Қоңыртөбе шыны өндірісі — ортағасырлық шеберхана.
1991 жылы Шәуілдір — Түркістан трассасының Қоңыртөбе, Алтынтөбе, , Арыстан баб кесенесі қасынан өтетін жолдың жаңа бөлігі салынды. Соның нәтижесінде Қоңыртөбе шыны өндірісінің орны анықталып, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық- музейінің қызметкерлері (М.Қожа, С.Ахмет) зерттеген болатын. Жол табанын көтеру барысында ескі Шәуілдір—Түркістан трассасына жаңа жол бөлігі қиылысар жерде құрылысшылар техникамен сырып өтеді де, мұнда археологиялық нысан орналасқандығын анықтап, музей қызметкерлеріне хабар береді. Кейін аумағы 30 м жерде адам сүйектері мен ыдыс-аяқ қалдықтары шашылып жатқан жолдың екі шетінде қазба жұмыстары жүргізілді. Жолдың батыс бөлігінде, мүрделерден жарты метрлік тереңдікте пеш қалдықтары табылды. Ол жерді қазып, ванна сияқты етіп жасаған, бұрыштары мен табанына қарай иілген. Ауданы 100x75 см, биіктігі 40 см. Қабырғалары 2—3 см күйген, түсі қызыл-қоңыр.Ішінен ақ түсті күл алынды. Арнайы ауа кіретін, түтін шығатын тесіктері жоқ. Жоспарда дөңгелене келген алты пеш қалдықтары қазбаның шығыс бөлігінен табылды. Олардың диаметрі 80—100 см аралығында. Пештер айналасындағы еден бетінде күл іздері жақсы байқалады, қыш және шыны ыдыстар бөліктері көп табылды. Осыған қарап зерттеушілер мұнда өндіріс орны деп жорамалдауға негіз бар. Жеті пештің алтауы орналасқан қазбаның шығыс бөлігінен, пештер айналасынан шыны бұйымдар сынықтары көптеп ұшырасқан. Шыны бөліктері ыдыс-аяқтың түрлі көлемдегі үлгілеріне сай келеді. Әр қилы көлемді он бір ыдыстың түбі бар. Шынылар қалыпқа салып құю және үрлеу тәсілдерімен жасалған. Кейбір шыны сынықтары төл қасиетін жоғалтқан. Бір ыдыстың түбі сөуле өтпейтін болып, түсі қоңыр пластик сияқты болып өзгерген. Осындай сапасыз, яғни жарамсыз үлгілер жиі кездеседі. Қоңыртөбеден 2 км кашықтықта пештермен қатар қабатта шыны қалдықтарының табылуы — бұл орында шыны өндірілген деген жорамал айтуға негіз береді.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қonyrtobe shyny ondirisi ortagasyrlyk sheberhana 1991 zhyly Shәuildir Tүrkistan trassasynyn Қonyrtobe Altyntobe Arystan bab kesenesi kasynan otetin zholdyn zhana boligi salyndy Sonyn nәtizhesinde Қonyrtobe shyny ondirisinin orny anyktalyp Otyrar memlekettik arheologiyalyk koryk muzejinin kyzmetkerleri M Қozha S Ahmet zerttegen bolatyn Zhol tabanyn koteru barysynda eski Shәuildir Tүrkistan trassasyna zhana zhol boligi kiylysar zherde kurylysshylar tehnikamen syryp otedi de munda arheologiyalyk nysan ornalaskandygyn anyktap muzej kyzmetkerlerine habar beredi Kejin aumagy 30 m zherde adam sүjekteri men ydys ayak kaldyktary shashylyp zhatkan zholdyn eki shetinde kazba zhumystary zhүrgizildi Zholdyn batys boliginde mүrdelerden zharty metrlik terendikte pesh kaldyktary tabyldy Ol zherdi kazyp vanna siyakty etip zhasagan buryshtary men tabanyna karaj iilgen Audany 100x75 sm biiktigi 40 sm Қabyrgalary 2 3 sm kүjgen tүsi kyzyl konyr Ishinen ak tүsti kүl alyndy Arnajy aua kiretin tүtin shygatyn tesikteri zhok Zhosparda dongelene kelgen alty pesh kaldyktary kazbanyn shygys boliginen tabyldy Olardyn diametri 80 100 sm aralygynda Peshter ajnalasyndagy eden betinde kүl izderi zhaksy bajkalady kysh zhәne shyny ydystar bolikteri kop tabyldy Osygan karap zertteushiler munda ondiris orny dep zhoramaldauga negiz bar Zheti peshtin altauy ornalaskan kazbanyn shygys boliginen peshter ajnalasynan shyny bujymdar synyktary koptep ushyraskan Shyny bolikteri ydys ayaktyn tүrli kolemdegi үlgilerine saj keledi Әr kily kolemdi on bir ydystyn tүbi bar Shynylar kalypka salyp kuyu zhәne үrleu tәsilderimen zhasalgan Kejbir shyny synyktary tol kasietin zhogaltkan Bir ydystyn tүbi soule otpejtin bolyp tүsi konyr plastik siyakty bolyp ozgergen Osyndaj sapasyz yagni zharamsyz үlgiler zhii kezdesedi Қonyrtobeden 2 km kashyktykta peshtermen katar kabatta shyny kaldyktarynyn tabyluy bul orynda shyny ondirilgen degen zhoramal ajtuga negiz beredi DerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2