Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама (Antivirus software) — компьютер бағдарламаларына зақым келтіретін вирустарды табатын әрі олардың кері әсерін (залалын) жоятын бағдарлама. Егер вирус жойылмаса, онда зақымданған программа жұмыс істей алмайды, сондықтан оны өшіріп тастау керек.
Вирусқа қарсы бағдарламалар электронды поштада және компьютердегі басқа файлдарда вирустар, «құрттар», «трояндық аттар» бар-жоғын тексереді. Вирус, «құрт» немесе «трояндық ат» табылған жағдайда, вирусқа қарсы бағдарлама вирус компьютерге және файлдарға зиянын тигізбей тұрғанда, оны карантинге қояды немесе түгелдей жояды.
Интернетте қызықты жерлер мен пайдалы дерек көп, алайда қауіп-қатерлер де жетерлік. Компьютер электронды пошта арқылы немесе уеб-тораптан қотарылған бағдарламамен бірге келген компьютерлік вирустан зақымдалуы мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалардың болмауы вирустардың басқа компьютерлерге таралуына мүмкіндік жасайды.
Көптеген вирусқа қарсы бағдарламалар өздіктік түрде жаңартылу жетесімен жабдықталған. Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама жаңартылған кезде жаңа вирустар туралы мәлімет вирустарды тексеру тізіміне үстеледі де, бұл компьютердің жаңа шабуылдан қорғалуын қамтамасыз етеді. Егер вирусқа қарсы бағдарлама өздіктік түрде жаңартылмайтын болса, жаңа вирустар күн сайын пайда болып отыратындықтан, жаңартуды үнемі қолдан жасап отыруға кеңес беріледі. Егер Сіз қолданатын вирусқа қарсы бағдарлама жазылуды қажет етсе, жаңартуларды жүйелі түрде алып тұру үшін жазылымды белсенді күйде үзбей сақтауға кеңес беріледі. Егер вирустар тізімі ескірген болса, компьютер жаңа қатерге осал болады.
Көптеген ірі компьютер өндірушілер компьютерлерді вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманың ең болмағанда сынақтама нұсқасымен жабдықтайды. Алайда, вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманың компьютерде болуы оны белсенді екеніне және жүйелі түрде жаңартылып отыратынына кепіл болмайды.
Түрлері
Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамалар орындалу әрекетіне қарай екіге бөлінеді:
- бағдарламалық жасақтамадағы;
- бағдарламалық-техникалық құралдардағы.
Вирустардан қорғау түрі (әдісі) бойынша бөлінеді:
- Анықтау бағдарламалары немесе сканерлер. Вирустарды жедел жадта, ішкі және (немесе) сыртқы медиада іздейді, вирус анықталған кезде хабарлама көрсетеді;
- Емдеуші бағдарламалары. Вирустанған файлдарды тауып, оларды «емдейді». Осы типтегі бағдарламалар арасында әр түрлі вирустарды жоюға қабілетті полифагтар(әр-түрлі вирустар) бар, олардың ішіндегі ең танымал полифагтар Norton AntiVirus, Doctor Web, Kaspersky Antivirus;
- Вакцина бағдарламалары. Вирустардың әрекетін тосқауылдау арқылы жүйені (файлдарды, каталогтарды) иммунизациялайды;
- Аудиторлық бағдарламалар. Вирустардан қорғау тұрғысынан ең сенімді болып табылады. Инспекторлар бағдарламалардың, каталогтардың және дискінің жүйелік аймақтарының бастапқы күйін, яғни компьютер вирус жұқтырғанға дейінгі күйін, есте сақтайды, содан кейін дисплейде табылған өзгерістерді көрсете отырып, ағымдағы күйді бастапқы күймен салыстырады;
- Монитор бағдарламалары өз жұмысын операциялық жүйе іске қосылған кезде бастайды, компьютердің жадында болады және файлдарды автоматты түрде дәл сол уақытта, сол жерде тексереді.
- Сүзгілер (күзетшілер) вирусты көбейе бастағанға дейін бастапқы сатысында анықтайды. Күзетшілер - вирустарға тән әрекеттерді анықтау болып табылатын шағын резиденттік бағдарламалар.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
- Язов Ю. К., Соловьев С. В. Защита информации в информационных системах от несанкционированного доступа. Пособие — Кварта. — Воронеж, 2015. — Б. 357. — 440 б. — 232 таралым. — ISBN 978-5-93737-107-2.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Antivirus software |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Viruska karsy bagdarlamalyk zhasaktama Antivirus software kompyuter bagdarlamalaryna zakym keltiretin virustardy tabatyn әri olardyn keri әserin zalalyn zhoyatyn bagdarlama Eger virus zhojylmasa onda zakymdangan programma zhumys istej almajdy sondyktan ony oshirip tastau kerek Kasperskij viruska karsy bagdarlamalyk zhasaktamanyn logosy Viruska karsy bagdarlamalar elektrondy poshtada zhәne kompyuterdegi baska fajldarda virustar kurttar troyandyk attar bar zhogyn tekseredi Virus kurt nemese troyandyk at tabylgan zhagdajda viruska karsy bagdarlama virus kompyuterge zhәne fajldarga ziyanyn tigizbej turganda ony karantinge koyady nemese tүgeldej zhoyady Internette kyzykty zherler men pajdaly derek kop alajda kauip katerler de zheterlik Kompyuter elektrondy poshta arkyly nemese ueb toraptan kotarylgan bagdarlamamen birge kelgen kompyuterlik virustan zakymdaluy mүmkin Viruska karsy bagdarlamalardyn bolmauy virustardyn baska kompyuterlerge taraluyna mүmkindik zhasajdy Koptegen viruska karsy bagdarlamalar ozdiktik tүrde zhanartylu zhetesimen zhabdyktalgan Viruska karsy bagdarlamalyk zhasaktama zhanartylgan kezde zhana virustar turaly mәlimet virustardy tekseru tizimine үsteledi de bul kompyuterdin zhana shabuyldan korgaluyn kamtamasyz etedi Eger viruska karsy bagdarlama ozdiktik tүrde zhanartylmajtyn bolsa zhana virustar kүn sajyn pajda bolyp otyratyndyktan zhanartudy үnemi koldan zhasap otyruga kenes beriledi Eger Siz koldanatyn viruska karsy bagdarlama zhazyludy kazhet etse zhanartulardy zhүjeli tүrde alyp turu үshin zhazylymdy belsendi kүjde үzbej saktauga kenes beriledi Eger virustar tizimi eskirgen bolsa kompyuter zhana katerge osal bolady Koptegen iri kompyuter ondirushiler kompyuterlerdi viruska karsy bagdarlamalyk zhasaktamanyn en bolmaganda synaktama nuskasymen zhabdyktajdy Alajda viruska karsy bagdarlamalyk zhasaktamanyn kompyuterde boluy ony belsendi ekenine zhәne zhүjeli tүrde zhanartylyp otyratynyna kepil bolmajdy TүrleriViruska karsy bagdarlamalyk zhasaktamalar oryndalu әreketine karaj ekige bolinedi bagdarlamalyk zhasaktamadagy bagdarlamalyk tehnikalyk kuraldardagy Virustardan korgau tүri әdisi bojynsha bolinedi Anyktau bagdarlamalary nemese skanerler Virustardy zhedel zhadta ishki zhәne nemese syrtky mediada izdejdi virus anyktalgan kezde habarlama korsetedi Emdeushi bagdarlamalary Virustangan fajldardy tauyp olardy emdejdi Osy tiptegi bagdarlamalar arasynda әr tүrli virustardy zhoyuga kabiletti polifagtar әr tүrli virustar bar olardyn ishindegi en tanymal polifagtar Norton AntiVirus Doctor Web Kaspersky Antivirus Vakcina bagdarlamalary Virustardyn әreketin toskauyldau arkyly zhүjeni fajldardy katalogtardy immunizaciyalajdy Auditorlyk bagdarlamalar Virustardan korgau turgysynan en senimdi bolyp tabylady Inspektorlar bagdarlamalardyn katalogtardyn zhәne diskinin zhүjelik ajmaktarynyn bastapky kүjin yagni kompyuter virus zhuktyrganga dejingi kүjin este saktajdy sodan kejin displejde tabylgan ozgeristerdi korsete otyryp agymdagy kүjdi bastapky kүjmen salystyrady Monitor bagdarlamalary oz zhumysyn operaciyalyk zhүje iske kosylgan kezde bastajdy kompyuterdin zhadynda bolady zhәne fajldardy avtomatty tүrde dәl sol uakytta sol zherde tekseredi Sүzgiler kүzetshiler virusty kobeje bastaganga dejin bastapky satysynda anyktajdy Kүzetshiler virustarga tәn әreketterdi anyktau bolyp tabylatyn shagyn rezidenttik bagdarlamalar DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Informatika zhәne kompyuterlik tehnika Almaty Mektep baspasy 2002 zhyl Yazov Yu K Solovev S V Zashita informacii v informacionnyh sistemah ot nesankcionirovannogo dostupa Posobie Kvarta Voronezh 2015 B 357 440 b 232 taralym ISBN 978 5 93737 107 2 Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Antivirus software