Екілік санау жүйесі - негізіне 2 саны алынған позициялық түзіліс бойынша құрылған санау жүйесі.Бұл санау жүйесінде тек екі таңба 0(нөл) және 1 ғана болады.2 саны 2-разрядтық бірлігі болып есептеледі де 10(<<бір - нөл>> деп оқылады) түрінде жазылады. Келесі разрядтың әрбір бірлігі алдыңғы разрядтан 2 есе артық болады, яғни осы бірліктер 2, 4, 8, 16, ...., 2n, ...... сандар тізбегін құрады.
Ондық санау жүйесінде жазылған санды екілік санау жүйесінде жазу үшін, оны біртіндеп 2-ге бөледі де қалған қалдықтарды: 0 мен 1-ді ең соңғысын бірінші орынға қойып кері бағыт бойынша жазады: мысалы,
43 = 21*2 + 1; 21 = 10*2 +1; 10 = 5*2 + 1; 5 = 2*2 +1; 2 = 1*2 + 0; 1 = 0*2 + 1.
Есептеу математикасында негізінен екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесінде жазылған сандарды есептеу техникасында қолдану ыңғайлы.
Компьютерде, әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізгі "2" санау жүйесі қолданылады.
Екілік жүйенің елеулі кемшілігі - санды бұл жүйеде жазу үшін 0 мен 1 цифрлары мейлінше көп қажет болатындығында. Бұл адамның екілік сандарды қабылдауын қиындатады. Мысалы, 156 ондық санының екілік жүйедегі түрі мынадай: 10011100. Сондықтан, екілік жүйені, қағида бойынша компьютердің ішкі қажеттілігі" үшін қолданады, ал адамның компьютермен жұмыс істеуі үшін, үлкен негізді санау жүйесін таңдайды. Бұл жағдайда сегіздік және он алтылық санау жүйелері жиі қолданылады, өйткені бұдан былай көрсетілетіндей, бұл екі жүйе мен екілік жүйенің арасында сандарды бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыруды жеңілдететін қарапайым байланыс бар.
Дереккөздер
- Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: "Мектеп" баспасы, 2004. - 224 б.ISBN 9965-33-206-1
- Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ekilik sanau zhүjesi negizine 2 sany alyngan poziciyalyk tүzilis bojynsha kurylgan sanau zhүjesi Bul sanau zhүjesinde tek eki tanba 0 nol zhәne 1 gana bolady 2 sany 2 razryadtyk birligi bolyp esepteledi de 10 lt lt bir nol gt gt dep okylady tүrinde zhazylady Kelesi razryadtyn әrbir birligi aldyngy razryadtan 2 ese artyk bolady yagni osy birlikter 2 4 8 16 2n sandar tizbegin kurady Ondyk sanau zhүjesinde zhazylgan sandy ekilik sanau zhүjesinde zhazu үshin ony birtindep 2 ge boledi de kalgan kaldyktardy 0 men 1 di en songysyn birinshi orynga kojyp keri bagyt bojynsha zhazady mysaly 43 21 2 1 21 10 2 1 10 5 2 1 5 2 2 1 2 1 2 0 1 0 2 1 Esepteu matematikasynda negizinen ekilik sanau zhүjesi koldanylady Ekilik sanau zhүjesinde zhazylgan sandardy esepteu tehnikasynda koldanu yngajly Kompyuterde әdette ondyk emes poziciyalyk ekilik sanau zhүjesi yagni negizgi 2 sanau zhүjesi koldanylady Ekilik zhүjenin eleuli kemshiligi sandy bul zhүjede zhazu үshin 0 men 1 cifrlary mejlinshe kop kazhet bolatyndygynda Bul adamnyn ekilik sandardy kabyldauyn kiyndatady Mysaly 156 ondyk sanynyn ekilik zhүjedegi tүri mynadaj 10011100 Sondyktan ekilik zhүjeni kagida bojynsha kompyuterdin ishki kazhettiligi үshin koldanady al adamnyn kompyutermen zhumys isteui үshin үlken negizdi sanau zhүjesin tandajdy Bul zhagdajda segizdik zhәne on altylyk sanau zhүjeleri zhii koldanylady ojtkeni budan bylaj korsetiletindej bul eki zhүje men ekilik zhүjenin arasynda sandardy bir zhүjeden ekinshi zhүjege auystyrudy zhenildetetin karapajym bajlanys bar DerekkozderErmekov N T Stifutina N F Informatika Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Almaty Mektep baspasy 2004 224 b ISBN 9965 33 206 1 Matematika әlemi Zhalpy orta bilim beretin oku oryndarynyn mektep gimnaziya kolledzh licej okushylary men studentterine zhәne matematika әueskojlary men kopshilik okyrmandarga arnalgan matematikalyk pәndik enciklopediya Nurkanat Kobenkululy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet