«Абай» — «Абай әндері» толықметражды көркемфильмнің түсірілуіне негіз болған әдеби сценарий. Авторы — М. Әуезов. Сценарийдің әдеби нұсқасы Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағының 12-кітабында тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді. Автор Ажар тағдыры арқылы ақынның рухани-адамгершілік қасиеттерін, оның философиялық көзқарасын көрсетуді мақсат еткен. Гуманист ақын Ажар мен Айдардың ақ махаббатына арашашы болады. Сценарийдің де, фильмнің де қысқаша оқиға арқауы — осы. Бірақ Ажар мен Айдардың қайғылы махаббатының экрандағы көрінісіне қарағанда, сценарий нұсқасындағы қым-қиғаш тартыс пен кісіге ой саларлық тұжырымдар әлдеқайда кең де терең. «Абай» сценарийі жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясына барар жолдағы өзінше бір барлау-баспалдақ сияқты. «Абай» сценарийі өз нұсқасында кинематографиялық техникалық құрылымға сай келе бермейтін еді. Ол киносценарийден көрі поэтикалық, сахналық , радиоқойылымдарға жақынырақ. Өкінішке орай, фильмде кейіпкерлер диалогтары көп қысқартуға ұшыраған. Астарлы ойға құрылған, кейіпкердің психологиялық мінездерін ашатын Әуезов сөздері экранда тым жадағайланып, бояуынан айырылып қалған. Әдеби-сценарийдің қазақша нұсқасын толыққанды әдеби-драмалық шығарма деп таныған жөн.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Abaj Abaj әnderi tolykmetrazhdy korkemfilmnin tүsiriluine negiz bolgan әdebi scenarij Avtory M Әuezov Scenarijdin әdebi nuskasy Әuezovtyn 20 tomdyk shygarmalar zhinagynyn 12 kitabynda tungysh ret kazak tilinde zharyk kordi Avtor Azhar tagdyry arkyly akynnyn ruhani adamgershilik kasietterin onyn filosofiyalyk kozkarasyn korsetudi maksat etken Gumanist akyn Azhar men Ajdardyn ak mahabbatyna arashashy bolady Scenarijdin de filmnin de kyskasha okiga arkauy osy Birak Azhar men Ajdardyn kajgyly mahabbatynyn ekrandagy korinisine karaganda scenarij nuskasyndagy kym kigash tartys pen kisige oj salarlyk tuzhyrymdar әldekajda ken de teren Abaj scenariji zhazushynyn Abaj zholy roman epopeyasyna barar zholdagy ozinshe bir barlau baspaldak siyakty Abaj scenariji oz nuskasynda kinematografiyalyk tehnikalyk kurylymga saj kele bermejtin edi Ol kinoscenarijden kori poetikalyk sahnalyk radiokojylymdarga zhakynyrak Өkinishke oraj filmde kejipkerler dialogtary kop kyskartuga ushyragan Astarly ojga kurylgan kejipkerdin psihologiyalyk minezderin ashatyn Әuezov sozderi ekranda tym zhadagajlanyp boyauynan ajyrylyp kalgan Әdebi scenarijdin kazaksha nuskasyn tolykkandy әdebi dramalyk shygarma dep tanygan zhon DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet