Қазақ әдебиетiнiң ежелгi бастаулары б.з.б. 3 — 1 ғ-лар аралығында пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбiгендiгi соңғы уақыттардағы ғыл. iзденiстер барысында толық дәлелдендi. Орхон-Енисей жазба ескерткiштерi ұлттық әдебиетке тiкелей қатысты үш түрлi мәселенiң басын ашып бердi. Бiрiншiден, қазақ жазба әдебиетiнiң түп-тамыры Түрiк қағандығы тұсынан басталатыны белгiлi болды. Екiншiден, өз дәуiрiнiң кескiн-келбетiне сай дамыған мәдениетi мен өнерiнiң болғанын айғақтады. Үшiншiден, жазба жәдiгерлер поэтик. қуатымен, тарихи шежiрелiк сипатымен және ой тереңдiгi, мазмұн байлығы, көркемдiк қасиетi жағынан түркi тайпаларында сөз өнерiнiң жоғары дәрежеге жеткенiн көрсеттi.
Жазба ескерткiштерiнде ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң мол орын алуы, кейiн сопылық поэзияда фольклорлық түрдiң қолданылуы — фольклорлық мұра қашан да жазба әдебиеттiң қайнар көзi, өркен жаюына ықпал жасайтын үлкен арна болғанын аңғартады. Халықты тарихи және рухани тiршiлiгiмен бiрге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс ретiнде фольклор ұлттың көркемдiк ой-көзқарасын, эстет. талап-талғамын, танымдық түсiнiгiн қалыптастырумен қатар, түркi әдебиетiне ғана тән әдеби дәстүр туғызды (қ. Ауыз әдебиетi). Түрiк қағандығы құлағаннан кейiн түркi тiлдi тайпалардың мәдениетi, өнерi, әдебиетi және тiлiнiң тарихи дамуы мен өркендеуiнiң негiзгi орталығы қазақ даласы болды. Қазақстан мен Орта Азияда ислам дiнiн таратушылар түркi тайпаларының арасында мұсылмандықты рухани байлықтың ықпалымен орнықтыруға күш салды. Алайда арабтардың мәдени және әдеби мұрасы, рухани дүниетанымы мен дамуы мүлде бөлек елдiң ғасырлар бойы жасаған дәстүрiн бұзып, не жойып жiбере алмады. Керiсiнше, оны байытып, өркендеуiне ықпал жасады.
Соның iшiнде қазақ әдебиетiнiң тарихын Қазақ хандығының құрылуымен ғана байланыстыру, жазба әдебиеттiң қалыптасуын Абайдан берi ғана бастау секiлдi ұлттық әдебиеттiң өрiсiн тарылтатын қате тұжырымдар күн тәртiбiнен алынып тасталды. Қазiргi қазақ әдебиетi жалпы әдебиеттiң түпкi мақсаты — адам жанын терең түйсiну, оны көркемдiкпен шынайы-шыншыл бейнелеу жолындағы қалыпты даму ырғағына түстi. Тұтастай алғанда қазiргi уақытта қазақ әдебиетi — әлем әдебиетiнде өз орны бар, тарихы бай, жан-жақты жетiлген дәстүрлi әдебиет болып қалыптасты.
19 ғасырдың 2-жартысынан бастап әр түрлi саяси оқиғаларға байланысты қазақ жерiне аяқ басқан өзге ұлт өкiлдерi тұрақтап қала бастады. Олар 20 ғ-дың алғашқы жартысынан қазақ елiндегi саяси-әлеум., мәдени шараларға белсене араласып, өздерiн этник. топтар ретiнде көрсеттi. Әсiресе, Қазақстанға орыстар көптеп қоныс аударды. Олардың арасында әдебиет пен мәдениет өкiлдерi де болды. Қазақстан жазушылар одағы құрамында 1933 жылдан орыс әдебиетi секциясы жұмыс iстей бастады. И.Шуховтың “Қасiрет белдеуi” (1931; қазақ тiлiнде 1972; ауд. О.Оспанов), “Өшпендiлiк” (алғашқы ред. 1932; қазақ тiлiнде 1935; ауд. X.Есенжанов) сияқты романдары сол кездегi кеңес әдебиетiнiң роман жанрындағы елеулi шығармалары болып саналды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары А.Бектiң “Волоколам тас жолы” повесiнде (1943) Б.Момышұлының, И.Панфиловтың, т.б-дың ерлiк бейнелерi жасалды. Соғыстан кейiн Шуховтың “Күн келбетi” (1950), В.Ванюшиннiң “Тiрек нүктесi” (1952) повестерi жарияланды. Бұлар Қазақстандағы орыс жазушыларының тақырыптық ауқымын кеңейттi. Н.Анов “Ән қанатында” романында (1959) 20 жылдардағы Қазақстанның әлеум.-тарихи жағдайын суреттедi. Онда ұлттық өнердiң қалыптасуы мен дамуы көрсетiлiп, дарынды адамдардың (И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, А.В. Затаевич, т.б.). бейнелерi жасалды. И.Щеголихиннiң “Қарлы бұрқасын” романы (1961), Г.Черноголовинаның “Жаңбырсыз маусым” повесi мен “Тәуекел аймағы” романы (1981), т.б. шығармалар жазылды. Г.Свиридовтың “Жанкештi сапар” романында (1976) Ә.Жангелдин басқарған отрядтың шөл дала арқылы өткен ерлiк жорығы баяндалады. Жангелдиннiң бейнесi М.Симашконың “Комиссар Жангелдин” романында айқынырақ әрi жан-жақты жасалды, Дм. Снегин “Таңертең және талтүс” дилогиясында (1976, 1982) тарихи тақырып ауқымын кеңейтiп, тарихи тұлғалардың бейнелерiн сомдады, олардың iшiнде О.Жандосовтың бейнесi ерекше орын алады. Симашконың Ы.Алтынсарин туралы “Қоңырау” (1982), орыс халқының тарихы туралы “Семирамида” (1968) романдарын, Ф.Достоевский туралы П. Косенконың “Өмiр үшiн өлiм” деректi повестер топтамасын (1986) оқушылар жылы қабылдады. Снегиннiң I.Жансүгiров, И.Эренбург, А.Твардовский, Вс.Иванов туралы “Қауышқан құшақ” әдеби естелiктерi (1988) жарияланды. Поэзия саласында В. Антонов, А.Елков, Д.Рябуха, Л.Скалковский, Ф.Моргун, В.Смирнов, М.Чистяков сияқты ақындардың жаңа толқыны келiп қосылды. Республикада тұратын көптеген орыс жазушылары қазақ қаламгерлерiнiң шығармаларын орыс тiлiне аударды. 1977 ж. Қазақстан Жазушылар одағында корей әдебиетi секциясы ашылды. Корей жазушылары өз шығармаларында ежелгi ұлттық әдебиет туындыларын бүгiнгi заман дәстүрiмен шебер ұштастырды. Олардың көрнектi өкiлдерiнiң бiрi — жазушы, ақын Ким Дюн (1900 — 1980) болды. Оның қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұловаға арналған “Әлия” атты поэмасы (1969 ж. корей тiлiнде), корей патриоттарының күресiн бейнелеуге арналған “Жүз елу мың вонның iсi” романы жарық көрдi. 1937 жылдан берi респ. корей театрында корей драматургтерiнiң жүзден астам пьесалары қойылды. Сонымен қатар театр сахнасында қазақ жазушылары М.Әуезовтiң “Қарагөз” және “Қобыланды”, Ғ.Мүсiреповтiң “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, О.Бодықовтың, Қ.Мұхамеджановтың, т.б. пьесалары корей тiлiнде қойылды. Қазақстандағы корей жазушыларының шығармалары “Корей өлеңдерi” (1958), “Дала қызғалдағы” (1973), “Сырдария әуендерi” (1975), “Күнбағыстар” (1982) деген атпен ұжымдық жинақ болып шықты. Сондай-ақ, Ким Дюннiң жыр кiтаптары, Ен Сенненнiң шығармалары, корей жазушыларының “Шаттық Отаны” (1988), “Гүлден, дала” (1988), Хан Диннiң пьесалар жинақтары (1988) корей тiлiнде жарық көрдi. Қазақстандағы немiс ақын-жазушылары да елеулi еңбек еттi. “Фройндшафт” (1966 ж) газетiнiң шығуы, “Қазақстан” баспасында (Алматы) немiс әдебиетi редакциясының құрылуы (1967 ж), Алматыдан немiс тiлiнде радио хабар таратылуы (1958 ж.), сондай-ақ, Қарағандыда немiс тiлiнде телевизиялық хабардың әуе толқынына шығуы, Темiртау қ-нда немiс театрының ашылуы (1980) — осылардың бәрi Қазақстандағы немiс ұлты өкiлдерiне жасалған қамқорлық болды. 50 — 60 жылдары Қазақстандағы немiс жазушыларының шығармаларында поэзия жанры ерекше өркендедi. Р.Жакмьеннiң, К.Вельцтiң, И.Варкентиннiң, Н.Ваккердiң, Г.Генкенiң, Д.Левеннiң, Р.Франктiң, Э.Ульмердiң, Р.Лейстiң, Н.Ваккердiң, О.Пладерстiң, т.б. жыр жинақтары, А.Реймгеннiң, В.Клейннiң, Д.Гольманның, А.Дебольскийдiң, Г.Бельгердiң, К.Эрлихтiң, Г.Гольманның прозалық кiтаптары жарық көрдi. Қазақстанда ұйғыр тiлiнде алғашқы газеттер, журналдар, альманахтар шықты, ұйғыр ақын-жазушыларының шығармалары жарық көре бастады. 1932 ж. Қазақстан Жазушылар одағы жанынан ұйғыр секциясы ұйымдастырылды. Бұл кезеңде И.Саттировтың, И.Искандеровтың поэзиясы ерекше көзге түстi, драматургтер Ж.Асимов пен А.Садировтың, К.Хасановтың пьесалары қойылды. Проза жанры жетекшi орын алды. X.Абдуллиннiң З.Сәмәдидiң, Ж.Босақовтың, Т.Тоқтамовтың, М.Зұлпықаровтың, А.Ашировтың, Н.Баратовтың, П.Сәбитованың) повестер жинақтары жарық көрдi. И.Бахтияның, М.Хамраевтың, И.Бахниязовтың, Р.Кадыридiң, А.Ғаниевтiң, М.Абдурахмановтың өлең-поэмалары жарық көрдi. А.Құнанбаевтың “Өлеңдерi” (1987), С.Мұқановтың “Балуан Шолақ” (1987, ауд. Қ. Тоқтамов). Ғ.Мүсiреповтiң “Кездеспей кеткен бiр бейне” (1987, ауд. З. Сәмәди) шығармалары ұйғыр тiлiнде жарияланды. Республиканың тәуелсiздiгiмен бiрге Қазақстандағы түрлi ұлт өкiлдерiнiң әдебиетi даму үстiнде. Көрнектi ақын-жазушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлуде, Дм.Снегинге, Г.Бельгерге, М.Симашкоға ҚР Президентiнiң Бейбiтшiлiк және рухани келiсiм сыйлығы берiлдi.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak әdebietinin ezhelgi bastaulary b z b 3 1 g lar aralygynda pajda bolgan Alyp Er Tonga Shu batyr dastandarynda zhatyr Osynau zhazbalardagy okigalardyn kazak halkynyn argy tarihymen tygyz bajlanysta orbigendigi songy uakyttardagy gyl izdenister barysynda tolyk dәleldendi Orhon Enisej zhazba eskertkishteri ulttyk әdebietke tikelej katysty үsh tүrli mәselenin basyn ashyp berdi Birinshiden kazak zhazba әdebietinin tүp tamyry Tүrik kagandygy tusynan bastalatyny belgili boldy Ekinshiden oz dәuirinin keskin kelbetine saj damygan mәdenieti men onerinin bolganyn ajgaktady Үshinshiden zhazba zhәdigerler poetik kuatymen tarihi shezhirelik sipatymen zhәne oj terendigi mazmun bajlygy korkemdik kasieti zhagynan tүrki tajpalarynda soz onerinin zhogary dәrezhege zhetkenin korsetti Zhazba eskertkishterinde auyz әdebieti үlgilerinin mol oryn aluy kejin sopylyk poeziyada folklorlyk tүrdin koldanyluy folklorlyk mura kashan da zhazba әdebiettin kajnar kozi orken zhayuyna ykpal zhasajtyn үlken arna bolganyn angartady Halykty tarihi zhәne ruhani tirshiligimen birge zhasasyp kele zhatkan kogamdyk kubylys retinde folklor ulttyn korkemdik oj kozkarasyn estet talap talgamyn tanymdyk tүsinigin kalyptastyrumen katar tүrki әdebietine gana tәn әdebi dәstүr tugyzdy k Auyz әdebieti Tүrik kagandygy kulagannan kejin tүrki tildi tajpalardyn mәdenieti oneri әdebieti zhәne tilinin tarihi damuy men orkendeuinin negizgi ortalygy kazak dalasy boldy Қazakstan men Orta Aziyada islam dinin taratushylar tүrki tajpalarynyn arasynda musylmandykty ruhani bajlyktyn ykpalymen ornyktyruga kүsh saldy Alajda arabtardyn mәdeni zhәne әdebi murasy ruhani dүnietanymy men damuy mүlde bolek eldin gasyrlar bojy zhasagan dәstүrin buzyp ne zhojyp zhibere almady Kerisinshe ony bajytyp orkendeuine ykpal zhasady Sonyn ishinde kazak әdebietinin tarihyn Қazak handygynyn kuryluymen gana bajlanystyru zhazba әdebiettin kalyptasuyn Abajdan beri gana bastau sekildi ulttyk әdebiettin orisin taryltatyn kate tuzhyrymdar kүn tәrtibinen alynyp tastaldy Қazirgi kazak әdebieti zhalpy әdebiettin tүpki maksaty adam zhanyn teren tүjsinu ony korkemdikpen shynajy shynshyl bejneleu zholyndagy kalypty damu yrgagyna tүsti Tutastaj alganda kazirgi uakytta kazak әdebieti әlem әdebietinde oz orny bar tarihy baj zhan zhakty zhetilgen dәstүrli әdebiet bolyp kalyptasty 19 gasyrdyn 2 zhartysynan bastap әr tүrli sayasi okigalarga bajlanysty kazak zherine ayak baskan ozge ult okilderi turaktap kala bastady Olar 20 g dyn algashky zhartysynan kazak elindegi sayasi әleum mәdeni sharalarga belsene aralasyp ozderin etnik toptar retinde korsetti Әsirese Қazakstanga orystar koptep konys audardy Olardyn arasynda әdebiet pen mәdeniet okilderi de boldy Қazakstan zhazushylar odagy kuramynda 1933 zhyldan orys әdebieti sekciyasy zhumys istej bastady I Shuhovtyn Қasiret beldeui 1931 kazak tilinde 1972 aud O Ospanov Өshpendilik algashky red 1932 kazak tilinde 1935 aud X Esenzhanov siyakty romandary sol kezdegi kenes әdebietinin roman zhanryndagy eleuli shygarmalary bolyp sanaldy 2 dүniezhүz sogys zhyldary A Bektin Volokolam tas zholy povesinde 1943 B Momyshulynyn I Panfilovtyn t b dyn erlik bejneleri zhasaldy Sogystan kejin Shuhovtyn Kүn kelbeti 1950 V Vanyushinnin Tirek nүktesi 1952 povesteri zhariyalandy Bular Қazakstandagy orys zhazushylarynyn takyryptyk aukymyn kenejtti N Anov Әn kanatynda romanynda 1959 20 zhyldardagy Қazakstannyn әleum tarihi zhagdajyn surettedi Onda ulttyk onerdin kalyptasuy men damuy korsetilip daryndy adamdardyn I Bajzakov Ә Қashaubaev Қ Munajtpasov A V Zataevich t b bejneleri zhasaldy I Shegolihinnin Қarly burkasyn romany 1961 G Chernogolovinanyn Zhanbyrsyz mausym povesi men Tәuekel ajmagy romany 1981 t b shygarmalar zhazyldy G Sviridovtyn Zhankeshti sapar romanynda 1976 Ә Zhangeldin baskargan otryadtyn shol dala arkyly otken erlik zhorygy bayandalady Zhangeldinnin bejnesi M Simashkonyn Komissar Zhangeldin romanynda ajkynyrak әri zhan zhakty zhasaldy Dm Snegin Tanerten zhәne taltүs dilogiyasynda 1976 1982 tarihi takyryp aukymyn kenejtip tarihi tulgalardyn bejnelerin somdady olardyn ishinde O Zhandosovtyn bejnesi erekshe oryn alady Simashkonyn Y Altynsarin turaly Қonyrau 1982 orys halkynyn tarihy turaly Semiramida 1968 romandaryn F Dostoevskij turaly P Kosenkonyn Өmir үshin olim derekti povester toptamasyn 1986 okushylar zhyly kabyldady Sneginnin I Zhansүgirov I Erenburg A Tvardovskij Vs Ivanov turaly Қauyshkan kushak әdebi estelikteri 1988 zhariyalandy Poeziya salasynda V Antonov A Elkov D Ryabuha L Skalkovskij F Morgun V Smirnov M Chistyakov siyakty akyndardyn zhana tolkyny kelip kosyldy Respublikada turatyn koptegen orys zhazushylary kazak kalamgerlerinin shygarmalaryn orys tiline audardy 1977 zh Қazakstan Zhazushylar odagynda korej әdebieti sekciyasy ashyldy Korej zhazushylary oz shygarmalarynda ezhelgi ulttyk әdebiet tuyndylaryn bүgingi zaman dәstүrimen sheber ushtastyrdy Olardyn kornekti okilderinin biri zhazushy akyn Kim Dyun 1900 1980 boldy Onyn kazaktyn batyr kyzy Ә Moldagulovaga arnalgan Әliya atty poemasy 1969 zh korej tilinde korej patriottarynyn kүresin bejneleuge arnalgan Zhүz elu myn vonnyn isi romany zharyk kordi 1937 zhyldan beri resp korej teatrynda korej dramaturgterinin zhүzden astam pesalary kojyldy Sonymen katar teatr sahnasynda kazak zhazushylary M Әuezovtin Қaragoz zhәne Қobylandy Ғ Mүsirepovtin Қozy Korpesh Bayan sulu O Bodykovtyn Қ Muhamedzhanovtyn t b pesalary korej tilinde kojyldy Қazakstandagy korej zhazushylarynyn shygarmalary Korej olenderi 1958 Dala kyzgaldagy 1973 Syrdariya әuenderi 1975 Kүnbagystar 1982 degen atpen uzhymdyk zhinak bolyp shykty Sondaj ak Kim Dyunnin zhyr kitaptary En Sennennin shygarmalary korej zhazushylarynyn Shattyk Otany 1988 Gүlden dala 1988 Han Dinnin pesalar zhinaktary 1988 korej tilinde zharyk kordi Қazakstandagy nemis akyn zhazushylary da eleuli enbek etti Frojndshaft 1966 zh gazetinin shyguy Қazakstan baspasynda Almaty nemis әdebieti redakciyasynyn kuryluy 1967 zh Almatydan nemis tilinde radio habar taratyluy 1958 zh sondaj ak Қaragandyda nemis tilinde televiziyalyk habardyn әue tolkynyna shyguy Temirtau k nda nemis teatrynyn ashyluy 1980 osylardyn bәri Қazakstandagy nemis ulty okilderine zhasalgan kamkorlyk boldy 50 60 zhyldary Қazakstandagy nemis zhazushylarynyn shygarmalarynda poeziya zhanry erekshe orkendedi R Zhakmennin K Velctin I Varkentinnin N Vakkerdin G Genkenin D Levennin R Franktin E Ulmerdin R Lejstin N Vakkerdin O Pladerstin t b zhyr zhinaktary A Rejmgennin V Klejnnin D Golmannyn A Debolskijdin G Belgerdin K Erlihtin G Golmannyn prozalyk kitaptary zharyk kordi Қazakstanda ujgyr tilinde algashky gazetter zhurnaldar almanahtar shykty ujgyr akyn zhazushylarynyn shygarmalary zharyk kore bastady 1932 zh Қazakstan Zhazushylar odagy zhanynan ujgyr sekciyasy ujymdastyryldy Bul kezende I Sattirovtyn I Iskanderovtyn poeziyasy erekshe kozge tүsti dramaturgter Zh Asimov pen A Sadirovtyn K Hasanovtyn pesalary kojyldy Proza zhanry zhetekshi oryn aldy X Abdullinnin Z Sәmәdidin Zh Bosakovtyn T Toktamovtyn M Zulpykarovtyn A Ashirovtyn N Baratovtyn P Sәbitovanyn povester zhinaktary zharyk kordi I Bahtiyanyn M Hamraevtyn I Bahniyazovtyn R Kadyridin A Ғanievtin M Abdurahmanovtyn olen poemalary zharyk kordi A Қunanbaevtyn Өlenderi 1987 S Mukanovtyn Baluan Sholak 1987 aud Қ Toktamov Ғ Mүsirepovtin Kezdespej ketken bir bejne 1987 aud Z Sәmәdi shygarmalary ujgyr tilinde zhariyalandy Respublikanyn tәuelsizdigimen birge Қazakstandagy tүrli ult okilderinin әdebieti damu үstinde Kornekti akyn zhazushylarga memleket tarapynan koldau korsetilude Dm Sneginge G Belgerge M Simashkoga ҚR Prezidentinin Bejbitshilik zhәne ruhani kelisim syjlygy berildi