Демежан Кешубайұлы (1860, Қытай, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы - 1906, Шәуешек қаласы) - Қытайдағы қазақ диаспорасы арасынан шыққан қоғам қайраткері.
Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан.
Бала кезінде Тарбағатай аймағының губернаторы Ши амбының қолында бірнеше жыл аманатта болады. Сонда жүріп ақсүйектер мектебінде оқиды, манжұр, қытай тілдерін меңгереді. Кейін губернаторға көмекші әрі тілмаштық қызмет атқарады. 1884 жылы Шәуешек хаттамасы бойынша Ресей мен Қытай империясы өзара шекара бөліскенде жергілікті әкімшілік атынан аймақ шекарасын белгілеу ісіне қатысқан. 1895 жылы төрт ауыл руының екінші болып сайланады. Демежан ел ішінде мешіт, медресе, мектеп салу, жергілікті халықтың егіншілікпен айналысу ісін ұйымдастырады. Абдыра, Қараүңгір өзендерінен тоған шығарту жөнінде жоғарғы ұлықтың рұқсатын алуға күш салады. Бірақ оның бұл игілікті ісіне халдайлар (ішкі өлкеден шекара күзетіне келген сібе-солаң жұртының атамандары) қарсылық білдіреді. Қалыптасқан тәртіп бойынша таудан аққан ірі өзендер тек халдайлардың меншігі саналатын. Абдыра аңғарында өткен кезекті су таласы кезінде Демежан қазақтан қол жинап, халдайлардың бетін қайтарады.
Демежан орнына Тарбағатай аймағының губернаторы болып сайланған, Құлжадан келген Мәтен амбының да қарсылығына ұшырайды. Ол ру арасындағы алауыздықты қоздырып, Демежанды қазақтар арасынан шыққан бүлікші етіп көрсетуге тырысады. Демежанды жалған айыппен қамауға алып, 1906 жылы жазда Шәуешек қаласында дарға асып өлтіреді. Демежан – Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» романының басты кейіпкері.
Дереккөздер
- Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Найман — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2008. — Т. 10. — 430 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-21-09.
- Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Demezhan Keshubajuly 1860 Қytaj Shynzhan olkesi Tarbagataj ajmagy 1906 Shәueshek kalasy Қytajdagy kazak diasporasy arasynan shykkan kogam kajratkeri Najman tajpasy Tortuyl ruynan shykkan Bala kezinde Tarbagataj ajmagynyn gubernatory Shi ambynyn kolynda birneshe zhyl amanatta bolady Sonda zhүrip aksүjekter mektebinde okidy manzhur kytaj tilderin mengeredi Kejin gubernatorga komekshi әri tilmashtyk kyzmet atkarady 1884 zhyly Shәueshek hattamasy bojynsha Resej men Қytaj imperiyasy ozara shekara boliskende zhergilikti әkimshilik atynan ajmak shekarasyn belgileu isine katyskan 1895 zhyly tort auyl ruynyn ekinshi bolyp sajlanady Demezhan el ishinde meshit medrese mektep salu zhergilikti halyktyn eginshilikpen ajnalysu isin ujymdastyrady Abdyra Қaraүngir ozenderinen togan shygartu zhoninde zhogargy ulyktyn ruksatyn aluga kүsh salady Birak onyn bul igilikti isine haldajlar ishki olkeden shekara kүzetine kelgen sibe solan zhurtynyn atamandary karsylyk bildiredi Қalyptaskan tәrtip bojynsha taudan akkan iri ozender tek haldajlardyn menshigi sanalatyn Abdyra angarynda otken kezekti su talasy kezinde Demezhan kazaktan kol zhinap haldajlardyn betin kajtarady Demezhan ornyna Tarbagataj ajmagynyn gubernatory bolyp sajlangan Қulzhadan kelgen Mәten ambynyn da karsylygyna ushyrajdy Ol ru arasyndagy alauyzdykty kozdyryp Demezhandy kazaktar arasynan shykkan bүlikshi etip korsetuge tyrysady Demezhandy zhalgan ajyppen kamauga alyp 1906 zhyly zhazda Shәueshek kalasynda darga asyp oltiredi Demezhan Қ Zhumadilovtyn Tagdyr romanynyn basty kejipkeri DerekkozderH M Ғabzhalilov Қazak ru tajpalarynyn tarihy Najman Almaty Alash TZO Poligrafkombinat 2008 T 10 430 b 1000 taralym ISBN 9965 765 21 09 Ajbyn Enciklopediya Bas redaktory B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 ISBN 9965 893 73 HBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz