Алтай аспаптары. Алтайдың музыкалық аспаптарының өзге түркі тілдес халықтар аспаптарымен ортақ қасиеті көп, солай бола тұра олардың құрылысында, ойнау тәсілдерінде, т. б. таза ұлттық ерекшеліктері де бар. Алтай аспаптарына тән сипат, олардың елеулі өзгеріске ұшырамай, баяғы қалпын сақтауы дер едік. Алтайлық орындаушылар — кайчилер өз аспаптарында батырлар жырларын, әндер мен кайларды сүйемелдейді.
Алтайлықтарда шертіп ойналатын аспаптардың ішінде неғұрлым кең тарағаны топшуур. Бұл аспап өзінің құрылысы мен дыбыс көлемі, тембрі, ойнау тәсілі жағынан қазақтың шертіп ойналатын көне аспабы шертерге, сондай-ақ хакастың хомысына, тофтардың чарты кобусына, шорцтердің шерчен комусына және тувалықтардың допшулурына ұқсайды. Олардың ұқсастығы шанағының тұтас ағаштан ойып жасалуынан көрінеді, сондай-ақ шанақ беті көнмен керіліп, қапталған. Мойнында пернелер жоқ, ішегі жылқының ширатылған қылы.
Қазіргі жетілдірілген топшуур қазақтың домбырасына әжептәуір ұқсайды. Қыл ішек тарамыс ішекпен ауыстырылған, шанақтағы көн терінің орнына тақтай қақпақ пайдаланылған. Топшуурда диапазоны бірінші позицияда рындалатын қарапайым халық ән-күйлері тартылады. Гопшуурдың көлемі:
- ұзындығы —84 см,
- бет қақпағының ұзындығы— 27 см,
- бет қақпақтың ені — 20 см,
- шанақтың тереңдігі —7,5 см,
- мойнының ені —4 см,
- басының ұзындығы—11,5 см.
Қияқпен ойналатын аспаптардан алтайлықтарда екі шекті икили ғана сақталған. Құрылысы жағынан аумаған гоншуур, бар айырмашылығы оның даусы садақ сияқты қиқтың көмегімен алынады. Икили кварта бойыиша сүйге келтіріледі. Ойнау кезінде аспапты тізеге тікесікен қояды, негізінен бірінші позицияда ойналады.
Шертіп ойналатын және қияқпен ойналатын аспаптардың аралығындағы ұқсастық басқа түркі тілді халықтарда да кездеседі. Мысалы, қазақтың қияқпен ойналатын аспабы қылқобыз өзінің құрылысы жағынан шертіп ойналатын аспап шертерге хакастың қияқпен ойналатын аспабы — ыых — шертіп ойналатын хомысқа, ал туваның игилиі — дошпутурға ұқсайды. Алтайлық бір икилидің көлемі:
- жалпы ұзындығы —79 см,
- бет қақпағының ұзындығы —27,5 см,
- бет қақпақтың ені —18 см,
- мойнының ені —4 см,
- шанақтың тереңдігі —7,5 см,
- қияқтың ұзындығы —54 см.
Үрлеп тартылатын аспаптардың алтайлықтарда бірнеше түрі сақталған. Олар — эдиске, амырғы, сыбыскы, сыырткыш және шоор. Аңның даусына еліктеуіш аспап шырғыны аңшылар маралды алдап түсіру үшін ерте заманнан бері қолданып келген. Аспап қылқанды жапырақты ағаштан немесе тағы ешкінің мүйізінен жасалынған, түрі конус формасында, ұзындығы —60-70 см. Соңғы кезде мылтықтың оқтығынан жасалынғаны да кездесті. Қазақтарда бұл аспап бұғышақ деп аталады немесе бұғы сыбызғы делінеді. Хакастар пырғы, тувалықтар — авырга дейді. Бұл аспаптардан дауыс алыну тәсілдері мен жасалу түрлері бір-біріне ұқсас келеді.
Маралдарды шақыру үшін қолданылған, бұғышақ аспабын іздестіріп таба алмадық. Бұл өлкеде бұғышақты білетіндер де, оның қандай болғанын айтып бере алатындар да көп. Әттең не керек, аспаптың өзі сақталмаған. Оны осы маңның аңшылары пайдаланғаны жайында дерек «Бұқтармалық бұрынғы салт-жоралар» деп аталатын кітапта бар. Бұл еңбектің авторлары Е. Э. Бломквист пен Н. П. Гринкова:
«Мұндай труба ағаштан жасалады, мұқият қырнап жонылған және бір-біріне жымдастыра желімдеген екі бөліктен тұрады, ұзындығы — 70 сантиметрге дейін болы келеді.»
- деп жазған екен.
Сыбыскы немесе эдиске аңшылықта қозыны алдап шақыру үшін қолданылған. Аспап қайыңның қос қабатталған қабығынан жасалған, дауыс осы қабықтың тербелісі арқылы алынған. Сыбыскы деген сөз қазақтың үрлеп ойналатын аспабының сыбызғы деген атына ұқсайды. Аңшылықта қолданылатын тағы бір үрлеп ойналатын аспап — сыгырткыш, оның даусы ала тышқанның даусына ұқсас. Бұл аспап қамыстан жасалыпады және ысқыру үшін қажетті ойығы болады. Музыкалық аспаптың бірнеше түрінің аңға шыққанда пайдаланылғаны алтайлықтардың аңшылықпен айналысқанын көрсетеді. Бұл аспаптың қазақтың ысқыруық аспабына ұқсастығын байқаймыз.
Үрлеп тартылатын аспап немесе қурайдан жасалынады, оның ұзындығы орындаушы музыканттың қолының ұзындығына сәйкес келеді. Шоорда ойнау ойығы болмайды. Шоор қазақтың сыбызғысы, қырғыздың чооры, туваның шооруы, башқұрт мен татардың қурайы тәрізді аспап. Мұнда ауа толқыны ысқыру құрылысы бар аспапта қолданылатындай тәсілмен бағытталады. Түтікте ауа ағысын ойыктың шетіне бағыттайтын төлке жоқ. Оның рөлін тіл атқарады. Дауыс ырғағы ауаның ағыс күшіне байланысты, сондай-ақ түтіктің төменгі тесігін жабу арқылы өзгертіледі.
Таулы Алтай автономиялы облысына 1967 және 1973 жылдары жасалған екі зкспедицияның нәтижесінде ол жақтан бірнеше музыкалық аспап әкелінген еді, олардың ішінде шоордың үш түрі бар.
Екінші шоор 6,5 см. қысқа, негізгі тоны — «ля» (кіші октава). Осы аспапта ойнай отырып, оның дыбыс қатарын анықтаған едік: a, е, a, cis, е, di, д, Һ, cis, е, а. Түтік ашық болса мынадай дауыс алынады: a, a, е, а, е төменгі ойық жабық тұрса — е, сіс, д, һ, а.
Жоғары регистрде дыбыс аралығындағы уақыт жақындап, гаммадағыдай дыбыс қатары пайда болады. Құрылысы қарапайым және аспаптың түрлі әуендері орындауға мүмкіншілігі шектеулі болғандығына қарап, онымен орындалған ежелгі алтай әуендерінін, диапазоны мен дыбьіс қатарын анықтау қиынға соқпайды.
Ұрып ойналатын көне аспаптарды бақсылар пайдаланған. Олардың қолынан тастамаған аспаптардың бірі— «ту-нур»—бубен; қазақтарда — даңғыра; хакастарда — туур; якуттарда — дунур; тувалықтарда — дунгур. Бақсылар көн теріні орбомен, былғарымен қапталған таяқпен немесе жай ғана қайыспен ұрғылайтын болған. Ал тунурға және бақсының киіміне темір теңгешелер, қоңыраулар, темір сақиналар ілінген.
Алтайлықтарда неғұрлым көп тараған аспап — комус. Оны кәрі-жас түгел тарта біледі. Оны тартудың шаңқобыздағыдай неше түрлі әдісі қалыптасқан, орындаушылар тіпті тіл мен көмейдің қимылын да пайдаланады. Аспаптың үлкендігі якуттің хомысынан гөрі шағындау, ал түрі туваның хомусына ұқсайды. Алтайлықтар комусты түрлі салт-жораларға да пайдаланған. 1973 жылғы экспедиция мүшелері үйлену тойы кезінде айтылатын жар-жар сияқты әннің бірнеше шумағын жазып алған еді, олар сондай-ақ салт-жора орындаушыларды фотоға түсіріп те алды және комустың бірнеше данасын Алматыға ала келді.
Қызғылықты ерекшелігі сонда, музыкант аспапты ойнай отырып, салт-жора сөздерін де қатар айтады. Соның нәтижесінде ауыздан шыққан әрбір сөз ақырын болса да анық естіліп тұрады. Бамбуктан жасалынатын аспап кулузын комус деп аталады.
Біз аспаптың негізгі тоны ля-бемоль мен дыбыс қатарын анықтай алдық.
Бұдан гөрі көлемі шағындау екінші комус «до-диез» тонында дыбыстайды. Оның дыбыс қатары «до-диез мажор». Бұл комустын, көлемі:
- шеңберінің ұзындығы— 58 мм,
- шеңберінің қалыңдығы —44 мм,
- тілшенің иілген тұсқа дейінгі ұзындығы —55 мм,
- тілшенің иілген бөлігінің ұзындығы — 27 мм,
- тілшенің ені — 1 мм.
Мүлде ұмыт болған аспаптар да бар. Олардың тек аттары ғана есте қалған, ал оның қандай болғаны туралы ешқандай дерек жоқ. Кейбір аспаптар суреттеліп жазылған, бірақ аспап түрінін, атауы айтылмайды. Осы белгісіз аспаптардың бірінің құрылысы көп ішекті жетігенге ұқсайды: шанағы тұтас ағаштан ойып жасалынған, шанақтың бетіне жеті ішек тартылған.
Алтай халқының аспаптық музыкасы тұрмысқа кеңінен тараған, тіпті күні бүгін де қолданылып келеді. Алтай әуендері әдетте қысқа қайрылып айтылады, диапазоны шағын және ырғағы әр алуан.
Дереккөздер
- Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Altaj aspaptary Altajdyn muzykalyk aspaptarynyn ozge tүrki tildes halyktar aspaptarymen ortak kasieti kop solaj bola tura olardyn kurylysynda ojnau tәsilderinde t b taza ulttyk erekshelikteri de bar Altaj aspaptaryna tәn sipat olardyn eleuli ozgeriske ushyramaj bayagy kalpyn saktauy der edik Altajlyk oryndaushylar kajchiler oz aspaptarynda batyrlar zhyrlaryn әnder men kajlardy sүjemeldejdi Altajlyktarda shertip ojnalatyn aspaptardyn ishinde negurlym ken taragany topshuur Bul aspap ozinin kurylysy men dybys kolemi tembri ojnau tәsili zhagynan kazaktyn shertip ojnalatyn kone aspaby sherterge sondaj ak hakastyn homysyna toftardyn charty kobusyna shorcterdin sherchen komusyna zhәne tuvalyktardyn dopshuluryna uksajdy Olardyn uksastygy shanagynyn tutas agashtan ojyp zhasaluynan korinedi sondaj ak shanak beti konmen kerilip kaptalgan Mojnynda perneler zhok ishegi zhylkynyn shiratylgan kyly Қazirgi zhetildirilgen topshuur kazaktyn dombyrasyna әzheptәuir uksajdy Қyl ishek taramys ishekpen auystyrylgan shanaktagy kon terinin ornyna taktaj kakpak pajdalanylgan Topshuurda diapazony birinshi poziciyada ryndalatyn karapajym halyk әn kүjleri tartylady Gopshuurdyn kolemi uzyndygy 84 sm bet kakpagynyn uzyndygy 27 sm bet kakpaktyn eni 20 sm shanaktyn terendigi 7 5 sm mojnynyn eni 4 sm basynyn uzyndygy 11 5 sm Қiyakpen ojnalatyn aspaptardan altajlyktarda eki shekti ikili gana saktalgan Қurylysy zhagynan aumagan gonshuur bar ajyrmashylygy onyn dausy sadak siyakty kiktyn komegimen alynady Ikili kvarta bojyisha sүjge keltiriledi Ojnau kezinde aspapty tizege tikesiken koyady negizinen birinshi poziciyada ojnalady Shertip ojnalatyn zhәne kiyakpen ojnalatyn aspaptardyn aralygyndagy uksastyk baska tүrki tildi halyktarda da kezdesedi Mysaly kazaktyn kiyakpen ojnalatyn aspaby kylkobyz ozinin kurylysy zhagynan shertip ojnalatyn aspap sherterge hakastyn kiyakpen ojnalatyn aspaby yyh shertip ojnalatyn homyska al tuvanyn igilii doshputurga uksajdy Altajlyk bir ikilidin kolemi zhalpy uzyndygy 79 sm bet kakpagynyn uzyndygy 27 5 sm bet kakpaktyn eni 18 sm mojnynyn eni 4 sm shanaktyn terendigi 7 5 sm kiyaktyn uzyndygy 54 sm Үrlep tartylatyn aspaptardyn altajlyktarda birneshe tүri saktalgan Olar ediske amyrgy sybysky syyrtkysh zhәne shoor Annyn dausyna elikteuish aspap shyrgyny anshylar maraldy aldap tүsiru үshin erte zamannan beri koldanyp kelgen Aspap kylkandy zhapyrakty agashtan nemese tagy eshkinin mүjizinen zhasalyngan tүri konus formasynda uzyndygy 60 70 sm Songy kezde myltyktyn oktygynan zhasalyngany da kezdesti Қazaktarda bul aspap bugyshak dep atalady nemese bugy sybyzgy delinedi Hakastar pyrgy tuvalyktar avyrga dejdi Bul aspaptardan dauys alynu tәsilderi men zhasalu tүrleri bir birine uksas keledi Maraldardy shakyru үshin koldanylgan bugyshak aspabyn izdestirip taba almadyk Bul olkede bugyshakty biletinder de onyn kandaj bolganyn ajtyp bere alatyndar da kop Әtten ne kerek aspaptyn ozi saktalmagan Ony osy mannyn anshylary pajdalangany zhajynda derek Buktarmalyk buryngy salt zhoralar dep atalatyn kitapta bar Bul enbektin avtorlary E E Blomkvist pen N P Grinkova Mundaj truba agashtan zhasalady mukiyat kyrnap zhonylgan zhәne bir birine zhymdastyra zhelimdegen eki bolikten turady uzyndygy 70 santimetrge dejin boly keledi dep zhazgan eken Sybysky nemese ediske anshylykta kozyny aldap shakyru үshin koldanylgan Aspap kajynnyn kos kabattalgan kabygynan zhasalgan dauys osy kabyktyn terbelisi arkyly alyngan Sybysky degen soz kazaktyn үrlep ojnalatyn aspabynyn sybyzgy degen atyna uksajdy Anshylykta koldanylatyn tagy bir үrlep ojnalatyn aspap sygyrtkysh onyn dausy ala tyshkannyn dausyna uksas Bul aspap kamystan zhasalypady zhәne yskyru үshin kazhetti ojygy bolady Muzykalyk aspaptyn birneshe tүrinin anga shykkanda pajdalanylgany altajlyktardyn anshylykpen ajnalyskanyn korsetedi Bul aspaptyn kazaktyn yskyruyk aspabyna uksastygyn bajkajmyz Үrlep tartylatyn aspap nemese kurajdan zhasalynady onyn uzyndygy oryndaushy muzykanttyn kolynyn uzyndygyna sәjkes keledi Shoorda ojnau ojygy bolmajdy Shoor kazaktyn sybyzgysy kyrgyzdyn choory tuvanyn shooruy bashkurt men tatardyn kurajy tәrizdi aspap Munda aua tolkyny yskyru kurylysy bar aspapta koldanylatyndaj tәsilmen bagyttalady Tүtikte aua agysyn ojyktyn shetine bagyttajtyn tolke zhok Onyn rolin til atkarady Dauys yrgagy auanyn agys kүshine bajlanysty sondaj ak tүtiktin tomengi tesigin zhabu arkyly ozgertiledi Tauly Altaj avtonomiyaly oblysyna 1967 zhәne 1973 zhyldary zhasalgan eki zkspediciyanyn nәtizhesinde ol zhaktan birneshe muzykalyk aspap әkelingen edi olardyn ishinde shoordyn үsh tүri bar Ekinshi shoor 6 5 sm kyska negizgi tony lya kishi oktava Osy aspapta ojnaj otyryp onyn dybys kataryn anyktagan edik a e a cis e di d Һ cis e a Tүtik ashyk bolsa mynadaj dauys alynady a a e a e tomengi ojyk zhabyk tursa e sis d һ a Zhogary registrde dybys aralygyndagy uakyt zhakyndap gammadagydaj dybys katary pajda bolady Қurylysy karapajym zhәne aspaptyn tүrli әuenderi oryndauga mүmkinshiligi shekteuli bolgandygyna karap onymen oryndalgan ezhelgi altaj әuenderinin diapazony men dybis kataryn anyktau kiynga sokpajdy Ұryp ojnalatyn kone aspaptardy baksylar pajdalangan Olardyn kolynan tastamagan aspaptardyn biri tu nur buben kazaktarda dangyra hakastarda tuur yakuttarda dunur tuvalyktarda dungur Baksylar kon terini orbomen bylgarymen kaptalgan tayakpen nemese zhaj gana kajyspen urgylajtyn bolgan Al tunurga zhәne baksynyn kiimine temir tengesheler konyraular temir sakinalar ilingen Altajlyktarda negurlym kop taragan aspap komus Ony kәri zhas tүgel tarta biledi Ony tartudyn shankobyzdagydaj neshe tүrli әdisi kalyptaskan oryndaushylar tipti til men komejdin kimylyn da pajdalanady Aspaptyn үlkendigi yakuttin homysynan gori shagyndau al tүri tuvanyn homusyna uksajdy Altajlyktar komusty tүrli salt zhoralarga da pajdalangan 1973 zhylgy ekspediciya mүsheleri үjlenu tojy kezinde ajtylatyn zhar zhar siyakty әnnin birneshe shumagyn zhazyp algan edi olar sondaj ak salt zhora oryndaushylardy fotoga tүsirip te aldy zhәne komustyn birneshe danasyn Almatyga ala keldi Қyzgylykty ereksheligi sonda muzykant aspapty ojnaj otyryp salt zhora sozderin de katar ajtady Sonyn nәtizhesinde auyzdan shykkan әrbir soz akyryn bolsa da anyk estilip turady Bambuktan zhasalynatyn aspap kuluzyn komus dep atalady Biz aspaptyn negizgi tony lya bemol men dybys kataryn anyktaj aldyk Budan gori kolemi shagyndau ekinshi komus do diez tonynda dybystajdy Onyn dybys katary do diez mazhor Bul komustyn kolemi shenberinin uzyndygy 58 mm shenberinin kalyndygy 44 mm tilshenin iilgen tuska dejingi uzyndygy 55 mm tilshenin iilgen boliginin uzyndygy 27 mm tilshenin eni 1 mm Mүlde umyt bolgan aspaptar da bar Olardyn tek attary gana este kalgan al onyn kandaj bolgany turaly eshkandaj derek zhok Kejbir aspaptar surettelip zhazylgan birak aspap tүrinin atauy ajtylmajdy Osy belgisiz aspaptardyn birinin kurylysy kop ishekti zhetigenge uksajdy shanagy tutas agashtan ojyp zhasalyngan shanaktyn betine zheti ishek tartylgan Altaj halkynyn aspaptyk muzykasy turmyska keninen taragan tipti kүni bүgin de koldanylyp keledi Altaj әuenderi әdette kyska kajrylyp ajtylady diapazony shagyn zhәne yrgagy әr aluan DerekkozderMәdeniettanu negizderi Okulyk Almaty Dәneker 2000 ISBN 9965 485 34 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet