Аминқышқылдар (аминкарбондық қышқылдар, АМҚ) — молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар:
- H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин))
Аминқышкылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы, гидроксил тобы, тиол тобы — SH, екі карбоксил тобы болады.
Құрамында әртүрлі функционалды топтары болғандықтан, аминқышқылдары гетерофункционалды қосылыстарға жатады. Аминқышқылдары табиғатта көп таралған: ақуыздардың, пептидтердің және т.б. физиологиялық белсенді қосылыстардың құрамына кіреді және бос күйінде де кездеседі. Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс ақуыз молекуласы аминқышқылдар қалдықтарынан құралатындықтан, олардың маңызы өте зор. Ақуыз биосинтезіне жиырма шақты а-аминқышқылдары қатысады. Олардың біразы алмаспайтын аминқышқылдары. Олар организмде синтезделмейді немесе өте аз мөлшерде синтезделеді, сондықтан олардың организмге қажеттілігі тек қана тағаммен қамтамасыз етіледі.
Толығырақ
Табиғатта аминқышқылдардың 150-ден астам түрі бар. Олардың 20-сына жуығы ақуыздар түзілісінде аса маңызды қызмет атқаратын мономер блок-топшалар. (Аминқышқылдардың ақуыз құрамына енгізілуі тәртібін тектік код есептейді). Аминқышқылдары барлық ағзалардың зат алмасу процесіне қатысып гормондар витаминдер мидиаторлар пуринді және пиримидинді азоттық негіздердің алқолоидтердің т. б. гормондар биосинтезінің негізгі қосылыстарын түзу қызметін атқарады. Микроағзалардың көпшілігі өздеріне керекті аминқышқылдарын синтездейді. Адам мен барлық жануарларда аминқышқылдарын өздігінен түзіле алмағандықтан оларды дайын түрінде ішіп-жейтін қорегінен алады. Қазіргі кезде адам және жануарлардың тамағына косылатын аминқышқылдары биотехнологиялық синтездеу әдісімен (химия және микробиология) игеріледі. Сонымен қатар олар өнеркәсіптік полиамидтер, бояулар мен дәрі-дәрмек шығаруда да үнемі пайдаланылатын өнім.
Амин қышқылдары барлық тірі организмдерде жүретін азотты заттар (гормондардың, витаминдердің, медиаторлардың, пурин және пиримидин негіздерінің, алкалоидтардың т.б. заттардың негізгі де бастапқы қосылыстары болып саналады) алмасуына қатысады, жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің барлық ақуыздарының (протеиндерінің) мономерлері қызметін атқарады. Жасушалардағы протеиндер биосинтезіндегі амин қышқылдарының ақуыздағы орындарын генетикалық код анықтайды. Микроорганизмдер мен өсімдік организмдерінің көпшілігінде, оларға қажет амин қышқылдарының барлыгы түгелімен, аталган организмдерде түзіледі, ал адам мен жануарлар организмдерінде алмаспайтын амин қышқылдары түзілмейді, олар тек дайын түрінде ғана тамақ пен азықтың құрамымен организмге келеді.
Адам организмі қажетті аминқышқылдарының жартысынан астамын өздігінен синтездей алады. Ал сегіз аминқыщқылын адам организмі синтездей алмайды. Олар ауыстырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Организмде синтезделмейтін аминқышқылдарын адам қоректік заттармен қабылдауы керек. Барлық аминқышқылдары мал етінің құрамында болатындықтан, ет аминқышқылдарының негізгі көзі болып саналады. Ал әр өсімдіктің құрамында өзіне тән жеке аминқышқылдары болады. Аминқышқылдары медицинада дәрі-дәрмек, ал ауыл шаруашылығында мал азығына үстеме қорек ретінде пайдаланылады. Өнеркәсіпте синтетикалық талшық(капрон, нейлон) алу үшін де аминқышқылдары қолданылады.
Атаулары және изомерлері
Аминқышқылының қарапайым өкілі — аминсірке қышқылы NH2—СН2—СООН. Аминқышқылдарын көбіне қалыптасып кеткен тривиальді атаумен, мысалы, аминсірке қышқылын глицинлеи атайды.
Аминқышқылдарының изомерленуі көміртек тізбегінің изомерленуімен және амин тобының орналасуы бойынша анықталады. Атау үшін карбоксил тобы бар көміртек атомынан бастап нөмірлейді:
Халықаралық номенклатурадан басқа көміртек атомдарын грек алфавиті әріптерімен белгілеп атау да қолданылады. Бұл жағдайда белгілеу карбоксил тобынан кейінгі көміртек атомынан басталады.
Дереккөздер
- Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет. ISBN 9965-36-092-8
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Amino acid |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aminkyshkyldar aminkarbondyk kyshkyldar AMҚ molekulasynda amin NH2 zhәne karboksil SOON toptary bar organikalyk kosylystar AminkyshkyldarH2N CH2 COOH aminsirke kyshkyly glicin Aminkyshkyldaryn radikalyndagy sutek atomdary amin tobyna almaskan karbon kyshkyldarynyn tuyndylary retinde karastyruga bolady Kejbir aminkyshkyldarynyn kuramynda eki amintoby gidroksil toby tiol toby SH eki karboksil toby bolady Қuramynda әrtүrli funkcionaldy toptary bolgandyktan aminkyshkyldary geterofunkcionaldy kosylystarga zhatady Aminkyshkyldary tabigatta kop taralgan akuyzdardyn peptidterdin zhәne t b fiziologiyalyk belsendi kosylystardyn kuramyna kiredi zhәne bos kүjinde de kezdesedi Tirshilik үshin asa manyzdy kosylys akuyz molekulasy aminkyshkyldar kaldyktarynan kuralatyndyktan olardyn manyzy ote zor Akuyz biosintezine zhiyrma shakty a aminkyshkyldary katysady Olardyn birazy almaspajtyn aminkyshkyldary Olar organizmde sintezdelmejdi nemese ote az molsherde sintezdeledi sondyktan olardyn organizmge kazhettiligi tek kana tagammen kamtamasyz etiledi TolygyrakTabigatta aminkyshkyldardyn 150 den astam tүri bar Olardyn 20 syna zhuygy akuyzdar tүzilisinde asa manyzdy kyzmet atkaratyn monomer blok topshalar Aminkyshkyldardyn akuyz kuramyna engizilui tәrtibin tektik kod eseptejdi Aminkyshkyldary barlyk agzalardyn zat almasu procesine katysyp gormondar vitaminder midiatorlar purindi zhәne pirimidindi azottyk negizderdin alkoloidterdin t b gormondar biosintezinin negizgi kosylystaryn tүzu kyzmetin atkarady Mikroagzalardyn kopshiligi ozderine kerekti aminkyshkyldaryn sintezdejdi Adam men barlyk zhanuarlarda aminkyshkyldaryn ozdiginen tүzile almagandyktan olardy dajyn tүrinde iship zhejtin koreginen alady Қazirgi kezde adam zhәne zhanuarlardyn tamagyna kosylatyn aminkyshkyldary biotehnologiyalyk sintezdeu әdisimen himiya zhәne mikrobiologiya igeriledi Sonymen katar olar onerkәsiptik poliamidter boyaular men dәri dәrmek shygaruda da үnemi pajdalanylatyn onim Amin kyshkyldary barlyk tiri organizmderde zhүretin azotty zattar gormondardyn vitaminderdin mediatorlardyn purin zhәne pirimidin negizderinin alkaloidtardyn t b zattardyn negizgi de bastapky kosylystary bolyp sanalady almasuyna katysady zhanuarlar men osimdikter organizmderinin barlyk akuyzdarynyn proteinderinin monomerleri kyzmetin atkarady Zhasushalardagy proteinder biosintezindegi amin kyshkyldarynyn akuyzdagy oryndaryn genetikalyk kod anyktajdy Mikroorganizmder men osimdik organizmderinin kopshiliginde olarga kazhet amin kyshkyldarynyn barlygy tүgelimen atalgan organizmderde tүziledi al adam men zhanuarlar organizmderinde almaspajtyn amin kyshkyldary tүzilmejdi olar tek dajyn tүrinde gana tamak pen azyktyn kuramymen organizmge keledi Adam organizmi kazhetti aminkyshkyldarynyn zhartysynan astamyn ozdiginen sintezdej alady Al segiz aminkyshkylyn adam organizmi sintezdej almajdy Olar auystyrylmajtyn aminkyshkyldary dep atalady Organizmde sintezdelmejtin aminkyshkyldaryn adam korektik zattarmen kabyldauy kerek Barlyk aminkyshkyldary mal etinin kuramynda bolatyndyktan et aminkyshkyldarynyn negizgi kozi bolyp sanalady Al әr osimdiktin kuramynda ozine tәn zheke aminkyshkyldary bolady Aminkyshkyldary medicinada dәri dәrmek al auyl sharuashylygynda mal azygyna үsteme korek retinde pajdalanylady Өnerkәsipte sintetikalyk talshyk kapron nejlon alu үshin de aminkyshkyldary koldanylady Ataulary zhәne izomerleriAminkyshkylynyn karapajym okili aminsirke kyshkyly NH2 SN2 SOON Aminkyshkyldaryn kobine kalyptasyp ketken trivialdi ataumen mysaly aminsirke kyshkylyn glicinlei atajdy Aminkyshkyldarynyn izomerlenui komirtek tizbeginin izomerlenuimen zhәne amin tobynyn ornalasuy bojynsha anyktalady Atau үshin karboksil toby bar komirtek atomynan bastap nomirlejdi Halykaralyk nomenklaturadan baska komirtek atomdaryn grek alfaviti әripterimen belgilep atau da koldanylady Bul zhagdajda belgileu karboksil tobynan kejingi komirtek atomynan bastalady DerekkozderHimiya Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Ә Temirbolatova N Nurahmetov R Zhumadilova S Әlimzhanova Almaty Mektep baspasy 2007 352 bet ISBN 9965 36 092 8 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Biologiya Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2007 zhyl 1028 b ISBN 9965 08 286 3 Biomorfologiya terminderinin tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2009 zhyl ISBN 9965 822 54 9Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Amino acid