Мына мақаланы не бөлімін Лұқпан Хакім дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Лұқман Хакім - Азар әулетінен шыққан Аюб пайғамбардың (а.с.) нағашы апасынан туған, Аллаһ мол ғылым, хикмет берген діни нанымдар мен үкімдерге пәтуа айтатын, жолы тура, ойы терең адам. Дәуіт пайғамбардан тәрбие көріп, тағылым алған. Өзінен көп өнеге, үлгі, насихат қалған. Өз ұлына айтқан ақыл-насихаты Құранда баяндалған. Пайғамбар емес, ұзақ жасаған. Есімі Құранда екі жерде аталады.
Лұқман аса дана, табип болған кісі. Жалпы көзқарас бойынша пайғамбар емес, дәрігер болған. Лұқман Хакім жайлы мағлұматтар аз кездеседі.
Лұқман Хакім туралы Құранда
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Лұқман Хакім жайлы былай дейді: «Негізінде Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік».
Лүқманның тегі
Лұқман ибн Бағур ибн Нахур ибн Тарих. Тарих Азар деген есіммен де белгілі. Лұқман Хакім Аюб а.с. пайғамбардың жиені . Ол мың жыл өмір сүріп, Дәуіт а.с. пайғамбармен кездесіп, одан ілім үйренген. Лұқман Хакім Дәуіт а.с. пайғамбардың заманында қауымына қазы болып өткен.
Лұқманның сипаттары
Лұқман Хакім қара нәсілді құл және ағаш ұстасы болған . Лұқман Хакім Хабашстандық құл әрі ағаш ұстасы болған. Түсінде Жаратқан Ие Лұқман Хакімге хикмет беріп, берілген білім арқылы халыққа үгіт-насихат айтқан . Лұқман Хакім Судандық. Аллаһ тағала оған даналық берді бірақ пайғамбарлық емес. Ол тігіншілікпен айналысқан. Көп сөйлемейтін, көп ойланатын, зерек, күндіз ұйықтамайтын, ешкім оның түкіргенін көрген емес. Күліп, ойын-сауық құрмайтын. Даналық сөздерден басқа айтқан сөздерін қайталамайтын . Ол нағыз тақуадар, ұлы даналыққа ие, ғибадатшыл жан болатын. Ол Аллаһты жақсы көрді, Аллаһта оған даналық бере отырып оны жақсы көрді. Даналыққа жету үшін шындықты тілімен айтып, ішкі жан-дүниесімен, жүрегімен ойланып, парыздарды орындау керек. Лұқман Хакім сөйлегенде даналықпен сөйлейтін, ой жүгірткенде де солай, іс-қимылды да даналықпен орындайтын . Лұқман Хакім хабашстандық қара құл әрі ағаш ұстасы болатын. Бір күні оның қожайыны оған мына қойды бауызда деді. Ол бауыздап болған кезде, қожайыны: қойдың ең жақсы деген екі кесек етін кесіп ал деді. Лұқман Хакім қойдың тілі мен жүрегін кесіп алды. Кейін қожайыны енді ең жаман екі жерін кесіп ал деді. Лұқман тағы да тілі мен жүрегін ұсынды. Осы кезде қожайын Лұқманға қарап: ең жақсы жері дегенімде тілі мен жүрегін кесіп алдың, ең жаман жері дегенімде де тілі мен жүрегін кестің деді. Сонда Лұқман Хакім былай деп жауап берді: Егер осы екеуі адал болса бұлардан жақсы жер жоқ, ал егер бұл екеуі бұзылса бұлардан жаманы жоқ . Лұқман Хакім томпақ ерінді, жалпақ аяқты қара құл болатын. Бір күні бір адам Лұқман Хакімді сөзін мұқият тыңдап отырған адамдардың ортасынан көреді. Сырттан қарап тұрған кісі Лұқманға қарап: сен бұрын менімен қой баққан адам емессің бе деп сұрады. Лұқман: ия, ол менмін деп жауап берді. Сен мына дәрежеге қалай жеттің деп сұрағанда, Лұқман Хакім: шыншылдық әрі маған қатысы болмаған нәрсеге араласпау арқылы деп жауап берді . Шынында Аллаһ Лұқман Хакімге даналық берді. Бір күні Лұқманды бұрын білетін бір адам келіп: сен қой бағып жүрген, пәлен тайпаның құлы емессің бе деп сұрады. Лұқман Хакім ия деп жауап берді. Әлгі адам мына дәрежеге қалай жеттің деп сұрады. Лұқман Хакім: Аллаһтың қалауымен, аманатты орындаумен, шындықты айту және маған қатысы жоқ іске араласпау арқылы деді .
Лұқманның отбасы, ұлдары
р.а . бір күні Лұқман Хакім туралы әңгімелеп былай деді: оның байлығы, бала шағасы болмады. Бірақ ер жүрек, батыр, қайсар болды. Лұқман Хакімнің жанұясы, бала-шағасы болған. Олар өзінің көзі тірісінде дүние салған. Бірақ Лұқман олар үшін қатты қайғырған жоқ. Ол патшаларды зиярат ететін. Оларға қарап, ойланатын. Осы себепті оған берілуі керек нәрсе берілді. Лұқман Хакім аскетик адам болған. Дүниеқоңызданып, мал мүлік жинамаған, оған бұрылып та қарамаған . Оның Таран есімді ұлы иман келтірмегендерден болған екен. Осы себепті Лұқман ұлы иман келтіргенге дейін, оған үгіт-насихат етуді тоқтатпаған. Ғұламалар Лұқман Хакімнің Аллаһтың ізгі құлы, дана, Аллаһтың досы, бірақ пайғамбар болмағандығына бірауыздан келіскен. Дәуіт а.с. пайғамбар Лұқман жайлы былай деген: «Лұқман сен ізгілерденсің. Саған даналық берілген, сен қайғыдан ұзақсың. Маған пайғамбарлық берілген, осы себепті маған қайғы-қасірет жақын». Лұқман Хакімнің мазары Палестинада, қаласына жақын жердегі ауылында деп айтылады. Құран Кәрімде Лұқман Хакімнің атымен аталатын сүре бар. Аталмыш сүреде Аллаһ тағала Лұқман Хакімді былайша сипаттайды: «Негізінде Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкірлік етсе өзі үшін шүкірлік етеді. Ал кім күпірлік етсе, Аллаһ еш нәрсеге мұқтаж емес, Аллаһ мұңсыз әрі мақтауға лайықты ». Шүкірлік етуден мақсат Аллаһ тағалаға итағат ету, құлшылық ету, ғибадат ету . Даналықтың негізгі алғы шарттары Раббысына шүкірлік ету болып есептеледі. Шүкірлік ету тек тілмен емес, ойлау, пікірлеу, сөзінде және іс-әрекетінде де көрінуі тиіс. Шүкірлік етуші адам оған берілген Нығметтердің тек қана Аллаһтан екендігіне толық сенімді болады . Күпірлік – араб тіліндегі "كفر" «куфр» деген сөздің баламасы. Ол имансыздық, кәпір болу, қарсы келу, шүкірлік етпеу, жақсылықты білмеу деген мағыналарды білдіреді .
Лұқман Хакімнің ұлына айтқан үгіт-насихаттары
Сонымен бірге Құран кәрімде Лұқман Хакімнің ұлына айтқан үгіт-насихаттары да кездеседі: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: «Балақайым! Аллаһқа серік қосушы болма! Негізінде серік қосу үлкен зұлымдық» деді ». Әр бір әке өз ұлын жақсы көргендігі, жақсылықты қалағандығы себепті жақсылыққа үгіттеп отырады . "لإبنه" «ли ибниһи» яғни «ұлына үгіт бере отырып» дей келе, артынша «ибн» сөзінің орнына «бунай» деп қолданады. Бунай ибн сөзінің кішірейтілген, еркелеткен түрі. Балақайым, кішкентайым деген мағыналарға жақын келеді . Балақайым деген сөз кішкентай баланы өзіне жақындатуды, құрметтеуді білдіреді . Балақайым (бунай) сөзі араб тіліндегі сөздің кішірейтілген формасы. Нәзіктілікті білдіреді . Лұқман біріншіден баласын серік қосудан сақтандырып отыр. Себебі серік қосу үлкен кешірілмес қателіктерден . Ең үлкен әділетсіздік ол Жаратушыны Өзінің жаратылыстарымен немесе бұттармен теңестіру. Бұл даналыққа жат нәрсе . Зұлымдық ол біреудің құқын мойындамау және әділетсіз әрекеттер. Көпқұдайшылық зұлымдықтың бір түрі. Көпқұдайшылық – үлкен қателік, себебі адам кей кезде әлдебір жаратылысты өзінің Жаратушысымен тең қойып қояды. Бұттар ешнәрсе жарата алмайды, оған (табынушы адамға) мына жалған дүниеде рахаттана алатындай ешбір жақсылық істей алмайды. Жаратушының адамдарға байланысты ақысы тек қана Өзіне құлшылық етулері . «Балақайым! Тарының салмағандай болса да, бір жар тастың ішінде болса да, көктерде немесе жерде болса да Аллаһ оны (қиямет күні) алдыңнан шығарады. Расында Аллаһ өте жұмсақ әрі толық білуші ». Тарының салмағындай яғни, зәредей, өте кішкентай, елеусіз, көзге көрінбейтін деген мағынада . Көзге көрінбейтін, еленбейтін күнәлардың барлығы қияметте алдымыздан шығады. Бір күні хал үстінде жатқан бір кісі екі қызын шақырып алып былай дейді. Бір қызына үлкен тас әкел, екіншісіне дәл сол үлкен тастың салмағындай майда тастарды жинап алып кел дейді. Екі қызы әкелерінің айтқанын орындап келеді. Келген қыздарына әкесі: енді тастарыңды алған орындарыңа қайта апарыңдар дейді. Үлкен тасты әкелген қызы орнына қояды. Дегенмен екінші қызы майда тастарды әр жерден теріп алғандығы себепті, орындарын ұмытып қалғандығын айтады. Сол кезде әкесі кіші күнәлар осы майда тастар секілді естен шығып қалады. Сол себепті кіші күнәлардан сақ болыңдар деген екен . «Балақайым! Намазыңды толық орында. Жақсылыққа шақырып жамандыққа тыйым сал. Басыңа түскен ауыртпашылыққа сабырлық ете біл. Негізінде бұлар маңызды істерден». «Адамдарды паңсып, менсінбеуші болма. Жер бетінде кербеңдеп жүруші болма. Шын мәнінде Аллаһ барлық даңдайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді». «Жүрісіңде орташа бол, дауысыңды қатты көтерме. Негізінде дауыстардың ең жаманы, ол есектің дауысы ». Лұқман Хакім серік қоспаудан кейін намаз оқуды үйретуде. Иманы жүрегіне толық орныққан адам Жаратушысына серік қоспайды әрі разылығын табу үшін оған бойсынып, бұйырғанын орындайды. Басын сәждеге жығып, намазды толық орындайды. Намаз орындаудан кейінгі насихаты адамдарды жақсылыққа шақыру жамандықтан тыю. Әдетте адамдар бірінші жамандыққа тыйым салып жатады. Көпшілік істеп жатқан ісіне тыйым салушыларды жақтыра бермейді. Егер біреудің ісінің бұрыстығын көрсеңіз оның орнын басатын істі тауып беруіңіз шарт екен. Керісінше жағдайда ол істен адамның бас тартуы қиын екен. Осы себепті болса керек Аллаһ Лұқман Хакімнің сөздерімен жақсылыққа шақыруды бірінші орынға қойған. Одан кейін барып жамандықтан тыю келеді. Енді жақсылыққа шақырған адамның басына қиыншылықтардың келетіндігі белгілі нәрсе . Аяттағы жақсылыққа шақырып жамандықтан тыюда астарлы мағыналар жатыр. Ол мына жалған дүниеде жақсылыққа шақырып жамандыққа қарсы шыққан адамға әр түрлі қиындықтар кездеседі . Ал бұл қиындықтарға сабыр ете білу керек. Ибн Аббас р.а. былай дейді: шынайы иманның белгісі адамдардың қарсылығына сабырлылық таныта білу . Лұқман Хакім қиыншылықтарға сабырлық таныта білген соң дағуатшы боламын деген мұсылманға адамгершілікті қамтитын насихаттарды айтады . Жақсылыққа шақырушы адам еш уақытта өзін басқалардан жоғары қоймауы тиіс. Мен оларға тура жолды көрсеттім деп дандайсынбай, мінез-құлқында, іс-әрекетінде адамдарды менсінбеушілік болмау керек . Аятта келген «мухтал» сөзі өзіне берілген нығметтерді Аллаһтан екендігін ұмытқан адамға айтылады . Аяттағы «фахур» сөзі басқалардың алдында өзінің күш-қуатымен мақтанушы адамды білдіреді . Аллаһ тағала дандайсыған мақтаншақ, өзін басқа адамдардан жоғары қоятын адамдарды жақсы көрмейді. Әр бір адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалай білу керек . Мұсылман мінезі мен жүрісін мұқият қадағалап жүруі керек . Дауысты қатты көтермеу – адамның ақылды, парасатты, өзіне, сөйлер сөзіне, әділдігіне сенімді, иманы берік екендігін білдіреді . Жаман дауысты аятта есекке теңеген. Аяттағы есек сөзі ақымақтық пен адамгершіліксіздіктің символы ретінде келіп тұр . Әрине бұл барлық уақытта жәй сөйлеу керек дегенді білдірмейді. Жаныңызда бір адам тұрса әрине сіз жәй дауыспен сөйлесесіз. Бір топ адамның ішінде немесе ұзақтағы адамға біршама дауысты көтеріңкі сөйлеуге тура келеді. Аталмыш ескерту өзін көрсету мақсатында жан даусын салып айқайлап сөйлейтіндерге арналады . Атың шықпаса жер өрте деген осыған байланысты айтылса керек . Аллаһ тағала бізді сабырлылар қатарынан қылсын. Амин. 18 қазан 2010 жыл. Түркістан қ. Ұлықбек Алиакбарұлы
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- «Кім кінәлі? Мақалалар, әңгімелер, аудармалар». Ұлықбек Алиакбарұлы. Шымкент-2011 ж. 104-бет. ISBN – 9965-903-02-6 «Алтын алқа» баспасы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Myna makalany ne bolimin Lukpan Hakim degenmen biriktiruge usynylgan Talkylauy Lukman Hakim Azar әuletinen shykkan Ayub pajgambardyn a s nagashy apasynan tugan Allaһ mol gylym hikmet bergen dini nanymdar men үkimderge pәtua ajtatyn zholy tura ojy teren adam Dәuit pajgambardan tәrbie korip tagylym algan Өzinen kop onege үlgi nasihat kalgan Өz ulyna ajtkan akyl nasihaty Қuranda bayandalgan Pajgambar emes uzak zhasagan Esimi Қuranda eki zherde atalady Lukman asa dana tabip bolgan kisi Zhalpy kozkaras bojynsha pajgambar emes dәriger bolgan Lukman Hakim zhajly maglumattar az kezdesedi Lukman Hakim turaly ҚurandaAllaһ Tagala Қuran Kәrimde Lukman Hakim zhajly bylaj dejdi Negizinde Lukmanga shүkirlik etui үshin danalyk berdik Lүkmannyn tegiLukman ibn Bagur ibn Nahur ibn Tarih Tarih Azar degen esimmen de belgili Lukman Hakim Ayub a s pajgambardyn zhieni Ol myn zhyl omir sүrip Dәuit a s pajgambarmen kezdesip odan ilim үjrengen Lukman Hakim Dәuit a s pajgambardyn zamanynda kauymyna kazy bolyp otken Lukmannyn sipattaryLukman Hakim kara nәsildi kul zhәne agash ustasy bolgan Lukman Hakim Habashstandyk kul әri agash ustasy bolgan Tүsinde Zharatkan Ie Lukman Hakimge hikmet berip berilgen bilim arkyly halykka үgit nasihat ajtkan Lukman Hakim Sudandyk Allaһ tagala ogan danalyk berdi birak pajgambarlyk emes Ol tiginshilikpen ajnalyskan Kop sojlemejtin kop ojlanatyn zerek kүndiz ujyktamajtyn eshkim onyn tүkirgenin korgen emes Kүlip ojyn sauyk kurmajtyn Danalyk sozderden baska ajtkan sozderin kajtalamajtyn Ol nagyz takuadar uly danalykka ie gibadatshyl zhan bolatyn Ol Allaһty zhaksy kordi Allaһta ogan danalyk bere otyryp ony zhaksy kordi Danalykka zhetu үshin shyndykty tilimen ajtyp ishki zhan dүniesimen zhүregimen ojlanyp paryzdardy oryndau kerek Lukman Hakim sojlegende danalykpen sojlejtin oj zhүgirtkende de solaj is kimyldy da danalykpen oryndajtyn Lukman Hakim habashstandyk kara kul әri agash ustasy bolatyn Bir kүni onyn kozhajyny ogan myna kojdy bauyzda dedi Ol bauyzdap bolgan kezde kozhajyny kojdyn en zhaksy degen eki kesek etin kesip al dedi Lukman Hakim kojdyn tili men zhүregin kesip aldy Kejin kozhajyny endi en zhaman eki zherin kesip al dedi Lukman tagy da tili men zhүregin usyndy Osy kezde kozhajyn Lukmanga karap en zhaksy zheri degenimde tili men zhүregin kesip aldyn en zhaman zheri degenimde de tili men zhүregin kestin dedi Sonda Lukman Hakim bylaj dep zhauap berdi Eger osy ekeui adal bolsa bulardan zhaksy zher zhok al eger bul ekeui buzylsa bulardan zhamany zhok Lukman Hakim tompak erindi zhalpak ayakty kara kul bolatyn Bir kүni bir adam Lukman Hakimdi sozin mukiyat tyndap otyrgan adamdardyn ortasynan koredi Syrttan karap turgan kisi Lukmanga karap sen buryn menimen koj bakkan adam emessin be dep surady Lukman iya ol menmin dep zhauap berdi Sen myna dәrezhege kalaj zhettin dep suraganda Lukman Hakim shynshyldyk әri magan katysy bolmagan nәrsege aralaspau arkyly dep zhauap berdi Shynynda Allaһ Lukman Hakimge danalyk berdi Bir kүni Lukmandy buryn biletin bir adam kelip sen koj bagyp zhүrgen pәlen tajpanyn kuly emessin be dep surady Lukman Hakim iya dep zhauap berdi Әlgi adam myna dәrezhege kalaj zhettin dep surady Lukman Hakim Allaһtyn kalauymen amanatty oryndaumen shyndykty ajtu zhәne magan katysy zhok iske aralaspau arkyly dedi Lukmannyn otbasy uldaryr a bir kүni Lukman Hakim turaly әngimelep bylaj dedi onyn bajlygy bala shagasy bolmady Birak er zhүrek batyr kajsar boldy Lukman Hakimnin zhanuyasy bala shagasy bolgan Olar ozinin kozi tirisinde dүnie salgan Birak Lukman olar үshin katty kajgyrgan zhok Ol patshalardy ziyarat etetin Olarga karap ojlanatyn Osy sebepti ogan berilui kerek nәrse berildi Lukman Hakim asketik adam bolgan Dүniekonyzdanyp mal mүlik zhinamagan ogan burylyp ta karamagan Onyn Taran esimdi uly iman keltirmegenderden bolgan eken Osy sebepti Lukman uly iman keltirgenge dejin ogan үgit nasihat etudi toktatpagan Ғulamalar Lukman Hakimnin Allaһtyn izgi kuly dana Allaһtyn dosy birak pajgambar bolmagandygyna birauyzdan kelisken Dәuit a s pajgambar Lukman zhajly bylaj degen Lukman sen izgilerdensin Sagan danalyk berilgen sen kajgydan uzaksyn Magan pajgambarlyk berilgen osy sebepti magan kajgy kasiret zhakyn Lukman Hakimnin mazary Palestinada kalasyna zhakyn zherdegi auylynda dep ajtylady Қuran Kәrimde Lukman Hakimnin atymen atalatyn sүre bar Atalmysh sүrede Allaһ tagala Lukman Hakimdi bylajsha sipattajdy Negizinde Lukmanga shүkirlik etui үshin danalyk berdik Kim shүkirlik etse ozi үshin shүkirlik etedi Al kim kүpirlik etse Allaһ esh nәrsege muktazh emes Allaһ munsyz әri maktauga lajykty Shүkirlik etuden maksat Allaһ tagalaga itagat etu kulshylyk etu gibadat etu Danalyktyn negizgi algy sharttary Rabbysyna shүkirlik etu bolyp esepteledi Shүkirlik etu tek tilmen emes ojlau pikirleu sozinde zhәne is әreketinde de korinui tiis Shүkirlik etushi adam ogan berilgen Nygmetterdin tek kana Allaһtan ekendigine tolyk senimdi bolady Kүpirlik arab tilindegi كفر kufr degen sozdin balamasy Ol imansyzdyk kәpir bolu karsy kelu shүkirlik etpeu zhaksylykty bilmeu degen magynalardy bildiredi Lukman Hakimnin ulyna ajtkan үgit nasihattarySonymen birge Қuran kәrimde Lukman Hakimnin ulyna ajtkan үgit nasihattary da kezdesedi Sol uakytta Lukman oz ulyna үgit bere otyryp Balakajym Allaһka serik kosushy bolma Negizinde serik kosu үlken zulymdyk dedi Әr bir әke oz ulyn zhaksy korgendigi zhaksylykty kalagandygy sebepti zhaksylykka үgittep otyrady لإبنه li ibniһi yagni ulyna үgit bere otyryp dej kele artynsha ibn sozinin ornyna bunaj dep koldanady Bunaj ibn sozinin kishirejtilgen erkeletken tүri Balakajym kishkentajym degen magynalarga zhakyn keledi Balakajym degen soz kishkentaj balany ozine zhakyndatudy kurmetteudi bildiredi Balakajym bunaj sozi arab tilindegi sozdin kishirejtilgen formasy Nәziktilikti bildiredi Lukman birinshiden balasyn serik kosudan saktandyryp otyr Sebebi serik kosu үlken keshirilmes katelikterden En үlken әdiletsizdik ol Zharatushyny Өzinin zharatylystarymen nemese buttarmen tenestiru Bul danalykka zhat nәrse Zulymdyk ol bireudin kukyn mojyndamau zhәne әdiletsiz әreketter Kopkudajshylyk zulymdyktyn bir tүri Kopkudajshylyk үlken katelik sebebi adam kej kezde әldebir zharatylysty ozinin Zharatushysymen ten kojyp koyady Buttar eshnәrse zharata almajdy ogan tabynushy adamga myna zhalgan dүniede rahattana alatyndaj eshbir zhaksylyk istej almajdy Zharatushynyn adamdarga bajlanysty akysy tek kana Өzine kulshylyk etuleri Balakajym Tarynyn salmagandaj bolsa da bir zhar tastyn ishinde bolsa da kokterde nemese zherde bolsa da Allaһ ony kiyamet kүni aldynnan shygarady Rasynda Allaһ ote zhumsak әri tolyk bilushi Tarynyn salmagyndaj yagni zәredej ote kishkentaj eleusiz kozge korinbejtin degen magynada Kozge korinbejtin elenbejtin kүnәlardyn barlygy kiyamette aldymyzdan shygady Bir kүni hal үstinde zhatkan bir kisi eki kyzyn shakyryp alyp bylaj dejdi Bir kyzyna үlken tas әkel ekinshisine dәl sol үlken tastyn salmagyndaj majda tastardy zhinap alyp kel dejdi Eki kyzy әkelerinin ajtkanyn oryndap keledi Kelgen kyzdaryna әkesi endi tastaryndy algan oryndaryna kajta aparyndar dejdi Үlken tasty әkelgen kyzy ornyna koyady Degenmen ekinshi kyzy majda tastardy әr zherden terip algandygy sebepti oryndaryn umytyp kalgandygyn ajtady Sol kezde әkesi kishi kүnәlar osy majda tastar sekildi esten shygyp kalady Sol sebepti kishi kүnәlardan sak bolyndar degen eken Balakajym Namazyndy tolyk orynda Zhaksylykka shakyryp zhamandykka tyjym sal Basyna tүsken auyrtpashylykka sabyrlyk ete bil Negizinde bular manyzdy isterden Adamdardy pansyp mensinbeushi bolma Zher betinde kerbendep zhүrushi bolma Shyn mәninde Allaһ barlyk dandajsygan maktanshakty zhaksy kormejdi Zhүrisinde ortasha bol dauysyndy katty koterme Negizinde dauystardyn en zhamany ol esektin dauysy Lukman Hakim serik kospaudan kejin namaz okudy үjretude Imany zhүregine tolyk ornykkan adam Zharatushysyna serik kospajdy әri razylygyn tabu үshin ogan bojsynyp bujyrganyn oryndajdy Basyn sәzhdege zhygyp namazdy tolyk oryndajdy Namaz oryndaudan kejingi nasihaty adamdardy zhaksylykka shakyru zhamandyktan tyyu Әdette adamdar birinshi zhamandykka tyjym salyp zhatady Kopshilik istep zhatkan isine tyjym salushylardy zhaktyra bermejdi Eger bireudin isinin burystygyn korseniz onyn ornyn basatyn isti tauyp beruiniz shart eken Kerisinshe zhagdajda ol isten adamnyn bas tartuy kiyn eken Osy sebepti bolsa kerek Allaһ Lukman Hakimnin sozderimen zhaksylykka shakyrudy birinshi orynga kojgan Odan kejin baryp zhamandyktan tyyu keledi Endi zhaksylykka shakyrgan adamnyn basyna kiynshylyktardyn keletindigi belgili nәrse Ayattagy zhaksylykka shakyryp zhamandyktan tyyuda astarly magynalar zhatyr Ol myna zhalgan dүniede zhaksylykka shakyryp zhamandykka karsy shykkan adamga әr tүrli kiyndyktar kezdesedi Al bul kiyndyktarga sabyr ete bilu kerek Ibn Abbas r a bylaj dejdi shynajy imannyn belgisi adamdardyn karsylygyna sabyrlylyk tanyta bilu Lukman Hakim kiynshylyktarga sabyrlyk tanyta bilgen son daguatshy bolamyn degen musylmanga adamgershilikti kamtityn nasihattardy ajtady Zhaksylykka shakyrushy adam esh uakytta ozin baskalardan zhogary kojmauy tiis Men olarga tura zholdy korsettim dep dandajsynbaj minez kulkynda is әreketinde adamdardy mensinbeushilik bolmau kerek Ayatta kelgen muhtal sozi ozine berilgen nygmetterdi Allaһtan ekendigin umytkan adamga ajtylady Ayattagy fahur sozi baskalardyn aldynda ozinin kүsh kuatymen maktanushy adamdy bildiredi Allaһ tagala dandajsygan maktanshak ozin baska adamdardan zhogary koyatyn adamdardy zhaksy kormejdi Әr bir adam ozinin zhүris turysyn kadagalaj bilu kerek Musylman minezi men zhүrisin mukiyat kadagalap zhүrui kerek Dauysty katty kotermeu adamnyn akyldy parasatty ozine sojler sozine әdildigine senimdi imany berik ekendigin bildiredi Zhaman dauysty ayatta esekke tenegen Ayattagy esek sozi akymaktyk pen adamgershiliksizdiktin simvoly retinde kelip tur Әrine bul barlyk uakytta zhәj sojleu kerek degendi bildirmejdi Zhanynyzda bir adam tursa әrine siz zhәj dauyspen sojlesesiz Bir top adamnyn ishinde nemese uzaktagy adamga birshama dauysty koterinki sojleuge tura keledi Atalmysh eskertu ozin korsetu maksatynda zhan dausyn salyp ajkajlap sojlejtinderge arnalady Atyn shykpasa zher orte degen osygan bajlanysty ajtylsa kerek Allaһ tagala bizdi sabyrlylar katarynan kylsyn Amin 18 kazan 2010 zhyl Tүrkistan k Ұlykbek AliakbarulyDerekkozderIslam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1 Kim kinәli Makalalar әngimeler audarmalar Ұlykbek Aliakbaruly Shymkent 2011 zh 104 bet ISBN 9965 903 02 6 Altyn alka baspasy