Изомерия (изо... және грекше meros – үлесі, бөлігі) – құрамы мен молекулалық массасы бойынша бірдей, бірақ физикалық және химиялық қасиеттері әр түрлі болатын қосылыстардың (негізінен, органикалық) болуын сипаттайтын құбылыс. Мұндай қосылыстар изомерлер деп аталады.
Изомерия құбылысы, негізінен, органикалық қосылыстар арасында кең тараған. Ол құрылымдық және кеңістіктік (стереоизомерия) болып екі түрге бөлінеді. Құрылымдық изомерия бір-біріне молекуладағы атомдар арасындағы байланыстар ретінде, ал кеңістіктік изомерия атомдар арасындағы байланыс бірдей бола отырып атомдардың кеңістікте орналасуына қарай ажыратылады. Құрылымдық изомерияның бірнеше түрі бар:
- 1) Көміртек атомдарының өзара байланысының әр түрлі орналасуына тәуелді изомерия. Қанық көмірсутектер үшін изомерия бутаннан басталады: СН3 – СН2 – СН2 – СН3 (н – бутан), СН3 – – – СН3 (изобутан). Бутанның екі изомері болса, пентанда үшеу, ал С20Н42 қосылысы үшін 366319 изомер жазуға болады, яғни көміртек саны көбейген сайын изомер саны да арта береді;
- 2) Көміртек атомының сутекке алмасқан топтары молекула құрамында әр түрлі орын алады. Мысалы, бутил спиртінің мынадай изомериясы бар: СН3 – СН2 – СН2 – ОН, СН3 – СН2 – СНОН – –СН3;
- 3) Метамерия – көп валентті атом мен құрамы және құрылысы әр түрлі радикалдардың байланысы. Мысалы, жай эфир үшін екі түрлі изомер жазуға болады: метилпропил эфирі СН3 – О– – СН2 – СН2 – СН3, диэтил эфирі СН3 – СН2 – О– – СН2 – СН3;
- 4) Құрылымдық изомерияның ерекше түрі таутомерия (динамикалық изомерия) – қосылыстың екі не одан да көп изомерлі түрлерінің белгілі жағдайда бір-біріне жеңіл алмасу қасиеті. Мысалы: ацетосірке эфирінің молекуласы тепе-теңдіктегі қоспалар түрінде болады: СН3––СН2–СООС2Н5 СН3–=СН–СООС2 Н5.
Кеңістіктік изомерия геометриялық, оптикалық изомерия болып екі түрге бөлінеді:
- 1) Геометриялық изомерия, көбінесе, қос байланысты қосылыстарда кездеседі: >С=C<; >С=N–; –N=N–. Изомерлердің болуына қос байланыс әсер етеді;
- 2) Оптикалық изомерия молекула құрылысының асимметриялығынан болады. Оптикалық изомерия молекулада көміртек атомының басқа түрі төрт атомдармен немесе топтармен (асимметриялық атом) байланысынан пайда болады. Мұндай атомды асимметриялық атом деп атайды, ал молекуласы екі изомерлік түрден тұрады. Изомерия заңдылықтары арқылы кейбір қосылыстардың қандай изомерлер бере алатынын алдын ала білуге болады.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Izomeriya izo zhәne grekshe meros үlesi boligi kuramy men molekulalyk massasy bojynsha birdej birak fizikalyk zhәne himiyalyk kasietteri әr tүrli bolatyn kosylystardyn negizinen organikalyk boluyn sipattajtyn kubylys Mundaj kosylystar izomerler dep atalady Izomerlerdin tүrleri Izomeriya kubylysy negizinen organikalyk kosylystar arasynda ken taragan Ol kurylymdyk zhәne kenistiktik stereoizomeriya bolyp eki tүrge bolinedi Қurylymdyk izomeriya bir birine molekuladagy atomdar arasyndagy bajlanystar retinde al kenistiktik izomeriya atomdar arasyndagy bajlanys birdej bola otyryp atomdardyn kenistikte ornalasuyna karaj azhyratylady Қurylymdyk izomeriyanyn birneshe tүri bar 1 Komirtek atomdarynyn ozara bajlanysynyn әr tүrli ornalasuyna tәueldi izomeriya Қanyk komirsutekter үshin izomeriya butannan bastalady SN3 SN2 SN2 SN3 n butan SN3 SN3 izobutan Butannyn eki izomeri bolsa pentanda үsheu al S20N42 kosylysy үshin 366319 izomer zhazuga bolady yagni komirtek sany kobejgen sajyn izomer sany da arta beredi 2 Komirtek atomynyn sutekke almaskan toptary molekula kuramynda әr tүrli oryn alady Mysaly butil spirtinin mynadaj izomeriyasy bar SN3 SN2 SN2 ON SN3 SN2 SNON SN3 3 Metameriya kop valentti atom men kuramy zhәne kurylysy әr tүrli radikaldardyn bajlanysy Mysaly zhaj efir үshin eki tүrli izomer zhazuga bolady metilpropil efiri SN3 O SN2 SN2 SN3 dietil efiri SN3 SN2 O SN2 SN3 4 Қurylymdyk izomeriyanyn erekshe tүri tautomeriya dinamikalyk izomeriya kosylystyn eki ne odan da kop izomerli tүrlerinin belgili zhagdajda bir birine zhenil almasu kasieti Mysaly acetosirke efirinin molekulasy tepe tendiktegi kospalar tүrinde bolady SN3 SN2 SOOS2N5 SN3 SN SOOS2 N5 Kenistiktik izomeriya geometriyalyk optikalyk izomeriya bolyp eki tүrge bolinedi 1 Geometriyalyk izomeriya kobinese kos bajlanysty kosylystarda kezdesedi gt S C lt gt S N N N Izomerlerdin boluyna kos bajlanys әser etedi 2 Optikalyk izomeriya molekula kurylysynyn asimmetriyalygynan bolady Optikalyk izomeriya molekulada komirtek atomynyn baska tүri tort atomdarmen nemese toptarmen asimmetriyalyk atom bajlanysynan pajda bolady Mundaj atomdy asimmetriyalyk atom dep atajdy al molekulasy eki izomerlik tүrden turady Izomeriya zandylyktary arkyly kejbir kosylystardyn kandaj izomerler bere alatynyn aldyn ala biluge bolady Siltemeler Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet