Былшық би (1860–1933) — Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, , Ақсу елді - мекенінде дүниеге келген. Ол тек Ақтөбе облысының ғана емес, күллі Кіші жүздің кенже биі. Қазақ тұрмысында жиі кездесетін бес дауды: жер, жесір, құн, мал және ар дауын шешкенде, қара қылды қақ жарғандай тура төрелік жасап, әділдігімен халықтың аузына іліккен айтулы билердің бірі. Бидің ата - тегі төмендегіше тарайды: Әлім - Төртқара - Құламан. Одан бері таратса Құламанның Андағұлы. Атасы Әбдібай дәулетті кісі болған. Қазір Бақсайыс бойында киелі деп аталатын орындардың бірі осы кісінің есімімен тығыз байланысты. Шалқарлық Мырзағұл мен Жағалбайлы Дербісәлі арасында болған бір жесір дауында 12 жасар Былшық би екі жаққа бірдей ұнайтын әділ төрелік айтып, көп көзіне түседі. Сол арада елдің игі жақсылары бата жасап, оған би атағын береді. Бидің азан шақырып қойған шын аты - Құтаяқ. Былшық аталып кетуі көзінің жасаурай беруінен екен. Ол " халық жауы" ретінде 1928 жылы сотталып, 1933 жылы Ақтөбенің №5 түрмесінде аштан өледі. Былшық бидің 9 ұлы болған . Олардан таралған ұрпақтар қазір Әйтеке би, Алға, Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қаласында тұрады. Былшық бидің түрмеден елге жолдаған соңғы хаты - өлеңмен жазылған. Бұл толғау қоштасуы - "Ата толғауы" деп аталады. Соңғы жылдары әртүрлі мерзімдік басылымдарында жарияланды. Комсомол селосындағы бас көшелердің бірі Былшық бидің есімімен аталады.
Дереккөздер
- А7-Ақтөбе: Энциклопедия - Ақтөбе. "Отандастар - Полиграфия" ЖШС, 2001 жыл.
- Ақтөбе облыстық "Ақтөбе" газеті №217, 15.2.1990 , 12.4.1999.
- "Алтын Орда" газеті, 1999 ж.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bylshyk bi 1860 1933 Aktobe oblysy Әjteke bi audany Aksu eldi mekeninde dүniege kelgen Ol tek Aktobe oblysynyn gana emes kүlli Kishi zhүzdin kenzhe bii Қazak turmysynda zhii kezdesetin bes daudy zher zhesir kun mal zhәne ar dauyn sheshkende kara kyldy kak zhargandaj tura torelik zhasap әdildigimen halyktyn auzyna ilikken ajtuly bilerdin biri Bidin ata tegi tomendegishe tarajdy Әlim Tortkara Қulaman Odan beri taratsa Қulamannyn Andaguly Atasy Әbdibaj dәuletti kisi bolgan Қazir Baksajys bojynda kieli dep atalatyn oryndardyn biri osy kisinin esimimen tygyz bajlanysty Shalkarlyk Myrzagul men Zhagalbajly Derbisәli arasynda bolgan bir zhesir dauynda 12 zhasar Bylshyk bi eki zhakka birdej unajtyn әdil torelik ajtyp kop kozine tүsedi Sol arada eldin igi zhaksylary bata zhasap ogan bi atagyn beredi Bidin azan shakyryp kojgan shyn aty Қutayak Bylshyk atalyp ketui kozinin zhasauraj beruinen eken Ol halyk zhauy retinde 1928 zhyly sottalyp 1933 zhyly Aktobenin 5 tүrmesinde ashtan oledi Bylshyk bidin 9 uly bolgan Olardan taralgan urpaktar kazir Әjteke bi Alga Yrgyz audandary men Aktobe kalasynda turady Bylshyk bidin tүrmeden elge zholdagan songy haty olenmen zhazylgan Bul tolgau koshtasuy Ata tolgauy dep atalady Songy zhyldary әrtүrli merzimdik basylymdarynda zhariyalandy Komsomol selosyndagy bas koshelerdin biri Bylshyk bidin esimimen atalady Bylshyk biDerekkozderA7 Aktobe Enciklopediya Aktobe Otandastar Poligrafiya ZhShS 2001 zhyl Aktobe oblystyk Aktobe gazeti 217 15 2 1990 12 4 1999 Altyn Orda gazeti 1999 zh