Зуза – дәстүрлі көшпелі ортаның талаптарына үйлескен тасымал құралының атауы, зембілдің айрықша түрі. Өте ертеде қолданыста болған, бірақ түрлі себептерге байланысты ұмытыла бастаған.
Жасалу барысы
Зуза туралы ауызша мәліметтер оның құрылысы, жасалуы өзгеше екендігін байқатады. Зуза жасау үшін қайың, балқарағай, самырсын сиқты берік ағаштан ұзындығы екі құлаштай түзу сом сырық таңдалып алынады. Ағашты қабығынан аршып, кептірген соң, өңдеп жонады. Екі сырықтың арасын көн терімен немесе қайыспен байланыстырады. Тері, қайыс таспалардың ұзындығы бір кездей болады (саны алты-жеті), ені бір қарыстан кем емес екі ұшы сырықтың, әдейілеп жасалған қобыларына (ол көлденең таспалардың сырғып кетпеуін қамтамассыз етеді) қолқа тәрізді тұйықтап, бекітеді де, қабаттап тігеді. Зузаны жайшылықта екі сырықты бетін қабаттастырып жинап қояды. Көші-қон кезінде жүк көлігінің қомына қабаттап артып алады. Яғни ағаш зембіл тәрізді орын алмайды.
Қолданылуы
Зузаны ауыр жүк, сондай-ақ адам тасымалдауға қолданған. Жаугершілікте жаралыларды тасымалдау, өлім-жітімде, адам жерлеу сияқты, аманат сақтауда мәйітті осындай зуза көмегімен жеткізген.
Жаугершілікте жараланған жауынгерлерді зуза үстіне жатқызады да, оның үстінен жіп арқандармен таңып байлайды. Кейде екі басын байлайды. Ондай зембілге таңылған жаралы адамды бір адам ғана тұйық қайысты басынан асырып, кеудесіне салып сүйреп кетеді. Жаралы адамды төрт атпен тасмалдағанда зуза жасау үшін төрт найза екі-екіден айқұш-ұйқыш байланып, оған киіз төсеніш бекітіледі. Мұндай зуза аттың бар шабысына шыдаған.
Таулы өңірлерде мәйітті тасымалдауға арналған зузаның сырықтары мүмкіндігінше ұзын жасалады. Атты адам алып жүруге ыңғайлы болу үшін төрт ұшына ұзын қайыс байлайды.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Қажыбайұлы С. Қазақ болсаң керей бол. Өлгий, 2002;
- Тәукейұлы С. Ата таным. Ұланбатыр, 2007.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zuza dәstүrli koshpeli ortanyn talaptaryna үjlesken tasymal kuralynyn atauy zembildin ajryksha tүri Өte ertede koldanysta bolgan birak tүrli sebepterge bajlanysty umytyla bastagan Zuza Suretin salgan Zh Shәjken Zhasalu barysyZuza turaly auyzsha mәlimetter onyn kurylysy zhasaluy ozgeshe ekendigin bajkatady Zuza zhasau үshin kajyn balkaragaj samyrsyn sikty berik agashtan uzyndygy eki kulashtaj tүzu som syryk tandalyp alynady Agashty kabygynan arshyp keptirgen son ondep zhonady Eki syryktyn arasyn kon terimen nemese kajyspen bajlanystyrady Teri kajys taspalardyn uzyndygy bir kezdej bolady sany alty zheti eni bir karystan kem emes eki ushy syryktyn әdejilep zhasalgan kobylaryna ol koldenen taspalardyn syrgyp ketpeuin kamtamassyz etedi kolka tәrizdi tujyktap bekitedi de kabattap tigedi Zuzany zhajshylykta eki syrykty betin kabattastyryp zhinap koyady Koshi kon kezinde zhүk koliginin komyna kabattap artyp alady Yagni agash zembil tәrizdi oryn almajdy ҚoldanyluyZuzany auyr zhүk sondaj ak adam tasymaldauga koldangan Zhaugershilikte zharalylardy tasymaldau olim zhitimde adam zherleu siyakty amanat saktauda mәjitti osyndaj zuza komegimen zhetkizgen Zhaugershilikte zharalangan zhauyngerlerdi zuza үstine zhatkyzady da onyn үstinen zhip arkandarmen tanyp bajlajdy Kejde eki basyn bajlajdy Ondaj zembilge tanylgan zharaly adamdy bir adam gana tujyk kajysty basynan asyryp keudesine salyp sүjrep ketedi Zharaly adamdy tort atpen tasmaldaganda zuza zhasau үshin tort najza eki ekiden ajkush ujkysh bajlanyp ogan kiiz tosenish bekitiledi Mundaj zuza attyn bar shabysyna shydagan Tauly onirlerde mәjitti tasymaldauga arnalgan zuzanyn syryktary mүmkindiginshe uzyn zhasalady Atty adam alyp zhүruge yngajly bolu үshin tort ushyna uzyn kajys bajlajdy DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterҚazhybajuly S Қazak bolsan kerej bol Өlgij 2002 Tәukejuly S Ata tanym Ұlanbatyr 2007