Кокцидиялар отряды - Coccidiida
Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, насекомдардың ішек эпителий жасушаларында паразитті тіршілік етеді. Кокцидиоз ауруына адамдар да шалдығады. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит). Зоиттың сырты үш мембраналы қабық - пелликуламен қапталынған. Оның астында түтікшелі фибриддер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер деп аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттын қаңқасын құрайды.
Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрилді - коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін - роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің жасушаларының ішіне кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат иесінің эпителий жасуша мембранасын ерітеді де, ал коноид арқылы зоит бұранда арқылы жасушаның ішіне кіреді. Кокцидияларда, жасушаларға ортақ бірқатар органоидтар болады - митохондриялар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық торы, т. б.
Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Мысал ретінде қояндардың паразиті - эймерия (Eimeria) туысының даму сатысын қарастырайық. Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен дамиды. Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның ішегіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит шығады. Спорозоиттар ары қарай даму үшін ішектің эпителий жасушасына ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит жасушаға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл жыныссыз көбею кезеңі. Шизого¬ния нәтижесінде пайда болған әрбір ядроның төңірегінде цитоплазма жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға айналады. Мерозоиттар эпителий жасушаны әбден зақымдап болғаннан кейін ішек қуысына шығады да, қайтадан жаңа жасушаларға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көпке бөлініп шизогония арқылы тағы да мерозойттар пайда болады. Шизогония бірнеше рет қайталанып, паразиттердің саны көбейеді.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозойттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. Макрогамонттар бөлінбей өсіп макрогаметаларға айналады, ал микрогамонттардын. ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен қапталынып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып макрогаметалармен қосылады. Копуляция нәтижесінде пайда болған зигота сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт споробласт деп аталатын жасуша түзіледі. Әрбір споробласт арнайы қабықпен қапталынып, спораға айналады.
Әрбір спораның ядросы екіге бөлініп - екі спорозоит түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан сегіз спорозоиттар түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түскенде, оның қалың қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішіндегі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек жасушаларында даму циклын бастайды. Эймерия (Eimeria) туыстарының толып жатқан түрлері адамды, жануарларды кокцидиоз деген ауруға шалдықтырады. Солардың ішінде Е. magna, Е. intestinalis қояндардың кокцидиозын қоздырушылар, Е. tenella тауық, үйректердің, Е. zurni, E. smithi ірі қара малдардың, Е. faurei, E. arloingi қой мен ешкілердің, E. carpelli балықтардың кокцидиозын қоздырушылар. Адамда да кокцидиялар кездеседі. Олар Isospora belli және I. hominis. Кокцидиоз - ішек ауруына душар етеді.
Дереккөздер
Дәуітбаева К. Ә.Омыртқасыздар зоологиясы. Оқулық. - Алматы: 2004. ISBN 9965-749-11-6
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kokcidiyalar otryady Coccidiida Kokcidiyalar koyannyn iri kara maldyn үj zhanuarlary men zhabajy kustardyn nasekomdardyn ishek epitelij zhasushalarynda parazitti tirshilik etedi Kokcidioz auruyna adamdar da shaldygady Kokcidiyalardyn denesi sopaksha kelgen aldyngy zhagy үshkir artky zhagy dogal pishindi bolady bulardy zoit dep atajdy sporozoit merozoit Zoittyn syrty үsh membranaly kabyk pellikulamen kaptalyngan Onyn astynda tүtiksheli fibridder bolady olar subpellikulyarly mikrotүtiksheler dep atalady Pellikulamen birge olar zoittyn kankasyn kurajdy Zoittyn denesinin aldyngy zhagynda eki ajryksha organoidtar ornalaskan Olar spiral tәrizdi fibrildi konoid zhәne kapshyk tәrizdi ishi silekej zatka tolgan sany 2 den 14 ke dejin roptriyalar Osylar arkyly parazit iesinin zhasushalarynyn ishine kiredi Roptriyadan shykkan sujyk zat iesinin epitelij zhasusha membranasyn eritedi de al konoid arkyly zoit buranda arkyly zhasushanyn ishine kiredi Kokcidiyalarda zhasushalarga ortak birkatar organoidtar bolady mitohondriyalar Goldzhi apparaty endoplazmalyk tory t b Kokcidiyalardyn damu satysy ote kүrdeli Mysal retinde koyandardyn paraziti ejmeriya Eimeria tuysynyn damu satysyn karastyrajyk Ejmeriya kezektesip turatyn shizogoniya gametogoniya zhәne sporogoniya zholdarymen damidy Oocistalar su zhәne shop arkyly koyannyn ishegine tүsip oocistanyn kabyrgasy ishek solderinin әserinen zharylyp ishinen 8 sporozoit shygady Sporozoittar ary karaj damu үshin ishektin epitelij zhasushasyna enu kerek Konoid zhәne roptriyalar arkyly sporozoit zhasushaga enip denesi dongelenip shizontka ajnalady Shizonttyn yadrosy birneshe kajtara bolinedi Sol yadrolardyn bolinuin shizogoniya dejdi Bul zhynyssyz kobeyu kezeni Shizogo niya nәtizhesinde pajda bolgan әrbir yadronyn tonireginde citoplazma zhinalyp olar usak merozoittarga ajnalady Merozoittar epitelij zhasushany әbden zakymdap bolgannan kejin ishek kuysyna shygady da kajtadan zhana zhasushalarga enip denesi dongelenip shizontka ajnalady Shizonttyn yadrosy kopke bolinip shizogoniya arkyly tagy da merozojttar pajda bolady Shizogoniya birneshe ret kajtalanyp parazitterdin sany kobejedi Shizogoniyadan kejin gametogoniya kezeni bastalady Bul kezende merozojttar gamonttarga ajnalady bulardan gametalar pajda bolady Makrogamonttar bolinbej osip makrogametalarga ajnalady al mikrogamonttardyn yadrosy kopke bolinip citoplazmamen kaptalynyp eki talshygy bar majda mikrogametalarga ajnalady Mikrogametalar zhylzhyp makrogametalarmen kosylady Kopulyaciya nәtizhesinde pajda bolgan zigota syrtynan tygyz kabykpen kaptalyp oocistaga ajnalady Oocistalar koyannyn nәzhisterimen birge syrtka shygarylady Syrtky ortada oocistanyn ishinde sporogoniya kezeni otedi Oocistanyn ishindegi yadro eki ret bolinip tort yadro pajda bolady Olardy citoplazma korshap tort sporoblast dep atalatyn zhasusha tүziledi Әrbir sporoblast arnajy kabykpen kaptalynyp sporaga ajnalady Әrbir sporanyn yadrosy ekige bolinip eki sporozoit tүziledi Sojtip oocistanyn ishinde tort spora pajda bolyp olardan segiz sporozoittar tүziledi Osyndaj oocistalar sau koyannyn ishegine tүskende onyn kalyn kabykshasy ishek solderinin әserinen zharylyp ishindegi 8 sporozoittar shygady da iesinin ishek zhasushalarynda damu ciklyn bastajdy Ejmeriya Eimeria tuystarynyn tolyp zhatkan tүrleri adamdy zhanuarlardy kokcidioz degen auruga shaldyktyrady Solardyn ishinde E magna E intestinalis koyandardyn kokcidiozyn kozdyrushylar E tenella tauyk үjrekterdin E zurni E smithi iri kara maldardyn E faurei E arloingi koj men eshkilerdin E carpelli balyktardyn kokcidiozyn kozdyrushylar Adamda da kokcidiyalar kezdesedi Olar Isospora belli zhәne I hominis Kokcidioz ishek auruyna dushar etedi DerekkozderDәuitbaeva K Ә Omyrtkasyzdar zoologiyasy Okulyk Almaty 2004 ISBN 9965 749 11 6