Алаш партиясының бағдарламасы - 1917 жылы "Қазақ" газетінде пайда болған бағдарлама. Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмағанбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.
Бағдарлама мазмұны
І. Мемлекет қалпы
Ресей демократиялық, федеративтік республика болу (Демократия мағынасы- мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.) Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу. Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада болу. Мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау.
ІІ. Жергілікті бостандық
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының Федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. "Алаш" партиясы қазақтың би, болыс, аулнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады (тырысады). Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. "Алаш" партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды (дамыта бастайды).
ІІІ. Негізгі құқық
Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; заңсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам сот бар жерде 24 сағат ішінде, сот жоқ жерде бір жетіден қалмай сотқа тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанда – айып, оқығанға жаза болу.
IV. Дін ісі
Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін сжаюға ерік. Кіру – шығу жағынан бостандық. Муфтилік қазақта өз алдында болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралу.
V. Сот және билігі
Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу- тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.
VI. Ел қорғау
Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасқа жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
VII. Салық
Салық әл-ақуаты, табысқа қарай байға – байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.
VIII. Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод- фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. "Алаш" партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)
IX. Ғылым – білім үйрету
Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерінде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
Х. Жер мәселесі
Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу: бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитетер кесу; сыбаға өлшеу- норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділ жолмен пайдалану.
Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көп байлықтары земство мүлкіне саналу.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ (энциклопедиялық басылым) -Алматы/2008, Артықбаев Ж.О., Пірманов Ә.Б.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Alash partiyasynyn bagdarlamasy 1917 zhyly Қazak gazetinde pajda bolgan bagdarlama Zhoba zhasaushylar Әlihan Bokejhanov Ahmet Bajtursynov Mirzhakyp Dulatov Eldes Ғumarov Esengali Turmaganbetov Ғabdulhamit Zhүndibaev Ғazymbek Birimzhanov Bagdarlama mazmunyI Memleket kalpy Resej demokratiyalyk federativtik respublika bolu Demokratiya magynasy memleketti zhurt bileu Federaciya magynasy kurdas memleketter birlesui Federativtik respublikada әr memlekettin irgesi bolek yntymagy bir bolady Әrkajsysy oz tizginin ozi alyp zhүredi Үkimet basynda Uchreditelnoe sobranie men G Duma kalauynsha kesimdi zhylga sajlanatyn prezident bolu Prezident halykty ministrler arkyly bagu ol ministrler Uchreditelnoe sobranie men G Duma aldynda zhauapty bolu Deputattar tegis ten tote һәm kupiya sajlaumen bolady Sajlau hukynda kan din erkek әjel talgausyz bolu Zakondy zhalgyz gana G Duma shygaru һәm G Duma үkimet үstinen karap isin tekseru zapros surau zhasau huky da G Dumada bolu Memleket salygy G Dumasyz salynbau II Zhergilikti bostandyk Қazak zhүrgen oblystardyn bәri bir bajlanyp oz tizgini ozinde bolyp Rossiya Respublikasynyn Federaciyalyk bir agzasy bolu Reti kelse kazak avtonomiyasy sybajlas zhurttarmen әzirge birlese bolu reti kelmese birden ak oz aldyna zheke bolu Қajtkende de osy kүngi zemstvolykty kabyl alu Alash partiyasy kazaktyn bi bolys aulnajlary siyakty oryndarynda kyzmet etetin adamdar zhurtka pajdaly zhurt үshin kyzmet eterge konildi adamdar boluyna zhaһid kylady tyrysady Zemstvolardyn upravalarynda miliciyalarynda taza kyzmetshi bolarlyk adamdardyn atyn halyk kalauyna salady Alash partiyasy әdildikke zhak nasharlarga zholdas zhәbirlerge zhau bolady Kүsh kuatyn igilik zholyna zhumsap zhurt taraki etu zhagyna bastajdy damyta bastajdy III Negizgi kukyk Resej respublikasynda dinge kanga karamaj erkek әjel demej adam balasy ten bolu Zhiylys zhasauga kauym ashuga zhariya sojleuge gazet shygaruga kitap bastyruga erkinshilik үkimet kyzmetshileri iesinen ruksatsyz eshkim tabaldyrygyn attamaushylyk zansyz zholmen eshkimdi үkimet adamdary ustamaushylyk sot suramaj bilik ajtylmaj tutkyn kylmaushylyk kylmysty bolgan adam sot bar zherde 24 sagat ishinde sot zhok zherde bir zhetiden kalmaj sotka tapsyrylyp zhabylsa sudya үkimimen zhabylu Kisi hatyn ashkanda ajyp okyganga zhaza bolu IV Din isi Din isi memleket isinen ajyruly bolu Din bitkenge ten hukyk Din szhayuga erik Kiru shygu zhagynan bostandyk Muftilik kazakta oz aldynda bolu Neke talak zhanaza balaga at koyu siyakty ister moldada bolu zhesir dauy sotta karalu V Sot zhәne biligi Әr zhurttyn bilik pen soty turmys yngajyna karaj bolu Bi һәm sudya zhergilikti zhurttyn tilin bilu Aralas zherde sottyn tergeu tekserui һәm үkimi zhergilikti zhurttyn kaj kobinin tilinde ajtylu Bi һәm sudya ornynan tergeusiz tүspeu Bilik һәm sot zhүzinde zhurt bitken ten bolu Қudajdan songy kүshti bi һәm sudya bolyp kim de bolsa olardyn үkimine mojynsunu Ajtylgan үkim tez ornyna kelu Zor zhazaly kylmystar prisyazhnyj sotpen karalu Қazak kop zherde sot tili kazak tili bolu Prisyazhnyjlar kazaktan alynu Қyrdagy auyl bolys ishindegi bilik pen sot zhurt ujgargan erezhe zholymen atkarylu VI El korgau El korgau үshin әsker osy kүngi tүrde ustalmau Әskerlik zhaska zhetken zhastar zherinde үjretilip zherinde kyzmet etu әsker tabyna bolgende tuyskan tabyna karaj bolu Әskerlik mindetin kazak atty miliciya tүrinde atkaru VII Salyk Salyk әl akuaty tabyska karaj bajga bajsha kedejge kedejshe әdil zholmen taratylu VIII Zhumysshylar Zhumysshylar zakon panasynda bolu Қazak zherinde zavod fabrika az sondyktan kazaktyn zhumysshylary da az Alash partiyasy zhumysshylar turasynda social demokrattardyn menshevik tabynyn programmasyn zhaktajdy IX Ғylym bilim үjretu Oku ordalarynyn esigi kimge de bolsa ashyk һәm akysyz bolu zhurtka zhalpy oku zhajylu Bastauysh mektepterinde ana tilinde oku kazak oz tilinde orta mektep universitet ashu oku zholy oz aldy avtonomiya tүrinde bolu үkimet oku isine kirispeu mugalimder professorlar ozara sajlaumen kojylu el ishinde kitaphanalar ashylu H Zher mәselesi Uchreditelnoe sobranie negizgi zakon zhasaganda zher sybagasy aldymen zhergilikti zhurtka berilsin deu kazak zher sybagasyn otyrgan zherlerden alyp ornaskansha kazak zherine augan muzhyk kelmeu buryn alyngan zherlerdin muzhyk otyrmagandary kazakka kajtu kazakka tietin zher sybagasyn zhergilikti komiteter kesu sybaga olsheu norma zherdin topyragy men sharuashylyk tүrine karaj zhasalu sybagadan artylgan zher zemstvo kolynda bolu artyk turgan zherden el oskende auyk auyk sybaga kesilip berilu Tүrkistanda zhermen birge su sybagasy da kesilu zherdi kazak үj basyna ielenbej auyl ajmak tuyskan tabyna menshiktep alu ozara әdil zholmen pajdalanu Zher zakoninde zher satu degen bolmau әrkim ozi pajdalanu Pajdasynan artyk zher satylmaj zemstvoga alynu Zherdin keni astyngy bajlygy kazynaniki bolyp biligi zemstvo kolynda bolu Asa zor agash zor ozender memlekettiki bolyp az agash һәm kop bajlyktary zemstvo mүlkine sanalu Tagy karanyzAlash partiyasyDerekkozderҚAZAҚSTAN TARIHY enciklopediyalyk basylym Almaty 2008 Artykbaev Zh O Pirmanov Ә B