Күбі – сүт өнімдерін өңдеуге, сақтауға арналған, ағаштан жасалған ыдыс түрі.
Сипаты
Күбі негізінен дөңгелек пішінді, іші қуыс, биік болып келеді. Көбінесе оның түп жағы кең, аузына қарай қиғаштай сүйірленіп бітеді. Күбінің ағаш қақпағы және пішіні әртүрлі болып келетін піспегі қатар жүреді. Бетіне жабылатын дөңгелек қақпағының ортасында піспектің сабы шығып тұратындай ойығы болады. Сыйымдылығы жағынан сабадан әлдеқайда кішілеу ыдыс. Оны көбінесе сауын малы аз орташа ауқаттылар май шайқауға пайдаланған. Күбіні пісуге және ішін тазалап ыстап отыруға ыңғайлы болғандықтан қымыз, шұбатты баптап дайындауға да пайдаланған. Күн райы ыстық оңтүстік өңірде күбіні көже ашыту, ашымал дайындауға ғана емес, сақтауға қолайлы бұйым ретінде әлі де болса қолданыстық мәнін жоғалтпаған. Күбіге құйылған сүт ашу үшін оның піспегі өткізілген қақпағының аузын мата орамалмен қымтап бітейді. Салқын болса сыртын жауып тастайды. Сүт ашығаннан кейін оны ұзақ уақыт піспекпен піссе, май бөлініп шығады. Осындай майды қалқып алып, қалған іркітін ішуге, құрт даярлауға пайдаланады.
Күбі түрлері және оны жасалуы
Күбіні жасауға қолжетімділігіне қарай жиде, қайың, арша, емен, тал сияқты ағаштар пайдаланылады. Жасалуына қарай ел арасында шауып және құрастырып жасалған екі түрі кең таралған.
Күбінің шауып жасалған түрі
Тұтас ағаштан шабылып жасалған, бүйірі сәл шығыңқы келген, келіге ұқсаған түрі. Мұндай түрлерін жасауға қайың, емен сияқты қатты ағаш таңдалады. Көбінесе тұтас қайың кесіндісінің өзегін ұңғып ойып алады. Шауып жасалған күбінің ауыз ернеуі мен түбіне екі кепіл шығырық кигізіледі. Әркім қалауынша сыртын ою-өрнек салып безендіреді. Шауып жасалған күбі түрі.
Күбінің қиюластырып жасалған түрі
Күбінің қиюластырып жасалған түрі арнайы дайындалған дөңгелек түпке бір-біріне кірігетіндей етіп кертілген жұқа ағаш тақтайшаларды тігінен қиюластыра құрастырылады. Құрастырмалы күбінің сыртынан бірнеше дөңгелек темір құрсау кигізіледі. Осылайша дайын болған күбінің іші тегіс болу үшін алдымен ыстық темірмен қарып, содан соң майлап, түтінмен ыстайды. Сонда шайыры шыққан тақтайшалар өзара ұстасып, бекиді. Күбіні ұдайы тазалап, арша немесе тобылғымен ыстап отырмаса, ақ тағамның дәмі татып кетеді.
Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы қорында сақтаулы пісуге арналған күбінің биіктігі 80 см, түбінің шарасы 24 см, аузы онан сәл кішілеу – 15,5 см. Ол тоғыз ағаш тақтайшадан қиюластырылып, сыртынан дөңгелек бес дана темір құрсау кигізілген. Түп жағы бірнеше қабат сым темірмен қосымша құрсауланған. Ол қабығы сылынып, тегістелген, түзу талдан жасалған. Піспегінің басы кіреш пошымды етіп жасалған. Мөлшері – 12х14 см. Оның дәл ортасындағы тесікке ұзындығы 96 см, жұмыр сап бекітілген.
Өңірлер бойынша түрлері
Күбінің пошымы қазақ жерінің әр аймағында әртүрлі болып келеді: оңтүстік-шығыс өңірлерінде таралған күбілер аласа, бүйірі шығыңқы, ең басты ерекшелігі мойын жағы тарлау әрі, аласалау болады. Биік, әрі тұтас ағаштан ойылып жасалған күбілер Орталық Қазақстанға тән. Оңтүстікте аузы мен түбі бірдей болып келетін түрі де кездеседі. Солтүстік өңірде құмыра тәрізді қыштан жасалған аузы тар түрі таралған.
Піспек
Күбі піспегінің басы дөңгелек, ашамай немесе төртбұрыш болып келеді. Оның ортасын ойып, піспек сабы жалғанады да, айналасын айналдыра әртүрлі (қиғаш, ойысты, тік, дөңгелек, үшбұрыш) пішіндегі тесіктер тесіледі. Кейбірінің іші қуысталып ойылады. Осындай ойықшалар ақ тағамды пісу, шайқау кезінде майдың бөлініп шығуының жеделдеуіне мүмкіндік туғызады. Күбі піспегінің бастарының әр алуан түрлері.
Күбіге қатысты наным-сенім, ырымдар мен тыйымдар
- Күбі әлбетте, киіз үйдің немесе қосалқы үйдің сол (қазан) жақ босағасынан орын алады;
- Үйге бас сұққан адам төрге озбас бұрын саба тәрізді оны да пісу ырымын жасаған соң ғана төрге қарай озады;
- Ескірген күбіні отқа жағу, далаға лақтырып тастау жаман ырымға саналады;
- Шаңырақтың ырыздығы мен берекесінің символы ретінде оны қастерлеп таза орынға сақтап қояды.
Әдебиеттер
- Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков: Материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980; Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kүbi sүt onimderin ondeuge saktauga arnalgan agashtan zhasalgan ydys tүri KүbiSipatyKүbi negizinen dongelek pishindi ishi kuys biik bolyp keledi Kobinese onyn tүp zhagy ken auzyna karaj kigashtaj sүjirlenip bitedi Kүbinin agash kakpagy zhәne pishini әrtүrli bolyp keletin pispegi katar zhүredi Betine zhabylatyn dongelek kakpagynyn ortasynda pispektin saby shygyp turatyndaj ojygy bolady Syjymdylygy zhagynan sabadan әldekajda kishileu ydys Ony kobinese sauyn maly az ortasha aukattylar maj shajkauga pajdalangan Kүbini pisuge zhәne ishin tazalap ystap otyruga yngajly bolgandyktan kymyz shubatty baptap dajyndauga da pajdalangan Kүn rajy ystyk ontүstik onirde kүbini kozhe ashytu ashymal dajyndauga gana emes saktauga kolajly bujym retinde әli de bolsa koldanystyk mәnin zhogaltpagan Kүbige kujylgan sүt ashu үshin onyn pispegi otkizilgen kakpagynyn auzyn mata oramalmen kymtap bitejdi Salkyn bolsa syrtyn zhauyp tastajdy Sүt ashygannan kejin ony uzak uakyt pispekpen pisse maj bolinip shygady Osyndaj majdy kalkyp alyp kalgan irkitin ishuge kurt dayarlauga pajdalanady Kүbi tүrleri zhәne ony zhasaluyKүbini zhasauga kolzhetimdiligine karaj zhide kajyn arsha emen tal siyakty agashtar pajdalanylady Zhasaluyna karaj el arasynda shauyp zhәne kurastyryp zhasalgan eki tүri ken taralgan Kүbinin shauyp zhasalgan tүri Tutas agashtan shabylyp zhasalgan bүjiri sәl shygynky kelgen kelige uksagan tүri Mundaj tүrlerin zhasauga kajyn emen siyakty katty agash tandalady Kobinese tutas kajyn kesindisinin ozegin ungyp ojyp alady Shauyp zhasalgan kүbinin auyz erneui men tүbine eki kepil shygyryk kigiziledi Әrkim kalauynsha syrtyn oyu ornek salyp bezendiredi Shauyp zhasalgan kүbi tүri Kүbinin kiyulastyryp zhasalgan tүri Kүbinin kiyulastyryp zhasalgan tүri arnajy dajyndalgan dongelek tүpke bir birine kirigetindej etip kertilgen zhuka agash taktajshalardy tiginen kiyulastyra kurastyrylady Қurastyrmaly kүbinin syrtynan birneshe dongelek temir kursau kigiziledi Osylajsha dajyn bolgan kүbinin ishi tegis bolu үshin aldymen ystyk temirmen karyp sodan son majlap tүtinmen ystajdy Sonda shajyry shykkan taktajshalar ozara ustasyp bekidi Kүbini udajy tazalap arsha nemese tobylgymen ystap otyrmasa ak tagamnyn dәmi tatyp ketedi Қazakstan Respublikasynyn ulttyk murazhajy korynda saktauly pisuge arnalgan kүbinin biiktigi 80 sm tүbinin sharasy 24 sm auzy onan sәl kishileu 15 5 sm Ol togyz agash taktajshadan kiyulastyrylyp syrtynan dongelek bes dana temir kursau kigizilgen Tүp zhagy birneshe kabat sym temirmen kosymsha kursaulangan Ol kabygy sylynyp tegistelgen tүzu taldan zhasalgan Pispeginin basy kiresh poshymdy etip zhasalgan Molsheri 12h14 sm Onyn dәl ortasyndagy tesikke uzyndygy 96 sm zhumyr sap bekitilgen Өnirler bojynsha tүrleriKүbinin poshymy kazak zherinin әr ajmagynda әrtүrli bolyp keledi ontүstik shygys onirlerinde taralgan kүbiler alasa bүjiri shygynky en basty ereksheligi mojyn zhagy tarlau әri alasalau bolady Biik әri tutas agashtan ojylyp zhasalgan kүbiler Ortalyk Қazakstanga tәn Ontүstikte auzy men tүbi birdej bolyp keletin tүri de kezdesedi Soltүstik onirde kumyra tәrizdi kyshtan zhasalgan auzy tar tүri taralgan PispekKүbi pispeginin basy dongelek ashamaj nemese tortburysh bolyp keledi Onyn ortasyn ojyp pispek saby zhalganady da ajnalasyn ajnaldyra әrtүrli kigash ojysty tik dongelek үshburysh pishindegi tesikter tesiledi Kejbirinin ishi kuystalyp ojylady Osyndaj ojykshalar ak tagamdy pisu shajkau kezinde majdyn bolinip shyguynyn zhedeldeuine mүmkindik tugyzady Kүbi pispeginin bastarynyn әr aluan tүrleri Kүbige katysty nanym senim yrymdar men tyjymdarKүbi әlbette kiiz үjdin nemese kosalky үjdin sol kazan zhak bosagasynan oryn alady Үjge bas sukkan adam torge ozbas buryn saba tәrizdi ony da pisu yrymyn zhasagan son gana torge karaj ozady Eskirgen kүbini otka zhagu dalaga laktyryp tastau zhaman yrymga sanalady Shanyraktyn yryzdygy men berekesinin simvoly retinde ony kasterlep taza orynga saktap koyady ӘdebietterHozyajstvo kazahov na rubezhe HIH HH vekov Materialy k istoriko etnograficheskomu atlasu Alma Ata Nauka 1980 Argynbaev H Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9