Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдер арасында кең таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады. Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны әсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды. Қазақ телевизиясы 1970-жылдары көгілдір экраннан жүйелі түрде «Алтыбақан» сауықкешін ұйымдастырып тұрды.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Altybakan kazaktyn ezhelgi ulttyk ojyny Tymyk keshte ajly tүnde auyl syrtynda ojnalady Altybakan kuru үshin 6 bakan nemese 6 syryk үsh arkan kerek Bakandardy үsh үshten bir basyn buyp aralygyn үsh tort metr etip mosy tәrizdendirip ornatady da zhogary zhagy syrykpen zhalgastyrylady Bakandardyn zhogargy ashalaryna ekeui zhogaryrak biri tomen etilip үsh arkan tartylady Zhogargy ekeui otyruga nemese bel sүjeuge arnalady tomengi arkanga taban tireledi Қyz ben zhigit karama karsy ornalasyp bel arkannyn eki zhaktauynan bekem ustap үshinshi adamnyn demeuimen terbetiledi Terbelushiler kosylyp әn bastajdy da ogan tamashalaushylar kosylyp dumandatyp әketedi Bel taban arkandarynyn ornyna songy kezde zhenil taktajlar koldanylyp zhүr Altybakan ojyny ezhelgi koshpeli elder arasynda ken taralgan Otyrykshy halyktarda ol әtkenshek dep te atalady Altybakannan ajyrmasy ol turakty ornatylady zhәne zhalgyz adamga arnalady Altybakannyn kazhetti zattary tez kurastyrylyp zhinalatyn үj mүlikteri Ojyn kopshilikke arnalgan Zhastardy әriptes tandauga eptilikke tapkyrlykka onerlilikke bejimdejdi Altybakan korinisteri teatr onerinde halyktyn ulttyk turmys erekshelikterin korsetu sahnany әserlendiru turgysynda da lajykty oryn aldy Қazak televiziyasy 1970 zhyldary kogildir ekrannan zhүjeli tүrde Altybakan sauykkeshin ujymdastyryp turdy Altybakan ojynyTagy karanyzҚazaktyn ulttyk ojyndarynyn tizimiDerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8