Жылу мөлшері - жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады. Жылу мөлшері Q әрпімен белгіленеді. Жылу мөлшері ішкі энергия өзгерісінің өлшемі бола тұрып, дененің температурасына байланысты. Қыздыру барысында судың температурасын t 1-ден t 2-ге неғұрлым көбірек өзгерту керек болса, онда оған анағұрлым көп жылу мөлшерін беру қажет. Жылу мөлшері - физикалық шама және ол температураның t 1-ден t 2-ге дейінгі өзгерісіне пропорционал, яғни Q~(t2-t1). Егер дененің температурасы жоғарыласа, онда ол дененің қандай да бір жылу мөлшерін алғанын, егер төмендесе, онда жылу шығарғанын көрсетеді.
Массаға тәуелділігі
Дегенмен дененің қыздыру кезіндегі алған немесе суығанда бөлген жылу мөлшерін есептеу үшін тек қана температураның өзгерісін білу жеткіліксіз. Спирт шамымен сынауықтағы суды қыздыра отырып, біз белгілі уақыт ішінде оны қайнауға дейін жеткізе аламыз, ал су толы шәугімді олай қайната алмаймыз. Оны қандай да бір уақыт аралығында шәугімдегі және сынауықтағы суды қайнатуға қажетті жылу мөлшерінің әртүрлі болатынымен түсіндіріледі. Судың массасы неғұрлым көп болса, оны белгілі бір температуралар айырымына дейін қыздыру үшін соғұрлым көп жылу мөлшері қажет. Суды салқындату барысында да осылай. Демек, денені қыздыруға қажетті немесе оның суығанда бөлетін жылу мөлшері сол дененің массасына пропорционал, яғни Q~m
Дененің қандай заттан жасалғанына тәуелділігі
Жылу мөлшері тек дененің температурасының өзгерісі мен массасына ғана тәуелді емес, сонымен қатар дененің қандай заттан жасалғанына да байланысты. Бірдей екі жанарғымен массалары бірдей, біреуі қорғасыннан, екіншісі алюминийден жасалған екі цилиндрді бірдей температураға, мысалы, 100°C-қа дейін қыздырайық. Егер цилиндрлерді су құйылған бірдей ыдыстарға салсақ, онда алюминий цилиндрдің қорғасын цилиндрге қарағанда суды жоғары температураға дейін қыздыратынын байқаймыз. Ендеше, суыту нәтижесінде бірдей жағдайларда берілген массадағы алюминий сондай массадағы қорғасынға қарағанда көп жылу мөлшерін шығарады. Керісінше, бірдей градусқа дейін қыздыру үшін алюминийге сондай массадағы қорғасынға қарағанда көп жылу мөлшерін беру керек. Олай болса, денеге қажетті жылу мөлшері, оның қандай заттан жасалғанына да байланысты.
Өлшем бірлігі
Жылу мөлшері жылу берілу кезінде дененің алатын немесе шығаратын энергиясы болғандықтан, жылу мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде кез келген энергия сияқты 1 джоуль(1 Дж) және 1 килоджоуль(1 кДж) алынады. 1 г суды 1°C-қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшерін калория деп атайды. Оның қысқаша белгіленуі:кал. 1 Дж және 1 кал бірліктерінің арасында мынадай қатынас бар: 1 кал = 4,19Дж = 4,2Дж Сонымен қатар 1 кал-дан 1000 есе көп килокалория(ккал) бірлігін де қолданылады: 1 ккал = 1000кал. 1 ккал = 4200 Дж = 4,2 кДЖ.
Дереккөздер
- Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Б.М.Дүйсембаев,Г.З.Байжасарова,А.А.Медетбекова
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhylu molsheri zhylu berilu kezinde denenin alatyn nemese zhogaltatyn energiyasy zhylu molsheri bolyp tabylady Zhylu molsheri Q әrpimen belgilenedi Zhylu molsheri ishki energiya ozgerisinin olshemi bola turyp denenin temperaturasyna bajlanysty Қyzdyru barysynda sudyn temperaturasyn t 1 den t 2 ge negurlym kobirek ozgertu kerek bolsa onda ogan anagurlym kop zhylu molsherin beru kazhet Zhylu molsheri fizikalyk shama zhәne ol temperaturanyn t 1 den t 2 ge dejingi ozgerisine proporcional yagni Q t2 t1 Eger denenin temperaturasy zhogarylasa onda ol denenin kandaj da bir zhylu molsherin alganyn eger tomendese onda zhylu shygarganyn korsetedi Massaga tәueldiligiDegenmen denenin kyzdyru kezindegi algan nemese suyganda bolgen zhylu molsherin esepteu үshin tek kana temperaturanyn ozgerisin bilu zhetkiliksiz Spirt shamymen synauyktagy sudy kyzdyra otyryp biz belgili uakyt ishinde ony kajnauga dejin zhetkize alamyz al su toly shәugimdi olaj kajnata almajmyz Ony kandaj da bir uakyt aralygynda shәugimdegi zhәne synauyktagy sudy kajnatuga kazhetti zhylu molsherinin әrtүrli bolatynymen tүsindiriledi Sudyn massasy negurlym kop bolsa ony belgili bir temperaturalar ajyrymyna dejin kyzdyru үshin sogurlym kop zhylu molsheri kazhet Sudy salkyndatu barysynda da osylaj Demek deneni kyzdyruga kazhetti nemese onyn suyganda boletin zhylu molsheri sol denenin massasyna proporcional yagni Q mDenenin kandaj zattan zhasalganyna tәueldiligiZhylu molsheri tek denenin temperaturasynyn ozgerisi men massasyna gana tәueldi emes sonymen katar denenin kandaj zattan zhasalganyna da bajlanysty Birdej eki zhanargymen massalary birdej bireui korgasynnan ekinshisi alyuminijden zhasalgan eki cilindrdi birdej temperaturaga mysaly 100 C ka dejin kyzdyrajyk Eger cilindrlerdi su kujylgan birdej ydystarga salsak onda alyuminij cilindrdin korgasyn cilindrge karaganda sudy zhogary temperaturaga dejin kyzdyratynyn bajkajmyz Endeshe suytu nәtizhesinde birdej zhagdajlarda berilgen massadagy alyuminij sondaj massadagy korgasynga karaganda kop zhylu molsherin shygarady Kerisinshe birdej graduska dejin kyzdyru үshin alyuminijge sondaj massadagy korgasynga karaganda kop zhylu molsherin beru kerek Olaj bolsa denege kazhetti zhylu molsheri onyn kandaj zattan zhasalganyna da bajlanysty Өlshem birligiZhylu molsheri zhylu berilu kezinde denenin alatyn nemese shygaratyn energiyasy bolgandyktan zhylu molsherinin olshem birligi retinde kez kelgen energiya siyakty 1 dzhoul 1 Dzh zhәne 1 kilodzhoul 1 kDzh alynady 1 g sudy 1 C ka kyzdyru үshin beriletin zhylu molsherin kaloriya dep atajdy Onyn kyskasha belgilenui kal 1 Dzh zhәne 1 kal birlikterinin arasynda mynadaj katynas bar 1 kal 4 19Dzh 4 2Dzh Sonymen katar 1 kal dan 1000 ese kop kilokaloriya kkal birligin de koldanylady 1 kkal 1000kal 1 kkal 4200 Dzh 4 2 kDZh DerekkozderFizika zhәne astronomiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk B M Dүjsembaev G Z Bajzhasarova A A Medetbekova