Аун Сан (13.2.1915, — 19.7.1947, ) — Бирманың саяси қайраткері, ұлттық тәуелсіздік үшін күрес жетекшілерінің бірі. 1937 ж. Рангун ун-тін бітірген. Жастайынан отаршылдарға қарсы қозғалысқа қатысты. Жапонияда т.б. елдерде Бирма армиясы үшін әскери кадрлар даярлау жұмыстарымен айналысты. 1942 ж. Бирманы жапон әскерлері басып алғаннан кейін тәуелсіз Бирма ұлттық армиясының қолбасшысы, Халық бостандығы антифашистік лигасының президенті болып тағайындалды. 1945 ж. наурызда жапон басқыншыларына қарсы күреске басшылық жасады. Жапония жеңілгеннен кейін (1945) Бирмада қайтадан өз үстемдігін қалпына келтірген ағылшындарға қарсы күреске жетекшілік етті. 1947 ж. қаңтарда Лондонда ағылшын өкіметімен Бирмаға тәуелсіздік беру туралы келіссөз жүргізіп, Бирманың Құрылтай жиналысын өткізуге келісім алды. 1947 жылдан бастап Аун Сан «өтпелі үкіметтің» басшысы болды. Тәуелсіз Бирма конституциясын жасап, мемл. тұтастығын нығайтуға, экон-н қалпына келтіріп, дамытуға белсене қызмет етті. Аун Сан кертартпа топтардың қолынан қаза тапты. Бирма халқы оны ұлттық батыр ретінде қастерлейді.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aun San 13 2 1915 19 7 1947 Birmanyn sayasi kajratkeri ulttyk tәuelsizdik үshin kүres zhetekshilerinin biri 1937 zh Rangun un tin bitirgen Zhastajynan otarshyldarga karsy kozgalyska katysty Zhaponiyada t b elderde Birma armiyasy үshin әskeri kadrlar dayarlau zhumystarymen ajnalysty 1942 zh Birmany zhapon әskerleri basyp algannan kejin tәuelsiz Birma ulttyk armiyasynyn kolbasshysy Halyk bostandygy antifashistik ligasynyn prezidenti bolyp tagajyndaldy 1945 zh nauryzda zhapon baskynshylaryna karsy kүreske basshylyk zhasady Zhaponiya zhenilgennen kejin 1945 Birmada kajtadan oz үstemdigin kalpyna keltirgen agylshyndarga karsy kүreske zhetekshilik etti 1947 zh kantarda Londonda agylshyn okimetimen Birmaga tәuelsizdik beru turaly kelissoz zhүrgizip Birmanyn Қuryltaj zhinalysyn otkizuge kelisim aldy 1947 zhyldan bastap Aun San otpeli үkimettin basshysy boldy Tәuelsiz Birma konstituciyasyn zhasap meml tutastygyn nygajtuga ekon n kalpyna keltirip damytuga belsene kyzmet etti Aun San kertartpa toptardyn kolynan kaza tapty Birma halky ony ulttyk batyr retinde kasterlejdi