eken Maral Қalkaj ishan balalarynyn ishinde orys kyzmetine aralaskan Mamyrbaj bolsa da Mamyrbajga baba kasieti kongan desedi Birde kyrdan kүzge Syrga oralgan Mamyrbaj Қaraozekten otuge kelse kajyk argy bette bolypty Argy zhagadagylarga Mamyrbaj ishan Қajykty beri әkelinder dejdi Olar Қatty zhel bolyp tur kajykty audaryp alamyz degesin atyn tebinip zhiberip tolkyndap zhatkan Қaraozek suyna salyp zhiberedi Ne bolgany belgisiz Mamyrbaj aman esen dariyadan ote shygypty Mamyrbajdyn үlken agasy Aldazhar ishan ozinen kejingi urpaktarynyn minezi men baska zhagdajlaryn olenmen ajta otyryp Biz Mamyrbaj ekeumiz kәrippiz dep ozderinin karttygyn bildirse kerek Ishannyn baska uldary siyakty Mamyrbaj balalary da kudalauga tүsken Ol muragat kuzhattarynda 1902 1905 zhyldary sajlaushylar betinen zhinalyska katysyp kol kojgan Sonda Mamyrbaj ishan 1902 zhyly omirde bar bolgan Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998