Фарабитану — әлемдік ғылымда 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптасып, Қазақстанда 70 жылдардан бастап дамыған ғылым саласы.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің дүнижүзіндегі мәдениет пен ғылымға қосқан үлесін зерттеудің маңызын алғаш рет шетер ғалымдары Г. Сартон, Д. Беркал және А. Койре негіздеп берді. 1975 жылы Фарабидің артында қалған мол ғылыми мұраларын жете зерттеуге арналған Халықаралық ғылыми конференция (Мәскеу-Алматы-Бағдат) ұйымдастырылып оған қатысқан ғалымдардың еңбектері жеке жинақ ретінде басылып шықты. М. Шгельшнейдер мен Фр. Дитериц Фарабидің философиялық еңбектерін зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Э. Ренан "Аверроэс және аверроизм" еңбегінде Фараби және ортағасырлық араб тілді Шығыс философиясына жаңа платонистік ағым мен механикалық бірігуі, комментаторлық және еліктеушілік бағыттағы өзіндік мәні жоқ ілім деген сыңаржақ баға береді. Музыка саласында Фараби әр алуан шығармалар мен қатар "Музыка туралы үлкен кітап" атты іргелі еңбегін француз тілінде И. Мадкури мен Г. Фармер жариялап, ғылыми түсініктеме жасады. "Мұсылман Қайта өрлеуі" терминінің енгізілуі мен оған лайықты баға берілуі Фараби мұраларын бүкіл әлемдік деңгейде зерттеуге игі әсерін тигізді.
Фарабидің еңбектерін жинастыру, зерттеу, аудару, қазақ және орыс тілдерінде бастырып шығаруда совет ғалымдары Б.Г. Гафуров, С.И. Григорян, В.В. Соколов, А.Ж. Машанов, А.К. Көбесов, М.М Хайруллаевтар, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев елеулі үлес қосты.
Фарабидің әлемдік ғылым мен мәдениетке қосқан үлесті "Әл-Фараби мәдениет тарихында" атты монографияда жан-жақты қарастырылды. Тарихшылар А.Н. Бернштам мен К.А. Ақышевтың зерттеулері нәтижесінде Фарабидің Оңтүстік Қазақстан территориясын қоныстанған түркі тілдес тайпалардың өкілі екендігі анықталды. Қазақстан философтары еңбектерінде Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын оз кезеңіне сай дамытып, шығыс периматетизімінің негізін салушы болғандығы дәлелденді.
Фарабидің философия, логика, социология, философия тарихына арналған еңбектері орыс және қазақ тілдерінде Қазақстан баспаларынан басылып шықты. Бұған дейін Фарабидің зерттелмеген көптеген трактаттарын жинау, ғылыми тұрғыдан жүйелеу және басып шығару жөнінде ҚазССР ҒА-ның Философия право институтында арнаулы топ жұмыс істейді.
Дереккөздер
- Г. Сартон. История науки.- Кембридж, 1952. ағылшын тілінде, Д. Беркал. Наука и история общества.- М., 1956; А. Койре. Очерки истории философской мысли.- М., 1985
- Аль-Маврид.-Бағдат. 1975, араб тілінде; Аль Фараби, Научное творчество.- М., 1975; Аль Фараби и развитие науки и культуры стран востока.- А - А., 1975
- Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Farabitanu әlemdik gylymda 19 gasyrdyn 2 zhartysynda kalyptasyp Қazakstanda 70 zhyldardan bastap damygan gylym salasy Әbu Nasyr Әl Farabidin dүnizhүzindegi mәdeniet pen gylymga koskan үlesin zertteudin manyzyn algash ret sheter galymdary G Sarton D Berkal zhәne A Kojre negizdep berdi 1975 zhyly Farabidin artynda kalgan mol gylymi muralaryn zhete zertteuge arnalgan Halykaralyk gylymi konferenciya Mәskeu Almaty Bagdat ujymdastyrylyp ogan katyskan galymdardyn enbekteri zheke zhinak retinde basylyp shykty M Shgelshnejder men Fr Diteric Farabidin filosofiyalyk enbekterin zertteu isine үlken үles kosty E Renan Averroes zhәne averroizm enbeginde Farabi zhәne ortagasyrlyk arab tildi Shygys filosofiyasyna zhana platonistik agym men mehanikalyk birigui kommentatorlyk zhәne elikteushilik bagyttagy ozindik mәni zhok ilim degen synarzhak baga beredi Muzyka salasynda Farabi әr aluan shygarmalar men katar Muzyka turaly үlken kitap atty irgeli enbegin francuz tilinde I Madkuri men G Farmer zhariyalap gylymi tүsinikteme zhasady Musylman Қajta orleui termininin engizilui men ogan lajykty baga berilui Farabi muralaryn bүkil әlemdik dengejde zertteuge igi әserin tigizdi Farabidin enbekterin zhinastyru zertteu audaru kazak zhәne orys tilderinde bastyryp shygaruda sovet galymdary B G Gafurov S I Grigoryan V V Sokolov A Zh Mashanov A K Kobesov M M Hajrullaevtar M Burabaev Ә Derbisәliev eleuli үles kosty Farabidin әlemdik gylym men mәdenietke koskan үlesti Әl Farabi mәdeniet tarihynda atty monografiyada zhan zhakty karastyryldy Tarihshylar A N Bernshtam men K A Akyshevtyn zertteuleri nәtizhesinde Farabidin Ontүstik Қazakstan territoriyasyn konystangan tүrki tildes tajpalardyn okili ekendigi anyktaldy Қazakstan filosoftary enbekterinde Farabi Aristoteldin materialistik ideyalaryn oz kezenine saj damytyp shygys perimatetiziminin negizin salushy bolgandygy dәleldendi Farabidin filosofiya logika sociologiya filosofiya tarihyna arnalgan enbekteri orys zhәne kazak tilderinde Қazakstan baspalarynan basylyp shykty Bugan dejin Farabidin zerttelmegen koptegen traktattaryn zhinau gylymi turgydan zhүjeleu zhәne basyp shygaru zhoninde ҚazSSR ҒA nyn Filosofiya pravo institutynda arnauly top zhumys istejdi DerekkozderG Sarton Istoriya nauki Kembridzh 1952 agylshyn tilinde D Berkal Nauka i istoriya obshestva M 1956 A Kojre Ocherki istorii filosofskoj mysli M 1985 Al Mavrid Bagdat 1975 arab tilinde Al Farabi Nauchnoe tvorchestvo M 1975 Al Farabi i razvitie nauki i kultury stran vostoka A A 1975 Қazak SSR 4 tomdyk kyskasha enciklopediya Bas redaktor R N Nurgaliev Almaty Қaz Sov Encikloped Bas redak 1989 ISBN 5 89 800 009 7