Көпталшықтылар — өкілдерінің 4-6, одан да көп талшықтары, кейде толқын тәрізді жарғақ және бүкіл денесін бойлап өтетін тығыз тірек таяқша - аксостильдері болады. Ядроның қасында ірілі - ұсақ түйіршіктерден құралған парабазальды денешіктер орналасқан. Көпталшықтылардың бәрі де паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Адамда (Trichomonas) және (Lamblia) туысының өкілдері кездеседі.
Trichomonas chominis адамның тоқ ішегінде, Tr. vaginalis жыныс жолдарында тіршілік ететін сопақша келген кішкене 5-15 мкм-ді талшықтылар. Денесінің алдыңғы жағында төрт талшығы болады, олардың үшеуі бос күйінде алға қарап шығып тұрады, ал төртінші талшығы артқа қарай бағытталып толқын тәрізді жарғақтың шетіне бекініп, толқынды (ундуляция) мембранасын түзейді. Тг. hominis адамға зақым келтірмейді, ал Tr. vaqinalis адамда болатын трихономонас ауруын қоздырушы. Жыныс мүшелерін зақымдайды.
Lamblia intestinalis адамның ащы, он екі елі ішегінде және өт жолдарында тіршілік етеді. Денесі екі жақты симметриялы, екі ядросы, 8 талшығы және парабазальды түйіршіктері болады. Денесінің қақ ортасынан аксостильге ұқсас фибриллярлы екі жұқа тірек таяқшасы өтеді. Ішек эпителиіне жабысатын сорғышы болады. Лямблия ішек ауруын туғызады, кейбір жағдайларда өт жолына, бауырға өтеді. Ауру циста арқылы жұғады.
Дереккөздер
- Дәуітбаева К. Ә.Омыртқасыздар зоологиясы. Оқулық. - Алматы: 2004. ISBN 9965-749-11-6
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Koptalshyktylar okilderinin 4 6 odan da kop talshyktary kejde tolkyn tәrizdi zhargak zhәne bүkil denesin bojlap otetin tygyz tirek tayaksha aksostilderi bolady Yadronyn kasynda irili usak tүjirshikterden kuralgan parabazaldy deneshikter ornalaskan Koptalshyktylardyn bәri de parazittik tirshilik etuge bejimdelgen Adamda Trichomonas zhәne Lamblia tuysynyn okilderi kezdesedi Trichomonas chominis adamnyn tok isheginde Tr vaginalis zhynys zholdarynda tirshilik etetin sopaksha kelgen kishkene 5 15 mkm di talshyktylar Denesinin aldyngy zhagynda tort talshygy bolady olardyn үsheui bos kүjinde alga karap shygyp turady al tortinshi talshygy artka karaj bagyttalyp tolkyn tәrizdi zhargaktyn shetine bekinip tolkyndy undulyaciya membranasyn tүzejdi Tg hominis adamga zakym keltirmejdi al Tr vaqinalis adamda bolatyn trihonomonas auruyn kozdyrushy Zhynys mүshelerin zakymdajdy Lamblia intestinalis adamnyn ashy on eki eli isheginde zhәne ot zholdarynda tirshilik etedi Denesi eki zhakty simmetriyaly eki yadrosy 8 talshygy zhәne parabazaldy tүjirshikteri bolady Denesinin kak ortasynan aksostilge uksas fibrillyarly eki zhuka tirek tayakshasy otedi Ishek epiteliine zhabysatyn sorgyshy bolady Lyambliya ishek auruyn tugyzady kejbir zhagdajlarda ot zholyna bauyrga otedi Auru cista arkyly zhugady DerekkozderDәuitbaeva K Ә Omyrtkasyzdar zoologiyasy Okulyk Almaty 2004 ISBN 9965 749 11 6