Ишемия (лат. ischaemia, қан тоқтау) — дене мүшелеріне қанның жеткіліксіз келуіне байланысты немесе қанның келуінің толық тоқтауына байланысты жергілікті қан айналымының бұзылуы.
Жүректің ишемиялық ауруы
Жүректің ишемиялық ауруы — жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректің тәждік (коронарлық) артерияларының ауруы деп те аталады. Бұл сырқаттың әлеуметтік мәнін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1965 жылы оны "дербес" ауру деп таныды. Бүгінгі таңда ишемиялық ауру әсіресе экономикасы өркендеген елдерде кең таралған, тіпті оны эпидемиялы аурулар тобына жатқызбақ ой бар. Жүректің ишемиялық ауруы кенеттен қазаға ұшыратуымен қауіпті. Ол жүрек-тамыр сырқаттарынан болатын өлім-жітімнің 2/3-ін қамтиды. Бұл ауруға жасы 40—65-тер шамасындағы ер адамдар жиірек шалдығады.
Этиологиясы мен патогенезі
Миокард инфарктының тікелей әсерлі себептері: жүрек артерияларының қысылуы; олардың іргесінде тромбылардың түзілуі; саңылауында тромбылық эмболдардың пайда болуы; осы артериялар атеросклероздан тарылып, миокардқа оны зорықтыратындай күштің түсуі. Дегенмен, бұлар жүрек бұлшық етінде некроз бен оның зардаптарын дамытатын жергілікті ғана себептер. Жүректің ишемиялық ауруының атеросклероз және гипертония ауруымен тығыз байланыстылығын ескерсек, оның этиологиясы аталған себептермен шектеліп қана қоймайтыны түсінікті. Атеросклероз бен гипертония ауруын өрістететін этиологиялық факторлардың барлығы, әсіресе психика-эмоциялық зорығу, жүректің ишемиялық ауруының дамуына да себеп болады. Сондықтан атеросклероз бен гипертония ауруы және жүректің ишемиялық ауруы "үзеңгілесе" дамиды. Атеросклероз миокард инфарктының бірен-саранында ғана жүрек артерияларын зақымдамайды.
Ишемиялық аурудың, атеросклероздың және гипертония ауруының патогенездік факторлары ортақ. Олардың ішінде ең маңыздылары: 1) гиперлипидемия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің артық салмағы (семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5) темекі шегу; 6) көмірсуларға толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылды диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық.
Аталған патогенездік факторларды эпидемиологтар ишемиялық ауруды туындататын қауіпті факторлар деп атап, олардың әсерлілігін елдегі тұрғындардың белгілі бір тобында (әдетте 1000 ер адам алынады) белгіленген мерзім ішінде (әдетте, 10 жыл) жүректің ишемиялық ауруының басты бейнесі — миокард инфарктісін дамыту көрсеткіші арқылы бағалайды. Бұл тұрғыдан, гиперлипидемияның жеке өзінің инфаркт дамытатын "болжамдық" құны 21% болса, гиперлипидемия, артериялық гипертензия, темекі шегу, семіздік сияқты 4 қауіпті фактор қосарланып, 10 жыл бойы әсер еткен кісілердің жарымына жуығында, — 44%-ында, жүректің ишемиялық ауруын дамытатыны анықталған.
Дереккөздер
- Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
- http://www.balkhashlib.kz/
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ishemiya lat ischaemia kan toktau dene mүshelerine kannyn zhetkiliksiz keluine bajlanysty nemese kannyn keluinin tolyk toktauyna bajlanysty zhergilikti kan ajnalymynyn buzyluy Zhүrektin ishemiyalyk auruyZhүrektin ishemiyalyk auruy zhүrekte kanajnalymy tolyk toktagandyktan nemese kazhetti shamadan kem bolgandyktan damityn syrkat Sol sebepti ishemiyalyk auruy zhүrektin tәzhdik koronarlyk arteriyalarynyn auruy dep te atalady Bul syrkattyn әleumettik mәnin eskere otyryp Dүniezhүzilik densaulyk saktau ujymy 1965 zhyly ony derbes auru dep tanydy Bүgingi tanda ishemiyalyk auru әsirese ekonomikasy orkendegen elderde ken taralgan tipti ony epidemiyaly aurular tobyna zhatkyzbak oj bar Zhүrektin ishemiyalyk auruy kenetten kazaga ushyratuymen kauipti Ol zhүrek tamyr syrkattarynan bolatyn olim zhitimnin 2 3 in kamtidy Bul auruga zhasy 40 65 ter shamasyndagy er adamdar zhiirek shaldygady Etiologiyasy men patogeneziMiokard infarktynyn tikelej әserli sebepteri zhүrek arteriyalarynyn kysyluy olardyn irgesinde trombylardyn tүzilui sanylauynda trombylyk emboldardyn pajda boluy osy arteriyalar aterosklerozdan tarylyp miokardka ony zoryktyratyndaj kүshtin tүsui Degenmen bular zhүrek bulshyk etinde nekroz ben onyn zardaptaryn damytatyn zhergilikti gana sebepter Zhүrektin ishemiyalyk auruynyn ateroskleroz zhәne gipertoniya auruymen tygyz bajlanystylygyn eskersek onyn etiologiyasy atalgan sebeptermen shektelip kana kojmajtyny tүsinikti Ateroskleroz ben gipertoniya auruyn oristetetin etiologiyalyk faktorlardyn barlygy әsirese psihika emociyalyk zorygu zhүrektin ishemiyalyk auruynyn damuyna da sebep bolady Sondyktan ateroskleroz ben gipertoniya auruy zhәne zhүrektin ishemiyalyk auruy үzengilese damidy Ateroskleroz miokard infarktynyn biren saranynda gana zhүrek arteriyalaryn zakymdamajdy Ishemiyalyk aurudyn aterosklerozdyn zhәne gipertoniya auruynyn patogenezdik faktorlary ortak Olardyn ishinde en manyzdylary 1 giperlipidemiya 2 arteriyalyk gipertenziya 3 denenin artyk salmagy semizdik 4 dene kimylynyn azdygy 5 temeki shegu 6 komirsularga toleranttylyktyn ozgerui mysaly kantty susamyr 7 nesep kyshkyldy diatez 8 genetikalyk bejimdilik 9 erkek zhynystylyk Atalgan patogenezdik faktorlardy epidemiologtar ishemiyalyk aurudy tuyndatatyn kauipti faktorlar dep atap olardyn әserliligin eldegi turgyndardyn belgili bir tobynda әdette 1000 er adam alynady belgilengen merzim ishinde әdette 10 zhyl zhүrektin ishemiyalyk auruynyn basty bejnesi miokard infarktisin damytu korsetkishi arkyly bagalajdy Bul turgydan giperlipidemiyanyn zheke ozinin infarkt damytatyn bolzhamdyk kuny 21 bolsa giperlipidemiya arteriyalyk gipertenziya temeki shegu semizdik siyakty 4 kauipti faktor kosarlanyp 10 zhyl bojy әser etken kisilerdin zharymyna zhuygynda 44 ynda zhүrektin ishemiyalyk auruyn damytatyny anyktalgan DerekkozderPatologiyalyk anotomiya terminderinin oryssha latynsha kazaksha tүsinikteme sozdigi Aktobe ISBN 9965 437 40 8 http www balkhashlib kz