Геронтология(грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс., қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі – осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психик. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- man chechia.jpg Фото старца
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gerontologiya grekshe geron zhәne logos ilim adamnyn zhәne zhanuarlar organizminin kartayu zandylyktaryn zerttejtin gylym Egde tartkan zhәne kartajgan adamdardyn aurularyn klinikalyk medicinanyn geriatriya grekshe geron zhәne iatreia emdeu dep atalatyn bolimi zerttejdi 20 gasyrdyn 30 40 zhyldary Қazakstanda kariyalar men mүgedekter үji gerontologiyalyk zhәne geriatriyalyk kabinetter Almaty Қaragandy t b auruhanalarda geriatriyalyk bolimder ashyldy zhүjeli zertteuler zhүrgizile bastady Bul zertteulerdin nәtizhesinde kartayudyn әleum gigienalyk sebepteri men klinik belgileri anyktaldy adam zhasynyn ulgayuyna bajlanysty zhүrek pen kan tamyrlarynda pajda bolatyn ozgerister zertteldi egde tartkan zhәne kartajgan adamdardyn әdette bajkalmajtyn zhүrek akaularyna sipattama berildi Fiziol zhәne biohim korsetkishterdin kalypty dengeji anyktalyp egde tartkan zhәne kartajgan adamdardyn densaulygyn tekseru әdistemesi usynyldy Kejbir dәrilerdin kartajgan organizmge tigizetin әseri vegetativtik zhүjke men limfa zhүjesindegi morfol zhәne gistohim ozgerister zertteldi Қarttar men egde zhastagy adamdardyn psihikasy minez kulyk erekshelikterin zhas psihologiyasynyn bir salasy gerontologiyalyk psihologiya zerttejdi Ol kartayudyn belgilerin yagni adam organizminin funkcionaldyk mүmkindikterinin syrtky әserlerdi kabyldauy komeskilenip kimyl belsendiligi bayaulauy kүsh kuatynyn azajyp densaulygynyn nasharlauy birtindep tomendeuin karastyrady Psihika funkciyalaryndagy zerde es zejin t b ozgerister bir zhakty gana bajkalady Қart adamdardyn psihikasyna intellektualdyk zhәne emocionaldyk ishki әlemge ketu otkizgen omirin bagalau men ugynuga bajlanysty kajgyru omirindegi basty maksattary oryndalmasa okinu tүnilu siyakty kasietter tәn bolady Alajda kartayudy tek regressivtik kubylys dep karamau kerek Қartayu damudyn bir kezeni Bul kezende adamnyn ruhani zhetilu dengeji zhogary bolady Mys kanagattanu paryzyn otegen zhagdajda omirge rizashylyk mejirimdilik t b kasiettermen katar kemeldengen adamdardyn danalykka zhetui osy kartayu kezinde oryn alatyn kubylys Қart adamnyn shygarm belsendiligi zhogary bolatyndygy zhii bajkalady Қartayudyn psihik erekshelikteri men ozgeristerine erte kezden nazar audarylsa da Gerontologiya gylymi pәn retinde egde zhastagy adamdardyn kobeyui olardyn zhumyska kabilettiligi men turmys zhagdajynyn sondaj ak is әreketinin sipaty men kundylykty bagdarlarynyn ozgeruine yagni zheke adamnyn damu mәselelerine t b bajlanysty pajda boldy Gerontologiyanyn kazirgi kezdegi negizgi mindetterine adamdy kәrilikke dajyndau egde zhastagy adamdar men karttardyn belsendi әri tolyk omir sүrui amaldaryn zertteu t b zhatady DerekkozderҚazak Enciklopediyasy man chechia jpg Foto starca Biekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet