Желшешек (лат. varicella, гр. ανεμοβλογιά) - инфекциялық ауру, вирустан тарайды.
Мұнымен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Желшешекпен ауырып жазылған адамда күшті иммунитет қалады. Желшешек ауа арқылы тарайды. Сырқаттың инкубациялық (жабық) кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14—15 күнге созылады. Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. 3—5 күн өткеннен кейін бөрткеннің көбеюі тоқтайды да, температура төмендеп, қалпына келеді, бөрткен қара қотырланып, 1,5—2 аптадан соң оның қабығы түседі. Кейде барлық ауырғай кезеңде температурасы көтерілмей, әдеттегідей бір қалыпты болады.
Ауру адам сырқаттың кезеңінің соңғы күнінен бастап және бөрткен шыққаннан кейінгі 9-күнге дейін жұқпалы болып есептеледі. Әдетте желшешек жеңіл өтеді, бірақ кейде (әлжуаз балаларға шыққанда) асқынатын да кезі болады, терісі іріңдейді, құлақтары мен аузының шырышты қабығы т. б. қабынып ауырады. Сырқат баланы мұқият күтімге алу керек. Аурудың денесі бөртсе, оның үстіне температурасы көтерілсе, сырқатты қозғалтпай жатқызып қойған дұрыс. Төсек — орын жаймасын жиі-жиі алмастырған жөн. Сондай-ақ теріні күтудің де маңызы зор. Баланың денесінде бөрткеннің болғанына қарамастан оны қайнаған сумен немесе қызғылтым етіп езілген калий перманганатымен («) жуады (мақтаны пайдаланып, өте еппен); ал қолын сабындап жуу керек. Бала терісін қасып, тырнап тастамауы үшін қолының тырнағын алып, дәкеден қолғап тігіп кигізу қажет. Бөрткенді 1 проценттік калий перманганатының немесе 1—2 проценттік бриллиантты ерітіндісімен сүртсе, ол көп қышымайтын болады. Баланың ерніне тұзсыз сары май немесе қайнатылған күнбағыс майын жағып, сусынды көп ішкізу керек. Кішкентай баланың таңдайын салқын шаймен немесе қайнаған сумен жібітіп отырады. Сондай-ақ сәбидің танауының тазалығына баса назар аудару қажет. Танауындағы жараның қабығын вазелин жағылған немесе қайнатылған күнбағыс майына шыланған мақтамен сүртіп тазалайды.
Науқас балаға ең қажетті нәрсе — таза ауа мен жарық. Мұндай балаларды шаңсыз, жел тимейтін, тыныш жерде, дені сау балалардан бөлек серуендету қажет. Баланың температурасы төмендеп, бөрткеннің қайталап шығуы тоқтағаннан кейін, яғни бұрынғы бөрткендері қара қотырланған соң серуенге шығаруға болады. Серуендету режимін дәрігермен келіскен жөн.
Сәбиді дұрыс тамақтандыру керек. Температурасы көтерілгенде ол тағамнан бас тартады, сырқаты асқынған кезінде кішкентай балалардың іші өтеді, құсалы. Мұндай жағдайда баланы зорлап тамақтандыруға болмайды, тек 6—12 сағаттан кейін тамақтандырып, сусынды көп ішкізу қажет. Егер баланың аузы уылып, ол тағамнан бас тартса, оған сұйық немесе, жұмсартып пісірілген қоймалжың тағам (жылытып) беру керек (үгітілген көкөніс сорпасы, ботқа, , кисель). Балаға қышқыл және ащы тағам беруге болмайды. Әсіресе іштің жүруін бақылап отыру керек. Үлкен дәреті жүрмей қалғанда клизма қойып, іші өтсе дәрігер келгенше тамақтандырмай, қайнаған суды немесе суыған шайды көп ішкізу қажет.
Желшешек шыққанда дезинфекция жасамайды; науқас бала жатқан бөлмені желдетіп, дымқыл шүберекпен сүртіп алса жеткілікті. Науқаспен жақындасқан 7 жасқа дейінгі баланы 11 күннен 21 күнге дейін оңашалау керек (жақын араласқан алғашқы күннен бастап).
Дереккөздер
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Chickenpox |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhelsheshek lat varicella gr anemoblogia infekciyalyk auru virustan tarajdy Munymen 1 zhastan 10 zhaska dejingi balalar zhii al 10 zhastan askan balalar men eresekter sirek auyrady Zhelsheshekpen auyryp zhazylgan adamda kүshti immunitet kalady Zhelsheshek aua arkyly tarajdy Syrkattyn inkubaciyalyk zhabyk kezeni 11 kүnnen 21 kүnge dejin yagni ortasha 14 15 kүnge sozylady Auru bastalganda temperatura 38 39 S ge dejin koteriledi de adamnyn terisi men shyryshty kabygynda kyshyma bortken pajda bolady 3 5 kүn otkennen kejin bortkennin kobeyui toktajdy da temperatura tomendep kalpyna keledi bortken kara kotyrlanyp 1 5 2 aptadan son onyn kabygy tүsedi Kejde barlyk auyrgaj kezende temperaturasy koterilmej әdettegidej bir kalypty bolady Auru adam syrkattyn kezeninin songy kүninen bastap zhәne bortken shykkannan kejingi 9 kүnge dejin zhukpaly bolyp esepteledi Әdette zhelsheshek zhenil otedi birak kejde әlzhuaz balalarga shykkanda askynatyn da kezi bolady terisi irindejdi kulaktary men auzynyn shyryshty kabygy t b kabynyp auyrady Syrkat balany mukiyat kүtimge alu kerek Aurudyn denesi bortse onyn үstine temperaturasy koterilse syrkatty kozgaltpaj zhatkyzyp kojgan durys Tosek oryn zhajmasyn zhii zhii almastyrgan zhon Sondaj ak terini kүtudin de manyzy zor Balanyn denesinde bortkennin bolganyna karamastan ony kajnagan sumen nemese kyzgyltym etip ezilgen kalij permanganatymen zhuady maktany pajdalanyp ote eppen al kolyn sabyndap zhuu kerek Bala terisin kasyp tyrnap tastamauy үshin kolynyn tyrnagyn alyp dәkeden kolgap tigip kigizu kazhet Bortkendi 1 procenttik kalij permanganatynyn nemese 1 2 procenttik brilliantty eritindisimen sүrtse ol kop kyshymajtyn bolady Balanyn ernine tuzsyz sary maj nemese kajnatylgan kүnbagys majyn zhagyp susyndy kop ishkizu kerek Kishkentaj balanyn tandajyn salkyn shajmen nemese kajnagan sumen zhibitip otyrady Sondaj ak sәbidin tanauynyn tazalygyna basa nazar audaru kazhet Tanauyndagy zharanyn kabygyn vazelin zhagylgan nemese kajnatylgan kүnbagys majyna shylangan maktamen sүrtip tazalajdy Naukas balaga en kazhetti nәrse taza aua men zharyk Mundaj balalardy shansyz zhel timejtin tynysh zherde deni sau balalardan bolek seruendetu kazhet Balanyn temperaturasy tomendep bortkennin kajtalap shyguy toktagannan kejin yagni buryngy bortkenderi kara kotyrlangan son seruenge shygaruga bolady Seruendetu rezhimin dәrigermen kelisken zhon Sәbidi durys tamaktandyru kerek Temperaturasy koterilgende ol tagamnan bas tartady syrkaty askyngan kezinde kishkentaj balalardyn ishi otedi kusaly Mundaj zhagdajda balany zorlap tamaktandyruga bolmajdy tek 6 12 sagattan kejin tamaktandyryp susyndy kop ishkizu kazhet Eger balanyn auzy uylyp ol tagamnan bas tartsa ogan sujyk nemese zhumsartyp pisirilgen kojmalzhyn tagam zhylytyp beru kerek үgitilgen kokonis sorpasy botka kisel Balaga kyshkyl zhәne ashy tagam beruge bolmajdy Әsirese ishtin zhүruin bakylap otyru kerek Үlken dәreti zhүrmej kalganda klizma kojyp ishi otse dәriger kelgenshe tamaktandyrmaj kajnagan sudy nemese suygan shajdy kop ishkizu kazhet Zhelsheshek shykkanda dezinfekciya zhasamajdy naukas bala zhatkan bolmeni zheldetip dymkyl shүberekpen sүrtip alsa zhetkilikti Naukaspen zhakyndaskan 7 zhaska dejingi balany 11 kүnnen 21 kүnge dejin onashalau kerek zhakyn aralaskan algashky kүnnen bastap DerekkozderShanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Chickenpox