Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) — атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) және сифонды-табақшалы (б) болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі — 1 . Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады.
Қосымша
Барометр (грекше ауырлық өлшеу) — атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. Сынапты барометр, анероид және деп бөледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр шыны аяқты және сифондық болып бөледі. Барометрлік нивелирлеу - барометр арқылы жер бетінің белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеп және ауа температурасын ескере отырып нүктелердің биік айырымын анықтау әдісі. Үйлесімді байқау әдісін екі байқаушы жүргізеді. Бастапқы нүктеде барометрлердің, термометрлердің және сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып, бір байқаушы сонда қалады да, уақыттың тең аралығы сайын, мысалы, 30 мин. сайын барометрден, термометрден және сағаттан есептеу алады және жазады. Екінші байқаушы анықталатын нүктелерде өлшеу уақытында осындай есептеулер алады және жазады. Биік айырымын есептеу үшін бірінші байқаушының барометрінің және екіншінің өлшеу мерзіміне . Аудандарды нивелирлегенде аудан ортасында таңдалған станцияда келіскен мерзімде байқаулар жүргізіледі, одан анықталатын нүктелерге дейін бағытжолдар салынады да, аспаптардың көрсеткіштерін тексеру мақсатымен станцияға қайтып келеді. Нивелирлеудің ең дәл әдістерінде изобаралық беттердің еңістігін және температуралық градиенттің өзгеруін ескереді.
Барометр-анероид
Э. Торричелли тәжірибесіндегі сынапты түтікке вертикаль шкала орнатса, қарапайым сынапты барометр пайда болады. Сынапты барометрдегі сынап бағанының биіктігі 1 метрге жуық әрі оны тік етіп орнату немесе іліп кою керек. Сондықтан ондай барометрді алып жүру қиын әрі ыңғайсыз және қауіпті де, өйткені сынаптың буы - улы. Әсіресе кемеде, ұшақта, барометр өте қажет болған басқа да жағдайларда оны қолдану тіпті мүмкін емес. Сондай кездерде атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероидтар (грекше анероид - сұйықсыз) кеңінен колданылады. Барометр-анероид беті толқын тәрізді қатпарланған дөңгелек жұқа металл қорапшадан (1) тұрады (1-сурет). Оның ішіндегі ауа сорып шығарылған. Атмосфералық қысымның әрекетінен қорапша қабысып қалмауы үшін оны серіппе (2) арқылы керіп қояды. Атмосфералық қысым өзгергенде қорапшаның көлемі де өзгереді. Соның салдарынан серіппе созылады немесе сығылады. Мысалы, атмосфералық қысым артқанда қақпақ төмен қарай майысады да, серіппе керіліп ұзарады. Ал қысым кемігенде қақпақ қайтадан орнына келеді де, серіппе, керісінше, жиырылады. Беріліс тетігі (3) серіппенің осы қозғалысын құралдың шкаласы бойымен жылжып отыратын көрсеткішке (4) береді. Шкала (5) миллиметр сынап бағанымен (мм сын.бағ.), кейде килопаскальмен (103 Па) градуирленеді. Атмосфералық қысым атмосфералық құбылыстармен байланысты болғандықтан, барометр шкаласына қарап ауа райын да болжауға болады.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Сыртқы сілтемелер
- Барометр туралы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — физика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Barometr gr baros auyrlyk zhәne metreo olshejmin atmosferalyk kysymdy olsheuge arnalgan kural En kop taralgany synapty barometrler Olar ydystarynyn pishinine karaj tabakshaly a sifondy ә zhәne sifondy tabakshaly b bolyp azhyratylady Synapty barometrdin zhumys әreketi atmosferalyk kysymnyn barometrlik tүtiktegi synap baganasy kysymymen tengeriluine negizdelgen Barometrdin sezgishtigi 1 Atmosferalyk kysymnyn ozgerisin zhazu үshin barograf koldanylady BarometrҚosymshaBarometr grekshe auyrlyk olsheu atmosferalyk kysymdy olshejtin aspap Synapty barometr aneroid zhәne dep boledi Қurylysy bojynsha synapty barometr shyny ayakty zhәne sifondyk bolyp boledi Barometrlik nivelirleu barometr arkyly zher betinin belgili bir nүktelerindegi atmosferalyk kysymdy olshep zhәne aua temperaturasyn eskere otyryp nүktelerdin biik ajyrymyn anyktau әdisi Үjlesimdi bajkau әdisin eki bajkaushy zhүrgizedi Bastapky nүktede barometrlerdin termometrlerdin zhәne sagattardyn korsetkishterin salystyryp bir bajkaushy sonda kalady da uakyttyn ten aralygy sajyn mysaly 30 min sajyn barometrden termometrden zhәne sagattan esepteu alady zhәne zhazady Ekinshi bajkaushy anyktalatyn nүktelerde olsheu uakytynda osyndaj esepteuler alady zhәne zhazady Biik ajyrymyn esepteu үshin birinshi bajkaushynyn barometrinin zhәne ekinshinin olsheu merzimine Audandardy nivelirlegende audan ortasynda tandalgan stanciyada kelisken merzimde bajkaular zhүrgiziledi odan anyktalatyn nүktelerge dejin bagytzholdar salynady da aspaptardyn korsetkishterin tekseru maksatymen stanciyaga kajtyp keledi Nivelirleudin en dәl әdisterinde izobaralyk betterdin enistigin zhәne temperaturalyk gradienttin ozgeruin eskeredi Barometr aneroid1 suret E Torrichelli tәzhiribesindegi synapty tүtikke vertikal shkala ornatsa karapajym synapty barometr pajda bolady Synapty barometrdegi synap baganynyn biiktigi 1 metrge zhuyk әri ony tik etip ornatu nemese ilip koyu kerek Sondyktan ondaj barometrdi alyp zhүru kiyn әri yngajsyz zhәne kauipti de ojtkeni synaptyn buy uly Әsirese kemede ushakta barometr ote kazhet bolgan baska da zhagdajlarda ony koldanu tipti mүmkin emes Sondaj kezderde atmosferalyk kysymdy olsheu үshin barometr aneroidtar grekshe aneroid sujyksyz keninen koldanylady Barometr aneroid beti tolkyn tәrizdi katparlangan dongelek zhuka metall korapshadan 1 turady 1 suret Onyn ishindegi aua soryp shygarylgan Atmosferalyk kysymnyn әreketinen korapsha kabysyp kalmauy үshin ony serippe 2 arkyly kerip koyady Atmosferalyk kysym ozgergende korapshanyn kolemi de ozgeredi Sonyn saldarynan serippe sozylady nemese sygylady Mysaly atmosferalyk kysym artkanda kakpak tomen karaj majysady da serippe kerilip uzarady Al kysym kemigende kakpak kajtadan ornyna keledi de serippe kerisinshe zhiyrylady Berilis tetigi 3 serippenin osy kozgalysyn kuraldyn shkalasy bojymen zhylzhyp otyratyn korsetkishke 4 beredi Shkala 5 millimetr synap baganymen mm syn bag kejde kilopaskalmen 103 Pa graduirlenedi Atmosferalyk kysym atmosferalyk kubylystarmen bajlanysty bolgandyktan barometr shkalasyna karap aua rajyn da bolzhauga bolady DerekkozderҚazak Enciklopediyasy Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geografiya zhәne geodeziya Almaty Mektep baspasy 2007 264 bet ISBN 9965 36 367 6 Fizika zhәne astronomiya Almaty Atamura 2007 ISBN 9965 34 634 8 O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0Syrtky siltemelerBarometr turalyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul fizika bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz