Ақбілек — Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған психологиялық роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды.
Қысқаша мазмұны
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе басты кейіпкер Ақбілектің қасіретке толы өмірі, мұңы мен шері жайындағы туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры мен әйел теңсіздігі.
«Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
Шығарманың басты кейіпкерлері
- Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
- Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
- Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
- Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.
- Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
- Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.
Дереккөздер
- http://aimauytov.psu.kz/images/stories/pdf/akbilek_aimauytov.pdf Мұрағатталған 2 қаңтардың 2014 жылы.
- http://baq.kz/kk/regional_media/post/1742
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akbilek Zhүsipbek Ajmauytovtyn kalamynan tugan psihologiyalyk roman Roman tungysh ret 1927 zhyly Әjel tendigi zhurnalynda zhariyalandy Akbilek romanyҚyskasha mazmunyAkbilek romanyndagy barlyk okigalar tikelej omirden alyngan Akbilek romany kazak auylyndagy dүrbelen zhyldar shyndygyn olardyn dәstүri men turmysyn zhekelegen adamdardyn is әreketteri men karym katynastaryn әsirese basty kejipker Akbilektin kasiretke toly omiri muny men sheri zhajyndagy tuyndy Bir gana kazak kyzynyn kүrdeli tagdyry negizinde әleumettik tonkerister tusyndagy kazak auylynyn ozgeru procesin surettegen algashky kazak romandarynyn biri Sonymen birge halkymyzdyn otken omir korinisterin adamdar arasyndagy kozkarastar kaktygysyn el men zher keleshek kүnderge degen nanym senimderi serpindi shabytty korkem kestelenedi Kejipkerler kelbeti is kimyldary da nanymdy zhetkiziledi Қazak tonkerisinen kejingi kazak auylynyn omir tirlikteri ak gvardiyashylar әreketi keninen korinis beredi Romanda koterilgen basty mәsele kazak kyzynyn tagdyry men әjel tensizdigi Akbilek romany bir gana kazak kyzynyn kүrdeli tagdyry negizinde әleumettik tonkerister tusyndagy kazak auylynyn ozgeru procesin surettegen algashky kazak romandarynyn biri Shygarmanyn bas kejipkeri Akbilek oshikken adamdardyn kesirinen ak әskerlerdin tutkynyna tүsip neshe kily korlyk koredi Өz elinde de aluan kiyndyktarga zholygady Kejin tonkeris ayaktalgan son kalaga ketip oku okyp oz bakytyn tabady Akbilektin basynan otetin osy okigalar arkyly zhazushy sol bir kiyn kystau kezendegi kazak auyldaryndagy omir shyndygyn adamdardyn tүrli tagdyryn keninen bejnelejdi Shygarmanyn basty kejipkerleriAkbilek kurbylarynyn aldy tendikke umtylgan azattykty ansagan zorlykka mojymagan omirinen tagylym gibrat algan zhan zhүregi taza mahabbat mejirimi mol ozhet kyr kyzy Akbilek sodyrlardyn ortasyna tүsip karamurtka ermek boldy Sogan karamastan omirge degen kushtarlyk seziminen ajyrmady Bekbolat kara tory orta bojly koshkar tumsyk tүlki murt shүnirek koz zhigit Zhasy zhiyrma zhetide Basynda barkytpen tystagan kara eltiri zhekej tymak үstinde orysshalau penzhek shalbar Sur shapan sar safiyanga kara ala zhapkan kүmis belbeu ayagynda koneleu kisyk tabany bar Belbeuindegi zhargak dalbagajy shashakty sary kyndy mүjiz sapty otkir kezdigi aldyngy kaptaldagy dabyl bajlajtyn uzyn kajys shettegi onyn onersiz zhigit emestigime ajgak bolady Mukash tanky muryn badyrak koz shunak kulaktau zharbaktau kirpi shash kyrys mandaj kara sur zhigit Zhasy 35 te Bolystykka sajlanbaj kalgan Oficer romannyn basty tulgasyn zhәbirlep aryn ayakka taptagan zhiirkenishti zhan gana emes imperiyalyk sayasattyn gasyrlar bojy halkymyzdy bilep basyp zhanshyp kelgen korinisi retinde de este kalady Ұrkiya Akbilektin zhanashyr zhengesi Akbilektin kalaga kelip kozin ashuyna birden bir sebepker Sonymen birge balasy Eskendirdi osiruine de kop komektesedi Baltash Akbilektin zhanyn tүsingen zhigit Akbilektin basynan otken tagdyrga karamaj ogan gashyk bolady Baltashtyn bul kasietin bagalap Akbilek ogan kүjeuge shygady Derekkozderhttp aimauytov psu kz images stories pdf akbilek aimauytov pdf Muragattalgan 2 kantardyn 2014 zhyly http baq kz kk regional media post 1742