Білеулі, Белеулі — Үстірттің орта тұсындағы мәдени-тарихи кешен. Бостан (Қарақалпақстан) станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде. Білеулі — 14 ғ-да белгілі керуен сарайларымен аты шыққан ескі Ноғай жолы бойындағы маңызды ескерткіш. Кешенді 1946, 1950 ж. С.П. Толстовтың, 1972, 1975 — 78 ж. В.Н. Ягодин мен Ю.П. Маныловтың, 1979 ж. Т. Жанысбековтың, 1988 ж. С. Әжіғалиевтің жетекшілік етуімен ұйымдастырылған экспедициялар зерттеген. Атауы А.И. Левшиннің айтуынша, “Білеулі ата” деген жергілікті әулиенің атына немесе осы жерден шығатын білеу тасқа (қайрақ тас) байланысты алынуы да мүмкін. Кешенге керуен сарайдың негізгі ғимараты, оның маңайындағы құдықтар, ауыз су сақтайтын сардобтардың орны, кейінгі кезеңдегі қазақ бейіттері, сондай-ақ, солтүстікке қарай 300 — 600 м жердегі ортағасырлық қорым мен тас алатын кеніш кіреді. Білеулі-1 қорымындағы (14 — 16 ғ-лар) “қойтас” түріндегі ұзынша қабіртастар, бейіт үстіндегі қос құлпытас не олардың арасына қойылған тақта, кесілген ірі блоктарды қырынан қойып жасалған қоршаулар ежелгі түрікмен сәулет өнері дәстүріне ұқсас. Ал кейінгі ескерткіштер керуен сарай қабырғасының үлгісімен, яғни екі қатар блоктың ортасына ұсақ тас толтырылып тұрғызылған. Қазба жұмыстары бейіттегі адамдардың мұсылман ғұрпымен басы Меккеге қаратылып жерленгенін көрсетті. Білеулі-2 қорымы 18 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басына жатады. Мұндағы ескерткіштердің көпшілігі тікбұрышты және дөңгелете қоршалған. Қоршауға керуен сарайдың жұртынан алынған блоктар пайдаланылған. Көптеген қоршаулардың батыс жағына ру таңбасы салынған құлпытастар қойылған. Сиректеу болса да “қойтас” түрінде өңделген белгілер де бар.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bileuli Beleuli Үstirttin orta tusyndagy mәdeni tarihi keshen Bostan Қarakalpakstan stanciyasynan soltүstik shygyska karaj 35 km zherde Bileuli 14 g da belgili keruen sarajlarymen aty shykkan eski Nogaj zholy bojyndagy manyzdy eskertkish Keshendi 1946 1950 zh S P Tolstovtyn 1972 1975 78 zh V N Yagodin men Yu P Manylovtyn 1979 zh T Zhanysbekovtyn 1988 zh S Әzhigalievtin zhetekshilik etuimen ujymdastyrylgan ekspediciyalar zerttegen Atauy A I Levshinnin ajtuynsha Bileuli ata degen zhergilikti әulienin atyna nemese osy zherden shygatyn bileu taska kajrak tas bajlanysty alynuy da mүmkin Keshenge keruen sarajdyn negizgi gimaraty onyn manajyndagy kudyktar auyz su saktajtyn sardobtardyn orny kejingi kezendegi kazak bejitteri sondaj ak soltүstikke karaj 300 600 m zherdegi ortagasyrlyk korym men tas alatyn kenish kiredi Bileuli 1 korymyndagy 14 16 g lar kojtas tүrindegi uzynsha kabirtastar bejit үstindegi kos kulpytas ne olardyn arasyna kojylgan takta kesilgen iri bloktardy kyrynan kojyp zhasalgan korshaular ezhelgi tүrikmen sәulet oneri dәstүrine uksas Al kejingi eskertkishter keruen saraj kabyrgasynyn үlgisimen yagni eki katar bloktyn ortasyna usak tas toltyrylyp turgyzylgan Қazba zhumystary bejittegi adamdardyn musylman gurpymen basy Mekkege karatylyp zherlengenin korsetti Bileuli 2 korymy 18 g dyn ayagy men 20 g dyn basyna zhatady Mundagy eskertkishterdin kopshiligi tikburyshty zhәne dongelete korshalgan Қorshauga keruen sarajdyn zhurtynan alyngan bloktar pajdalanylgan Koptegen korshaulardyn batys zhagyna ru tanbasy salyngan kulpytastar kojylgan Sirekteu bolsa da kojtas tүrinde ondelgen belgiler de bar Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet