Жартас көктеке (лат. Sitta tephronota) - тұқымдасының орман көктекеден екі есе ірі денелі (30-40 г) және әлдеқайда ақшыл құс.
Жартас көктеке | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Sitta tephronota , 1872 |
Мекені
Ол басқа көктекелер секілді орманда емес, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында - батысында Қызылқұм шөлі мен Сырдария өзендерінен, шығысында Іле өзенінің аңғары және Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс тау етектеріне дейін жартасты құрғақ аласа тауларында қоныстанады.
Ұялауы
Отырықшы құс. Қылығы және тіпті дауысы орман көктекесін еске түсіреді, алайда айғайы, соған сәйкес жалпы құстардың шуылы әлдеқайда қаттырақ, оның үстіне жартасты жерлерді мекендейтіндіктен, оның дауысын жаңғырық күшейтіп жібереді. Көбеюге ерте кіріседі - наурызда көктеке ұяларында балапандар басып үлгіреді.
Жартас көктекенің түбін жартасқа бекіткен жіңішке мойынды ыдыс тәрізді саздан жасаған ұясы басқаларға мүлде ұқсамайды. Көбінесе тостағанша тәрізді ұя жартастың табиғи үңгіленген қуысында болады. Құс содан біртіндеп тарылатын түтіктің қабырғасын жасап шығарады. Ол ұяға енетін ауыз болып саналады. Сазды қабырға қомақты да ауыр (қалыңдығы 4-7 см), салмағы 18 килоға жуық болғанына қарамастан, ұя өте берік және көптеген жылдар бойы қызмет етеді. Оның үстіне ұя ересек адамның салмағын көтере алады. Ал оны жартастан бөліп алу үшін (мысалы, мұражайға алу үшін) арнаулы құрал-сайман қажет, өйткені кәдімгі пышақпен ұя қабырғасын босатып алу мүмкін емес. Көктеке құрылыс жасау үдерісінде, саз әлі кеппей тұрғанда, оған қола коңыздың жылтыр үстіңгі қанатын, ұлудың бақалшағын, шыны сынықтарын, фарфор және басқа безендіретін заттар жапсырады. Ұя айналасындағы жартасты да құстардың әсем қауырсындарымен, кеуіп қалған жыланның терісімен безендіреді. Ұя бөлімінің ішіне кемірушілердің жүнінен қалың төсеніш жасайды. Көктеке оны жыртқыш құстардың былықпасынан алады, сондықтан ұя төсенішінде былықпаның жартысындай көлем алатын шаң үнемі болады.
Салындыдағы 4-9, көбінесе 5-7 ақ түсті жұмыртқаларды аналық басады, аталық аналықты қоректендіреді. Ұяның өзін анықтап қарауға мүмкіндік болмағандықтан, балапандардың даму ұзақтығын анықтау өте қиын. Балапандарды аталық пен аналық күніне 197-ге дейін жем үлесін әкеліп, қоректендіреді. Балапандардың ұяда болу үзақтығы туралы нақтылы дерек жоқ. Бір жазда екі рет балапан өргізуі де мүмкін. Балапандар тарап кеткен соң көктекелерді қайтадан жалғыз-жалғыздан көктемге дейін кездестіруге болады..
Дереккөздер
- Sitta tephronota. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010
- [1]
- [2] Мұрағатталған 6 қазанның 2014 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhartas kokteke lat Sitta tephronota tukymdasynyn orman koktekeden eki ese iri deneli 30 40 g zhәne әldekajda akshyl kus Zhartas kokteke IUCN3 1 Dүniesi ZhanuarlarZhamagaty HordalylarTaby ҚustarSaby PasseriformesTukymdasy Tegi Tүri S tephronotaSitta tephronota 1872MekeniOl baska koktekeler sekildi ormanda emes Қazakstannyn ontүstigi men ontүstik shygysynda batysynda Қyzylkum sholi men Syrdariya ozenderinen shygysynda Ile ozeninin angary zhәne Zhongar Alatauynyn ontүstik batys tau etekterine dejin zhartasty kurgak alasa taularynda konystanady ҰyalauyOtyrykshy kus Қylygy zhәne tipti dauysy orman koktekesin eske tүsiredi alajda ajgajy sogan sәjkes zhalpy kustardyn shuyly әldekajda kattyrak onyn үstine zhartasty zherlerdi mekendejtindikten onyn dauysyn zhangyryk kүshejtip zhiberedi Kobeyuge erte kirisedi nauryzda kokteke uyalarynda balapandar basyp үlgiredi Zhartas koktekenin tүbin zhartaska bekitken zhinishke mojyndy ydys tәrizdi sazdan zhasagan uyasy baskalarga mүlde uksamajdy Kobinese tostagansha tәrizdi uya zhartastyn tabigi үngilengen kuysynda bolady Қus sodan birtindep tarylatyn tүtiktin kabyrgasyn zhasap shygarady Ol uyaga enetin auyz bolyp sanalady Sazdy kabyrga komakty da auyr kalyndygy 4 7 sm salmagy 18 kiloga zhuyk bolganyna karamastan uya ote berik zhәne koptegen zhyldar bojy kyzmet etedi Onyn үstine uya eresek adamnyn salmagyn kotere alady Al ony zhartastan bolip alu үshin mysaly murazhajga alu үshin arnauly kural sajman kazhet ojtkeni kәdimgi pyshakpen uya kabyrgasyn bosatyp alu mүmkin emes Kokteke kurylys zhasau үderisinde saz әli keppej turganda ogan kola konyzdyn zhyltyr үstingi kanatyn uludyn bakalshagyn shyny synyktaryn farfor zhәne baska bezendiretin zattar zhapsyrady Ұya ajnalasyndagy zhartasty da kustardyn әsem kauyrsyndarymen keuip kalgan zhylannyn terisimen bezendiredi Ұya boliminin ishine kemirushilerdin zhүninen kalyn tosenish zhasajdy Kokteke ony zhyrtkysh kustardyn bylykpasynan alady sondyktan uya tosenishinde bylykpanyn zhartysyndaj kolem alatyn shan үnemi bolady Salyndydagy 4 9 kobinese 5 7 ak tүsti zhumyrtkalardy analyk basady atalyk analykty korektendiredi Ұyanyn ozin anyktap karauga mүmkindik bolmagandyktan balapandardyn damu uzaktygyn anyktau ote kiyn Balapandardy atalyk pen analyk kүnine 197 ge dejin zhem үlesin әkelip korektendiredi Balapandardyn uyada bolu үzaktygy turaly naktyly derek zhok Bir zhazda eki ret balapan orgizui de mүmkin Balapandar tarap ketken son koktekelerdi kajtadan zhalgyz zhalgyzdan koktemge dejin kezdestiruge bolady DerekkozderSitta tephronota Version 2013 2 2012 Tekserildi 26 karasha 2013 Mektep enciklopediyasy Almaty Atamura 2010 1 2 Muragattalgan 6 kazannyn 2014 zhyly