Жұлдыз астрономиясы – астрономияның жұлдыздық жүйелер құрылысының, құрамының, динамикасының және эволюциясының жалпы заңдылықтарын және сол заңдылықтардың біздің Галактикада қалай орындалатынын зерттейтін бөлімі. Басқа галактикалар мен галактикадан тыс нысандарды нақты зерттейтін сала, 20 ғасырдың орта шенінде Жұлдыз астрономиясынан бөлініп, астрономияның арнаулы бөлімі – галактикадан тыс астрономия деп аталды.
Жұлдыз астрономиясы
- жұлдыз статистикасы,
- жұлдыз кинематикасы және
- жұлдыз динамикасы болып бөлінеді.
Жұлдыздың көрінерлік сипаттамалары (сфералық координаттары, көрінерлік жұлдыздық шамасы, бақыланатын түс көрсеткіші, қашықтығы, меншікті қозғалысы, параллаксі, тангенциал және сәулелік жылдамдығы, көрінерлік айналу жылдамдығы, т.б.) оның Күнмен салыстырғандағы орнына тәуелді болса, ал шын сипаттамалары (координаттары, абс. жұлдыздық шамасы, жарқырауы, спектрлік класы, температурасы, массасы, радиусы, шын айналу жылдамдығы, т.б.) жұлдыз бен бақылаушының өзара орналасуына тәуелді болмайды. Жұлдыздың сипаттамаларын анықтау кезінде Жұлдыз астрономиясы астрономияның астрометрия және астрофизика сияқты бөлімдерімен тығыз байланыста болады. Галактиканың құрылысы, оның түрлі аймақтарында жұлдыздардың таралу сипаты матем. статистика әдісімен анықталады. Осылайша табылған статистистикалық заңдылықтар таралу функциялары (мысалы, жалтырау функциясы, жарқырау функциясы, т.б.) деп аталады. Жұлдыз статистикасындағы көптеген функциялар өзара теңдеулермен байланысқан. Бақыланатын жұлдыздардың саны өте көп болғандықтан дүние жүзіндегі обсерваториялардың көпшілігі 1906 жылы голланд астрономы Я.Каптейн ұсынған таңдаулы аумақтар деп аталатын жоспар бойынша жұмыс істейді. Оның құрамына біркелкі таралған 206 аумақ және оған қосымша айрықша маңызды 46 аумақ енеді.
Кинематика мен математикалық статистиканың әдістерін қолдана отырып, жұлдыздардың көрінерлік кинематикалық сипаттамаларының (меншікті қозғалысы, сәулелік жылдамдық, тангенциал жылдамдығы, кеңістіктік жылдамдық, көрінерлік айналу жылдамдығы) таралуын зерттеп, шын кинематикалық сипаттамаларының (қалдық жылдамдығының құраушылары, шын айналу жылдамдығы) таралуын анықтап, жұлдыздар жүйесінің біртұтас қозғалысының жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындылар жасауға болады. Көптеген жұлдызды (мысалы, 1000 жұлдызды) қамтитындай сфера жүргізейік. Бұл жағдайда осы сфераға енетін жұлдыздар жылдамдықтарының орташа мәні сол жұлдыздар центроидының жылдамдығы деп аталады. Жалпы алғанда, жеке жұлдыздың жылдамдығы оның центроидының жылдамдығымен бірдей болмайды. Біздің Галактикада Күн өзінің центроидына қатысты қозғалады. Ал жұлдыздың өз центроидымен салыстырғандағы жылдамдығы оның қалдық жылдамдығы деп аталады. Қалдық жылдамдықтарды зерттеу арқылы Галактиканың симметриясы туралы әр түрлі болжамдар жасауға болады. Жұлдыз кинематикасында, негізінен, жұлдыздардың сәулелік жылдамдығы мен меншікті қозғалысы анықталады. Олардың көмегімен Галактиканың айналу заңын, бейтарап сутек тығыздығының таралу заңдылығын, Галактиканың спиральді тармағының орналасуын болжауға болады. Жұлдыз динамикасының негізгі мақсаты – жұлдыздық жүйелерге әсер ететін күштерді зерттеу арқылы олардың құрылысы мен эволюциясының заңдылықтарын анықтау. Осындай зерттеулердің бір саласы – нақты бақыланатын жұлдыздық жүйелер эволюциясының әр түрлі кезеңіне сәйкес келетін теориялық модельдер жасау. Теориялық модельдерде бір-біріне әсер етуші жұлдыздардың тарала орналасуы мен олардың қозғалысы өзара үйлесімді болуы тиіс. Бақылау нәтижесіне сүйенетін тәжірибелік модельдер де жасалады. Бірақ оларда жұлдыздардың тарала орналасуы мен қозғалысының арасында үйлесімділік бола бермейді.
Жұлдыз астрономиясы 18 ғасырдың соңында В.Гершельдің еңбектерінде қалыптаса бастады. Ол біздің Галактиканың алғашқы моделін жасады. Күн қозғалысының оның айналасындағы жұлдыздармен салыстырғандағы бағытын анықтады. Гершель көптеген қос жұлдызды анықтап, олардың кейбіреуінде орбиталық қозғалыстың болатындығын ашты. И.Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңының Күн жүйесінен тыс жерлерде де орындалатындығын дәлелдеді. 1847 жылы орыс астрономы В.Я. Струве жарықтың жұлдызаралық кеңістікте жұтылатындығы жөнінде пікір айтты. 19 ғасырдың орта шенінде орыс астрономы М.А. Ковальский (1821 – 1884) Күннің жылдамдығын меншікті қозғалысы бойынша анықтайтын аналит. тәсілдерді тапты. 1944 жылы біздің Галактикамыздан басқа да жұлдыздық жүйелер – галактикалар бар екендігі толық дәлелденді. 1915 – 20 жылдары Дж.Джинс пен А.Эддингтон (Ұлыбритания), ал кейінірек В.А. Амбарцумян (КСРО) және С.Чандрасекар (АҚШ) жұлдыз динамикасының негізін қалады. 20 ғасырда Жұлдыз астрономиясы саласындағы зерттеулер көптеген елдердің астрономиясы обсерваторияларының басым көпшілігінде, сондай-ақ Қазақстанда Астрофизика институтында жүргізілді.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Кинематика и динамика звездных систем, М., 1968; Курт Р., Введение в звезную статистику, пер. с ағылш., М., 1969.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhuldyz astronomiyasy astronomiyanyn zhuldyzdyk zhүjeler kurylysynyn kuramynyn dinamikasynyn zhәne evolyuciyasynyn zhalpy zandylyktaryn zhәne sol zandylyktardyn bizdin Galaktikada kalaj oryndalatynyn zerttejtin bolimi Baska galaktikalar men galaktikadan tys nysandardy nakty zerttejtin sala 20 gasyrdyn orta sheninde Zhuldyz astronomiyasynan bolinip astronomiyanyn arnauly bolimi galaktikadan tys astronomiya dep ataldy Zhuldyzdar zhүjesi Zhuldyz astronomiyasy zhuldyz statistikasy zhuldyz kinematikasy zhәne zhuldyz dinamikasy bolyp bolinedi Zhuldyzdyn korinerlik sipattamalary sferalyk koordinattary korinerlik zhuldyzdyk shamasy bakylanatyn tүs korsetkishi kashyktygy menshikti kozgalysy parallaksi tangencial zhәne sәulelik zhyldamdygy korinerlik ajnalu zhyldamdygy t b onyn Kүnmen salystyrgandagy ornyna tәueldi bolsa al shyn sipattamalary koordinattary abs zhuldyzdyk shamasy zharkyrauy spektrlik klasy temperaturasy massasy radiusy shyn ajnalu zhyldamdygy t b zhuldyz ben bakylaushynyn ozara ornalasuyna tәueldi bolmajdy Zhuldyzdyn sipattamalaryn anyktau kezinde Zhuldyz astronomiyasy astronomiyanyn astrometriya zhәne astrofizika siyakty bolimderimen tygyz bajlanysta bolady Galaktikanyn kurylysy onyn tүrli ajmaktarynda zhuldyzdardyn taralu sipaty matem statistika әdisimen anyktalady Osylajsha tabylgan statististikalyk zandylyktar taralu funkciyalary mysaly zhaltyrau funkciyasy zharkyrau funkciyasy t b dep atalady Zhuldyz statistikasyndagy koptegen funkciyalar ozara tendeulermen bajlanyskan Bakylanatyn zhuldyzdardyn sany ote kop bolgandyktan dүnie zhүzindegi observatoriyalardyn kopshiligi 1906 zhyly golland astronomy Ya Kaptejn usyngan tandauly aumaktar dep atalatyn zhospar bojynsha zhumys istejdi Onyn kuramyna birkelki taralgan 206 aumak zhәne ogan kosymsha ajryksha manyzdy 46 aumak enedi Kinematika men matematikalyk statistikanyn әdisterin koldana otyryp zhuldyzdardyn korinerlik kinematikalyk sipattamalarynyn menshikti kozgalysy sәulelik zhyldamdyk tangencial zhyldamdygy kenistiktik zhyldamdyk korinerlik ajnalu zhyldamdygy taraluyn zerttep shyn kinematikalyk sipattamalarynyn kaldyk zhyldamdygynyn kuraushylary shyn ajnalu zhyldamdygy taraluyn anyktap zhuldyzdar zhүjesinin birtutas kozgalysynyn zhalpy zandylyktary zhoninde korytyndylar zhasauga bolady Koptegen zhuldyzdy mysaly 1000 zhuldyzdy kamtityndaj sfera zhүrgizejik Bul zhagdajda osy sferaga enetin zhuldyzdar zhyldamdyktarynyn ortasha mәni sol zhuldyzdar centroidynyn zhyldamdygy dep atalady Zhalpy alganda zheke zhuldyzdyn zhyldamdygy onyn centroidynyn zhyldamdygymen birdej bolmajdy Bizdin Galaktikada Kүn ozinin centroidyna katysty kozgalady Al zhuldyzdyn oz centroidymen salystyrgandagy zhyldamdygy onyn kaldyk zhyldamdygy dep atalady Қaldyk zhyldamdyktardy zertteu arkyly Galaktikanyn simmetriyasy turaly әr tүrli bolzhamdar zhasauga bolady Zhuldyz kinematikasynda negizinen zhuldyzdardyn sәulelik zhyldamdygy men menshikti kozgalysy anyktalady Olardyn komegimen Galaktikanyn ajnalu zanyn bejtarap sutek tygyzdygynyn taralu zandylygyn Galaktikanyn spiraldi tarmagynyn ornalasuyn bolzhauga bolady Zhuldyz dinamikasynyn negizgi maksaty zhuldyzdyk zhүjelerge әser etetin kүshterdi zertteu arkyly olardyn kurylysy men evolyuciyasynyn zandylyktaryn anyktau Osyndaj zertteulerdin bir salasy nakty bakylanatyn zhuldyzdyk zhүjeler evolyuciyasynyn әr tүrli kezenine sәjkes keletin teoriyalyk modelder zhasau Teoriyalyk modelderde bir birine әser etushi zhuldyzdardyn tarala ornalasuy men olardyn kozgalysy ozara үjlesimdi boluy tiis Bakylau nәtizhesine sүjenetin tәzhiribelik modelder de zhasalady Birak olarda zhuldyzdardyn tarala ornalasuy men kozgalysynyn arasynda үjlesimdilik bola bermejdi Zhuldyz astronomiyasy 18 gasyrdyn sonynda V Gersheldin enbekterinde kalyptasa bastady Ol bizdin Galaktikanyn algashky modelin zhasady Kүn kozgalysynyn onyn ajnalasyndagy zhuldyzdarmen salystyrgandagy bagytyn anyktady Gershel koptegen kos zhuldyzdy anyktap olardyn kejbireuinde orbitalyk kozgalystyn bolatyndygyn ashty I Nyutonnyn bүkil әlemdik tartylys zanynyn Kүn zhүjesinen tys zherlerde de oryndalatyndygyn dәleldedi 1847 zhyly orys astronomy V Ya Struve zharyktyn zhuldyzaralyk kenistikte zhutylatyndygy zhoninde pikir ajtty 19 gasyrdyn orta sheninde orys astronomy M A Kovalskij 1821 1884 Kүnnin zhyldamdygyn menshikti kozgalysy bojynsha anyktajtyn analit tәsilderdi tapty 1944 zhyly bizdin Galaktikamyzdan baska da zhuldyzdyk zhүjeler galaktikalar bar ekendigi tolyk dәleldendi 1915 20 zhyldary Dzh Dzhins pen A Eddington Ұlybritaniya al kejinirek V A Ambarcumyan KSRO zhәne S Chandrasekar AҚSh zhuldyz dinamikasynyn negizin kalady 20 gasyrda Zhuldyz astronomiyasy salasyndagy zertteuler koptegen elderdin astronomiyasy observatoriyalarynyn basym kopshiliginde sondaj ak Қazakstanda Astrofizika institutynda zhүrgizildi DerekkozderҚazak enciklopediyasy 4 tom Әdeb Kinematika i dinamika zvezdnyh sistem M 1968 Kurt R Vvedenie v zveznuyu statistiku per s agylsh M 1969 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet