Достық даңғылы – Алматы қаласындағы даңғыл. Медеу ауданында Пушкин мен Зенков көшелерінің арасында орналасқан. Жібек жолы даңғылының қиылысынан басталып, Гоголь көшесін кесіп өтеді, одан әрі 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақпен үзіліп, Қазыбек би көшесінен (бұрынғы Советская), Төле би (бұрынғы Комсомольская), Бөгенбай батыр (бұрынғы Киров) көшелерін қиып өтеді. Қарасай батыр (бұрынғы Виноградова), Қабанбай батыр (бұрынғы Калинин), Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы, Абай даңғылы, Сәтбаев, Жолдасбеков, Ньютон, Армянская көшелері, әл-Фараби даңғылы, Қажымұқан, Рубинштейн, Клочков, Митина, Крючков, Крючков. көшелері Керей-Жәнібек хандар (бұрынғы Тау) көшесіне айналады, бұл Медеуге апаратын тас жол.
Даңғылға Достық атауы (Алматы қаласы әкімінің 12.12.1995 № 202 шешімі) берілген. «Достық» сөзі татулық, ынтымақтастық, бірлік мағыналарын білдіреді.
Даңғылдың негізі 1919 жылы қаланған. Даңғыл Медеу ауданында орналасқан. Ол «Көк базар» сауда орталығынан басталып, Кіші Алматы өзеніне қатарлас және осы өзеннің қиылысқан жеріне дейін созылып, санаторийлер мен демалыс аймақтары орналасқан аймаққа барып тіреледі. Достық даңғылы көпшіліктің сүйікті демалыс орындары Көктөбеге, «Медеу» спорт кешеніне және «Шымбұлақ» тау шаңғысы спорт базасына баратын жолмен жалғасып жатыр. Кеңес өкіметі жылдарынан бастап даңғыл қаладағы ең маңызды магистральдардың біріне айналды.
Бұрынғы атаулары:
- а)Генерал Колпаковский көшесі;
- ә)Ленин даңғылы.
Даңғылдың ұзындығы - 8000 метр.
Даңғыл бойында Республика сарайы (Сарай 1970 жылы салынған. Сәулетшілер: В.Ю.Алле, В.Н.Ким, Ю.Г.Ратушный, Н.И.Рипинский, Л.Л.Ухоботов, т.б. Сарай Абай алаңы архитектуралық ансамблінің бір бөлігі), Оқушылар Сарайы (1983 ж. салынған. Сәулетшілер: В.Н.Ким, А.П.Зуев.Т.С.Әбілдаев), «АРК» галереясы, «Достар» бизнес-орталығы, «Вернисаж» галереясы орналасқан. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Кино және теледидар техника-экономикалық академиясы секілді жоғары оқу орындары бар. Даңғылда: Алматы тарихи-өлкетану мұражайы, Археологиялық мұражай, №27 кітапхана, №39 кітапхана, «Қазақстан» қонақ үйі, (Сәулетшілер: Л.Ухоботов, Ю.Ратушный, А.Анчугов, В.Каштанов). «Алатау» қонақ үйі. (1975 ж салынған), «Медеу» туристік қонақ үйі, (1974 ж. салынған. Сәулетшілер: В.З.Кацев, С.В.Коханович, А.С.Қайнарбаев), сондай-ақ, «Искра» кинотеатры, Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық «Дарын» мектеп-интернаты, «Алатау» қонақ үйі, «Ресей» супермаркеті, «Электроника әлемі» дүкендері, «Достық» мейманханасы, бірнеше санаторийлер мен демалыс орындары орналасқан.
Даңғыл бойында Ғани Мұратбаев ескерткіші (Оқушылар Сарайының алдында) 1995 ж. Мүсіншілер: Т.Досмағамбетов, О.Прокофьева. Сәулетшілер: Ш.Уәлиханов, А.Қайнарбаев); Жамбыл Жабаев ескерткіші. (ақынның 100 жылдық мерейтойына байланысты 1996 ж. орнатылған. Мүсінші: Б.Әбішев. Ландшафтың сәулетшілері: Ю.Ратушный, Т.Ералиев, О.Балықбаев); Т.Шевченко ескерткіші, (2000 ж. Орнатылған. Мүсінші: В.Рожик) орнатылған.
Ғимараттар
Ескерткіштер
- И. В. Панфилов ескерткіші
- Т. Г. Шевченко ескерткіші
- Абай ескерткіші
Дереккөздер
- Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dostyk dangyly Almaty kalasyndagy dangyl Medeu audanynda Pushkin men Zenkov koshelerinin arasynda ornalaskan Zhibek zholy dangylynyn kiylysynan bastalyp Gogol koshesin kesip otedi odan әri 28 gvardiyashy panfilovshylar atyndagy sayabakpen үzilip Қazybek bi koshesinen buryngy Sovetskaya Tole bi buryngy Komsomolskaya Bogenbaj batyr buryngy Kirov koshelerin kiyp otedi Қarasaj batyr buryngy Vinogradova Қabanbaj batyr buryngy Kalinin Zhambyl Shevchenko Қurmangazy Abaj dangyly Sәtbaev Zholdasbekov Nyuton Armyanskaya kosheleri әl Farabi dangyly Қazhymukan Rubinshtejn Klochkov Mitina Kryuchkov Kryuchkov kosheleri Kerej Zhәnibek handar buryngy Tau koshesine ajnalady bul Medeuge aparatyn tas zhol Dangylga Dostyk atauy Almaty kalasy әkiminin 12 12 1995 202 sheshimi berilgen Dostyk sozi tatulyk yntymaktastyk birlik magynalaryn bildiredi Қazakstan konak үji Dangyldyn negizi 1919 zhyly kalangan Dangyl Medeu audanynda ornalaskan Ol Kok bazar sauda ortalygynan bastalyp Kishi Almaty ozenine katarlas zhәne osy ozennin kiylyskan zherine dejin sozylyp sanatorijler men demalys ajmaktary ornalaskan ajmakka baryp tireledi Dostyk dangyly kopshiliktin sүjikti demalys oryndary Koktobege Medeu sport keshenine zhәne Shymbulak tau shangysy sport bazasyna baratyn zholmen zhalgasyp zhatyr Kenes okimeti zhyldarynan bastap dangyl kaladagy en manyzdy magistraldardyn birine ajnaldy Buryngy ataulary a General Kolpakovskij koshesi ә Lenin dangyly Dangyldyn uzyndygy 8000 metr Dangyl bojynda Respublika sarajy Saraj 1970 zhyly salyngan Sәuletshiler V Yu Alle V N Kim Yu G Ratushnyj N I Ripinskij L L Uhobotov t b Saraj Abaj alany arhitekturalyk ansamblinin bir boligi Okushylar Sarajy 1983 zh salyngan Sәuletshiler V N Kim A P Zuev T S Әbildaev ARK galereyasy Dostar biznes ortalygy Vernisazh galereyasy ornalaskan Abaj atyndagy Қazak ulttyk pedagogikalyk universiteti Kino zhәne teledidar tehnika ekonomikalyk akademiyasy sekildi zhogary oku oryndary bar Dangylda Almaty tarihi olketanu murazhajy Arheologiyalyk murazhaj 27 kitaphana 39 kitaphana Қazakstan konak үji Sәuletshiler L Uhobotov Yu Ratushnyj A Anchugov V Kashtanov Alatau konak үji 1975 zh salyngan Medeu turistik konak үji 1974 zh salyngan Sәuletshiler V Z Kacev S V Kohanovich A S Қajnarbaev sondaj ak Iskra kinoteatry Қazak tili men әdebietin terendetip okytatyn respublikalyk Daryn mektep internaty Alatau konak үji Resej supermarketi Elektronika әlemi dүkenderi Dostyk mejmanhanasy birneshe sanatorijler men demalys oryndary ornalaskan Dangyl bojynda Ғani Muratbaev eskertkishi Okushylar Sarajynyn aldynda 1995 zh Mүsinshiler T Dosmagambetov O Prokofeva Sәuletshiler Sh Uәlihanov A Қajnarbaev Zhambyl Zhabaev eskertkishi akynnyn 100 zhyldyk merejtojyna bajlanysty 1996 zh ornatylgan Mүsinshi B Әbishev Landshaftyn sәuletshileri Yu Ratushnyj T Eraliev O Balykbaev T Shevchenko eskertkishi 2000 zh Ornatylgan Mүsinshi V Rozhik ornatylgan ҒimarattarEskertkishterI V Panfilov eskertkishi T G Shevchenko eskertkishi Abaj eskertkishiDerekkozderAlmaty kosheleri Anyktamalyk enciklopediya Almaty IP Voloshin baspasy 2009 ISBN 978 601 7157 18 0