Қарақұлов Ишанбай Қарақұлұлы (1909-1992) - ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының, КСРО Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, КСРО Медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның және Қарақалпақ АКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина ғылымы саласында қазақтан шыққан тұңғыш профессор.
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Орынбор қаласындағы жасөспірімдерге арналған үш жылдық мектеп-интернатында оқыған. Орал қаласындағы Қазақ өлкелік медицина техникумын, Алматы мемлекеттік медицина институтын (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) және осы институттың аспирантурасын бітірген. 1937 жылы институтты тәмамдаған ол бірден Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалған. 1937-1946 жылдары бірінші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған. 1946-1947 жылдары Алматы медицина институты эпидемиология кафедрасының меңгерушісі. 1948-1950 жылдары - Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1950-1954 жылдары Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Ишанбай Қарақұлұлы - эпидемиология, профилактика және микробиология саласындағы белгілі зерттеуші және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы ірі қайраткерлердің бірі.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері адамға жұғатын ауруларды зерттеуге және Қазақстанның денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға арналған. Ол малдан жұғатын аса қауіпті ауруларға эпидемиологиялық тұрғыдан жіктеу жасап, олардың жұғу жолдарын анықтады, оларға қарсы қолданылатын кешенді шаралардың біртұтас жүйесін ұсынды. Cарыптан сақтану мақсатында адам терісіне алдын ала вакцина егу әдісін тапқан. Оның ұсынған бұл әдісі қазіргі кезде шет мемлекеттерде де қолданылады.
Профессор Ишанбай Қарақұлұлы ұзақ жылдар бойы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясының сарапшысы, Кеңес-Үндістан достығы қоғамының вице-президенті, Кіші медициналық энциклопедия редакторының орынбасары болып жұмыс істеді. Ғалым Қазақстанның денсаулық сақтау ісін ұйымдастыра отырып, медицина ғылымын, дәріханалық істі дамыту және кадр даярлау жөнінде зор жұмыстар жүргізген. Соғыс жылдары И.Қарақұлов Қарулы Күштердің орталық институтында қызмет етті және Үкімет пен Жоғарғы Кеңестің соғысқа қатысты бірқатар жауапты тапсырмаларын орындады. Ол медицина қызметінің подполковнигі әскери шенін алды. И.Қарақұловтың ғылыми еңбектерін Кеңес Армиясының бас эпидемиологы, академик А.Алымов, академиктер В.Тимаков, П.Здродовский өте жоғары бағалады, сондай-ақ оның басқа да ғалымдар арасында беделі биік болды. Ол 1946 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында эпидемиология кафедрасын құрып, оны өзі зейнеткерлікке шыққанға дейін (1987-1988) үздіксіз басқарған. Осы кафедраның негізінде 300-дей жұмыс орындалып, отызға тарта докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды. Профессор И.Қарақұловтың алғысөзімен және редакциялауымен он беске жуық әртүрлі монографиялар, ғылыми жинақтар мен еңбектер, оқу құралдары басылып шықты. Мұндай әртүрлі проблемалық жұмыстардың орындалуы И.Қарақұловтың тек инфекциялық патология, әлеуметтік гигиена, демография, денсаулық сақтауды ұйымдастырумен ғана шектеліп қалмағанын, сонымен бірге оның ғылыми жан-жақтылығын да аңғартады. Профессор Ишанбай Қарақұлұлы эпидемиологтардың, микробиологтардың, инфекционистер мен паразитологтардың бүкілодақтық және республикалық (бұған Қазақстанмен бірге, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғызстан, Түркіменстан, Қарақалпақ АКСР-і қоғамдары да кірген) ғылыми қоғамдарының құрметті мүшесі, ал Қазақстан микробиологтары, эпидемиологтары және паразитологтары ғылыми қоғамының құрметті төрағасы болды. Ишанбай Қарақұлұлы жастарды жан-жақты тәрбиелеу проблемасымен де үзбей айналысты. Бұл ретте ең алдымен оның 1983 жылы белгілі жазушы Ғ.Мүсіреповтің алғысөзімен шыққан «Қырық сұрақ - қырық жауап» атты кітабының мәні зор екенін айтқан жөн. Ол қарақалпақ, қырғыз тілдерінде де жарық көрді. «Индиялық достарда» (1962), «Сырласу» (1989), тағы басқа кітаптары бар. Онда жастарға байланысты көп тәрбиелік мәселелерді көтерді. И.Қарақұловтың маман-дәрігерлерді дайындаудағы сіңірген еңбегін ескере отырып және Қазақстандағы эпидемиологиялық ғылымның іргесін қалаушылардың бірі болғаны үшін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті ғылыми кеңесінің шешімімен (24 ақпан 2009 жылғы хаттама № 8) университеттің эпидемиология кафедрасына және № 6 аудиторияға оның аты берілді. Бір оқу ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. Алматы қаласындағы «Қалқаман-2» шағын ауданындағы көше бірі И.Қарақұлов есімімен аталады.
«Халықтар достығы» орденімен, көптеген медальдармен, КСРО денсаулық сақтау министрлігінің, КСРО «Білім» қоғамының, КСРО Медициналық ғылым академиясының, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының, Қазақ КСР-і және Қарақалпақ АКСР-нің Жоғарғы Кеңесі президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Пайдаланылған әдебиеттер: http://inform.kz/kz/karakulov-ishanbay-karakululy_a2224211
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarakulov Ishanbaj Қarakululy 1909 1992 galym epidemiolog medicina gylymynyn doktory Қazakstan Ғylym akademiyasynyn KSRO Medicina gylymdary akademiyasynyn korrespondent mүshesi KSRO Medicina gylymdary akademiyasynyn akademigi Қazakstannyn zhәne Қarakalpak AKSR nin enbek sinirgen gylym kajratkeri medicina gylymy salasynda kazaktan shykkan tungysh professor Aktobe oblysynyn Ojyl audanynda dүniege kelgen Ұly Otan sogysyna katyskan Orynbor kalasyndagy zhasospirimderge arnalgan үsh zhyldyk mektep internatynda okygan Oral kalasyndagy Қazak olkelik medicina tehnikumyn Almaty memlekettik medicina institutyn S Asfendiyarov atyndagy Қazak ulttyk medicinalyk universiteti zhәne osy instituttyn aspiranturasyn bitirgen 1937 zhyly institutty tәmamdagan ol birden Қazak KSR Densaulyk saktau halyk komissary bolyp tagajyndalgan 1937 1946 zhyldary birinshi shakyrylgan KSRO Zhogargy Kenesinin deputattygyna sajlangan 1946 1947 zhyldary Almaty medicina instituty epidemiologiya kafedrasynyn mengerushisi 1948 1950 zhyldary Өlkelik patologiya gylymi zertteu institutynyn direktory 1950 1954 zhyldary Densaulyk saktau ministri kyzmetin atkargan Ishanbaj Қarakululy epidemiologiya profilaktika zhәne mikrobiologiya salasyndagy belgili zertteushi zhәne densaulyk saktau isin ujymdastyrushy iri kajratkerlerdin biri Ғalymnyn negizgi gylymi enbekteri adamga zhugatyn aurulardy zertteuge zhәne Қazakstannyn densaulyk saktau isin ujymdastyruga arnalgan Ol maldan zhugatyn asa kauipti aurularga epidemiologiyalyk turgydan zhikteu zhasap olardyn zhugu zholdaryn anyktady olarga karsy koldanylatyn keshendi sharalardyn birtutas zhүjesin usyndy Caryptan saktanu maksatynda adam terisine aldyn ala vakcina egu әdisin tapkan Onyn usyngan bul әdisi kazirgi kezde shet memleketterde de koldanylady Professor Ishanbaj Қarakululy uzak zhyldar bojy Birikken Ұlttar Ұjymy zhanyndagy Dүniezhүzilik densaulyk saktau ujymynyn sarapshysy KSRO Ministrler Kenesi zhanyndagy Zhogary attestaciyalyk komissiyasynyn sarapshysy Kenes Үndistan dostygy kogamynyn vice prezidenti Kishi medicinalyk enciklopediya redaktorynyn orynbasary bolyp zhumys istedi Ғalym Қazakstannyn densaulyk saktau isin ujymdastyra otyryp medicina gylymyn dәrihanalyk isti damytu zhәne kadr dayarlau zhoninde zor zhumystar zhүrgizgen Sogys zhyldary I Қarakulov Қaruly Kүshterdin ortalyk institutynda kyzmet etti zhәne Үkimet pen Zhogargy Kenestin sogyska katysty birkatar zhauapty tapsyrmalaryn oryndady Ol medicina kyzmetinin podpolkovnigi әskeri shenin aldy I Қarakulovtyn gylymi enbekterin Kenes Armiyasynyn bas epidemiology akademik A Alymov akademikter V Timakov P Zdrodovskij ote zhogary bagalady sondaj ak onyn baska da galymdar arasynda bedeli biik boldy Ol 1946 zhyly Almaty memlekettik medicina institutynda epidemiologiya kafedrasyn kuryp ony ozi zejnetkerlikke shykkanga dejin 1987 1988 үzdiksiz baskargan Osy kafedranyn negizinde 300 dej zhumys oryndalyp otyzga tarta doktorlyk kandidattyk dissertaciyalar korgaldy Professor I Қarakulovtyn algysozimen zhәne redakciyalauymen on beske zhuyk әrtүrli monografiyalar gylymi zhinaktar men enbekter oku kuraldary basylyp shykty Mundaj әrtүrli problemalyk zhumystardyn oryndaluy I Қarakulovtyn tek infekciyalyk patologiya әleumettik gigiena demografiya densaulyk saktaudy ujymdastyrumen gana shektelip kalmaganyn sonymen birge onyn gylymi zhan zhaktylygyn da angartady Professor Ishanbaj Қarakululy epidemiologtardyn mikrobiologtardyn infekcionister men parazitologtardyn bүkilodaktyk zhәne respublikalyk bugan Қazakstanmen birge Gruziya Әzirbajzhan Өzbekstan men Қyrgyzstan Tүrkimenstan Қarakalpak AKSR i kogamdary da kirgen gylymi kogamdarynyn kurmetti mүshesi al Қazakstan mikrobiologtary epidemiologtary zhәne parazitologtary gylymi kogamynyn kurmetti toragasy boldy Ishanbaj Қarakululy zhastardy zhan zhakty tәrbieleu problemasymen de үzbej ajnalysty Bul rette en aldymen onyn 1983 zhyly belgili zhazushy Ғ Mүsirepovtin algysozimen shykkan Қyryk surak kyryk zhauap atty kitabynyn mәni zor ekenin ajtkan zhon Ol karakalpak kyrgyz tilderinde de zharyk kordi Indiyalyk dostarda 1962 Syrlasu 1989 tagy baska kitaptary bar Onda zhastarga bajlanysty kop tәrbielik mәselelerdi koterdi I Қarakulovtyn maman dәrigerlerdi dajyndaudagy sinirgen enbegin eskere otyryp zhәne Қazakstandagy epidemiologiyalyk gylymnyn irgesin kalaushylardyn biri bolgany үshin S Zh Asfendiyarov atyndagy Қazak ulttyk medicinalyk universiteti gylymi kenesinin sheshimimen 24 akpan 2009 zhylgy hattama 8 universitettin epidemiologiya kafedrasyna zhәne 6 auditoriyaga onyn aty berildi Bir oku gimaratyna memorialdyk takta ornatylgan Almaty kalasyndagy Қalkaman 2 shagyn audanyndagy koshe biri I Қarakulov esimimen atalady Halyktar dostygy ordenimen koptegen medaldarmen KSRO densaulyk saktau ministrliginin KSRO Bilim kogamynyn KSRO Medicinalyk gylym akademiyasynyn Қazak KSR i Ғylym akademiyasynyn Қazak KSR i zhәne Қarakalpak AKSR nin Zhogargy Kenesi prezidiumynyn Қurmet gramotalarymen marapattalgan Pajdalanylgan әdebietter http inform kz kz karakulov ishanbay karakululy a2224211Derekkozder