1873 жылғы Бүкіләлемдік көрме (неміс тілінде Weltausstellung 1873) – әлем бойынша бесінші және Англия мен Франциядан басқа елдерде өткізілген бірінші көрме. 1873 жылдың 1 мамырынан 2 қарашаға дейін Вена қаласында өткізілді. Гарбургстік монархия бұл көрмені аталмыш елге модернизация әкеліп, Пруссия мен Италия арасындағы соғыстан кейін азаматтардың сана-сезімдерін оятады деп үміттенді.
Ұйымдастырылуы
Австрия халқының сауда байланыстарын нығайтып, бизнестің өркендеуі, сонымен қатар, жаңа нарыққа шығу идеясы 1857 жылдан бері қозғалып келе жатқан болатын. Көрмені өткізу жайлы император қаулысы 1866-1868 жылдары шыққан еді. Алайда, 1866 жылғы әскери әрекеттердің, сонымен бірге, 1867 жылғы Бүкіләлемдік көрменің Францияның Париж қаласында болуы жоспарлануының әсерінен, бұл ой жүзеге аспады. 1867 жылғы Бүкіләлемдік көрмеден кейін идея қайта қолға алынды. Көрменің саруары ретінде кайзердің ағасы Карл Людвиг, ал басшысы австриялық эрцгерцог Райнер Фердинанд сайланған болатын. Веналық көрменің ұйымдастырушысы ретінде көптеген банкирлер мен өндіріс орындарының басшылары шыққан болатын. Олардың арасында даңқты банкирлік династия – Ротшильдер мен неміс өндірістік династиясы Крупптар болатын. Олар өз арасында көптің көңіліне емес, көрмеден түсетін кірістің қамын ойлады. Бұл көрме әлемнің көптеген кәсіпкерлерін қызықтырған болатын. Кейіннен Вена қаалсының мейрамханаларында, кафе және қонақ үйлерінде «баға революциясы» басталды.
Ауданы
Бүкіләлемдік көрменің барысына Пратер саябағы да кірді. Бұл саябақ Иосиф ІІ 1766 жылы халқына сыйлаған бұрынғы императордың аңшылық резиденциясы болатын. 233 гектар ауданның 16 гектарына ғана құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл Парижде өткен көрме ауданынан 5 есе артық еді. Бас архитектор, сәулетші болып Карл фон Хазенауер сайланды. Павильондардың жанына жасыл желек отырғызылып, су бұрқақтары орнатылды. Ал газ шырақтары саябақты жарықтандырып тұрды. Өрт шығу қаупінің алдын алу үшін мейрамханалар мен жалпылама қыз мет көрсету орындарына су құбырларын жүргізді. Біршама уақыт бұрын ағылшындық Джон Линнингс патенттеген гигиеналық жаңа дүние - ватерклозет тек жоғарғы деңгейлік жерлерде ғана емес, қоғамдық орындарда да қолданылуға рұқсат етілді. Вена қаласында әжетханалар 1885 жылдарға қарай ғана жеке үйлерде қолданылып бастаса, Санкт-Петербургте 1890 жылдардан бастап қолданысқа енгізілді. Көрменің басты кемшілігі көрменің жабылуына 2 апта қалғанда ғана , нақтырақ айтсақ, 1873 жылдың 19 қарашасында ойлап табылған лифт болатын. Жұмыс жасау кезінде құбырлардың бірі жарылып, лифт қолданыстан алынып тасталды.
Орталық павильон және көрменің басты символы – темір мен шыныдан жасалған төрт түрлі есігі бар Ротонда көрме кезіндегі шатырының тесіктігіне қарамастан 1937 жылға дейін тұрды. Көрме уақытындағы ғимараттардың бәрі дерлік историзм (немісше Historismus) стилінде тұрғызылды. «Халықаралық ауылда» қатысушы мемлекеттердің павильондары ұлттық мәдениет негізінде қаланды. Австрия, Голландия және Норвегия мемлекеттері азаматтардың тұрғын үйінің интерьерін көрсеткен болатын. Олар африкалық лашықтар және Египет елінің вице-президентінің сарайы болатын. Бұл көрмеге алғаш рет Африка және Жапония елдері қатысты. Интернационалдық түрдегі жеке павильондардың саны 194-ке жетті.
Көрсетілім
Көрсетілім жалпылай алғанда экспонаттардың көп болуының себебінен 26 топқа және 174 секцияға бөлінді. Индустриальді дүниелермен бірге өнер, ауылшаруашылығы, ұлт мәдениеті: ұлттық тағам, сәулет өнері, қатысушы мемлекеттердің өмір сүру түрі, т.б. салаларда жаңа дүниелер көрсетілімге қойылды. Бөлек бір павильонда жұмысшылардың оқиғалары айтылды.
Көрме бағдарламасы
- Тау металлургиясы
- Ауыл және орман шаруашылығы, шарап шығару және бау – бақша
- Химия өнеркәсібі
- Тамақ өнеркәсібі
- Тоқыма және тігін өнеркәсібі
- Тері және каучук
- Металлургия өнеркәсібі
- Ағаш өңдеу өнеркәсібі
- Шыны, саз және тастан жасалған өнімдер
- Галантерея өнеркәсібі
- Қағаз өнеркәсібі
- Графикалық және сурет салу өнері
- Машина құрастыру және транспорт
- Ғылыми аспаптар
- Музыкалық аспаптар
- Әскери жұмыс
- Флот
- Құрылыс
- Тұрғын үй интерьері
- Жиһаз және техника
- Майдагерлік өнеркәсіп
- Қолданбалы өнер
- Шіркеулік өнер
- Тарихи қолданбалы өнер
- Заманауи қолданбалы өнер
- Тәрбие, тәлім және білім
Қатысушыларға берілген медальдар аса бағалы құндылығы болмағанымен, мотивация мен ұмтылыстың белгісі болды. Халықаралық әділ – қазылар құрамы 956 адамнан тұрды. 1873 жылдың 18 тамызында Вена манежінде қатысушыларға құрмет дипломдарын сыйлау салтанаты өтті. Қатысушыларға 25572 медаль табысталды. Медальдардың дизайнын Йозеф Сизар мен Рудольф Вейер жасап шығарды. Көрмемен қатар патенттік құқық бойынша конгресс жүргізілген болатын.
Қоғам
Австриялық астанаға Үш императордың бірлестігін рәсімдеу мақсатымен дипломаттар да келген болатын. Көрме өткізілген алты ай ішінде 33 мемлекет басқарушысы, 13 тақ мұрагерлері және 20 ханзада болған болатын. Ивакура тапсырмасы да осы көрмеде еді. Репортерлер арасындағы дүрлікпенің әсерінен Вена қаласына парсы патшасы Насреддин шах келді. Келісімен шахты Лаксенбург сарайына орналастырды. Веналық газеттер ирониялық, әзіл –ысқақ мақалалар жаза бастады. Шах өз еліне қайтқаннан кейін Венадағы мейрамханалар мен зергерлік орындардағы есептерін жаппады, себебі, мұны ол шығыс қонақжайлылығының бір белгісі деп есептеді. Ол кеткеннен кейін Лаксенбург сарайына күрделі жөндеу жұмыстары керек болды.
Қорытынды
Бесінші бүкіләлемдік көрменің шығыны 19 123 270 гульденді (қазіргі нидерланд ақшасы) құрады. Ал билет сатылымдары мен жалға алу кірістері тек 4256 349 гульденге жетті. Шыққан шығынның орнын толтыру мақсатында 14 866 921 гульден қазынадан алынды. Шақырылып күтілген 20 миллион қонақтың тек 7, 25 миллионы ғана келді.
Ағылшындық, неміс және француз газеттерінде қаладағы жалға алу, қонақ үй нөмірлері, мейрамханадағы есептер мен күнделікті жұмсалатын ақшаның шамадан тыс асып кетуі жайлы арыздар жазылды. Мысал алатын болсақ, күнделікті 40 гульден алатын экипаж қызметіне 120 гульден төленді.
Бүкіләлемдік көрме Вена қаласындағы урбандалу процесінің бірден бір себебіне айналды. Қалада транспорттық, темір жол қолданысы 2 есеге артты. Метро жолдары жүргізілді. Дунай шаруашылығына үлкен өзгерістер енгізілді: жиі су деңгейінінің көтерілуінің себебінен ескірген үйлердің орнына биік, жаңа үйлер тұрғызылды. Көптеген көшелер осы көрменің атымен аталды. Азия мен Шығыс халықтарының байланысының беріктігінен Шығыс Музейі, сонымен қатар, Коммерция мен Өнеркәсіп салаларының Техникалық музейі ашылды. Көрмеге арналған ғимараттардың ішінен бірде біреуі бүгінге дейін сақталмады.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
1873 zhylgy Bүkilәlemdik korme nemis tilinde Weltausstellung 1873 әlem bojynsha besinshi zhәne Angliya men Franciyadan baska elderde otkizilgen birinshi korme 1873 zhyldyn 1 mamyrynan 2 karashaga dejin Vena kalasynda otkizildi Garburgstik monarhiya bul kormeni atalmysh elge modernizaciya әkelip Prussiya men Italiya arasyndagy sogystan kejin azamattardyn sana sezimderin oyatady dep үmittendi ҰjymdastyryluyAvstriya halkynyn sauda bajlanystaryn nygajtyp biznestin orkendeui sonymen katar zhana narykka shygu ideyasy 1857 zhyldan beri kozgalyp kele zhatkan bolatyn Kormeni otkizu zhajly imperator kaulysy 1866 1868 zhyldary shykkan edi Alajda 1866 zhylgy әskeri әreketterdin sonymen birge 1867 zhylgy Bүkilәlemdik kormenin Franciyanyn Parizh kalasynda boluy zhosparlanuynyn әserinen bul oj zhүzege aspady 1867 zhylgy Bүkilәlemdik kormeden kejin ideya kajta kolga alyndy Kormenin saruary retinde kajzerdin agasy Karl Lyudvig al basshysy avstriyalyk ercgercog Rajner Ferdinand sajlangan bolatyn Venalyk kormenin ujymdastyrushysy retinde koptegen bankirler men ondiris oryndarynyn basshylary shykkan bolatyn Olardyn arasynda dankty bankirlik dinastiya Rotshilder men nemis ondiristik dinastiyasy Krupptar bolatyn Olar oz arasynda koptin koniline emes kormeden tүsetin kiristin kamyn ojlady Bul korme әlemnin koptegen kәsipkerlerin kyzyktyrgan bolatyn Kejinnen Vena kaalsynyn mejramhanalarynda kafe zhәne konak үjlerinde baga revolyuciyasy bastaldy AudanyBүkilәlemdik kormenin barysyna Prater sayabagy da kirdi Bul sayabak Iosif II 1766 zhyly halkyna syjlagan buryngy imperatordyn anshylyk rezidenciyasy bolatyn 233 gektar audannyn 16 gektaryna gana kurylys zhumystary zhүrgizildi Bul Parizhde otken korme audanynan 5 ese artyk edi Bas arhitektor sәuletshi bolyp Karl fon Hazenauer sajlandy Pavilondardyn zhanyna zhasyl zhelek otyrgyzylyp su burkaktary ornatyldy Al gaz shyraktary sayabakty zharyktandyryp turdy Өrt shygu kaupinin aldyn alu үshin mejramhanalar men zhalpylama kyz met korsetu oryndaryna su kubyrlaryn zhүrgizdi Birshama uakyt buryn agylshyndyk Dzhon Linnings patenttegen gigienalyk zhana dүnie vaterklozet tek zhogargy dengejlik zherlerde gana emes kogamdyk oryndarda da koldanyluga ruksat etildi Vena kalasynda әzhethanalar 1885 zhyldarga karaj gana zheke үjlerde koldanylyp bastasa Sankt Peterburgte 1890 zhyldardan bastap koldanyska engizildi Kormenin basty kemshiligi kormenin zhabyluyna 2 apta kalganda gana naktyrak ajtsak 1873 zhyldyn 19 karashasynda ojlap tabylgan lift bolatyn Zhumys zhasau kezinde kubyrlardyn biri zharylyp lift koldanystan alynyp tastaldy Ortalyk pavilon zhәne kormenin basty simvoly temir men shynydan zhasalgan tort tүrli esigi bar Rotonda korme kezindegi shatyrynyn tesiktigine karamastan 1937 zhylga dejin turdy Korme uakytyndagy gimarattardyn bәri derlik istorizm nemisshe Historismus stilinde turgyzyldy Halykaralyk auylda katysushy memleketterdin pavilondary ulttyk mәdeniet negizinde kalandy Avstriya Gollandiya zhәne Norvegiya memleketteri azamattardyn turgyn үjinin intererin korsetken bolatyn Olar afrikalyk lashyktar zhәne Egipet elinin vice prezidentinin sarajy bolatyn Bul kormege algash ret Afrika zhәne Zhaponiya elderi katysty Internacionaldyk tүrdegi zheke pavilondardyn sany 194 ke zhetti KorsetilimKorsetilim zhalpylaj alganda eksponattardyn kop boluynyn sebebinen 26 topka zhәne 174 sekciyaga bolindi Industrialdi dүnielermen birge oner auylsharuashylygy ult mәdenieti ulttyk tagam sәulet oneri katysushy memleketterdin omir sүru tүri t b salalarda zhana dүnieler korsetilimge kojyldy Bolek bir pavilonda zhumysshylardyn okigalary ajtyldy Korme bagdarlamasy Tau metallurgiyasy Auyl zhәne orman sharuashylygy sharap shygaru zhәne bau baksha Himiya onerkәsibi Tamak onerkәsibi Tokyma zhәne tigin onerkәsibi Teri zhәne kauchuk Metallurgiya onerkәsibi Agash ondeu onerkәsibi Shyny saz zhәne tastan zhasalgan onimder Galantereya onerkәsibi Қagaz onerkәsibi Grafikalyk zhәne suret salu oneri Mashina kurastyru zhәne transport Ғylymi aspaptar Muzykalyk aspaptar Әskeri zhumys Flot Қurylys Turgyn үj intereri Zhiһaz zhәne tehnika Majdagerlik onerkәsip Қoldanbaly oner Shirkeulik oner Tarihi koldanbaly oner Zamanaui koldanbaly oner Tәrbie tәlim zhәne bilim Қatysushylarga berilgen medaldar asa bagaly kundylygy bolmaganymen motivaciya men umtylystyn belgisi boldy Halykaralyk әdil kazylar kuramy 956 adamnan turdy 1873 zhyldyn 18 tamyzynda Vena manezhinde katysushylarga kurmet diplomdaryn syjlau saltanaty otti Қatysushylarga 25572 medal tabystaldy Medaldardyn dizajnyn Jozef Sizar men Rudolf Vejer zhasap shygardy Kormemen katar patenttik kukyk bojynsha kongress zhүrgizilgen bolatyn ҚogamAvstriyalyk astanaga Үsh imperatordyn birlestigin rәsimdeu maksatymen diplomattar da kelgen bolatyn Korme otkizilgen alty aj ishinde 33 memleket baskarushysy 13 tak muragerleri zhәne 20 hanzada bolgan bolatyn Ivakura tapsyrmasy da osy kormede edi Reporterler arasyndagy dүrlikpenin әserinen Vena kalasyna parsy patshasy Nasreddin shah keldi Kelisimen shahty Laksenburg sarajyna ornalastyrdy Venalyk gazetter ironiyalyk әzil yskak makalalar zhaza bastady Shah oz eline kajtkannan kejin Venadagy mejramhanalar men zergerlik oryndardagy esepterin zhappady sebebi muny ol shygys konakzhajlylygynyn bir belgisi dep eseptedi Ol ketkennen kejin Laksenburg sarajyna kүrdeli zhondeu zhumystary kerek boldy ҚorytyndyBesinshi bүkilәlemdik kormenin shygyny 19 123 270 guldendi kazirgi niderland akshasy kurady Al bilet satylymdary men zhalga alu kiristeri tek 4256 349 guldenge zhetti Shykkan shygynnyn ornyn toltyru maksatynda 14 866 921 gulden kazynadan alyndy Shakyrylyp kүtilgen 20 million konaktyn tek 7 25 milliony gana keldi Agylshyndyk nemis zhәne francuz gazetterinde kaladagy zhalga alu konak үj nomirleri mejramhanadagy esepter men kүndelikti zhumsalatyn akshanyn shamadan tys asyp ketui zhajly aryzdar zhazyldy Mysal alatyn bolsak kүndelikti 40 gulden alatyn ekipazh kyzmetine 120 gulden tolendi Bүkilәlemdik korme Vena kalasyndagy urbandalu procesinin birden bir sebebine ajnaldy Қalada transporttyk temir zhol koldanysy 2 esege artty Metro zholdary zhүrgizildi Dunaj sharuashylygyna үlken ozgerister engizildi zhii su dengejininin koteriluinin sebebinen eskirgen үjlerdin ornyna biik zhana үjler turgyzyldy Koptegen kosheler osy kormenin atymen ataldy Aziya men Shygys halyktarynyn bajlanysynyn beriktiginen Shygys Muzeji sonymen katar Kommerciya men Өnerkәsip salalarynyn Tehnikalyk muzeji ashyldy Kormege arnalgan gimarattardyn ishinen birde bireui bүginge dejin saktalmady