Арал-Каспий далаларының тайпалары – ерте темір дәуірінде осы өңірде өмір сүрген жартылай отырықшы және көшпелі халық. Олардың қалдырған мәдени ескерткіштерін 1989 жылдан бастап Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) зерттеген. Бұл өңірде біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 ғасырдан біздің заманымыздың 2 – 3 ғасырна дейінгі кезеңде озық мәдениет нұсқалары мен жергілікті экологиялық ерекшеліктерге бейімделген шаруашылық жүйесін жасаған халықтар мен тайпалар өмір сүрген.
Тайпалар
Аймақтың солтүстігін жайлаған тектес тайпалар Еділ-Жайық өңірі, Орал өлкесі халықтарымен тығыз араласса, оңтүстікте – Хорезм, Парфия, Соғдиана, Маргиана, Бактрия тағы басқа елдермен байланысқан. Кейбір жазба деректерде (Геродот, көне парсы жазбалары) дах (дай, даг), каспи (гиркан), дербик деген тайпалардың аты жиі кездеседі, бірақ осы әдебиеттерде көптеген этникалық топтардың аттары мен мекендеген жерлері шатасып та жатады. Каспий теңізінің шығысын, Сырдария өңіріне дейінгі аймақты жайлаған дайлықтар – апарн (парн), ксанфий, писсур, тағы басқа ру-тайпаларға бөлінген. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың аяғында хорасми, дах, парн және массагет көшпелілерінің байлары Хорезмде жаңа әулеттің билікке келуіне, сол сияқты қалыптасуына тікелей ықпалын тигізді.
Шаруашылығы
Бұл халықтардың тұрмысының негізі көшпелі мал шаруашылық (қой, ешкі, ірі қара, түйе және жылқы өсіру) болды. Жылқы, мысалы, массагеттерде киелі күн құдайына құрбандыққа шалатын, күнге баламаланатын жануар болып есептелген. Тұрмысқа және соғыс ісіне керекті заттарды жергілікті шеберлер жасаған немесе жаугершілікте олжалап алып отырған.
Мәдениеті
Қолөнер ісі, металл, ағаш, тері, тас, сүйек, жүн өндеу, киім тігу, тоқу, әсіресе, зергерлік бұйымдар жасау (хайуанаттық нақышта) жақсы дамыған. Зергерлер мен ұсталардың ең көп шығаратын бұйымдары – қару-жарақ пен ат-әбзелдері, ер-тоқым болған. Арал-Каспий өңірі халықтарының қоғамдық қарым-қатынастары, билік құрылымдары барлық көшпелілерге тән әлеум. сатылардан, яғни ру басыларынан, көсемдерден және патшалардан, тағы басқа тұрады. Қоғамдық өмірде әйелдердің, сонымен қатар, діни адамдардың, абыз, бақсы, балгер, түс жорушы, тағы басқа рөлі ерекше болған. Сақ-массагет тайпалары, негізінен, табиғи күштерге, аспан әлеміне табынған. Белгілі бір кезеңде олардың діни көзқарасына Заратуштра ілімі де әсерін тигізген. Археологиялық деректер сақ-массагет тайпалары арасында жерлеу, еске алу, аруақтарға табыну жүйесінің қалыптасқанын дәлелдейді. Қайтыс болған бай адамдар мен көсем-қолбасылардың қару-жарақ, бағалы заттар қойылған бейіттерінің үстіне үлкен обалар тұрғызған. Мұндай ескерткіштер Үстіртте, Маңғыстауда және Атырау өңірлерінде көптеп кездеседі.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
- «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aral Kaspij dalalarynyn tajpalary erte temir dәuirinde osy onirde omir sүrgen zhartylaj otyrykshy zhәne koshpeli halyk Olardyn kaldyrgan mәdeni eskertkishterin 1989 zhyldan bastap Batys Қazakstan arheologiyalyk ekspediciyasy zhetekshisi Z Samashev zerttegen Bul onirde bizdin zamanymyzdan buryngy 8 7 gasyrdan bizdin zamanymyzdyn 2 3 gasyrna dejingi kezende ozyk mәdeniet nuskalary men zhergilikti ekologiyalyk erekshelikterge bejimdelgen sharuashylyk zhүjesin zhasagan halyktar men tajpalar omir sүrgen TajpalarAjmaktyn soltүstigin zhajlagan tektes tajpalar Edil Zhajyk oniri Oral olkesi halyktarymen tygyz aralassa ontүstikte Horezm Parfiya Sogdiana Margiana Baktriya tagy baska eldermen bajlanyskan Kejbir zhazba derekterde Gerodot kone parsy zhazbalary dah daj dag kaspi girkan derbik degen tajpalardyn aty zhii kezdesedi birak osy әdebietterde koptegen etnikalyk toptardyn attary men mekendegen zherleri shatasyp ta zhatady Kaspij tenizinin shygysyn Syrdariya onirine dejingi ajmakty zhajlagan dajlyktar aparn parn ksanfij pissur tagy baska ru tajpalarga bolingen Bizdin zamanymyzdan buryngy 1 mynzhyldyktyn ayagynda horasmi dah parn zhәne massaget koshpelilerinin bajlary Horezmde zhana әulettin bilikke keluine sol siyakty kalyptasuyna tikelej ykpalyn tigizdi SharuashylygyBul halyktardyn turmysynyn negizi koshpeli mal sharuashylyk koj eshki iri kara tүje zhәne zhylky osiru boldy Zhylky mysaly massagetterde kieli kүn kudajyna kurbandykka shalatyn kүnge balamalanatyn zhanuar bolyp eseptelgen Turmyska zhәne sogys isine kerekti zattardy zhergilikti sheberler zhasagan nemese zhaugershilikte olzhalap alyp otyrgan MәdenietiҚoloner isi metall agash teri tas sүjek zhүn ondeu kiim tigu toku әsirese zergerlik bujymdar zhasau hajuanattyk nakyshta zhaksy damygan Zergerler men ustalardyn en kop shygaratyn bujymdary karu zharak pen at әbzelderi er tokym bolgan Aral Kaspij oniri halyktarynyn kogamdyk karym katynastary bilik kurylymdary barlyk koshpelilerge tәn әleum satylardan yagni ru basylarynan kosemderden zhәne patshalardan tagy baska turady Қogamdyk omirde әjelderdin sonymen katar dini adamdardyn abyz baksy balger tүs zhorushy tagy baska roli erekshe bolgan Sak massaget tajpalary negizinen tabigi kүshterge aspan әlemine tabyngan Belgili bir kezende olardyn dini kozkarasyna Zaratushtra ilimi de әserin tigizgen Arheologiyalyk derekter sak massaget tajpalary arasynda zherleu eske alu aruaktarga tabynu zhүjesinin kalyptaskanyn dәleldejdi Қajtys bolgan baj adamdar men kosem kolbasylardyn karu zharak bagaly zattar kojylgan bejitterinin үstine үlken obalar turgyzgan Mundaj eskertkishter Үstirtte Mangystauda zhәne Atyrau onirlerinde koptep kezdesedi DerekkozderMangystau enciklopediyasy Almaty 1997 Қazakstan ulttyk enciklopediyasy 10 tomdyk Almaty 1998 2007 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet