Гинкго (лат. Gínkgo bilóba) – Қытай, елдерінен таралған, кейде , кейде жалпақжапырақты ағашқа жатқызылатын, құпиясы көп, ғажайып өсімдік.
Гинкго | |
---|---|
Ағаш туралы
Гинкго - динозаврлар дәуірінен келе жатқан ағаш. Сол заманнан бері бұл ағаш аса өзгеріске ұшырамаған. Ыстық пен суыққа, газ бен отқа төзімді ағаш. Ғалымдардың зерттеуі бойынша гинкгоның кейбір түрлері 3000 жыл өмір сүреді.Көгалдандыру саласында 1691 жылдан бері қолданылып келеді. Көгалдандыруда кең қолданылғанымен табиғатта жоғалып бара жатқандықтан, 2000 жылы оны дүниежүзілік «Қызыл кітапқа» енгізген. Жапырақтары жүрек тәріздес болғандықтан, қытай, жапон елдерінде оны «махаббат ағашы» деп атап кеткен. Оның жапырақтарын жас ғашықтар бір-біріне сыйға тартады екен. Дихотомиялы жүйкеленеді. Гинкгоның биіктігі орта есеппен 25-30 м. Жапырағы мен жемісін дәрілік мақсатта қолданады. Жемісі жеуге жарамды, дәмі тұздылау, бірақ иісі жағымсыз. Елімізде бұл ағаш сәндік өсімдік ретінде танымал. Көгалдандыру саласына шет елден әкелініп жерсіндірілуде. Күзге таман барлық жапырағы алтын түстес сарыға боялады. Қос үйлі өсімдік болғандықтан гүлі тозаңдану үшін бір еркек, бір аналық гинкго ағаштарын қатар отырғызу керек. Аталық стробилдері (шишки) қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтықтарында пайда болады. Микроспорофиллдері жоғарғы жағында сорилері (сорус) бар тірсектен тұрады. Ол көп жағдайда тек жарықшақтары арқылы қақырайтын, екі салбырап тұрған микроспорангиден тұрады. Аналық стробилдері де қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтығында орналасады. Әрбір стробилде (шишка) екіден тұқымбүрі болады, олар дихотомиялы бұтақтанған тірсектің жоғарғы жағында орналасады. Ұрықтануы саговниктердегі секілді сперматозоидтардың көмегімен жүзеге асады.
Қолданылуы
Гинкгоның жапырағы мен ағашында зиянкестер мен ауруға ұшырамайтын қасиет бар. Оның кепкен жапырақтарын көне қолжазбалардың арасына салу арқылы кітап құртынан сақтаған. Хиросимадағы атом бомбасынан кейін гинкгоның тірі қалғандығы, оның өміршеңдігін білдіреді.
Күтімі
Төзімді ағаш болғандықтан, аса көп күтімді талап етпейді,топырақ талғамайды. Уақтылы суғарып, қисық өскен бұтақтарын қырқып, реттеп отыру керек. Топырақ талғамайды. Көшетін кең жерге отырғызу керек.
Көбейтілуі
Тұқымы арқылы арнайы жылыжайларда көбейтеді. Алғашында тұқымнан өскен көшет жай өседі де, биіктігі 1,5 - 2 метрге жеткен соң өсуі жылдамдайды. Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі.
Сілтемелер
- Остапьюк В.М. Перспективы использования Ginkgo biloba L. в городском озеленении Украины
- Гүлстан сайты Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Ginkgo degen betti karanyz Ginkgo lat Ginkgo biloba Қytaj elderinen taralgan kejde kejde zhalpakzhapyrakty agashka zhatkyzylatyn kupiyasy kop gazhajyp osimdik GinkgoAgash turalyGinkgo dinozavrlar dәuirinen kele zhatkan agash Sol zamannan beri bul agash asa ozgeriske ushyramagan Ystyk pen suykka gaz ben otka tozimdi agash Ғalymdardyn zertteui bojynsha ginkgonyn kejbir tүrleri 3000 zhyl omir sүredi Kogaldandyru salasynda 1691 zhyldan beri koldanylyp keledi Kogaldandyruda ken koldanylganymen tabigatta zhogalyp bara zhatkandyktan 2000 zhyly ony dүniezhүzilik Қyzyl kitapka engizgen Zhapyraktary zhүrek tәrizdes bolgandyktan kytaj zhapon elderinde ony mahabbat agashy dep atap ketken Onyn zhapyraktaryn zhas gashyktar bir birine syjga tartady eken Dihotomiyaly zhүjkelenedi Ginkgonyn biiktigi orta eseppen 25 30 m Zhapyragy men zhemisin dәrilik maksatta koldanady Zhemisi zheuge zharamdy dәmi tuzdylau birak iisi zhagymsyz Elimizde bul agash sәndik osimdik retinde tanymal Kogaldandyru salasyna shet elden әkelinip zhersindirilude Kүzge taman barlyk zhapyragy altyn tүstes saryga boyalady Қos үjli osimdik bolgandyktan gүli tozandanu үshin bir erkek bir analyk ginkgo agashtaryn katar otyrgyzu kerek Atalyk strobilderi shishki kyskargan orkenderindegi zhapyraktardyn koltyktarynda pajda bolady Mikrosporofillderi zhogargy zhagynda sorileri sorus bar tirsekten turady Ol kop zhagdajda tek zharykshaktary arkyly kakyrajtyn eki salbyrap turgan mikrosporangiden turady Analyk strobilderi de kyskargan orkenderindegi zhapyraktardyn koltygynda ornalasady Әrbir strobilde shishka ekiden tukymbүri bolady olar dihotomiyaly butaktangan tirsektin zhogargy zhagynda ornalasady Ұryktanuy sagovnikterdegi sekildi spermatozoidtardyn komegimen zhүzege asady ҚoldanyluyGinkgonyn zhapyragy men agashynda ziyankester men auruga ushyramajtyn kasiet bar Onyn kepken zhapyraktaryn kone kolzhazbalardyn arasyna salu arkyly kitap kurtynan saktagan Hirosimadagy atom bombasynan kejin ginkgonyn tiri kalgandygy onyn omirshendigin bildiredi KүtimiTozimdi agash bolgandyktan asa kop kүtimdi talap etpejdi topyrak talgamajdy Uaktyly sugaryp kisyk osken butaktaryn kyrkyp rettep otyru kerek Topyrak talgamajdy Koshetin ken zherge otyrgyzu kerek KobejtiluiTukymy arkyly arnajy zhylyzhajlarda kobejtedi Algashynda tukymnan osken koshet zhaj osedi de biiktigi 1 5 2 metrge zhetken son osui zhyldamdajdy Қalemsheleu arkyly onaj kobejtiledi SiltemelerOstapyuk V M Perspektivy ispolzovaniya Ginkgo biloba L v gorodskom ozelenenii Ukrainy Gүlstan sajty Muragattalgan 20 akpannyn 2012 zhyly DerekkozderҚ 74 Қulzhabaeva G Ә Өsimdikter әlemi oku әdistemelik kesheni Agashtar Didaktikalyk material Almaty 2010 15 b ISBN 978 601 7237 03 5