Биомедицина немесе Медициналық биология — биологиялық заңдылықтарды адам, адам қауымдастығы тұрғысынан қарастыратын жалпы биология ғылымының бір тармағы болып табылады. Биологияның медицина үшін маңызы өте зор - ол медицина үшін теориялық негіз болып саналады.
Медицинаның көрнекті теоретигі И.В.Давыдовскийдің айтуынша:
...медицинаны теория тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол ең алдымен жалпы биология деп білуіміз керек... |
Медицина жетістіктері биологиялық зерттеулермен тікелей байланысты, сондықтан да дәрігерлер биология жаңалықтарын үнемі біліп отырулары шарт. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады: 1862 жылы Л.Пастердің тіршілік өздігінен, кенеттен пайда бола алмайтындығын дәлелдеген зерттеулері, заттардың шіруі мен ашуының негізгі себебі микроағзалар екенін дәлелдеуі, медицинада үлкен өзгерістер пайда етті, хирургияның дамуына жол ашты. Медициналық практикаға алғаш антисептика (жараны химиялық заттармен өңдеп микробтарды жұқтырмау), ал кейін асептика (жараны таңуға арналған заттарды стерилдеу) әдістері енгізіледі.
Жасушаның ашылуы, тіршіліктің физиологиялық және биохимиялық заңдылықтарын зерттеулер аурудың пайда болу себептерін тереңірек түсінуге, медицина практикасына кеселді анықтаудың және емдеудің жаңа әдістерін енгізуге мүмкіншілік берді.
И.Мечниковтың төменгі сатылы көпжасушалы жануарлардың асқорыту ерекшеліктерін зерттеулері, фагоцитоз құбылысының ашылуына, иммунитет құбылысының мәнін айқындауға мүмкіншілік берді. И.Мечниковтың микроағзалар арасындағы түраралық күресті зерттеудегі еңбектері антибиотиктерді ашуға септігін тигізді.
Дереккөздер
- С.А.Әбилаев, Е.Ө.Қуандықов "Медициналық биология мен генетика" Алматы-Шымкент,2004 ж.324 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Biomedicina nemese Medicinalyk biologiya biologiyalyk zandylyktardy adam adam kauymdastygy turgysynan karastyratyn zhalpy biologiya gylymynyn bir tarmagy bolyp tabylady Biologiyanyn medicina үshin manyzy ote zor ol medicina үshin teoriyalyk negiz bolyp sanalady Medicinanyn kornekti teoretigi I V Davydovskijdin ajtuynsha medicinany teoriya turgysynan karastyratyn bolsak ol en aldymen zhalpy biologiya dep biluimiz kerek Medicina zhetistikteri biologiyalyk zertteulermen tikelej bajlanysty sondyktan da dәrigerler biologiya zhanalyktaryn үnemi bilip otyrulary shart Bugan koptegen mysaldar keltiruge bolady 1862 zhyly L Pasterdin tirshilik ozdiginen kenetten pajda bola almajtyndygyn dәleldegen zertteuleri zattardyn shirui men ashuynyn negizgi sebebi mikroagzalar ekenin dәleldeui medicinada үlken ozgerister pajda etti hirurgiyanyn damuyna zhol ashty Medicinalyk praktikaga algash antiseptika zharany himiyalyk zattarmen ondep mikrobtardy zhuktyrmau al kejin aseptika zharany tanuga arnalgan zattardy sterildeu әdisteri engiziledi Zhasushanyn ashyluy tirshiliktin fiziologiyalyk zhәne biohimiyalyk zandylyktaryn zertteuler aurudyn pajda bolu sebepterin terenirek tүsinuge medicina praktikasyna keseldi anyktaudyn zhәne emdeudin zhana әdisterin engizuge mүmkinshilik berdi I Mechnikovtyn tomengi satyly kopzhasushaly zhanuarlardyn askorytu erekshelikterin zertteuleri fagocitoz kubylysynyn ashyluyna immunitet kubylysynyn mәnin ajkyndauga mүmkinshilik berdi I Mechnikovtyn mikroagzalar arasyndagy tүraralyk kүresti zertteudegi enbekteri antibiotikterdi ashuga septigin tigizdi DerekkozderS A Әbilaev E Ө Қuandykov Medicinalyk biologiya men genetika Almaty Shymkent 2004 zh 324 bet