Кемелденген социализм тұжырымдамасы - 1960 жылдардың екінші жартысында О-да коммунизм құрудың негізгі үш мақсаты орындалмайтыны белгілі болды. Билік иелері халықтың көңілін енді басқа жаққа аударуға - қазірдің өзінде қол жеткенді асыра насихаттаумен алдандыруға тырысты. "Социализм кемелденіп, өзінің толық даму мүмкіндігін алды" деген түсінік алға тартылды. Л.И.Брежневтің 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте "кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылады" деп жариялауы партия теорияшыларына коммунистік болашақты белгісіз мерзімге сырғыта салу мүмкіндігін ашып берді. Сонымен қоса бұл тұжырым социализмнің толық жеңіске жеткендігіне күмән тудырмай және партия бағдарламасының ұрандарын пішінді түрде сақтап қалуға да жағдай жасап берген болатын. 1960 жылдардың ішінде саяси салада демократияландыру азайтылып, экономикалық реформалар жүргізу әрекеттерін нәтиже шықпаған соң, қоғамның алға қарай даму қарқыны баяулап, бірқалыпты сылбыр ырғаққа көшті. Компартия дамудың шығармашылық жаңалықтан аулақ, үздіксіз қайталанып отыратын қарабайыр жолын қабылдағандығы партия съездері мен оларда қабылдаған шешімдерінен көрініс тауып жатты.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kemeldengen socializm tuzhyrymdamasy 1960 zhyldardyn ekinshi zhartysynda O da kommunizm kurudyn negizgi үsh maksaty oryndalmajtyny belgili boldy Bilik ieleri halyktyn konilin endi baska zhakka audaruga kazirdin ozinde kol zhetkendi asyra nasihattaumen aldandyruga tyrysty Socializm kemeldenip ozinin tolyk damu mүmkindigin aldy degen tүsinik alga tartyldy L I Brezhnevtin 1967 zhyly Қazan tonkerisinin 50 zhyldygyna arnalgan saltanatty mәzhiliste kenes halkynyn otken tarihi damu zholynyn basty korytyndysy kemeldengen socialistik kogam ornatu bolyp tabylady dep zhariyalauy partiya teoriyashylaryna kommunistik bolashakty belgisiz merzimge syrgyta salu mүmkindigin ashyp berdi Sonymen kosa bul tuzhyrym socializmnin tolyk zheniske zhetkendigine kүmәn tudyrmaj zhәne partiya bagdarlamasynyn urandaryn pishindi tүrde saktap kaluga da zhagdaj zhasap bergen bolatyn 1960 zhyldardyn ishinde sayasi salada demokratiyalandyru azajtylyp ekonomikalyk reformalar zhүrgizu әreketterin nәtizhe shykpagan son kogamnyn alga karaj damu karkyny bayaulap birkalypty sylbyr yrgakka koshti Kompartiya damudyn shygarmashylyk zhanalyktan aulak үzdiksiz kajtalanyp otyratyn karabajyr zholyn kabyldagandygy partiya sezderi men olarda kabyldagan sheshimderinen korinis tauyp zhatty