Жамұқа , Джамуха сэчен (шамамен 12 ғасырдың ортасы — 13 ғасырдың 1-ширегі) — Шыңғыс ханның өміріндегі ең жақын досы (андасы) және қас жауы болған тарихи тұлға.
Жамұқа өте ақылды, айлакер, сөзге шешен адам болған. Темүжіннің (Шыңғыс хан) күш жинауы кезеңінде ол өзінің қол астындағы тайпасынан әскер жиып, Тұғырыл хан үшеуі одақ құрған болатын. Меркіттерді талқандаған соң, Шыңғыс хан мен Жамұқа бала кездерін еске алып, екінші рет анттасып дос болады. Екеуінің араздасуына Жамұқаның інісі (Такудачер) Темүжін елін барымталауға барғанда қаза табуы себеп болады. Інісінің кегін алу үшін Жамұқа жалайырдың он үш батырын ертіп, үш түмен әскермен жауының елін шабады. Темүжін әскерін даласында талқандап, Онон өзенінен асыра қуған Жамұқа кері қайтады.
Бұдан кейін Темүжінді біржола жою үшін 1201 жылы қоңырат, икарас, құрамас, дурбан, т.б. тайпалар бірігіп, өздеріне Жамұқаны гурхан етіп сайлайды. Олардың біріккен әскері Күйтэн деген жерге келгенде ауа райы қиындығынан әлсіреп, Темүжіннен жеңілуге душар болады. Осы кезде Жамұқа қулығына салып, өзін гурхан көтерген тайпаларды сатып, Темүжінге барып қосылады. Бірақ көп ұзамай Темүжінді одақтасы Он ханмен араздастыру үшін әрекет жасайды. Он ханның ұлы Салгунге елші жіберіп, одақты бұздырып, соғыс ашуға көндіреді. Екі жақтың әскері соғыс даласында кездескенде Жамұқа өз әскерін алып кетеді де, сенімсіздік туындаған соң жеңіліс табады.
Осындай әдісті пайдаланып 1204 жылы Жамұқа найман Таян хан бастаған ойрат, меркіт, жойрат, дурбан, т.б. тайпалар одағының әскерінің жеңілуіне әсер етеді. Меркіттер мен наймандар Темүжінге бодан болған соң, бұл аймақта Жамұқа барып паналайтын күшті мемлекет қалмады. Ол елінен безіп, Таңлы тауында бірнеше нөкерімен жасырынып жүреді. Осындай жағдайды көрген жойрат тайпасы кеңесіп, “Шыңғыс хан біздің билеушіміз, әрі туысымыз еді. Біздің керейіт Он хан мен найман Таян ханға қосылып, билеушімізге қарсы шығуымызға Жамұқа кінәлі” — деп, оны ұстап алып Шыңғыс ханға тапсырады. Қайтадан дос болуға шақырған Шыңғыс хан тілегіне Жамұқа жауап ретінде өзін “қан шығармай" өлтіруін өтінеді. Шыңғыс хан оның бұл өтінішін орындап, құрметпен жерлейді.
Дереккөздер
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhamuka Dzhamuha sechen shamamen 12 gasyrdyn ortasy 13 gasyrdyn 1 shiregi Shyngys hannyn omirindegi en zhakyn dosy andasy zhәne kas zhauy bolgan tarihi tulga Zhamuka ote akyldy ajlaker sozge sheshen adam bolgan Temүzhinnin Shyngys han kүsh zhinauy kezeninde ol ozinin kol astyndagy tajpasynan әsker zhiyp Tugyryl han үsheui odak kurgan bolatyn Merkitterdi talkandagan son Shyngys han men Zhamuka bala kezderin eske alyp ekinshi ret anttasyp dos bolady Ekeuinin arazdasuyna Zhamukanyn inisi Takudacher Temүzhin elin barymtalauga barganda kaza tabuy sebep bolady Inisinin kegin alu үshin Zhamuka zhalajyrdyn on үsh batyryn ertip үsh tүmen әskermen zhauynyn elin shabady Temүzhin әskerin dalasynda talkandap Onon ozeninen asyra kugan Zhamuka keri kajtady Budan kejin Temүzhindi birzhola zhoyu үshin 1201 zhyly konyrat ikaras kuramas durban t b tajpalar birigip ozderine Zhamukany gurhan etip sajlajdy Olardyn birikken әskeri Kүjten degen zherge kelgende aua rajy kiyndygynan әlsirep Temүzhinnen zheniluge dushar bolady Osy kezde Zhamuka kulygyna salyp ozin gurhan kotergen tajpalardy satyp Temүzhinge baryp kosylady Birak kop uzamaj Temүzhindi odaktasy On hanmen arazdastyru үshin әreket zhasajdy On hannyn uly Salgunge elshi zhiberip odakty buzdyryp sogys ashuga kondiredi Eki zhaktyn әskeri sogys dalasynda kezdeskende Zhamuka oz әskerin alyp ketedi de senimsizdik tuyndagan son zhenilis tabady Osyndaj әdisti pajdalanyp 1204 zhyly Zhamuka najman Tayan han bastagan ojrat merkit zhojrat durban t b tajpalar odagynyn әskerinin zheniluine әser etedi Merkitter men najmandar Temүzhinge bodan bolgan son bul ajmakta Zhamuka baryp panalajtyn kүshti memleket kalmady Ol elinen bezip Tanly tauynda birneshe nokerimen zhasyrynyp zhүredi Osyndaj zhagdajdy korgen zhojrat tajpasy kenesip Shyngys han bizdin bileushimiz әri tuysymyz edi Bizdin kerejit On han men najman Tayan hanga kosylyp bileushimizge karsy shyguymyzga Zhamuka kinәli dep ony ustap alyp Shyngys hanga tapsyrady Қajtadan dos boluga shakyrgan Shyngys han tilegine Zhamuka zhauap retinde ozin kan shygarmaj oltiruin otinedi Shyngys han onyn bul otinishin oryndap kurmetpen zherlejdi DerekkozderA 31 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HBul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz