Тұмар - зиянды тылсым күштерден, сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар сөзінің этимологиясы көне түркі тума және йер тіркесінен "туған жер" мағынасын береді. Яғни, көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген.
Ислам дінінің әсерімен, тұмарға туған жердің топырағын салу ығыстырылап, орнына Құран аяттары жазылған қағаз салу белең алған. Тұмарды әдетте діни ғұламаларға жаздырып алып, былғарымен қаптап, бойға тағып жүреді.
Тұмар атаулары
Тұмар атаулары жасау барысында қолданылатын материалына, сәндікке тағуына және безендіру әшекейіне байланысты қалыптасқан.
Түрлеріне байланысты атау түрлері
- Жастық тұмар - төрт бұрышты түсті металдан жасалған көркемдік тұмар.
- Қиық тұмар - сәндікке мойынға тағылатын жалтырауық заттардан істелген тұмар.
- Лағыл тұмар - лағыл таспен безендірілген тұмар.
- Сіркелі қолтық тұмар - бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.
- Алтын тұмар - күміс бетіне сіркелеп алтын жалатылған тұмар.
- Тұмарша - асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейленген тұмар.
- Тіллә тұмар - алтынмен қапталған тұмардың бір түрі.
Басқа түрлері
Әлемде әрбір халыққа тән тұмар тағу және оның күшіне сену дәстүрі бар. Қазіргі заманға сай сан алуан тұмар атаулары баршылық.
Дереккөздер
- "Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл": Әдеби-этнографиялық таным(құрастырғандар Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов). 238б., 1994. ISBN 5-7090-0195-3
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Amulets |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tumar ziyandy tylsym kүshterden saktajdy dep sengen ezhelden kele zhatkan kazak halkynyn bujymy Tumar sozinin etimologiyasy kone tүrki tuma zhәne jer tirkesinen tugan zher magynasyn beredi Yagni kone tүrkiler tumarga tugan zherdin topyragyn salyp zhүrgen Islam dininin әserimen tumarga tugan zherdin topyragyn salu ygystyrylap ornyna Қuran ayattary zhazylgan kagaz salu belen algan Tumardy әdette dini gulamalarga zhazdyryp alyp bylgarymen kaptap bojga tagyp zhүredi Tumar ataularyTumar ataulary zhasau barysynda koldanylatyn materialyna sәndikke taguyna zhәne bezendiru әshekejine bajlanysty kalyptaskan Tүrlerine bajlanysty atau tүrleri Zhastyk tumar tort buryshty tүsti metaldan zhasalgan korkemdik tumar Қiyk tumar sәndikke mojynga tagylatyn zhaltyrauyk zattardan istelgen tumar Lagyl tumar lagyl taspen bezendirilgen tumar Sirkeli koltyk tumar betine sirkelep ornek salyngan tumar Altyn tumar kүmis betine sirkelep altyn zhalatylgan tumar Tumarsha asyl tasty kүmisten zhasalgan mojynga tagylatyn әshekejlengen tumar Tillә tumar altynmen kaptalgan tumardyn bir tүri Baska tүrleriӘlemde әrbir halykka tәn tumar tagu zhәne onyn kүshine senu dәstүri bar Қazirgi zamanga saj san aluan tumar ataulary barshylyk Derekkozder Kүjeu keltir kyz uzat tojyndy kyl Әdebi etnografiyalyk tanym kurastyrgandar B Әlimkulov E Әbdiramanov 238b 1994 ISBN 5 7090 0195 3 Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Amulets