Ісіну, ісінгіштік – полимерлердің төмен молекулалы сұйықтықтарды өз бойына сіңіруі нәтижесінде көлемінің өсуі. Бұл жағдайда полимердің пішіні өзгермейді. Үлкен молекулалы қосылыстардың молекулаларының мөлшері еріткіш молекулаларының мөлшерінен мыңдаған есе көп. Полимер мен еріткіш молекулалары бір-бірімен жанасқанда сұйықтық молекулалары полимер фазасының ішіне жылдам енеді, яғни бір жақты диффузия жүреді. Бұған еріткіш молекулаларының аса қозғалғыштығы және полимер молекулалары тығыздығының төмен болуы ықпал етеді. І. шекті және шексіз болып бөлінеді. Шексіз І. кезінде полимер толық еріп, бір фазалы гомогенді ерітінді пайда болады. Мұнда полимер молекулалары бір-бірінен ажырап, ерітіндіде дербес қозғалады. Ол сызықтық және тармақталған полимерлерге тән. Мыс., каучуктың бензолда, ацетонда, целлюлозаның мыс-аммиакты ерітіндіде, т.б. еруі. Шекті І. кезінде полимер ерітіндіге толық өте алмайды. Полимердің І. қабілетіне полимердің және еріткіштің хим. табиғаты, молекулалық массасы, полимер тізбегінің иілгіштігі, макромолекуланың текшелену тығыздығы, полимердің фазалық күйі, т.б. әсер етеді.
Пайдаланылған cілтемелер
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Isinu isingishtik polimerlerdin tomen molekulaly sujyktyktardy oz bojyna sinirui nәtizhesinde koleminin osui Bul zhagdajda polimerdin pishini ozgermejdi Үlken molekulaly kosylystardyn molekulalarynyn molsheri eritkish molekulalarynyn molsherinen myndagan ese kop Polimer men eritkish molekulalary bir birimen zhanaskanda sujyktyk molekulalary polimer fazasynyn ishine zhyldam enedi yagni bir zhakty diffuziya zhүredi Bugan eritkish molekulalarynyn asa kozgalgyshtygy zhәne polimer molekulalary tygyzdygynyn tomen boluy ykpal etedi I shekti zhәne sheksiz bolyp bolinedi Sheksiz I kezinde polimer tolyk erip bir fazaly gomogendi eritindi pajda bolady Munda polimer molekulalary bir birinen azhyrap eritindide derbes kozgalady Ol syzyktyk zhәne tarmaktalgan polimerlerge tәn Mys kauchuktyn benzolda acetonda cellyulozanyn mys ammiakty eritindide t b erui Shekti I kezinde polimer eritindige tolyk ote almajdy Polimerdin I kabiletine polimerdin zhәne eritkishtin him tabigaty molekulalyk massasy polimer tizbeginin iilgishtigi makromolekulanyn tekshelenu tygyzdygy polimerdin fazalyk kүji t b әser etedi Pajdalanylgan ciltemelerҚazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet