Білім қоғамы— КСРО кезіндегі бұқара халық арасында саяси және ғылыми білім негіздерін насихаттау мақсатында құрылған ұйым. 1947 ж. шілдеде Саяси және ғылыми білімдерді тарату жөніндегі бүкілодақтық қоғам болып құрылды, 1963 жылдан бүкілодақтық “Білім” қоғамы болып аталды. Қоғам өз мақсатына сәйкес КОКП бағдарламасын жүзеге асыру, коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау, еңбекшілердің коммунистік көзқарасын қалыптастыру, оларды кеңестік патриоттық және интернационалдылық рухында тәрбиелеу, антикоммунизмге, бурж. идеологияға қарсы күрес жүргізу секілді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жоғары органы — 4 жылда бір рет шақырылатын съезд, съездер аралығында басқарушы органы — басқарма болды. “Білім” қоғамы 15 респ. және 20 автономиялық, 131 өлкелік, облыстық, округтік және 706 қалалық, қалалардағы 494 аудандық, 2804 селолық аудандық, 126 374 бастауыш ұйымдарды біріктірді. Оның құрамында 2319 мың мүшесі болды (1970). Қоғам мүшелері, негізінен, ғалымдардан, оқытушылар мен мұғалімдерден, партия, комсомол, кәсіподақ қызметкерлерінен, әр түрлі өнеркәсіп салаларындағы басшы қызметкерлерден тұрды. Олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу арқылы ел санасында коммунистік идеяның терең орнығуына ықпал етті. “Білім” қоғам қызметінің ауқымы қоғам өмірінің бар саласын қамтыды. Үгіт-насихат жүргізу тәсілі ретінде: лекциялар циклі, кинолекторийлер, экон. және ғыл.-өндірістік конференциялар, тақырыптық және сұрақ-жауап кештерін, кәсіпорын, колхоз, совхоз, шалғайдағы мал жайылымдарына ғалымдар мен мамандардың ұжымдық сапарларын, еңбек ардагерлерімен, өндіріс жаңашылдарымен кездесулер ұйымдастыру, т.б. кеңінен қолданды. Бүкілодақтық “Білім” қоғамның қарауында Политехникалық музей, Орталық лекторий және көптеген ғылыми-техникалық насихат үйлері, Орталық политехникалық кітапхана, ғыл. атеизм үйлері және 32 планетарий жұмыс істеді. Сонымен бірге қоғам ғылыми-әдістемелік кітаптар, ғыл.-саяси “Международная жизнь” (орыс, ағылшын, француз тілдерінде), ғылыми-көпшілік “Наука и жизнь”, жастарға арналған ғылыми-көпшілік және ғылыми-көркем “Знание — сила”, ғылыми-атеистік “Наука и религия”, ғылыми-әдістемелік “Слова лектора”, “Знание — народу”, “Трибуна лектора” журналдарын, “Наука и человечество” (КСРО ҒА-мен бірге) және “Будущее науки” халықаралық жылнамаларын шығарып тұрды.
Сондай-ақ, “Білім” қоғамы шет елдердің білім тарату, жұмысшы және коммунистік оқу-ағарту одақтарымен тығыз байланысып отырды. Мәселен, 1970 ж. қоғамның 145 мүшесі 25 елге барып, коммунистік жүйенің ең игі құрылым екендігі жөнінде уағыз айтып қайтты. “Білім” қоғамы біржақты идеологиялық қызмет жүргізіп, білім мен ғылым саласында бір ғана марксшілдік көзқарастың үстемдік етуіне күш салды. Әйтсе де, ел арасында ғылым-білімнің таралуына, көпшіліктің әлемдік ғылымның ірі жетістіктері жайлы хабардар болуына оң ықпалы болды. “Білім” қоғамы КСРО ыдырағаннан кейін өз жұмысын тоқтатты (1991).
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bilim kogamy KSRO kezindegi bukara halyk arasynda sayasi zhәne gylymi bilim negizderin nasihattau maksatynda kurylgan ujym 1947 zh shildede Sayasi zhәne gylymi bilimderdi taratu zhonindegi bүkilodaktyk kogam bolyp kuryldy 1963 zhyldan bүkilodaktyk Bilim kogamy bolyp ataldy Қogam oz maksatyna sәjkes KOKP bagdarlamasyn zhүzege asyru kommunizmnin materialdyk tehnikalyk bazasyn zhasau enbekshilerdin kommunistik kozkarasyn kalyptastyru olardy kenestik patriottyk zhәne internacionaldylyk ruhynda tәrbieleu antikommunizmge burzh ideologiyaga karsy kүres zhүrgizu sekildi үgit nasihat zhumystaryn zhүrgizdi Zhogary organy 4 zhylda bir ret shakyrylatyn sezd sezder aralygynda baskarushy organy baskarma boldy Bilim kogamy 15 resp zhәne 20 avtonomiyalyk 131 olkelik oblystyk okrugtik zhәne 706 kalalyk kalalardagy 494 audandyk 2804 selolyk audandyk 126 374 bastauysh ujymdardy biriktirdi Onyn kuramynda 2319 myn mүshesi boldy 1970 Қogam mүsheleri negizinen galymdardan okytushylar men mugalimderden partiya komsomol kәsipodak kyzmetkerlerinen әr tүrli onerkәsip salalaryndagy basshy kyzmetkerlerden turdy Olar үgit nasihat zhumystaryn zhүrgizu arkyly el sanasynda kommunistik ideyanyn teren ornyguyna ykpal etti Bilim kogam kyzmetinin aukymy kogam omirinin bar salasyn kamtydy Үgit nasihat zhүrgizu tәsili retinde lekciyalar cikli kinolektorijler ekon zhәne gyl ondiristik konferenciyalar takyryptyk zhәne surak zhauap keshterin kәsiporyn kolhoz sovhoz shalgajdagy mal zhajylymdaryna galymdar men mamandardyn uzhymdyk saparlaryn enbek ardagerlerimen ondiris zhanashyldarymen kezdesuler ujymdastyru t b keninen koldandy Bүkilodaktyk Bilim kogamnyn karauynda Politehnikalyk muzej Ortalyk lektorij zhәne koptegen gylymi tehnikalyk nasihat үjleri Ortalyk politehnikalyk kitaphana gyl ateizm үjleri zhәne 32 planetarij zhumys istedi Sonymen birge kogam gylymi әdistemelik kitaptar gyl sayasi Mezhdunarodnaya zhizn orys agylshyn francuz tilderinde gylymi kopshilik Nauka i zhizn zhastarga arnalgan gylymi kopshilik zhәne gylymi korkem Znanie sila gylymi ateistik Nauka i religiya gylymi әdistemelik Slova lektora Znanie narodu Tribuna lektora zhurnaldaryn Nauka i chelovechestvo KSRO ҒA men birge zhәne Budushee nauki halykaralyk zhylnamalaryn shygaryp turdy Sondaj ak Bilim kogamy shet elderdin bilim taratu zhumysshy zhәne kommunistik oku agartu odaktarymen tygyz bajlanysyp otyrdy Mәselen 1970 zh kogamnyn 145 mүshesi 25 elge baryp kommunistik zhүjenin en igi kurylym ekendigi zhoninde uagyz ajtyp kajtty Bilim kogamy birzhakty ideologiyalyk kyzmet zhүrgizip bilim men gylym salasynda bir gana marksshildik kozkarastyn үstemdik etuine kүsh saldy Әjtse de el arasynda gylym bilimnin taraluyna kopshiliktin әlemdik gylymnyn iri zhetistikteri zhajly habardar boluyna on ykpaly boldy Bilim kogamy KSRO ydyragannan kejin oz zhumysyn toktatty 1991 Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz