Жұмбақтас – Әулиекөлдің сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айырығында орналасқан жартас.
Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады, биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда: 17-жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай (ескі атауы Әулиекөл) көліне секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады. Орыс тілді авторлар Жұмбақтасты «Сфинкс» деп атап кеткен.
Жұмбақтас туралы аңыз
Ертеде, мыңды айдаған, азуы алты қарыс бір бай болған екен дейді. Байдың ұлы көп, ал қызы жалғыз–ақ екен дейді. Қызы бет біткеннің көріктісі, асып туған перизат. Өзі және ақылды, өнерлі. Ата-анасы әлпештеп өсіреді. Әкенің ойы қызын хан баласына немесе ақылгөй би баласына беру.
Күндердің күні сол елге бір сері жігіт келеді. Өзі сұлу, өзі әнші, өзі күйші. Сегіз қырлы, бір сырлы. Жігіттің сұлтаны. Үлкен де, кіші де оны ауыздарынан тастамай мақтаумен болады. Бірде жігіт байдың қызымен жүздеседі. Екеуі де махаббат отына жанып, жас жүректер жалындап табысады. Бірақ қыздың әкесі олардың қосылуына өлсе ризашылық берер ме? Соны білгендіктен, қос ғашық ретін табады да, екі сәйгүлікке мініп, түн жамылып, қашып кете барады. Талай күн, талай түн бел шешпестен суыт жүріп, Бурабайға келіп жетеді. Қуғыннан қара үзіп кеттік, ізімізден адастырдық деген қуанышты көңілмен осы араға тоқтайды. Күміскөлдің жағасына хош иісі аңқыған жасыл жапырақ, көк балаусадан қос тұрғызады. Жігіт анау-мынау шағын кемеге бергісіз үлкен, сәнді қайық жасайды. Онымен екеуі көл бетіне шығып сайрандайды. Күміскөлдің теріскей – шығысы тұсындағы әдемі иінге жиі барып, ұзақ-ұзақ аялдайды. Көкшенің көлеңкесі үнемі түсіп тұратындықтан ба, әлде басқадай бір сыры бар ма, әйтеуір қолтыққа ұқсаған бұл иін алқара көк тартып, күміс судан бөлек бояумен әдемі әсер туғызады. Сол реңкіне қарай оны ата-бабаларымыз Көгілдір қолтық деп атаған екен. Екі жас осы Көгілдір қолтық айдынында тамылжыған табиғатқа тәнті болады. Суда шоршып ойнаған балықтарды қызықтайды. Махаббат періштесіндей аққуларды тамашалайды.
Қосылған қос аққудай екі жастың махаббатқа мас, қызықты күндері осылайша өтіп жатады. Бұл кезде оларды қыздың ағалары шарқ ұрып іздеп жүр еді. Қызының салт басты, сабау қамшылы бір "әуейімен" қашып кеткенін білгенде әкесі жер тепкілеп күркіреген болатын. Бүкіл елін қырып жібере жаздаған. Ұлдарына жасақ қосып беріп, қуғынға аттандырған. Жігітті өлтіріп, қызын қайтып әкелуге қатал әмір еткен. Әке қаһарынан қорыққан ұлдарының бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Айлардан-айлар өткен бір кездері қашқандар ізінің сорабын дәл тауып, қауіп-қатерсізде төбеден түсуге шақ қалады. Әйтеуір, құдай сақтағанда, екеуінің көзі олардың қарасын ертерек шалып қалған еді. Оны-мұны керектерін ала жан ұшырып қайыққа жетіп үлгереді. Бөгелместен көлге шығып кете барады. Қуғыншылар бармақ шайнап қала береді. Бірақ кейін қайтпайды. Бай қаһары қатты. Жағалауды торуылдап жүреді де қояды. Олар қайықтың Көгілдір қолтыққа жиі соғатынын байқайды. «Қайық бір табылса осы арадан табылар» деп аңдиды. Қалың жапырақ жамылып, жасырынып, садақ ыңғайлап тұрады. Оларды екі жас аңғармайды. Бір жолы жағалауға тым жақын келіп тоқтайды. Оңтайлы сәтті пайдаланған қыздың ағалары қапы жібермейді. Жігітті кеудеден көздеп, садақты тартып кеп қалады. Найзағайдай зу еткен сұр жебе жігіттің тура жүрегіне қадалады. Жігіт қайықтан ауып құлап түседі. Күміс суды қызыл қанға бояп, шым батып кете барады. Ғашық жарынан арманда айырылған аяулы ару қайғыдан зар еңірейді. Сүйгенінің артында қалған тіршіліктен безінеді. Екі кеш зауал шақта таудан асып бара жатқан күн көзіне қарап, екі қолын бірдей созып, тәңірге жалбарынады. Өзін қайғымен бірге тасқа айналдырып жіберуін тілек етеді. Жасаған ие оның шын төгілген көз жасын қабыл қылады.
Кейінде ата-бабаларымыз кіршіксіз махаббатқа куә сол тасты Жұмбақтас деп атапты. Бір жағынан қарасаң кәдімгі кеме, екінші жағынан – шашын жел жұлқылап тұрған пісте мұрын қыз. Сәл бұрыстау жылжысаң, ару қызымыз қайғыдан мүжілген кемпірге ұқсап кетер еді.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhumbaktas Әuliekoldin sol zhagynda Kokshe men Temirtau taularynyn ajyrygynda ornalaskan zhartas Zhumbaktas Pishini piramida tәrizdes zhiekteri dongelengen granitten turady biiktigi 18 m Zhumbaktastyn pajda bolu tarihy turaly halyk zhadynda saktalgan anyzda 17 zhastagy tutkynga tүsken kalmak kyzy Okzhetpes shynynan Burabaj eski atauy Әuliekol koline sekirip ketedi de suludyn tүsken zherinen tangazhajyp zhartas pajda bolgan Eger Zhumbaktaska kogildir shyganaktan karasa kyzdyn bejnesi bajkalady al karama karsy zhagynan karasa mystan kempirdin bejnesin koruge bolady Orys tildi avtorlar Zhumbaktasty Sfinks dep atap ketken Zhumbaktas turaly anyzErtede myndy ajdagan azuy alty karys bir baj bolgan eken dejdi Bajdyn uly kop al kyzy zhalgyz ak eken dejdi Қyzy bet bitkennin koriktisi asyp tugan perizat Өzi zhәne akyldy onerli Ata anasy әlpeshtep osiredi Әkenin ojy kyzyn han balasyna nemese akylgoj bi balasyna beru Kүnderdin kүni sol elge bir seri zhigit keledi Өzi sulu ozi әnshi ozi kүjshi Segiz kyrly bir syrly Zhigittin sultany Үlken de kishi de ony auyzdarynan tastamaj maktaumen bolady Birde zhigit bajdyn kyzymen zhүzdesedi Ekeui de mahabbat otyna zhanyp zhas zhүrekter zhalyndap tabysady Birak kyzdyn әkesi olardyn kosyluyna olse rizashylyk berer me Sony bilgendikten kos gashyk retin tabady da eki sәjgүlikke minip tүn zhamylyp kashyp kete barady Talaj kүn talaj tүn bel sheshpesten suyt zhүrip Burabajga kelip zhetedi Қugynnan kara үzip kettik izimizden adastyrdyk degen kuanyshty konilmen osy araga toktajdy Kүmiskoldin zhagasyna hosh iisi ankygan zhasyl zhapyrak kok balausadan kos turgyzady Zhigit anau mynau shagyn kemege bergisiz үlken sәndi kajyk zhasajdy Onymen ekeui kol betine shygyp sajrandajdy Kүmiskoldin teriskej shygysy tusyndagy әdemi iinge zhii baryp uzak uzak ayaldajdy Kokshenin kolenkesi үnemi tүsip turatyndyktan ba әlde baskadaj bir syry bar ma әjteuir koltykka uksagan bul iin alkara kok tartyp kүmis sudan bolek boyaumen әdemi әser tugyzady Sol renkine karaj ony ata babalarymyz Kogildir koltyk dep atagan eken Eki zhas osy Kogildir koltyk ajdynynda tamylzhygan tabigatka tәnti bolady Suda shorshyp ojnagan balyktardy kyzyktajdy Mahabbat perishtesindej akkulardy tamashalajdy Қosylgan kos akkudaj eki zhastyn mahabbatka mas kyzykty kүnderi osylajsha otip zhatady Bul kezde olardy kyzdyn agalary shark uryp izdep zhүr edi Қyzynyn salt basty sabau kamshyly bir әuejimen kashyp ketkenin bilgende әkesi zher tepkilep kүrkiregen bolatyn Bүkil elin kyryp zhibere zhazdagan Ұldaryna zhasak kosyp berip kugynga attandyrgan Zhigitti oltirip kyzyn kajtyp әkeluge katal әmir etken Әke kaһarynan korykkan uldarynyn barmagan zheri baspagan tauy zhok Ajlardan ajlar otken bir kezderi kashkandar izinin sorabyn dәl tauyp kauip katersizde tobeden tүsuge shak kalady Әjteuir kudaj saktaganda ekeuinin kozi olardyn karasyn erterek shalyp kalgan edi Ony muny kerekterin ala zhan ushyryp kajykka zhetip үlgeredi Bogelmesten kolge shygyp kete barady Қugynshylar barmak shajnap kala beredi Birak kejin kajtpajdy Baj kaһary katty Zhagalaudy toruyldap zhүredi de koyady Olar kajyktyn Kogildir koltykka zhii sogatynyn bajkajdy Қajyk bir tabylsa osy aradan tabylar dep andidy Қalyn zhapyrak zhamylyp zhasyrynyp sadak yngajlap turady Olardy eki zhas angarmajdy Bir zholy zhagalauga tym zhakyn kelip toktajdy Ontajly sәtti pajdalangan kyzdyn agalary kapy zhibermejdi Zhigitti keudeden kozdep sadakty tartyp kep kalady Najzagajdaj zu etken sur zhebe zhigittin tura zhүregine kadalady Zhigit kajyktan auyp kulap tүsedi Kүmis sudy kyzyl kanga boyap shym batyp kete barady Ғashyk zharynan armanda ajyrylgan ayauly aru kajgydan zar enirejdi Sүjgeninin artynda kalgan tirshilikten bezinedi Eki kesh zaual shakta taudan asyp bara zhatkan kүn kozine karap eki kolyn birdej sozyp tәnirge zhalbarynady Өzin kajgymen birge taska ajnaldyryp zhiberuin tilek etedi Zhasagan ie onyn shyn togilgen koz zhasyn kabyl kylady Kejinde ata babalarymyz kirshiksiz mahabbatka kuә sol tasty Zhumbaktas dep atapty Bir zhagynan karasan kәdimgi keme ekinshi zhagynan shashyn zhel zhulkylap turgan piste muryn kyz Sәl burystau zhylzhysan aru kyzymyz kajgydan mүzhilgen kempirge uksap keter edi Derekkozder Қazak Enciklopediyasy