Киноринха (лат. Kinorhyncha, грек. kіnos – қозғалу және rhynchos – тұмсық) – жұмыр құрттар типінің бір класы. Теңіз түбіндегі құмда тіршілік ететін майда құрт тәрізді жануарлар. Киноринхалардың 2 отрядқа: (Cyclorhagіda) және (Homolorhagіda) жататын 100-ге жуық түрі белгілі. Киноринхалардың тұрқы 0,2 – 1 мм-дей, денесі қалың кутикуламен қапталып, қозғалу үшін 13 жалған буынға (зонит) бөлінген. Біріншісі – бас буыны, екіншісі – мойын (плакида), қалған 11 – дене буындары. Бұлардың дене буындарын, буылтық құрттардағы сегменттермен шатыстыруға болмайды, себебі, Киноринхалардың сыртқы буындарының ішкі мүшелеріне қатысы жоқ. Денесінің басындағы кутикулалы өсінділер ұзынша тікенек, ал қалғандары майда қылтаншалар сияқты түзілген. Олардың бұлшық еттері көлденең салалы жолақ бөлек-бөлек түйіндерге бөлініп, тұтас тері – бұлшық ет қапшығын жасамайды. Дене қуысы – (бірінші реттік дене қуысы). Асқорыту жүйесі түтік түрінде ауыз тесігінен басталып, артқы жағында аналь тесігімен аяқталады. Зәр шығару жүйесі, , бір жұп – каналдары қысқа, ұштары жұлдызша клеткамен аяқталады. Жүйке жүйесі жұтқыншақ айналасындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Денесінің буынына сәйкес, әрбір зонитта ганглиялық клеткалары дамиды. Сезім мүшелерін тұмсығындағы қылшықтары (скалидалар) атқарады. Кейбір түрінің денесінің алдыңғы жағында қарапайым көзшелері болады. Киноринхалар – дара жынысты. Жыныс бездері жұп, жыныс жолдары дененің артқы бөлімінде ашылады. Жұмыртқаларынан дернәсілдер шығып, бірнеше рет түлеп, ересек түрге айналады. Бір жылдай тіршілік етеді. Киноринхалардың шығу тегі толық зерттелмеген. Денесінің құрылысына қарай, жұмыр құрттар типіне жатқызады. Соңғы кезде кейбір ғалымдар Киноринхаларды су түбінде жылжуына (арқа және құрсақ бұлшық еттері жиырылғанда дене қуысындағы сұйық заттың қысымы арқылы тұмсығы теріс айналып алға қарай лақтырылады; тұмсығындағы қылшықтар топыраққа зәкірленіп денесін алға қарай тартып алады) байланысты жақын деген пікір айтады.
Киноринха | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
түрлері | ||||
217 түрі белгілі |
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kinorinha lat Kinorhyncha grek kinos kozgalu zhәne rhynchos tumsyk zhumyr kurttar tipinin bir klasy Teniz tүbindegi kumda tirshilik etetin majda kurt tәrizdi zhanuarlar Kinorinhalardyn 2 otryadka Cyclorhagida zhәne Homolorhagida zhatatyn 100 ge zhuyk tүri belgili Kinorinhalardyn turky 0 2 1 mm dej denesi kalyn kutikulamen kaptalyp kozgalu үshin 13 zhalgan buynga zonit bolingen Birinshisi bas buyny ekinshisi mojyn plakida kalgan 11 dene buyndary Bulardyn dene buyndaryn buyltyk kurttardagy segmenttermen shatystyruga bolmajdy sebebi Kinorinhalardyn syrtky buyndarynyn ishki mүshelerine katysy zhok Denesinin basyndagy kutikulaly osindiler uzynsha tikenek al kalgandary majda kyltanshalar siyakty tүzilgen Olardyn bulshyk etteri koldenen salaly zholak bolek bolek tүjinderge bolinip tutas teri bulshyk et kapshygyn zhasamajdy Dene kuysy birinshi rettik dene kuysy Askorytu zhүjesi tүtik tүrinde auyz tesiginen bastalyp artky zhagynda anal tesigimen ayaktalady Zәr shygaru zhүjesi bir zhup kanaldary kyska ushtary zhuldyzsha kletkamen ayaktalady Zhүjke zhүjesi zhutkynshak ajnalasyndagy zhүjke sakinasynan zhәne kursak zhүjke tizbeginen turady Denesinin buynyna sәjkes әrbir zonitta gangliyalyk kletkalary damidy Sezim mүshelerin tumsygyndagy kylshyktary skalidalar atkarady Kejbir tүrinin denesinin aldyngy zhagynda karapajym kozsheleri bolady Kinorinhalar dara zhynysty Zhynys bezderi zhup zhynys zholdary denenin artky boliminde ashylady Zhumyrtkalarynan dernәsilder shygyp birneshe ret tүlep eresek tүrge ajnalady Bir zhyldaj tirshilik etedi Kinorinhalardyn shygu tegi tolyk zerttelmegen Denesinin kurylysyna karaj zhumyr kurttar tipine zhatkyzady Songy kezde kejbir galymdar Kinorinhalardy su tүbinde zhylzhuyna arka zhәne kursak bulshyk etteri zhiyrylganda dene kuysyndagy sujyk zattyn kysymy arkyly tumsygy teris ajnalyp alga karaj laktyrylady tumsygyndagy kylshyktar topyrakka zәkirlenip denesin alga karaj tartyp alady bajlanysty zhakyn degen pikir ajtady KinorinhaDүniesi ZhanuarlarZhamagaty Kinorhyncha Reinhard 1881tүrleri217 tүri belgiliDerekkozderҚazak EnciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet