Жұқтыру немесе Инфекция — ауру қоздырғыштарының адам немесе жануарлар ағзасына енуінен туындайтын әр түрлі жұқпалы үрдістердің түрлері (ауру, кесел қоздырғыштарын өзімен тасымалдау).
Әрбір жұқпалы аурудың дерттенуі (патогенезі) сол аурудың қоздырушысы мен ағзаның оған жауап қайтаруының өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады және де ол осы микро және макроағзалардың бір-біріне әсер еткен кездегі ортаның жағдайына тәуелді болады. Бұл жағдайда қоздырушының денеге ену және таралу жолдарының да маңызы аз емес.
Инфекция қақпасы
Зардапты микробтың жануар ағзасына енген орнын "инфекция қақпасы" деп атайды. Инфекция қақпасы қызметін тері, көз коньюнктивасы, тыныс, ас қорыту және несеп жолдарының кілегейлі қабықтары, ал эмбриональдік кезеңде плацента атқарады. Әрбір жұқпалы ауру қоздырушысы өз эволюциясында бейімделу арқылы ағзаға ену кезеңінде өзінің өсіп-өнуіне, денеде тарауына ең бір қолайлы жағдаяттарды қамтамасыз етеді. Сондықтан инфекцияның кіру қақпасы әр қоздырушыға телімді болып келеді. Кейбір микроағзалардың денеге белгілі бір жолмен енгенде ғана уыттылығы байқалады (мысалы, құтырықтың вирусы зақымданған тері мен кілегейлі қабық арқылы енгенде), ал басқаларының (олар көптеп саналады) бірнеше кіру жолдары болады. Нақтылы жұқпалы ауруды дауалау үшін қоздырушының өзіне тән инфекция қақпасын білу қажет, жылқының инфекциялық анемиясының вирусы қан сорғыш жәндіктер шаққанда тері арқылы өтеді, ал мандам ауруы кезінде де қоздырушы тері арқылы енеді, бірақ бұл үшін терінің зақымдануы шарт. Ал туберкулез бен топалаңның қоздырушыларының кіретін жолдары сан алуан да, жануарларды жұғудан сақтандыру үлкен қиындыққа соғады.
Қоздырушының денеге енуіне байланысты инфекцияның түрлері
Басым көпшілік жағдайда инфекция қоздырушысы ағзаға сырттан - қоршаған ортадан енеді. Мұндай жағдайдан туындаған жұқпалы ауруды "экзогендік инфекция" деп атайды. Сау малдар микроб паразитті алып жүріп, қорғаныс күштерінің әлсіреген кезінде, әлгі микробтың уыттылығының күшеюінің нәтижесінде ауруға шалдығуы мүмкін. Мұндай құбылыс "эндогендік инфекция", болмаса "аутоинфекция" деп аталады. Ол төлдің пастереллез, сальмонеллез, колибактериоз, шошқаның тілме, жылқының сақау ауруларының шығ кездерінде жиі байқалады. Эндогендік инфекция кезінде күщейіп алған микробтың экзогендік инфекция тудыруы жиі байқалады.
Егер инфекцияның енген жолы белгісіз болғанда оны "криптогенді инфекция" деп атайды. Табиғи жолмен адамның араласуынсыз болған инфекция "спонтандық", қолдан қоздырылған жағдайда "моноинфекция", немесе қарапайым (жай) инфекция деп, ал бірнеше қоздырушылардың ағзаға ену нәтжесінде тиісінше бірнеше ауру пайда болса, ол "аралас" (қабаттасқан) "инфекция" деп аталады. Мысалы, бруцеллез бен туберкулез сиырда, оба мен пастереллез шошқада аралас инфекция ретінде байқалады. Кейбір аурулар кезінде сауығып кеткен жануар сол инфекцияға қайтадан шалдығуы мүмкін. Осындай инфекцияның қайталануын "реинфекция" деп атайды. Ал микроб мал жазылмай тұрып қайта жұқса, ол - "суперинфекция" болып келеді.
Кей жағдайда ауру сылбыр, клиникалық белгілері білінбестен өтеді. Осындай жағдайда ағза әлсірейтін болса ауру асқынып кетеді. Дерттің осылайша өршуін "рецидив" деп, ал екі рецидивтің арасындағы кезеңді "ремиссия" деп атайды. Рецидивтер созылмалы аурулар (бруцеллез, туберкулез, маңқа, мандам) кезінде жиі байқалады.
Қоздырушының денеде тұрақтануына байланысты инфекцияның түрлері
Микроб ағзаға инфекция қақпасы арқылы енгеннен кейін сол байланысты туындайтын инфекцияның да екі түрі болады.
- Біріншісі - "шектелген" немесе "ошақты инфекция" да;
- Екіншісі "жайылған, денені жайлаған" (генерализацияланған) инфекция.
Ал кейбір жұқпалы аурулар кезінде микроб енген жерінде қалып, сол жерде ғана шоғырлана өсіп-өнсе де, оның уының қан арқылы денеге тарауының нәтижесінде дерт бүкіл ағзаны жайлап алады. Мұндай құбылысты "токсикоинфекция" деп атайды. Микроб өзінің өсіп-өнген бірінші ошағынан қанға түсіп, қанда өсіп-өнбесе де қан ағысымен бүкіл денеге тараса, мұндай жағдайды "бактериемия" деп атайды. Ол бруцеллез, маңқа, туберкулез кезінде байқалады. Мұндай жағдай вирустық инфекциялар кезінде "вирусемия" немесе "виремия" деп аталады. Ал енді қанға түскен микроб қанда өсіп-өнсе, ол бүкіл ағзаны тез жайлап алады да, дертті тым асқындырып жібереді. Мұндай жағдайда "сепсис" немесе "септицемия" деп атайды. Ол қазақтың халықтық ветеринариясында "өлітію" деп аталады.
Жұқпалы аурулардың таралуына бейімділігі, оның ауру малдан сау малға жұғу қасиеті "жұғымталдығы" (орысша - контагиозность, заразность, заразительность) деп аталады. Ең жұғымтал аурулар сонымен бірге тым жіті өтетін тез тарайтын аурулар. Олар аусыл, оба, тұмау, т.б.
Жұқпалы аурулардың сатылылығы
Жұқпалы ауруларға тін қасиеттердің бірі - олардың өршуінің "сатылылығы". Яғни ауру білінгеннен кейін, бірінен соң бірі бірнеше кезеңдер өтеді. Ол кезеңдер "жасырын" (инкубациялық), "бастапқы" немесе клиника алдындағы (продромальдік), "клиникалық" және "ақырғы" болып бөлінеді.
Зардапты микроб жануар ағзасына енгеннен соң ауру бірақ уақыт өткеннен кейін барып білінеді. Осы микробтың енуі мен аурудың алғашқы белгілері басталғанға дейінгі уақыт аралығын "жасырын" немесе "инкубациялық кезең" деп атайды. Созылмалы түрде өтетін аурулар (бруцеллез, туберкулез, маңқа) үшін жасырын кезеінің соңы ретінде арнайы (аллергиялық немесе серологиялық) зерттеулердің оң нәтижесі белгілі болған мерзім алынады. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бастап (ботулизм, тұмау, топалаң) бірнеше аптаға (бурцеллез, туберкулез) немесе айға (құтырық, лейкоз) созылады. Тіпті бір аурудың өзінде де жасырын кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болады. Ол түскен микробтың дозасы мен уыттылығына, микроағзалардың төзімдлігіне, қоршаған ортаның факторларына байланысты өзгеріп отырады. Инкубациялық кезең кезінде микроб өсіп-өнеді, тіпті кейбір жұқпалы аурулар (ауысыл, құтырық) кезінде сыртқы ортаға бөлініп шығады. Сондықтан оның ұзақтығын індетке қарсы шараларды белгілегенде ескеру қажет.
Дереккөздер
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Сайдулин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. "Оқулық" - Алматы, 518 бет
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhuktyru nemese Infekciya auru kozdyrgyshtarynyn adam nemese zhanuarlar agzasyna enuinen tuyndajtyn әr tүrli zhukpaly үrdisterdin tүrleri auru kesel kozdyrgyshtaryn ozimen tasymaldau Әrbir zhukpaly aurudyn derttenui patogenezi sol aurudyn kozdyrushysy men agzanyn ogan zhauap kajtaruynyn ozine tәn erekshelikterimen ajkyndalady zhәne de ol osy mikro zhәne makroagzalardyn bir birine әser etken kezdegi ortanyn zhagdajyna tәueldi bolady Bul zhagdajda kozdyrushynyn denege enu zhәne taralu zholdarynyn da manyzy az emes Infekciya kakpasyZardapty mikrobtyn zhanuar agzasyna engen ornyn infekciya kakpasy dep atajdy Infekciya kakpasy kyzmetin teri koz konyunktivasy tynys as korytu zhәne nesep zholdarynyn kilegejli kabyktary al embrionaldik kezende placenta atkarady Әrbir zhukpaly auru kozdyrushysy oz evolyuciyasynda bejimdelu arkyly agzaga enu kezeninde ozinin osip onuine denede tarauyna en bir kolajly zhagdayattardy kamtamasyz etedi Sondyktan infekciyanyn kiru kakpasy әr kozdyrushyga telimdi bolyp keledi Kejbir mikroagzalardyn denege belgili bir zholmen engende gana uyttylygy bajkalady mysaly kutyryktyn virusy zakymdangan teri men kilegejli kabyk arkyly engende al baskalarynyn olar koptep sanalady birneshe kiru zholdary bolady Naktyly zhukpaly aurudy daualau үshin kozdyrushynyn ozine tәn infekciya kakpasyn bilu kazhet zhylkynyn infekciyalyk anemiyasynyn virusy kan sorgysh zhәndikter shakkanda teri arkyly otedi al mandam auruy kezinde de kozdyrushy teri arkyly enedi birak bul үshin terinin zakymdanuy shart Al tuberkulez ben topalannyn kozdyrushylarynyn kiretin zholdary san aluan da zhanuarlardy zhugudan saktandyru үlken kiyndykka sogady Қozdyrushynyn denege enuine bajlanysty infekciyanyn tүrleriBasym kopshilik zhagdajda infekciya kozdyrushysy agzaga syrttan korshagan ortadan enedi Mundaj zhagdajdan tuyndagan zhukpaly aurudy ekzogendik infekciya dep atajdy Sau maldar mikrob parazitti alyp zhүrip korganys kүshterinin әlsiregen kezinde әlgi mikrobtyn uyttylygynyn kүsheyuinin nәtizhesinde auruga shaldyguy mүmkin Mundaj kubylys endogendik infekciya bolmasa autoinfekciya dep atalady Ol toldin pasterellez salmonellez kolibakterioz shoshkanyn tilme zhylkynyn sakau aurularynyn shyg kezderinde zhii bajkalady Endogendik infekciya kezinde kүshejip algan mikrobtyn ekzogendik infekciya tudyruy zhii bajkalady Eger infekciyanyn engen zholy belgisiz bolganda ony kriptogendi infekciya dep atajdy Tabigi zholmen adamnyn aralasuynsyz bolgan infekciya spontandyk koldan kozdyrylgan zhagdajda monoinfekciya nemese karapajym zhaj infekciya dep al birneshe kozdyrushylardyn agzaga enu nәtzhesinde tiisinshe birneshe auru pajda bolsa ol aralas kabattaskan infekciya dep atalady Mysaly brucellez ben tuberkulez siyrda oba men pasterellez shoshkada aralas infekciya retinde bajkalady Kejbir aurular kezinde sauygyp ketken zhanuar sol infekciyaga kajtadan shaldyguy mүmkin Osyndaj infekciyanyn kajtalanuyn reinfekciya dep atajdy Al mikrob mal zhazylmaj turyp kajta zhuksa ol superinfekciya bolyp keledi Kej zhagdajda auru sylbyr klinikalyk belgileri bilinbesten otedi Osyndaj zhagdajda agza әlsirejtin bolsa auru askynyp ketedi Derttin osylajsha orshuin recidiv dep al eki recidivtin arasyndagy kezendi remissiya dep atajdy Recidivter sozylmaly aurular brucellez tuberkulez manka mandam kezinde zhii bajkalady Қozdyrushynyn denede turaktanuyna bajlanysty infekciyanyn tүrleriMikrob agzaga infekciya kakpasy arkyly engennen kejin sol bajlanysty tuyndajtyn infekciyanyn da eki tүri bolady Birinshisi shektelgen nemese oshakty infekciya da Ekinshisi zhajylgan deneni zhajlagan generalizaciyalangan infekciya Al kejbir zhukpaly aurular kezinde mikrob engen zherinde kalyp sol zherde gana shogyrlana osip onse de onyn uynyn kan arkyly denege tarauynyn nәtizhesinde dert bүkil agzany zhajlap alady Mundaj kubylysty toksikoinfekciya dep atajdy Mikrob ozinin osip ongen birinshi oshagynan kanga tүsip kanda osip onbese de kan agysymen bүkil denege tarasa mundaj zhagdajdy bakteriemiya dep atajdy Ol brucellez manka tuberkulez kezinde bajkalady Mundaj zhagdaj virustyk infekciyalar kezinde virusemiya nemese viremiya dep atalady Al endi kanga tүsken mikrob kanda osip onse ol bүkil agzany tez zhajlap alady da dertti tym askyndyryp zhiberedi Mundaj zhagdajda sepsis nemese septicemiya dep atajdy Ol kazaktyn halyktyk veterinariyasynda olitiyu dep atalady Zhukpaly aurulardyn taraluyna bejimdiligi onyn auru maldan sau malga zhugu kasieti zhugymtaldygy oryssha kontagioznost zaraznost zarazitelnost dep atalady En zhugymtal aurular sonymen birge tym zhiti otetin tez tarajtyn aurular Olar ausyl oba tumau t b Zhukpaly aurulardyn satylylygyZhukpaly aurularga tin kasietterdin biri olardyn orshuinin satylylygy Yagni auru bilingennen kejin birinen son biri birneshe kezender otedi Ol kezender zhasyryn inkubaciyalyk bastapky nemese klinika aldyndagy prodromaldik klinikalyk zhәne akyrgy bolyp bolinedi Zardapty mikrob zhanuar agzasyna engennen son auru birak uakyt otkennen kejin baryp bilinedi Osy mikrobtyn enui men aurudyn algashky belgileri bastalganga dejingi uakyt aralygyn zhasyryn nemese inkubaciyalyk kezen dep atajdy Sozylmaly tүrde otetin aurular brucellez tuberkulez manka үshin zhasyryn kezeinin sony retinde arnajy allergiyalyk nemese serologiyalyk zertteulerdin on nәtizhesi belgili bolgan merzim alynady Inkubaciyalyk kezen birneshe sagattan bastap botulizm tumau topalan birneshe aptaga burcellez tuberkulez nemese ajga kutyryk lejkoz sozylady Tipti bir aurudyn ozinde de zhasyryn kezennin uzaktygy әr tүrli bolady Ol tүsken mikrobtyn dozasy men uyttylygyna mikroagzalardyn tozimdligine korshagan ortanyn faktorlaryna bajlanysty ozgerip otyrady Inkubaciyalyk kezen kezinde mikrob osip onedi tipti kejbir zhukpaly aurular auysyl kutyryk kezinde syrtky ortaga bolinip shygady Sondyktan onyn uzaktygyn indetke karsy sharalardy belgilegende eskeru kazhet DerekkozderO D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0 Sajdulin T Indettanu zhәne zhanuarlardyn zhukpaly aurulary Okulyk Almaty 518 bet