Вильям Теккерей (William Makepeace Thackeray, 1811-1864) ағылшын әдебиетіндегі «Мансапқорлар жәрмеңкесі», «Генри Эсмонд», «Ньюком» атты реалистік романдардың авторы.
William Makepeace Thackeray | |
---|---|
Photograph of William Makepeace Thackeray | |
Дүниеге келгендегі есімі: | William Makepeace Thackeray |
Дүниеге келгені: | William Makepeace Thackeray , India |
Қайтыс болғаны: | (age 52) London, England |
Мансабы: | Novelist, Poet |
Ұлты: | English |
Жазу кезеңі: | 1829–1864 (published posthumously) |
Жанры: | Historical Fiction |
Елеулі шығармасы(лары): | |
Жұбайы(лары): | Isabella Gethin Shawe |
Балалары: | Anne Isabella (1837-1919) Jane (1838?-1839?) Harriet Marian (1840-1875) |
Ықпалдауы , , , , | |
Ықпалдануы , |
Теккерей – ағылшынның ірі реалист жазушыларының бірі, Диккенстің замандасы. Ол Үндістанның Калькутта қаласында 1811 жылы дүниеге келді. Оның әкесі Ост-Үндістан компаниясының қызметкері, нақтырақ айтқанда британдық әкімшілік қызметтің шенеунігі болды. Алты жасында жетім қалғандықтан бала Уильямның тәрбиесіне майор Кармайкл-Смит жауапты болады, ол әрі өгей әкесі болып саналды. Теккерей әрбір «ағылшындық джентльменге лайық» білім алу үшін Англияға келіп, әуелі Чартерхаустағы мектепте, одан соң екі жыл Кембридж университетінде оқыды. Бірақ Уильям Кембридждегі оқуын аяқтамай шығып кетеді. 1832 жылдың жазында ол сол уақытта филологиялық ғылымдардың дамуымен аты шыққан Германияға келеді. Веймар университетінде, басқа да неміс қалаларында болып, Гетемен, бірқатар неміс жазушыларымен танысады. Әкесінің мұрагері болғандықтан, Теккерейге жастайынан әдебиетпен, живописьпен айналысуына мүмкіндік туды. Бірақ әкесінің бар байлығы сақталып тұрған банк банкротқа ұшырап, аяқасты кедейленіп қалған Теккерейге ақша табу үшін журналист, суретші-карикатурист болуға тура келді. Содан кейін ғана ол әдеби еңбекпен айналысты. Бірақ суретшілік өнерін де тастамады, көптеген шығармаларына өзі иллюстрация салды. Өзінің әдеби қызметін Теккерей 1840 жылдардың І жартысында журналист ретінде бастады. Өгей әкесі майор Кармайкл-Смит «Ұлт ұраны» атты радикалдық газет ашып, оның бар жұмысын Уильямға тапсырады. Жас Уильям бұл газетте шетелдік корреспондент ретінде жұмыс істеп, еңбек жолының алғашқы этабын бастайды. Бірақ «Ұлт ұраны» газеті аз уақыттың ішінде өз жұмысын тоқтатып, Теккерей шетелдік корреспондент ретінде өгей әкесінің «Конституционалист» (1836-1837) газетінде жұмысын жалғастырады. 1837 жылдан бастап «Фрэзер журналына» кіреді. Ол қоғамның саяси өміріне арналған көптеген очерктер мен заметкалардың, пародиялар мен шымшыма карикатуралардың авторы болды. Сондай-ақ Теккерейдің туындылары ең танымал юморлық апталық «Панчта» жарияланып отырды. Ол ішкі және халықаралық саясатқа араласып, британдық милитаризмді сынады, Ирландияның езілген, қаналған халқын қорғауға дауыс берді, Луи-Филипп монархиясын және елде тұрақты, қалыпты жағдайды жасай, сақтай алмай отырған ағылшын парламентінің виг және торилер партиясын өлтіре әшкерелеп, сынға алды. Теккерей әртүрлі көптеген пародиялар тудырып, реакциялық романтизм мен эпигон жазушылардың өмір шындығынан мүлде алшақ жатқан шығармаларын сынға алды, буржуазиялық тарихшылардың еңбектерін пародиялады. Теккерей – көптеген әңгімелердің, сатиралық повестердің, Англия өміріне арналған романдардың авторы. Жазушының дүниетанымы Англиядағы чартистік қозғалыс кезінде 1830-1840 жылдары қалыптасты. Оның ең әйгілі романдарында Англиядағы жұмысшылар көтерілісі, жағдайы, көңіл-күйі баяндалды. Теккерей – сатирик жазушы. Оның сатирасы буржуазиялық қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына негізделген. Теккерей Диккенс секілді революциялық қозғалыстың жақтаушысы болмаса да, халық толқуының әділдігі мен заңдылығын түсінді. Диккенс шығармалары секілді Теккерей романдары кең ауқымды емес, ол тек қоғамның жоғарғы класының мүшелері туралы, солардың өмірі, іс-әрекеті туралы жазды. Оның туындыларында халық өмірі, қарапайым халық арасынан шыққан образдар жоқтың қасы.
1848 жылғы еуропа революциясы кезінде жазылған «Мансапқорлар жәрмеңкесінде» де, «Көрсеқызарлар кітабында» да автор қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті өткір сынға алады. Теккерей өзін фантазия, қиял әлемінде еркін қанат қағатын жазушылар санатына жатқызбайды. Ол үшін романның «бақытпен аяқталуы» оңай шешіле салатын нәрсе емес. Мысалы, «Мансапқорлар жәрмеңкесіндегі» капитан Доббин Эмилияны қалтқысыз сүйді және оны көптеген жылдар үмітін үзбей, төзімділікпен күтуінің арқасында, оған үйленді. Бірақ капитан армандаған бақытына жете алмады. Әрбір оқырман шығарманы оқып біткенде, ондағы кейіпкердің жеткен жетістігін немесе шыққан биігін емес, керісінше, сол жолда олардың басынан кешірген қиындықтарын, қасіретін, азабын ойлап, толғанады, жүрегі ауырады. Әлем әдебиетінің тарихына Теккерей ең алдымен ағылшын сыншыл реализмінің тамаша туындыларының бірі «Мансапқорлар жәрмеңкесінің» авторы ретінде енді.
Дереккөздер
- Зарубежная литература. С.В.Тураев, И.Б.Дюшен, Г.А.Могилевская, А.А.Тахо-Годи. Москва, Просвещение, 1975
- Тоқшылықова Г.Б. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2010
- История зарубежной литературы ХІХ века. Под ред. Н.А.Соловьевой. Москва, Высшая школа, 2000
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Vilyam Tekkerej William Makepeace Thackeray 1811 1864 agylshyn әdebietindegi Mansapkorlar zhәrmenkesi Genri Esmond Nyukom atty realistik romandardyn avtory William Makepeace ThackerayPhotograph of William Makepeace ThackerayDүniege kelgendegi esimi William Makepeace ThackerayDүniege kelgeni William Makepeace Thackeray IndiaҚajtys bolgany age 52 London EnglandMansaby Novelist PoetҰlty EnglishZhazu kezeni 1829 1864 published posthumously Zhanry Historical FictionEleuli shygarmasy lary Zhubajy lary Isabella Gethin ShaweBalalary Anne Isabella 1837 1919 Jane 1838 1839 Harriet Marian 1840 1875 Ykpaldauy Ykpaldanuy Tekkerej agylshynnyn iri realist zhazushylarynyn biri Dikkenstin zamandasy Ol Үndistannyn Kalkutta kalasynda 1811 zhyly dүniege keldi Onyn әkesi Ost Үndistan kompaniyasynyn kyzmetkeri naktyrak ajtkanda britandyk әkimshilik kyzmettin sheneunigi boldy Alty zhasynda zhetim kalgandyktan bala Uilyamnyn tәrbiesine major Karmajkl Smit zhauapty bolady ol әri ogej әkesi bolyp sanaldy Tekkerej әrbir agylshyndyk dzhentlmenge lajyk bilim alu үshin Angliyaga kelip әueli Charterhaustagy mektepte odan son eki zhyl Kembridzh universitetinde okydy Birak Uilyam Kembridzhdegi okuyn ayaktamaj shygyp ketedi 1832 zhyldyn zhazynda ol sol uakytta filologiyalyk gylymdardyn damuymen aty shykkan Germaniyaga keledi Vejmar universitetinde baska da nemis kalalarynda bolyp Getemen birkatar nemis zhazushylarymen tanysady Әkesinin murageri bolgandyktan Tekkerejge zhastajynan әdebietpen zhivopispen ajnalysuyna mүmkindik tudy Birak әkesinin bar bajlygy saktalyp turgan bank bankrotka ushyrap ayakasty kedejlenip kalgan Tekkerejge aksha tabu үshin zhurnalist suretshi karikaturist boluga tura keldi Sodan kejin gana ol әdebi enbekpen ajnalysty Birak suretshilik onerin de tastamady koptegen shygarmalaryna ozi illyustraciya saldy Өzinin әdebi kyzmetin Tekkerej 1840 zhyldardyn I zhartysynda zhurnalist retinde bastady Өgej әkesi major Karmajkl Smit Ұlt urany atty radikaldyk gazet ashyp onyn bar zhumysyn Uilyamga tapsyrady Zhas Uilyam bul gazette sheteldik korrespondent retinde zhumys istep enbek zholynyn algashky etabyn bastajdy Birak Ұlt urany gazeti az uakyttyn ishinde oz zhumysyn toktatyp Tekkerej sheteldik korrespondent retinde ogej әkesinin Konstitucionalist 1836 1837 gazetinde zhumysyn zhalgastyrady 1837 zhyldan bastap Frezer zhurnalyna kiredi Ol kogamnyn sayasi omirine arnalgan koptegen ocherkter men zametkalardyn parodiyalar men shymshyma karikaturalardyn avtory boldy Sondaj ak Tekkerejdin tuyndylary en tanymal yumorlyk aptalyk Panchta zhariyalanyp otyrdy Ol ishki zhәne halykaralyk sayasatka aralasyp britandyk militarizmdi synady Irlandiyanyn ezilgen kanalgan halkyn korgauga dauys berdi Lui Filipp monarhiyasyn zhәne elde turakty kalypty zhagdajdy zhasaj saktaj almaj otyrgan agylshyn parlamentinin vig zhәne toriler partiyasyn oltire әshkerelep synga aldy Tekkerej әrtүrli koptegen parodiyalar tudyryp reakciyalyk romantizm men epigon zhazushylardyn omir shyndygynan mүlde alshak zhatkan shygarmalaryn synga aldy burzhuaziyalyk tarihshylardyn enbekterin parodiyalady Tekkerej koptegen әngimelerdin satiralyk povesterdin Angliya omirine arnalgan romandardyn avtory Zhazushynyn dүnietanymy Angliyadagy chartistik kozgalys kezinde 1830 1840 zhyldary kalyptasty Onyn en әjgili romandarynda Angliyadagy zhumysshylar koterilisi zhagdajy konil kүji bayandaldy Tekkerej satirik zhazushy Onyn satirasy burzhuaziyalyk kogamnyn әdiletsizdigine ozbyrlygyna negizdelgen Tekkerej Dikkens sekildi revolyuciyalyk kozgalystyn zhaktaushysy bolmasa da halyk tolkuynyn әdildigi men zandylygyn tүsindi Dikkens shygarmalary sekildi Tekkerej romandary ken aukymdy emes ol tek kogamnyn zhogargy klasynyn mүsheleri turaly solardyn omiri is әreketi turaly zhazdy Onyn tuyndylarynda halyk omiri karapajym halyk arasynan shykkan obrazdar zhoktyn kasy 1848 zhylgy europa revolyuciyasy kezinde zhazylgan Mansapkorlar zhәrmenkesinde de Korsekyzarlar kitabynda da avtor kogamdagy әleumettik tәrtipti otkir synga alady Tekkerej ozin fantaziya kiyal әleminde erkin kanat kagatyn zhazushylar sanatyna zhatkyzbajdy Ol үshin romannyn bakytpen ayaktaluy onaj sheshile salatyn nәrse emes Mysaly Mansapkorlar zhәrmenkesindegi kapitan Dobbin Emiliyany kaltkysyz sүjdi zhәne ony koptegen zhyldar үmitin үzbej tozimdilikpen kүtuinin arkasynda ogan үjlendi Birak kapitan armandagan bakytyna zhete almady Әrbir okyrman shygarmany okyp bitkende ondagy kejipkerdin zhetken zhetistigin nemese shykkan biigin emes kerisinshe sol zholda olardyn basynan keshirgen kiyndyktaryn kasiretin azabyn ojlap tolganady zhүregi auyrady Әlem әdebietinin tarihyna Tekkerej en aldymen agylshyn synshyl realizminin tamasha tuyndylarynyn biri Mansapkorlar zhәrmenkesinin avtory retinde endi DerekkozderZarubezhnaya literatura S V Turaev I B Dyushen G A Mogilevskaya A A Taho Godi Moskva Prosveshenie 1975 Tokshylykova G B Shetel әdebietinin tarihy Almaty 2010 Istoriya zarubezhnoj literatury HIH veka Pod red N A Solovevoj Moskva Vysshaya shkola 2000