Индер ас тұзы кен орны - Атырау облысының Индер ауданындағы Индер көлі ойпатында орналасқан. Көл солтүстігінен Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық.
Геологиялық құрылымы
Ойпаттың геологиялық құрылымы күрделі. Кеннің бүкіл беті түгелдей дерлік жаңа шөгіндімен жабылған. Ескі шөгінді сары, ұсақ кристалды. Сусымалы мөлдір, ашық сары, ұсақ кристалды, бос, кейбір жерлері қатаймаған, сазды материалдармен ластанбаған, қырлы тұз — жоғарыда аталған тұздардан жақсы қалыптасқан мөлдір, ашық сұрғылт, кейбір жерлерде қызғылттау ірі галит кристалдарымен ерекшеленеді. Тұз қабатының қалыңдығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 56 м-ден 8 м-ге дейін азаяды. Тұз негізінен ақ, шыныдай мөлдір. Терригендік материалдардың қоспалары оған қызғылт және сұрғылт өң береді.
Минералдары
Негізгі минералдары: гидрогалит– NaCl•2H2O, мирабилит – Na2SO4•10H2O және карналлит – KCl•MgCl2•6H2O. Литоликалық тұрғыдан кен тұзы жоғарыдан төмен қарай жаңа шөгінді (қалыңдығы 0,05 – 1 м), ескі шөгінді (0,2 – 3 м), сусымалы (10 – 25 м), қырлы (15 – 30 м) және қара мөлдір тұз болып ажыратылады. Тұз құрамында бром, йод, т.б. микроэлементтер бар. Кен орнын «Индертұз» АҚ игеруде.
Қара тұз — сұрғылт, тығыз, кейде балшық пен гипс жұққан, орташа және ірі кристалды болып келеді, басқа түрлерден өзгеше ерекшелігі — өте тығыз болып келуінде. Химиялык сараптаудың мәліметтері бойынша кен тұзының құрамында бром, йод және басқа микроэлементтер мол. Шөгу жағдайы мен сапасына орай, Индер ас тұзы кені қатты пайдалы қазбалар кен орындары қорының жоғары 1-тобына жатқызылған, баланстық қоры А+В+С, категориясы бойынша 646,76 млн т, С2 категориясы бойынша 455,529 млн т, жалпы болжамды қоры 2 млрд т болып есептеледі.
Дереккөздер
- Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Inder as tuzy ken orny Atyrau oblysynyn Inder audanyndagy Inder koli ojpatynda ornalaskan Kol soltүstiginen Inder tauymen korshalgan ontүstik zhagalauy zhazyk Geologiyalyk kurylymyOjpattyn geologiyalyk kurylymy kүrdeli Kennin bүkil beti tүgeldej derlik zhana shogindimen zhabylgan Eski shogindi sary usak kristaldy Susymaly moldir ashyk sary usak kristaldy bos kejbir zherleri katajmagan sazdy materialdarmen lastanbagan kyrly tuz zhogaryda atalgan tuzdardan zhaksy kalyptaskan moldir ashyk surgylt kejbir zherlerde kyzgylttau iri galit kristaldarymen erekshelenedi Tuz kabatynyn kalyndygy soltүstikten ontүstikke karaj 56 m den 8 m ge dejin azayady Tuz negizinen ak shynydaj moldir Terrigendik materialdardyn kospalary ogan kyzgylt zhәne surgylt on beredi MineraldaryNegizgi mineraldary gidrogalit NaCl 2H2O mirabilit Na2SO4 10H2O zhәne karnallit KCl MgCl2 6H2O Litolikalyk turgydan ken tuzy zhogarydan tomen karaj zhana shogindi kalyndygy 0 05 1 m eski shogindi 0 2 3 m susymaly 10 25 m kyrly 15 30 m zhәne kara moldir tuz bolyp azhyratylady Tuz kuramynda brom jod t b mikroelementter bar Ken ornyn Indertuz AҚ igerude Қara tuz surgylt tygyz kejde balshyk pen gips zhukkan ortasha zhәne iri kristaldy bolyp keledi baska tүrlerden ozgeshe ereksheligi ote tygyz bolyp keluinde Himiyalyk saraptaudyn mәlimetteri bojynsha ken tuzynyn kuramynda brom jod zhәne baska mikroelementter mol Shogu zhagdajy men sapasyna oraj Inder as tuzy keni katty pajdaly kazbalar ken oryndary korynyn zhogary 1 tobyna zhatkyzylgan balanstyk kory A V S kategoriyasy bojynsha 646 76 mln t S2 kategoriyasy bojynsha 455 529 mln t zhalpy bolzhamdy kory 2 mlrd t bolyp esepteledi DerekkozderAtyrau Enciklopediya Almaty Atamura 2000 ISBN 5 7667 9129 1 Қazak enciklopediyasy Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet