Күрделі эфирлер табиғатта кең тараған. Олар биологиялық өте маңызды қосылыстар. Гүлдер мен жемістердің құрамында күрделі эфирлер болуына байланысты олардың хош иістері болады. Өсімдік және жануарлар майлары күрделі эфирлерге жатады. Карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін қышқылдардың карбоксил тобындағы сутек атомының орнын көмірсутек радикалы басқан сутектің немесе спирттердегі гидроксил тобының орнын органикалық қышқылдың радикалы басқан туындылар деп қарастыруға болады:
R мен R' — бірдей немесе әр түрлі көмірсутек радикалдары.
Күрделі эфирлер кіші және үлкен молекулалы, қаныққан, қанықпаған, ароматты қышқылдар мен спирттерден түзілуі мүмкін. Күрделі эфирлерді спирттер мен бейорганикалық қышқылдарды әрекеттестіріп те алады.
Атаулары
Күрделі эфирлердің аттары олардың құрамына кіретін қышқылдар мен спирттердің қалдығынан құралады (27-кесте). Халықаралық номенклатура бойынша қышқылдың атына спирт радикалының атын қосымша етіп, -оат жалғауын жалғап атайды:
- H - COOC2H5 - құмырсқа қышқылының этил эфирі (этилформиат немесе метилметаноат)
- CH3 - COOC2H5 сірке қышқылының этил эфирі (этилацетат немесе этилэтаноат)
Изомерлері
Күрделі эфирлердің изомерлерін оны құруға қатысқан қышқыл мен спирттің радикалдарына байланысты топтардың изомерленуі бойынша анықтайды. Күрделі эфирлер карбон қышқылдарымен класаралық . Мысалы, С3Н6O2 изомерлері:
Алу әдістері
- 1.Күрделі эфирлер көбіне табиғи өнімдерден алынады.
- 2.Этерификация реакциясында карбон қышқылдары мен спирттерді минерал қышқылдар қатысында әрекеттестіріп, нәтижесінде, күрделі эфир мен су түзіледі. Эфирлену реакциясы кезінде карбоксил тобының гидроксилі мен спирт молекуласындағы сутектен су молекуласы түзілетіні реакцияға изотоптар енгізу арқылы анықталды. Құрамында оттектің 180 изотопы бар спиртпен әрекеттестіргенде, оттектің ауыр изотопы судың емес күрделі эфирдің құрамында екендігі белгілі болды:
Этерификация реакциясының жылдамдығы қышқыл мен спирттің құрылысына байланысты. Екіншілік спирттерге қарағанда біріншілік спирттердің реакция жылдамдығы екі есе жоғары.
- 3.Күрделі эфирлерді қышқылдың галогенангидридтерін және ангидридтерін спирттермен әрекеттестіріп алады. Мысалы:
Физикалық қасиеттері және құрылысы
Қарапайым карбон қышқылдарының күрделі эфирлері түссіз сұйықтықтар, суда ерімейді. Күрделі эфирлердің көбінің иістері жағымды. Молекула арасында сутектік байланыс жоқ болғандықтан, сәйкес қышкылдарға қарағанда күрделі эфирлердің қайнау температуралары төмен болады (27-кесте).
Химиялық қасиеттері
Гидролиздену реакциясы. Күрделі эфирлердің гидролизі этерификация реакциясына кері реакция, қышқыл немесе сілті қатысында жүреді. Күрделі эфир сумен әрекеттесіп айырылып, реакция нәтижесінде қышқыл және спирт түзіледі:
- CH3COOC2H5 + H2O → CH3 - COOH + C2H5OH
Минералды қышқылдардың күрделі эфирлері
Бейорганикалық қышқылдар да (күкірт, азот және фосфор қышқылдары) спирттермен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді. Күкірт қышқылының маңызды эфирлері — метил және этил-сульфаттар. Бұларды алкилкүкірт қышқылдары деп те атайды.
Бұл эфирлер — қышқыл эфирлер. Спирттің артық мөлшеріне концентрлі күкірт қышқылымен әсер еткенде, орта эфирлері C2H5O-SO2—ОС2Н5 алынады.
Азот қышқылы эфирлерінің ішінде маңыздысы — глицерин эфирлері. Фосфор қышқылының көптеген эфирлері физиологиялық белсенділік көрсетеді. Мысалы, диметилфосфаттың алу жолын қарастырайық:
Диметилфосфаттың туындыларын инсектицид ретінде қолданады, соның бірі — хлорофос:
Фосфор қышқылының эфирлеріне нуклеин қышқылдары жатады.
Эфирлердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы
Диэтил эфирі С2Н5—О—С2Н5. Оңай қайнайтын (34,6°С) сұйық зат, суда ерімейді, судан жеңіл, өзіне тән иісі бар. Ауамен қопарылғыш қоспа түзеді. Еріткіш ретінде, жасанды жібек алуға, медицинада наркоз жасауға қолданылады.
Этилацетат СН3СООС2Н5. Өзіне тән иісі бар түссіз сұйық зат, судан жеңіл, суда нашар ериді. Тамақ өнеркәсібінде, парфюмерияда және полимерлерге еріткіш ретінде қолданылады.
Салицил қышқылының күрделі эфирлері аспирин (ацетилсалицил қышқылы) мен салол — дәрілік заттар.
Глицерин тринитраты CH2ONO2— CHONO2 — CH2ONO2. Өте қуатты қопарылғыш зат. Динамиттің құрамына кіреді. 1%-тік ерітіндісі медицинада қан тамырлары мен жүрек ауруларын емдеуде қолданылады.
Цистилкүкірт қышқылын C16H33OSO2OH цистил спирті мен күкірт қышқылын әрекеттестіріп алады:
Цистилкүкірт қышқылының натрий тұзын C16H33OSO2ONa кір жуғыш ұнтақтарға қосады. Бұл — қосылыс беттік белсенді зат.
Карбон қышқылдарының күрделі эфирлері, негізінен, жағымды иісі бар сұйық заттар болғандықтан, олар парфюмерия мен тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Күрделі эфирлер карбоксил тобындағы сутек атомының орнын радикал басқан карбон қышқылдарының туындысы (R — COOR'). Гүлдердің, жеміс-жидектердің жағымды иістері олардың құрамында карбон қышқылдарының күрделі эфирлері болуына байланысты. Күрделі эфирлер өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Органикалық қышқылдардың күрделі эфирлері гидролизденеді.
Дереккөздер
- Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kүrdeli efirler tabigatta ken taragan Olar biologiyalyk ote manyzdy kosylystar Gүlder men zhemisterdin kuramynda kүrdeli efirler boluyna bajlanysty olardyn hosh iisteri bolady Өsimdik zhәne zhanuarlar majlary kүrdeli efirlerge zhatady Karbon kyshkyldarynyn kүrdeli efirlerin kyshkyldardyn karboksil tobyndagy sutek atomynyn ornyn komirsutek radikaly baskan sutektin nemese spirtterdegi gidroksil tobynyn ornyn organikalyk kyshkyldyn radikaly baskan tuyndylar dep karastyruga bolady R men R birdej nemese әr tүrli komirsutek radikaldary Kүrdeli efirler kishi zhәne үlken molekulaly kanykkan kanykpagan aromatty kyshkyldar men spirtterden tүzilui mүmkin Kүrdeli efirlerdi spirtter men bejorganikalyk kyshkyldardy әrekettestirip te alady AtaularyKүrdeli efirlerdin attary olardyn kuramyna kiretin kyshkyldar men spirtterdin kaldygynan kuralady 27 keste Halykaralyk nomenklatura bojynsha kyshkyldyn atyna spirt radikalynyn atyn kosymsha etip oat zhalgauyn zhalgap atajdy H COOC2H5 kumyrska kyshkylynyn etil efiri etilformiat nemese metilmetanoat CH3 COOC2H5 sirke kyshkylynyn etil efiri etilacetat nemese etiletanoat IzomerleriKүrdeli efirlerdin izomerlerin ony kuruga katyskan kyshkyl men spirttin radikaldaryna bajlanysty toptardyn izomerlenui bojynsha anyktajdy Kүrdeli efirler karbon kyshkyldarymen klasaralyk Mysaly S3N6O2 izomerleri Alu әdisteri1 Kүrdeli efirler kobine tabigi onimderden alynady 2 Eterifikaciya reakciyasynda karbon kyshkyldary men spirtterdi mineral kyshkyldar katysynda әrekettestirip nәtizhesinde kүrdeli efir men su tүziledi Efirlenu reakciyasy kezinde karboksil tobynyn gidroksili men spirt molekulasyndagy sutekten su molekulasy tүziletini reakciyaga izotoptar engizu arkyly anyktaldy Қuramynda ottektin 180 izotopy bar spirtpen әrekettestirgende ottektin auyr izotopy sudyn emes kүrdeli efirdin kuramynda ekendigi belgili boldy Eterifikaciya reakciyasynyn zhyldamdygy kyshkyl men spirttin kurylysyna bajlanysty Ekinshilik spirtterge karaganda birinshilik spirtterdin reakciya zhyldamdygy eki ese zhogary 3 Kүrdeli efirlerdi kyshkyldyn galogenangidridterin zhәne angidridterin spirttermen әrekettestirip alady Mysaly Fizikalyk kasietteri zhәne kurylysyҚarapajym karbon kyshkyldarynyn kүrdeli efirleri tүssiz sujyktyktar suda erimejdi Kүrdeli efirlerdin kobinin iisteri zhagymdy Molekula arasynda sutektik bajlanys zhok bolgandyktan sәjkes kyshkyldarga karaganda kүrdeli efirlerdin kajnau temperaturalary tomen bolady 27 keste Himiyalyk kasietteriGidrolizdenu reakciyasy Kүrdeli efirlerdin gidrolizi eterifikaciya reakciyasyna keri reakciya kyshkyl nemese silti katysynda zhүredi Kүrdeli efir sumen әrekettesip ajyrylyp reakciya nәtizhesinde kyshkyl zhәne spirt tүziledi CH3COOC2H5 H2O CH3 COOH C2H5OHMineraldy kyshkyldardyn kүrdeli efirleriBejorganikalyk kyshkyldar da kүkirt azot zhәne fosfor kyshkyldary spirttermen әrekettesip kүrdeli efirler tүzedi Kүkirt kyshkylynyn manyzdy efirleri metil zhәne etil sulfattar Bulardy alkilkүkirt kyshkyldary dep te atajdy Bul efirler kyshkyl efirler Spirttin artyk molsherine koncentrli kүkirt kyshkylymen әser etkende orta efirleri C2H5O SO2 OS2N5 alynady Azot kyshkyly efirlerinin ishinde manyzdysy glicerin efirleri Fosfor kyshkylynyn koptegen efirleri fiziologiyalyk belsendilik korsetedi Mysaly dimetilfosfattyn alu zholyn karastyrajyk Dimetilfosfattyn tuyndylaryn insekticid retinde koldanady sonyn biri hlorofos Fosfor kyshkylynyn efirlerine nuklein kyshkyldary zhatady Efirlerdin zheke okilderi zhәne olardyn koldanyluyDietil efiri S2N5 O S2N5 Onaj kajnajtyn 34 6 S sujyk zat suda erimejdi sudan zhenil ozine tәn iisi bar Auamen koparylgysh kospa tүzedi Eritkish retinde zhasandy zhibek aluga medicinada narkoz zhasauga koldanylady Etilacetat SN3SOOS2N5 Өzine tәn iisi bar tүssiz sujyk zat sudan zhenil suda nashar eridi Tamak onerkәsibinde parfyumeriyada zhәne polimerlerge eritkish retinde koldanylady Salicil kyshkylynyn kүrdeli efirleri aspirin acetilsalicil kyshkyly men salol dәrilik zattar Glicerin trinitraty CH2ONO2 CHONO2 CH2ONO2 Өte kuatty koparylgysh zat Dinamittin kuramyna kiredi 1 tik eritindisi medicinada kan tamyrlary men zhүrek aurularyn emdeude koldanylady Cistilkүkirt kyshkylyn C16H33OSO2OH cistil spirti men kүkirt kyshkylyn әrekettestirip alady Cistilkүkirt kyshkylynyn natrij tuzyn C16H33OSO2ONa kir zhugysh untaktarga kosady Bul kosylys bettik belsendi zat Karbon kyshkyldarynyn kүrdeli efirleri negizinen zhagymdy iisi bar sujyk zattar bolgandyktan olar parfyumeriya men tamak onerkәsibinde koldanylady Kүrdeli efirler karboksil tobyndagy sutek atomynyn ornyn radikal baskan karbon kyshkyldarynyn tuyndysy R COOR Gүlderdin zhemis zhidekterdin zhagymdy iisteri olardyn kuramynda karbon kyshkyldarynyn kүrdeli efirleri boluyna bajlanysty Kүrdeli efirler onerkәsipte keninen koldanylady Organikalyk kyshkyldardyn kүrdeli efirleri gidrolizdenedi DerekkozderHimiya Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Ә Temirbolatova N Nurahmetov R Zhumadilova S Әlimzhanova Almaty Mektep baspasy 2007 352 bet suretti ISBN 9965 36 092 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet