Кіреуке, Кіреуке сауыт – пiшiмi қысқа жеңді жейде түрiнде жасалып, дөңгелек металл шығыршықтардан өрiлген торлы сауыт. Қазақ тiлiнде кіреуке сөзi селдiр, торлы деген мағынаны бiлдiредi.
Қорғаныста қолданылуы
Кіреуке сауыт көшпелі халықтарда І мыңжылдықтың басынан, ғұн-сармат заманынан қолданыла бастаған. Түркі заманында кіреуке сауыт көшпелілер жауынгерлерінің қорғаныс жарағының негізгі түріне айналды. Орта ғасырда көшпелі халықтарда кіреуке сауыт өрімін жасау технологиясы жетілдірілуімен бұл сауыттың көптеген үлгілері пайда болды. Тамаша техникалық және қорғаныс қасиетiне байланысты кіреуке – шығыс жауынгерлерінің ең көп қолданған сауыт түрi. Қазақ жауынгерлері кіреукені қорғаныс жарағы ретінде ХІХ ғ.-ға дейін қолданып келді, бұл кезеңде от қаруының кең қолданысқа енуімен кіреуке сауыт қолданыстан шықты.
Сипаты мен түрлері
Кіреуке сауыттың қорғаныс қасиетiн қалыптастыратын негiзгi конструктивтiк элементi – шығыршық темiр сымнан соғылып жасалып, бiр-бiрiмен тоқылып өрiлдi. Кіреуке шығыршықтарының iшкi диаметрi дәстүрлі халықтық әскери терминологияда көз деп аталды да, шығыршық көздерiнiң көлемi кіреуке сауыттың түрiн анықтайтын негiзгі типологиялық белгі болды. Қазақтар шығыршық көздерiнiң көлемiне сәйкес торғай көз, шөже көз (яғни, шығыршық тесiгiнiң үлкендiгi торғайдың, шөже балапанның көзiнiң үлкендiгiндей-ақ) және бадана көз деп аталатын үш түрiн айырады. Осындай көздi шығыршықтардан тоқылған кіреукелер торғай "көз кiреуке", "шөже көз кiреуке" және "бадана көз кiреуке" деп аталды. Фольклорлық материалдарда қазақ батырларының жарағы ретiнде кіреукенiң осы үш типi де айтылады. Кіреуке типiнiң шөже көз кіреуке және торғай көз кіреуке орыс тiлiндегi «кольчуга» және «панцырь» (кiшкентай шығыршықтардан өрiлген кіреуке) деп аталатын кіреукенiң екi түрiне сәйкес келедi. «Бадана көз кiреуке» немесе «бадана көздi сауыт», «бадана сауыт», «бадана» үлкен жалпақ соғылған шығыршықтардан тоқылып жасалды, сондықтан, кіреукенің бұл түрі өте берiк болды, ауыз әдебиетiнде де бұл бадана сауыттың берiктiгi баса айтылады. Бұл кіреукеде шығыршық көзiнiң көлемi «бадана» атты өсiмдiк пиязшығының көлемiндей болғандықтын осылай аталған.
Шығыршықтардың жасалу әдісі тұрғысынан келсек, кіреукелер өрімінде, әдетте, шығыршықтардың үш түрі қолданылды. Шығыршықтың бірінші түрі – ұштары шегемен бекітілген шығыршықтар, екінші түрі – ұштары тікеншемен бекітілген шығыршықтар, бұл шығыршықтар, көбінесе, овал формалы болып келеді. Кіреуке шығыршықтарының үшінші түрі – темірден тұтас шабылып алынған дөңгелек шығыршықтар, кіреукелер өрімінде шығыршықтың тек бір түрі немесе екі-үш түрі қолданып өрілген.
Кіреукені тоқығанда шеберлер сауыттың беріктігін ғана емес, әсемдігін де ескеріп отырды. Ауыз әдебиетінде жағалары алтын шығыршықтан өрілген, жеңдері жез шығыршықтардан өрілген кіреуке сауыттар айтылады.
Сауыттың дәрежесі
Денеге киіліп қолданылатындықтан қазақ тілінде кейде сауыттың синонимі ретінде тон сөзі қолданылып, темір сауытты темір тон, ал кіреуке сауытты кіреуке тон деп те атайды. Сауыттардың ішінде тұтастай металдан жасалған сауыттар тобы, басқа халықтардағы сияқты, қазақтарда да ақ сауыт атауымен аталады (салыстырыңыз, орысша: «белый доспех», «белое оружие», немiсше «blanke waffe»). Органикалық материалдардан (сүйек, мүйiз, терiден) жасалған қатты сауыттарға бұл атау қолданылмайды. Сондықтан, кіреуке сауытты кейде ақ сауыт немесе ақ кiреуке деп те атайды. Халықтық әскери терминологиядағы кіреуке сауыттың бұл бiрнеше дәстүрлi атаулары қазақтардың қорғаныс жарағын жiктеудiң дәстүрлi жүйесi құрылымындағы осы сауыт түрiнiң орынын және бұл құрылымның түрлi таксономиялық деңгейлерiмен қатынасын көрсетедi. Жасалу технологиясының күрделілігі, жасалу әдісінің қиындығы, сауыттың қолданыста ыңғайлылығы, әдемілігі бұл сауытты жауынгерлік жарақтың қымбат түріне айналдырды.
Әдетте, кіреуке сауытты атақты батырлар, хан-сұлтандар киген. Қымбат бағалы жауынгерлік киім болғандықтан түркі мемлекеттерінде кіреуке сауыт жоғары дәрежелі әскери қызметке тағайындалған адамға лауазым белгілері ретінде берілетін, әскерилерге әскери қызметі үшін әскери сый-марапатқа берілетін әскери заттардың бірі болды. Қымбат зат ретінде кіреуке сауыт қазақтарда атадан мұраға қалатын қымбатты мүлік, қалымға, киітке беретін бағалы сый болды. Қазақ тарихындағы ерлігімен аты шыққан батырлардың әулетінде олардан қалған кіреуке сауыттар бүгін де киелі зат ретінде ұрпақтарында сақталуда. XIX ғ.-дың аяғына дейін қазақтың салтында бағалы зат ретінде кіреуке сауыттар әртүрлі тойларда, астарда бәйгеге берілетін жүлделердің, тоғыз сыйдың – «тоғыздың» құрамына басты сый болып кірген.
ҚР ҰМ қорында ХІХ ғ.-да Кіші жүздiң біраз бөлігінің сұлтаны болған Арыстан сұлтан Жантөриннің кіреукесі сақтаулы (суретте). Оны музейге 1923 жылы сұлтанның ұрпағы – хан Қайыр Қасымовтың немересі тапсырған екен. Кіреуке сауыттың ұзындығы 74 см, енi жеңiмен бiрге 100 см, белінде ені 50 см-ге жуық, жеңiнiң енi 17 см. Сауыт қысқа жеңдi, жағасыз жейде түрiнде болат темiр шығыршықтардан өрiлiп жасалған. Жағасы жартылай дөңгелек ойық түрінде, алқымында тігінен жырымы бар. Жеңінің жиегі қиғаш қиылған, етегі алдынан да, артынан да жырылып жасалынған. Сауыт болат сымнан соғылып жасалған, сопақша келген пішінді, ұштары шеге арқылы бекітілген, диаметрі 1,5 см шығыршықтардан өрілген. Шығыршық көздерінің көлеміне байланысты бұл кіреуке сауыт – бадана кіреуке түріне (баданаға) жатады. Бұл бадана кіреукенің жасалу уақыты XVII-XVIII ғғ.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- О туземном оружии в туркестанском крае. РТ. Вып.2. 1872;
- Валиханов Ч.Ч. Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Т.1. Алма-Ата: АН КазССР, 1961;
- Ақсауыт. Екi томдық. Алматы: Жазушы, 1977;
- Тэрнер Виктор.Символ и ритуал. М.: Наука, 1983;
- Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Пространство и время. Вещный мир. Новосибирск: Наука, 1988;
- Бейхайм В. Энциклопедия оружия. СПб.: Санкт-Петербург оркестр, 1995;
- Ахметжан К.С. Кольчужные доспехи из коллекции ЦГМ РК. Орталық музей еңбектері: музей ісі, тарих, археология, деректану, антропология және этнология, деректану, фольклортану. II басылым. Алматы: Балалар әдебиеті, 2009;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kireuke Kireuke sauyt pishimi kyska zhendi zhejde tүrinde zhasalyp dongelek metall shygyrshyktardan orilgen torly sauyt Қazak tilinde kireuke sozi seldir torly degen magynany bildiredi Arystan sultan Zhantorinnin kireukesi ҚR ҰM korynan Қorganysta koldanyluyKireuke sauyt koshpeli halyktarda I mynzhyldyktyn basynan gun sarmat zamanynan koldanyla bastagan Tүrki zamanynda kireuke sauyt koshpeliler zhauyngerlerinin korganys zharagynyn negizgi tүrine ajnaldy Orta gasyrda koshpeli halyktarda kireuke sauyt orimin zhasau tehnologiyasy zhetildiriluimen bul sauyttyn koptegen үlgileri pajda boldy Tamasha tehnikalyk zhәne korganys kasietine bajlanysty kireuke shygys zhauyngerlerinin en kop koldangan sauyt tүri Қazak zhauyngerleri kireukeni korganys zharagy retinde HIH g ga dejin koldanyp keldi bul kezende ot karuynyn ken koldanyska enuimen kireuke sauyt koldanystan shykty Sipaty men tүrleriKireuke sauyttyn korganys kasietin kalyptastyratyn negizgi konstruktivtik elementi shygyrshyk temir symnan sogylyp zhasalyp bir birimen tokylyp orildi Kireuke shygyrshyktarynyn ishki diametri dәstүrli halyktyk әskeri terminologiyada koz dep ataldy da shygyrshyk kozderinin kolemi kireuke sauyttyn tүrin anyktajtyn negizgi tipologiyalyk belgi boldy Қazaktar shygyrshyk kozderinin kolemine sәjkes torgaj koz shozhe koz yagni shygyrshyk tesiginin үlkendigi torgajdyn shozhe balapannyn kozinin үlkendigindej ak zhәne badana koz dep atalatyn үsh tүrin ajyrady Osyndaj kozdi shygyrshyktardan tokylgan kireukeler torgaj koz kireuke shozhe koz kireuke zhәne badana koz kireuke dep ataldy Folklorlyk materialdarda kazak batyrlarynyn zharagy retinde kireukenin osy үsh tipi de ajtylady Kireuke tipinin shozhe koz kireuke zhәne torgaj koz kireuke orys tilindegi kolchuga zhәne pancyr kishkentaj shygyrshyktardan orilgen kireuke dep atalatyn kireukenin eki tүrine sәjkes keledi Badana koz kireuke nemese badana kozdi sauyt badana sauyt badana үlken zhalpak sogylgan shygyrshyktardan tokylyp zhasaldy sondyktan kireukenin bul tүri ote berik boldy auyz әdebietinde de bul badana sauyttyn beriktigi basa ajtylady Bul kireukede shygyrshyk kozinin kolemi badana atty osimdik piyazshygynyn kolemindej bolgandyktyn osylaj atalgan Shygyrshyktardyn zhasalu әdisi turgysynan kelsek kireukeler oriminde әdette shygyrshyktardyn үsh tүri koldanyldy Shygyrshyktyn birinshi tүri ushtary shegemen bekitilgen shygyrshyktar ekinshi tүri ushtary tikenshemen bekitilgen shygyrshyktar bul shygyrshyktar kobinese oval formaly bolyp keledi Kireuke shygyrshyktarynyn үshinshi tүri temirden tutas shabylyp alyngan dongelek shygyrshyktar kireukeler oriminde shygyrshyktyn tek bir tүri nemese eki үsh tүri koldanyp orilgen Kireukeni tokyganda sheberler sauyttyn beriktigin gana emes әsemdigin de eskerip otyrdy Auyz әdebietinde zhagalary altyn shygyrshyktan orilgen zhenderi zhez shygyrshyktardan orilgen kireuke sauyttar ajtylady Sauyttyn dәrezhesiDenege kiilip koldanylatyndyktan kazak tilinde kejde sauyttyn sinonimi retinde ton sozi koldanylyp temir sauytty temir ton al kireuke sauytty kireuke ton dep te atajdy Sauyttardyn ishinde tutastaj metaldan zhasalgan sauyttar toby baska halyktardagy siyakty kazaktarda da ak sauyt atauymen atalady salystyrynyz oryssha belyj dospeh beloe oruzhie nemisshe blanke waffe Organikalyk materialdardan sүjek mүjiz teriden zhasalgan katty sauyttarga bul atau koldanylmajdy Sondyktan kireuke sauytty kejde ak sauyt nemese ak kireuke dep te atajdy Halyktyk әskeri terminologiyadagy kireuke sauyttyn bul birneshe dәstүrli ataulary kazaktardyn korganys zharagyn zhikteudin dәstүrli zhүjesi kurylymyndagy osy sauyt tүrinin orynyn zhәne bul kurylymnyn tүrli taksonomiyalyk dengejlerimen katynasyn korsetedi Zhasalu tehnologiyasynyn kүrdeliligi zhasalu әdisinin kiyndygy sauyttyn koldanysta yngajlylygy әdemiligi bul sauytty zhauyngerlik zharaktyn kymbat tүrine ajnaldyrdy Әdette kireuke sauytty atakty batyrlar han sultandar kigen Қymbat bagaly zhauyngerlik kiim bolgandyktan tүrki memleketterinde kireuke sauyt zhogary dәrezheli әskeri kyzmetke tagajyndalgan adamga lauazym belgileri retinde beriletin әskerilerge әskeri kyzmeti үshin әskeri syj marapatka beriletin әskeri zattardyn biri boldy Қymbat zat retinde kireuke sauyt kazaktarda atadan muraga kalatyn kymbatty mүlik kalymga kiitke beretin bagaly syj boldy Қazak tarihyndagy erligimen aty shykkan batyrlardyn әuletinde olardan kalgan kireuke sauyttar bүgin de kieli zat retinde urpaktarynda saktaluda XIX g dyn ayagyna dejin kazaktyn saltynda bagaly zat retinde kireuke sauyttar әrtүrli tojlarda astarda bәjgege beriletin zhүldelerdin togyz syjdyn togyzdyn kuramyna basty syj bolyp kirgen ҚR ҰM korynda HIH g da Kishi zhүzdin biraz boliginin sultany bolgan Arystan sultan Zhantorinnin kireukesi saktauly surette Ony muzejge 1923 zhyly sultannyn urpagy han Қajyr Қasymovtyn nemeresi tapsyrgan eken Kireuke sauyttyn uzyndygy 74 sm eni zhenimen birge 100 sm belinde eni 50 sm ge zhuyk zheninin eni 17 sm Sauyt kyska zhendi zhagasyz zhejde tүrinde bolat temir shygyrshyktardan orilip zhasalgan Zhagasy zhartylaj dongelek ojyk tүrinde alkymynda tiginen zhyrymy bar Zheninin zhiegi kigash kiylgan etegi aldynan da artynan da zhyrylyp zhasalyngan Sauyt bolat symnan sogylyp zhasalgan sopaksha kelgen pishindi ushtary shege arkyly bekitilgen diametri 1 5 sm shygyrshyktardan orilgen Shygyrshyk kozderinin kolemine bajlanysty bul kireuke sauyt badana kireuke tүrine badanaga zhatady Bul badana kireukenin zhasalu uakyty XVII XVIII gg DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterO tuzemnom oruzhii v turkestanskom krae RT Vyp 2 1872 Valihanov Ch Ch Vooruzhenie kirgiz v drevnie vremena i ih voennye dospehi Sobranie sochinenij V 5 ti tomah T 1 Alma Ata AN KazSSR 1961 Aksauyt Eki tomdyk Almaty Zhazushy 1977 Terner Viktor Simvol i ritual M Nauka 1983 Tradicionnoe mirovozzrenie tyurkov Yuzhnoj Sibiri Prostranstvo i vremya Veshnyj mir Novosibirsk Nauka 1988 Bejhajm V Enciklopediya oruzhiya SPb Sankt Peterburg orkestr 1995 Ahmetzhan K S Kolchuzhnye dospehi iz kollekcii CGM RK Ortalyk muzej enbekteri muzej isi tarih arheologiya derektanu antropologiya zhәne etnologiya derektanu folklortanu II basylym Almaty Balalar әdebieti 2009 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan