Соңғы жылдары бронх демікпесімен ауыру өте жиілеп кетті. Мұны негізгі 3 факторлармен байланыстыруға болады. Біріншіден, аллергиялық реактивтіліктің жоғарылауы. Екіншіден, химиялық өнеркәсіптердің дамуымен, қоршаған ортаның ластануымен және тағы басқа жағдайлармен қатынастың жоғарылауынан аллергендермен байланыс артты. Үшіншіден, бронх демікпесінің дамуына ықпал етуші тыныс алу жолдарының созылмалы аурулардың жиілеуі. Сонымен бірге аурудың жастық құрылымы да өзгереді. Қазіргі таңда бронх демікпесімен ауыратын барлық науқастардың 44% -ын қарт және егде жастағы адамдар құрайды. Қарт және егде жаста аурудың инфекциялық аллергиялық түрі кездеседі. Ол көбіне тыныс алу мүшелерінің қабыну ауруларының (созылмалы пневмония, созылмалы бронхит және т.б.) нәтижесінде туындайды. Осы инфекциялық ошақтан ағза өз тіндерінің ыдырау өнімдерімен, бактериялармен және токсиндермен сенсибилизацияланады. Бронх демікпесі өкпедегі қабыну үдерістерімен, жиі бронхит, бронхиолит, пневмониямен бірге басталуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі.
Науқастардың көбінде бронх демікпесі созылмалы ағымда кездеседі және физикалық күш түскенде үдейтін, тұрақты қиналдыратын ысқырықты тыныс және ентігумен сипатталады. Кезеңді түрде өршу тұншығу ұстамасының туындауымен байқалады. Аз мөлшерде ашық түсті, қою, кілегейлі қақырықты жөтел пайда болады. Көбіне ауырудың өршуі мен тұншығу ұстамасының туындауындағы маңызды рөлді тыныс алу мүшелеріндегі инфекциялық – қабыну (жіті респираторлы-вирусты инфекциялар, созылмалы бронхиттің өрлеуі) үдерістері алады.
Бронх демікпесінің ұстамасы әдетте түнде немесе таңертеңнен басталады. Бұл, бірінші кезекте ұстаманың туындауына алып келетін рецепторларды, шырышты қабықта тітіркендіретін бронхтарда ұйқы кезінде жиналған секреттермен байланысты болады. Бұл кезде белгілі рөлді кезбе жүйкесі тонусының жоғарылауы ойнайды. Барлық жастағы адамдардағыдай, демікпе кезіндегі функционалдық өзгеріс болып табылатын бронхоспазмнан басқа, қарт және егде жастағы адамдарда оның ағымы өкпе эмфиземасына асқынуы мүмкін. Нәтижесінде, өкпелік жетіспеушіліктен кейін жүректік жетіспеушілік тез қосылады.
Жас кезінде бір рет туындаған бронх демікпе қартайған уақытта да сақталуы мүмкін. Бұл кездегі бронх демікпесінің ұстамасы өткір ағымының төмендігімен ерекшеленеді. Аурудың ұзақ уақыт жүруіне орай, өкпеде (обструктивті эмфизема, созылмалы бронхит, пневмосклероз) және жүрек тамыр жүйесінде (өкпе текті жүрек) айқын өзгерістер байқалады.
Жіті ұстама кезінде науқаста ысқырықты сырыл, ентігу, жөтел және цианоз байқалады. Науқас алға қарай еңкейіп, екі қолына сүйеніп отырады. Тыныс алу актісіне қатысатын барлық бұлшықеттер қатайып, ширыққан болады.
Перкуссия кезінде қорап тәрізді дыбыс естіледі, аускультацияда көптеген ысқырықты, ызыңдаған сырылдар, сонымен қатар ылғалды сырылдар да естілуі мүмкін. Ұстама басында жөтел құрғақ, жиі қиналдыратын болады. Ұстама аяқталғанда жөтелмен бірге аз мөлшерде тұтқыр кілегейлі қақырық бөлінеді. Үлкен жастағы адамдар тобының ұстамасы кезіндегі бронходилататорларға (мысалы, теофиллин, изадрин) реакциясы кешіккен, толық емес болып келеді.
Жүрек тондары тұйық, тахикардия байқалады. Ұстама кезінде тәжді тамырлардың рефлекторлы тарылуы, өкпе артериясы жүйесіндегі жоғары қысым, миокардтың жиырылғыштық қасиетінің төмендеуі, сонымен бірге жүрек – тамыр жүйесіндегі қосымша аурулар (артериялды гипертензия, атеросклероздық кардиосклероз) нәтижесінде жіті жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Емі мен күтімі.
Ұстама кезінде және ұстама арасындағы кезеңде бронхоспазмды жою үшін пуриндерге (эуфиллин, диафиллин, дипрофиллин және т.б.) көңіл бөледі, оларды парентеральды және аэрозольді түрде енгізуге болады. Адреналинге қарағанда бұл препараттарды тағайындаудың артықшылығы, оларды гипертониялық ауру, жүрек демікпесі, жүректің ишемиялық ауруы, бас миы тамырларының атеросклерозында енгізуде қарсы көрсеткіштері жоқ. Сонымен бірге эуфиллин және осы топтың басқа препараттары коронарлық, бүйректік қанайналымды жақсартады. Осылардың барлығы олардың гериатриялық тәжірибеде кеңінен қолданылуына себеп болады.
Адреналин бронхоспазмды тез басып, ұстаманы тыюды қамтамасыз ететіндігіне қарамастан, оны қарт және егде жастағы адамдарға, олардың гормоналды препараттарға жоғары сезімталдығын ескере отырып, абайлап тағайындаған жөн. Тері астына немесе бұлшықетке адреналинді енгізуді, тек бронх демікпесін ешқандай дәрілік заттармен тыю мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданады. Препараттың дозасы 0,1% ерітіндінің 0,2–0,3 мл-нен аспауы тиіс. Адреналиннен тиімділік болмаған кезде, оны дәл сол дозада тек 4 сағат өткеннен кейін ғана енгізуге болады. Эфедринді тағайындағанда, ол жай, бірақ ұзақ әсер ету тиімділігін қамтамасыз етеді. Эфедрин қуықасты безінің аденомасында қарсы көрсеткіш екенін ескерген жөн. Бронхолитикалық әсерге изопропилнорадреналин дәрілері (изадрин, арципреналин сульфаты, новодрин және т.б.) ие болып келеді.
Трипсин және химотрипсин аэрозольдері және басқа қақырықты түсіретін заттарды қолданғанда, протеолиз өнімдерінің сіңірілуімен байланысты, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Терапия барысында, оларды енгізер алдында гистаминге қарсы препаратты тағайындау керек. Бронх өткізгіштігін жақсарту үшін бронхолитикалық заттар қолданады.
Таңдау дәрісіне холинолитиктер жатады. Адреномиметиктерді (изадрин, эфедрин) көтере алмағанда, көп мөлшердегі қақырық және бронх демікпесі және ЖИА (брадикардиямен, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуымен жүретін) қосарлануы кезінде, холинолитиктер (атровент, тровентол, трувент, беродуал) тағайындалады.
Бронх демікпесінің кешенді еміне антигистаминді дәрілер (димедрол, супрастин, дипразин, диазолин, тавегил және т.б.) енеді.
Бронх демікпесі стенокардиямен қосарланса енгізу жылдамдығы
8-12 л/мин болатын оттегі (25-30%) және азот тотығымен (70-75%) ингаляция көрсетілген.
Бронх демікпесінің ұстамасы негізінде бронхолитикалық заттармен бірге жүрек-тамыр дәрілерін қолдану керек, себебі бронх демікпесінің ұстамасы қарт адамның жүрек-тамыр жүйесінің салыстырмалы компенсациялық жағдайынан тез шығаруы мүмкін.
Гормондармен (кортизон,гидрокортизон) емдеу бронх демікпесінің ұстамасын тыю және оның алдын алуда жақсы нәтиже береді. Бірақ кәрі жастағы науқастарға глюкокортикостероидтарды жас адамдармен салыстырғанда 2-3есе аз мөлшерде енгізген жөн. Емдеу барысында минималды тиімді мөлшерін анықтаған дұрыс. Гормоналды емді жанама әсерлерінің мүмкіндігіне орай 3 аптадан ұзақ бермеген жөн. Глюкокортикостероидтармен бірге бронхолитиктерді қолдану керек, кейбір жағдайларда, ол гормоналды дәрілердің мөлшерін төмендету мүмкіндігін береді. Екіншілік инфекция кезінде, кортикостероидтармен қатар, антибиотиктер де көрсетілген. Кәрі адамдарда тіпті ең төмен мөлшердегі кортикостероидтардың өзі жанама әсер беруі мүмкін. Сондықтан глюкокортикостероидтарды тек келесі жағдайларда:
- басқа дәрілерге қоймайтын, бронх демікпесінің ауыр ағымы;
- астматикалық жағдай;
- интеркурентті ауру кезіндегі науқас жағдайының бірден нашарлауында қолданылады.
Жүрек жеткіліксіздігі дамығанда жүрек гликозидтері, диуретиктер тағайындалады.
Өте мазасыз науқастарға транквилизаторлар (триоксазин), бензодиазепин туындылары (хлордиазепоксид, диазепам, оксазепам), дифенилметан туындылары (амизил, метамизил) қолдануға болады. Қақырық түсіретін және секретолитикалық заттар ретінде жиі бромгексин, ацетилцистеин және физиотерапия қолданады.
Бронх демікпесін емдеуде емдік дене тәрбиесі, тыныстық жаттығуларға басты назар қойған жөн. Физикалық жаттығулар түрлері мен көлемі әр науқасқа жеке анықталады.
Дереккөздер
- В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2008.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Songy zhyldary bronh demikpesimen auyru ote zhiilep ketti Muny negizgi 3 faktorlarmen bajlanystyruga bolady Birinshiden allergiyalyk reaktivtiliktin zhogarylauy Ekinshiden himiyalyk onerkәsipterdin damuymen korshagan ortanyn lastanuymen zhәne tagy baska zhagdajlarmen katynastyn zhogarylauynan allergendermen bajlanys artty Үshinshiden bronh demikpesinin damuyna ykpal etushi tynys alu zholdarynyn sozylmaly aurulardyn zhiileui Sonymen birge aurudyn zhastyk kurylymy da ozgeredi Қazirgi tanda bronh demikpesimen auyratyn barlyk naukastardyn 44 yn kart zhәne egde zhastagy adamdar kurajdy Қart zhәne egde zhasta aurudyn infekciyalyk allergiyalyk tүri kezdesedi Ol kobine tynys alu mүshelerinin kabynu aurularynyn sozylmaly pnevmoniya sozylmaly bronhit zhәne t b nәtizhesinde tuyndajdy Osy infekciyalyk oshaktan agza oz tinderinin ydyrau onimderimen bakteriyalarmen zhәne toksindermen sensibilizaciyalanady Bronh demikpesi okpedegi kabynu үderisterimen zhii bronhit bronhiolit pnevmoniyamen birge bastaluy mүmkin Klinikalyk korinisi Naukastardyn kobinde bronh demikpesi sozylmaly agymda kezdesedi zhәne fizikalyk kүsh tүskende үdejtin turakty kinaldyratyn yskyrykty tynys zhәne entigumen sipattalady Kezendi tүrde orshu tunshygu ustamasynyn tuyndauymen bajkalady Az molsherde ashyk tүsti koyu kilegejli kakyrykty zhotel pajda bolady Kobine auyrudyn orshui men tunshygu ustamasynyn tuyndauyndagy manyzdy roldi tynys alu mүshelerindegi infekciyalyk kabynu zhiti respiratorly virusty infekciyalar sozylmaly bronhittin orleui үderisteri alady Bronh demikpesinin ustamasy әdette tүnde nemese tanertennen bastalady Bul birinshi kezekte ustamanyn tuyndauyna alyp keletin receptorlardy shyryshty kabykta titirkendiretin bronhtarda ujky kezinde zhinalgan sekrettermen bajlanysty bolady Bul kezde belgili roldi kezbe zhүjkesi tonusynyn zhogarylauy ojnajdy Barlyk zhastagy adamdardagydaj demikpe kezindegi funkcionaldyk ozgeris bolyp tabylatyn bronhospazmnan baska kart zhәne egde zhastagy adamdarda onyn agymy okpe emfizemasyna askynuy mүmkin Nәtizhesinde okpelik zhetispeushilikten kejin zhүrektik zhetispeushilik tez kosylady Zhas kezinde bir ret tuyndagan bronh demikpe kartajgan uakytta da saktaluy mүmkin Bul kezdegi bronh demikpesinin ustamasy otkir agymynyn tomendigimen erekshelenedi Aurudyn uzak uakyt zhүruine oraj okpede obstruktivti emfizema sozylmaly bronhit pnevmoskleroz zhәne zhүrek tamyr zhүjesinde okpe tekti zhүrek ajkyn ozgerister bajkalady Zhiti ustama kezinde naukasta yskyrykty syryl entigu zhotel zhәne cianoz bajkalady Naukas alga karaj enkejip eki kolyna sүjenip otyrady Tynys alu aktisine katysatyn barlyk bulshyketter katajyp shirykkan bolady Perkussiya kezinde korap tәrizdi dybys estiledi auskultaciyada koptegen yskyrykty yzyndagan syryldar sonymen katar ylgaldy syryldar da estilui mүmkin Ұstama basynda zhotel kurgak zhii kinaldyratyn bolady Ұstama ayaktalganda zhotelmen birge az molsherde tutkyr kilegejli kakyryk bolinedi Үlken zhastagy adamdar tobynyn ustamasy kezindegi bronhodilatatorlarga mysaly teofillin izadrin reakciyasy keshikken tolyk emes bolyp keledi Zhүrek tondary tujyk tahikardiya bajkalady Ұstama kezinde tәzhdi tamyrlardyn reflektorly taryluy okpe arteriyasy zhүjesindegi zhogary kysym miokardtyn zhiyrylgyshtyk kasietinin tomendeui sonymen birge zhүrek tamyr zhүjesindegi kosymsha aurular arteriyaldy gipertenziya aterosklerozdyk kardioskleroz nәtizhesinde zhiti zhүrek zhetkiliksizdigi damuy mүmkin Emi men kүtimi Ұstama kezinde zhәne ustama arasyndagy kezende bronhospazmdy zhoyu үshin purinderge eufillin diafillin diprofillin zhәne t b konil boledi olardy parenteraldy zhәne aerozoldi tүrde engizuge bolady Adrenalinge karaganda bul preparattardy tagajyndaudyn artykshylygy olardy gipertoniyalyk auru zhүrek demikpesi zhүrektin ishemiyalyk auruy bas miy tamyrlarynyn aterosklerozynda engizude karsy korsetkishteri zhok Sonymen birge eufillin zhәne osy toptyn baska preparattary koronarlyk bүjrektik kanajnalymdy zhaksartady Osylardyn barlygy olardyn geriatriyalyk tәzhiribede keninen koldanyluyna sebep bolady Adrenalin bronhospazmdy tez basyp ustamany tyyudy kamtamasyz etetindigine karamastan ony kart zhәne egde zhastagy adamdarga olardyn gormonaldy preparattarga zhogary sezimtaldygyn eskere otyryp abajlap tagajyndagan zhon Teri astyna nemese bulshyketke adrenalindi engizudi tek bronh demikpesin eshkandaj dәrilik zattarmen tyyu mүmkin bolmagan zhagdajda gana koldanady Preparattyn dozasy 0 1 eritindinin 0 2 0 3 ml nen aspauy tiis Adrenalinnen tiimdilik bolmagan kezde ony dәl sol dozada tek 4 sagat otkennen kejin gana engizuge bolady Efedrindi tagajyndaganda ol zhaj birak uzak әser etu tiimdiligin kamtamasyz etedi Efedrin kuykasty bezinin adenomasynda karsy korsetkish ekenin eskergen zhon Bronholitikalyk әserge izopropilnoradrenalin dәrileri izadrin arciprenalin sulfaty novodrin zhәne t b ie bolyp keledi Tripsin zhәne himotripsin aerozolderi zhәne baska kakyrykty tүsiretin zattardy koldanganda proteoliz onimderinin siniriluimen bajlanysty allergiyalyk reakciyalar boluy mүmkin Terapiya barysynda olardy engizer aldynda gistaminge karsy preparatty tagajyndau kerek Bronh otkizgishtigin zhaksartu үshin bronholitikalyk zattar koldanady Tandau dәrisine holinolitikter zhatady Adrenomimetikterdi izadrin efedrin kotere almaganda kop molsherdegi kakyryk zhәne bronh demikpesi zhәne ZhIA bradikardiyamen atrioventrikulyarly otkizgishtiktin buzyluymen zhүretin kosarlanuy kezinde holinolitikter atrovent troventol truvent berodual tagajyndalady Bronh demikpesinin keshendi emine antigistamindi dәriler dimedrol suprastin diprazin diazolin tavegil zhәne t b enedi Bronh demikpesi stenokardiyamen kosarlansa engizu zhyldamdygy 8 12 l min bolatyn ottegi 25 30 zhәne azot totygymen 70 75 ingalyaciya korsetilgen Bronh demikpesinin ustamasy negizinde bronholitikalyk zattarmen birge zhүrek tamyr dәrilerin koldanu kerek sebebi bronh demikpesinin ustamasy kart adamnyn zhүrek tamyr zhүjesinin salystyrmaly kompensaciyalyk zhagdajynan tez shygaruy mүmkin Gormondarmen kortizon gidrokortizon emdeu bronh demikpesinin ustamasyn tyyu zhәne onyn aldyn aluda zhaksy nәtizhe beredi Birak kәri zhastagy naukastarga glyukokortikosteroidtardy zhas adamdarmen salystyrganda 2 3ese az molsherde engizgen zhon Emdeu barysynda minimaldy tiimdi molsherin anyktagan durys Gormonaldy emdi zhanama әserlerinin mүmkindigine oraj 3 aptadan uzak bermegen zhon Glyukokortikosteroidtarmen birge bronholitikterdi koldanu kerek kejbir zhagdajlarda ol gormonaldy dәrilerdin molsherin tomendetu mүmkindigin beredi Ekinshilik infekciya kezinde kortikosteroidtarmen katar antibiotikter de korsetilgen Kәri adamdarda tipti en tomen molsherdegi kortikosteroidtardyn ozi zhanama әser berui mүmkin Sondyktan glyukokortikosteroidtardy tek kelesi zhagdajlarda baska dәrilerge kojmajtyn bronh demikpesinin auyr agymy astmatikalyk zhagdaj interkurentti auru kezindegi naukas zhagdajynyn birden nasharlauynda koldanylady Zhүrek zhetkiliksizdigi damyganda zhүrek glikozidteri diuretikter tagajyndalady Өte mazasyz naukastarga trankvilizatorlar trioksazin benzodiazepin tuyndylary hlordiazepoksid diazepam oksazepam difenilmetan tuyndylary amizil metamizil koldanuga bolady Қakyryk tүsiretin zhәne sekretolitikalyk zattar retinde zhii bromgeksin acetilcistein zhәne fizioterapiya koldanady Bronh demikpesin emdeude emdik dene tәrbiesi tynystyk zhattygularga basty nazar kojgan zhon Fizikalyk zhattygular tүrleri men kolemi әr naukaska zheke anyktalady DerekkozderV N Yarygina A S Melenteva Rukovodstvo po gerontologii i geriatrii Klinicheskaya geriatriya Moskva 2008