Дударай — қазақша ән.
Авторы
Үлебай Анетов (1886 жыл — 1966 жыл) — Қорғалжын өңірінде ақындық, әншілік, серілік өнерімен аты шыққан адам.Арғын Қуандық Тінәлі руынан шыққан.
Қазақ жігіті Дүйсеннің орыс қызы Марияға ғашық болуының куәсі болып, атақты «Дударай» әнін шығарғандығы жөніндегі тарихи шындықтың беті кейінгі жылдары ашыла бастады.
Сипаттамасы
Екі дос сол аймақтағы ойын-сауықтың ажарын ашып, көркін қыздырған. Бір күні екеуін Садырбай деген жерге алтыбақанға шақырып, Ұялы ауылынан төтелей өтіп бара жатқанда, алдарынан шыққан 15-16 жастағы орыс қызына кез болады. Бұл Мәриям еді. Қызға екі замандастың да көңілі ауады. Екеуі ақылдаса келе қыз қайсысын таңдаса, соған келіспекші болады. Сөйтіп, қызға сөз салғанда ол Дүйсенді таңдайды. Дүйсен үйленейін десе, ағайындары қарсы болады. Бірақ, табандылық танытқан Дүйсен Мәриямға үйленеді. Көп ұзамай, Дүйсенді ағайындары ұрып-соғып алып кетеді. Осы арада екеуінің арасында хат тасушы Үлебай болған көрінеді. Ол екеуінің хатын да өлеңмен өріп жеткізеді. Міне, «Дудар-ай» әні осы кезде туады. Үлебай ол әнді ағайындары Дүйсенді екінші қайтара алып кеткенде Мәриямның атынан шығарған.
Тарихы
Кеңестік кезеңде бұл әнді кейіпкерінің өзі шығарды деп жүрді. Сезімге толы эпос пен лиризм астасып жатқан «Дудар-айды» шынымен Мәриям шығарған ба? Жарайды, ғашық болды, сезімін өлеңмен өрбітіп әнмен жеткізді дегеннің өзінде қазақтың халық әніне тән иірімдерді бойға сіңірген мынадай туындыны 16-17-ге енді келген орыс қызы шығарды дегенге біздің көңіл сенбейді. Тіпті, әннің шығу тарихына ғылыми баға берген, «Дудар-ай» операсын жазған атақты композитор Евгений Брусиловскийдің өзі осы пікірде болған. Ол «Дүйім дүлдүлдер» деген хикаясында «Бұл ән талассыз Арқа композиторларының біреуінің әні екеніне сенемін, өйткені, ән табиғаты кең тынысқа, шалқар диапазонға құрылғаны өз-өзінен көрініп тұр. Ендеше, бұл әнді басқа ұлттың өкілінің шығаруы мүмкін емес» деп жазған. Бірақ, кеңес заманында сол кездегі идеологияның ықпалымен мұны халықтар достығы деп дәріптеп, Мәриямды композитор етіп шығарды. Ол жайында поэма да, опера да жазылды.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- https://massaget.kz/blogs/28091/
- https://osken-onir.kz/kogam/4662-dudar-ay-nn-km-zhazan.html
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dudaraj kazaksha әn AvtoryҮlebaj Anetov 1886 zhyl 1966 zhyl Қorgalzhyn onirinde akyndyk әnshilik serilik onerimen aty shykkan adam Argyn Қuandyk Tinәli ruynan shykkan Қazak zhigiti Dүjsennin orys kyzy Mariyaga gashyk boluynyn kuәsi bolyp atakty Dudaraj әnin shygargandygy zhonindegi tarihi shyndyktyn beti kejingi zhyldary ashyla bastady SipattamasyEki dos sol ajmaktagy ojyn sauyktyn azharyn ashyp korkin kyzdyrgan Bir kүni ekeuin Sadyrbaj degen zherge altybakanga shakyryp Ұyaly auylynan totelej otip bara zhatkanda aldarynan shyk kan 15 16 zhastagy orys kyzyna kez bolady Bul Mәriyam edi Қyzga eki zamandastyn da konili auady Ekeui akyldasa kele kyz kajsysyn tandasa sogan kelis pekshi bolady Sojtip kyzga soz salganda ol Dүjsendi tan dajdy Dүjsen үjlenejin dese agajyndary karsy bolady Bi rak tabandylyk tanytkan Dүj sen Mәriyamga үjlenedi Kop uzamaj Dүjsendi agajyndary uryp sogyp alyp ketedi Osy arada ekeuinin arasynda hat tasushy Үlebaj bolgan korinedi Ol ekeuinin hatyn da olenmen orip zhetkizedi Mine Dudar aj әni osy kezde tuady Үlebaj ol әndi agajyndary Dүjsendi ekinshi kajtara alyp ketkende Mәriyamnyn atynan shygargan TarihyKenestik kezende bul әndi kejipkerinin ozi shygardy dep zhүrdi Sezimge toly epos pen lirizm astasyp zhatkan Dudar ajdy shynymen Mәriyam shygargan ba Zharajdy gashyk boldy sezimin olenmen orbitip әnmen zhetkizdi degennin ozinde kazaktyn halyk әnine tәn iirimderdi bojga sinirgen mynadaj tuyndyny 16 17 ge endi kelgen orys kyzy shygardy degenge bizdin konil senbejdi Tipti әnnin shygu tarihyna gylymi baga bergen Dudar aj operasyn zhazgan atakty kompozitor Evgenij Bru silovskijdin ozi osy pikirde bolgan Ol Dүjim dүldүlder degen hikayasynda Bul әn talassyz Arka kompozitorlarynyn bireuinin әni ekenine senemin ojtkeni әn tabigaty ken ty nyska shalkar diapazonga ku ryl gany oz ozinen korinip tur En deshe bul әndi baska ulttyn okilinin shygaruy mүmkin emes dep zhazgan Birak kenes zamanynda sol kezdegi ideologiyanyn ykpalymen muny halyktar dos tygy dep dәriptep Mәriyamdy kom pozitor etip shygardy Ol zhaj ynda poema da opera da zhazyldy DerekkozderҚazak Enciklopediyasy https massaget kz blogs 28091 https osken onir kz kogam 4662 dudar ay nn km zhazan htmlSiltemelerҚazak Enciklopediyasy