«Абай» - М. О. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы негізінде жасалған . Алғаш 1949 ж. 28 желтоқсанда Қазақ драма театрында қойылды. Авторлары - Ш. К.Айманов, Я. С.Штейн.
Қазақ сахна өнері тарихында прозалық шығарма негізінде қойылған тұңғыш спектакль. Алғаш рет МХАТ қолданған роман оқиғаларын «автор атынан» байланыстыратын тәсіл буған да енгізіліп, Айманов пен X. Бөкеева сахналық жүйеде қамтылмаған маңызды оқиғаларды авансценаның екі жағынан көрермендерге жеткізіп тұрған. Бұл, бір жағынан, романның тарихи жүйесіне нұқсан келтірмей, көркемдік ерекшелігін сақтай отырып, сахна заңдылығына бағындыруға септігін тигізсе, екіншіден, сахналық жүйеде ең маңызды әлеуметтік құбылыстарды Абайдың шығармашылық, ағартушылық Һәм қоғам өміріндегі тірлігімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Сөйтіп, спектакль көркемдік жағынан біртұтас, әрі қабылдауға жеңіл болып шықты. Спектакльде феодалдық дәуірдегі әлеуметтік қайшылықтар терең ашылып, Абайдың есею, оның күрескер дәрежесіне көтерілу жолы нанымды бейнеленген. Екі ғасыр шегіндегі қазақ жұртының тіршілігі өзінің бар болмысымен осы Абай бейнесімен қатар өріліп отырған.
Спектакль шәкірт Абайдың оқудан қайтқан көрінісінен басталады. Құнанбай аулындағы салтанат сахнада әсем бейнеленген. Абайдың балалық шағын Ә. Ысмайылов, жігіттік шағын Қ. Бадыров ойнайды. Бадыров бейнелеуінде Абайдың көзқарасы, әлеуметтік қайшылықтарды топшылаулары гуманистік Һәм философиялық деңгейге көтерілген. Спектакльде бар болмысымен бейнелеу тапқан - Қ. Қуанышбаев жасаған Құнанбай тұлғасы. Актер ойынында ақылды да айлалы Құнанбай - өр мінезді, өткір, қатал да қайсар, ешкімді бет қаратпайтын, ұстанған бағытына берік, феод, қоғамның негізін өле-өлгенше қорғайтын адам. Қалың жатақтың басшысы - Дәркембай бейнесі Е. Өмірзақовтың ойынында қарапайым халықтың қамқоршысы, осы жолда ештеңеден тайынбайтын табанды күрескер, дау-шарда ысылған шешен, әділет туын қолдан түсірмейтін жан болып бейнеленген. Ақыл парасаты мол мейірімді әже - Зере Р. Қойшыбаеваның орындауында от басы бірлігін қолына берік ұстаған ғазиз ана ретін¬де көрінсе, С. Майқанова ойнаған Ұлжан да келбетіне ақылы сай қазақ әйеліне тән жан болып шыққан. Әділетсіздіктің қолшоқпары - Майбасар бейнесі де С.Қожамқұловтың мүсіндеуінде даралық сипат алған. Абай дәуірінің тынысын суретші В. В. Голубович тарихи әрі көркемдік шындық тұрғысынан көрсете білген. Қойылымға қатысқан Ш. Айманов, Қ. Бадыров, Қ. Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, С. Қожамқұлов, Р. Қойшыбаева, X. Бөкеева және В. Голубович КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1952 ж.), Б. Құндақбаев.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Abaj M O Әuezovtyn Abaj zholy epopeyasy negizinde zhasalgan Algash 1949 zh 28 zheltoksanda Қazak drama teatrynda kojyldy Avtorlary Sh K Ajmanov Ya S Shtejn Қazak sahna oneri tarihynda prozalyk shygarma negizinde kojylgan tungysh spektakl Algash ret MHAT koldangan roman okigalaryn avtor atynan bajlanystyratyn tәsil bugan da engizilip Ajmanov pen X Bokeeva sahnalyk zhүjede kamtylmagan manyzdy okigalardy avanscenanyn eki zhagynan korermenderge zhetkizip turgan Bul bir zhagynan romannyn tarihi zhүjesine nuksan keltirmej korkemdik ereksheligin saktaj otyryp sahna zandylygyna bagyndyruga septigin tigizse ekinshiden sahnalyk zhүjede en manyzdy әleumettik kubylystardy Abajdyn shygarmashylyk agartushylyk Һәm kogam omirindegi tirligimen bajlanystyruga mүmkindik berdi Sojtip spektakl korkemdik zhagynan birtutas әri kabyldauga zhenil bolyp shykty Spektaklde feodaldyk dәuirdegi әleumettik kajshylyktar teren ashylyp Abajdyn eseyu onyn kүresker dәrezhesine koterilu zholy nanymdy bejnelengen Eki gasyr shegindegi kazak zhurtynyn tirshiligi ozinin bar bolmysymen osy Abaj bejnesimen katar orilip otyrgan Spektakl shәkirt Abajdyn okudan kajtkan korinisinen bastalady Қunanbaj aulyndagy saltanat sahnada әsem bejnelengen Abajdyn balalyk shagyn Ә Ysmajylov zhigittik shagyn Қ Badyrov ojnajdy Badyrov bejneleuinde Abajdyn kozkarasy әleumettik kajshylyktardy topshylaulary gumanistik Һәm filosofiyalyk dengejge koterilgen Spektaklde bar bolmysymen bejneleu tapkan Қ Қuanyshbaev zhasagan Қunanbaj tulgasy Akter ojynynda akyldy da ajlaly Қunanbaj or minezdi otkir katal da kajsar eshkimdi bet karatpajtyn ustangan bagytyna berik feod kogamnyn negizin ole olgenshe korgajtyn adam Қalyn zhataktyn basshysy Dәrkembaj bejnesi E Өmirzakovtyn ojynynda karapajym halyktyn kamkorshysy osy zholda eshteneden tajynbajtyn tabandy kүresker dau sharda ysylgan sheshen әdilet tuyn koldan tүsirmejtin zhan bolyp bejnelengen Akyl parasaty mol mejirimdi әzhe Zere R Қojshybaevanyn oryndauynda ot basy birligin kolyna berik ustagan gaziz ana retin de korinse S Majkanova ojnagan Ұlzhan da kelbetine akyly saj kazak әjeline tәn zhan bolyp shykkan Әdiletsizdiktin kolshokpary Majbasar bejnesi de S Қozhamkulovtyn mүsindeuinde daralyk sipat algan Abaj dәuirinin tynysyn suretshi V V Golubovich tarihi әri korkemdik shyndyk turgysynan korsete bilgen Қojylymga katyskan Sh Ajmanov Қ Badyrov Қ Қuanyshbaev E Өmirzakov S Қozhamkulov R Қojshybaeva X Bokeeva zhәne V Golubovich KSRO Memlekettik syjlygyna ie boldy 1952 zh B Қundakbaev DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet